Педагогика тарихы


Бұқар ер азаматтың нағыз азамат болуы үшін он бір тілектің орындалуы қажет дейді. Ол “тілектер” былайша баяндалады



бет77/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Бұқар ер азаматтың нағыз азамат болуы үшін он бір тілектің орындалуы қажет дейді. Ол “тілектер” былайша баяндалады:


1. Аллаға адал болу, Алла – сенің бүкіл өмірің мен тыныс-тіршілігіңнің негізгі арнасы. Аллаға сыйынғанның бақ-дәулеті орнына келеді, ортаймайды.
2. Пасық, залым адамның тіліне еріп азба. Қаскөйлерден ылғи да сақтанып жүр.
3. Қыз-келіншектер, әйел қауымы үнемі үсті-басын таза ұстап, жарасымды киінуді ұмытпасын. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, бүрсігүні – ақ шашты әже. Анаға қарап бала–ұрпақ өседі.
4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгі байлық – денсаулық” екенін ұмытпа. Сол үшін белсенді әрекет жаса.
5. Мұсылмандықтың белгісі – бес парызды ұмытпа.
6. Ардақтаған аяулың бөтен біреуге тегін олжа болмасын. Көрші күштілерге кіріптар боп қалмасын (Бұл жерде орыс, қытайлармен бейбітшілікті сақта деген ой айтылып отыр.)
7. “Желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, содан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселесін алға тартады.
8. Өз ұрпақтарын төтенше жағдайлардан сақтай білуге үндейді. (Табиғи апаттан сақтануды айтып отыр – С.Қ.)
9. Хан бағдарламасын қолдау да – имандылық. (“Ханның ісі халқымен” дегенді ұрандап отыр.)
10. “Тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен” аналарды құрметте. Ол адамдық асыл парыз.
11. Жастық шақты еске ала келіп, әр жастың өзіндік ерекшелігіне баға беріп, өмірді мәнді өткізуді, оның қадір-қасиетін бағалай білуді уағыздайды.
XVІІ-XVІІІ ғғ. еларалық дипломатиялық қарым-қатынасты күшейтуде, ортақ жауға қарсы елді берекелі бірлікке, ел намысын қорғай білуге үндеуде Әнет, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің тапқырлық ойларға құрылған шешендік сөздерінің тәлімдік мәні ерекше. Олар халықты ортақ жаудан қорғаудың күшті құралы ел бірлігінде деп қарады. Төртеу түгел болса аспандағыны алуға болатынын, ал алтау ала болса қолдағыдан айырылуға болатынын өздерінің шешендік ой толғауларымен халыққа білдіріп отырды. Бірлігі күшті елдің алмайтын қамалы жоқ деп қарады. “ Бірлік түбі – береке, береке болар мереке” деп ел бірлігіне ұйытқы болды. Олар айтқан әділдік, адалдық, шыншылдық, бірлік, береке-бірлік, ел намысын қорғау жөніндегі асыл ойға құрылған шешендік сөз топшылаулары заман өткен сайын өз құндылығын жоймайтын тарихи мұра болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет