Педагогика теориясы


Кәсіптік білім беру педагогикасы



бет10/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Кәсіптік білім беру педагогикасы – пәні жоғары білікті жұмысшыларды даярлау заңдылықтары болып табылатын ғылым саласы.
Түзету-еңбек педагогикасы жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырылған адамдарды қайта тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.
Педагогикалық пәндерге сонымен қатар: педагогика тарихы, салыстырмалы педагогика, этнопедагогика, коррекциялық (арнайы) педагогика, әлеуметтік педагогика, педагогикалық психология т.б. кіреді.
Педагогика тарихы әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдердегі оқыту мен тәрбие тәжірибесінің, педагогикалық теориялардың, жалпы және жеке әдістемелік концепциялардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Педагогика тарихын білу қазіргі кезде шешіліп жатқан мәселелерді тереңірек түсіну үшін қажет .
Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді талдаумен, салыстырумен айналысады.
Сонымен бірге арнайы педагогика (дефектология) да бар. Ол дене мүшесінде және ақыл-ой кемістігі бар адамдарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Дефектология құрылымына келесі ғылыми пәндер кіреді: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика және логопедия.
Сурдопедагогика есту қабілеті нашар және саңырауларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді; тифлопедагогика – соқырлар және нашар көретіндер; олигофренопедагогика – ақыл-ой кемістігі, логопедия – сөйлеу тілінің бұзылуы және оны жеңу және алдын алу жолдары туралы ғылым.
Педагогикалық ғылымдардың арнайы тобын оқу орындарының барлық түрлерінде нақты оқу пәндерін оқыту және оқу заңдылықтарын зерттейтін жеке немесе пәндік әдістемелер құрайды.
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды.
Педагогика дербес, жеткілікті түрде дамыған, өзінің нақты шектеулі зерттеу саласына ие ғылым бола отырып, басқа ғылымдардан оқшау өмір сүре алмайды. Оқу іс-әрекетінің объектісі өсіп, дамып келе жатқан адам болғандықтан, педагогика ең алдымен адамды зерттейтін ғылымдармен тығыз байланысты.
Адамды қоғам мүшесі ретінде қоғамдық ғылымдар, биологиялық эволюцияның жемісі ретінде – биологиялық ғылымдар, ал ойлаушы жаратылыс ретінде өзінің психикалық ішкі әлемімен – психология ғылымдары зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет