Педагогика теориясы


Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру. Қорытындылау



бет13/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.
Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.
Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу.
Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады. Зертеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заң бойынша түпнұсқаға көшіреді.
Индукция және дедукция – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктивті әдіс ойдың нақты пайымдаулардан жалпы қорытындыға, дедуктивті әдіс – жалпы пайымдаудан белгілі бір қорытындыға қозғалысын қамтиды.
Эмпирикалық зерттеу әдістері-педагогикалық шынайылықты тану, проблеманы теориялық тұрғыдан талдаудың іргетасын құрайды. Эмпирикалық (практикалық) зерттеу әдістеріне: мәліметтерді жинау және жинақтау әдістері (бақылау, әңгімелесу, сұрақ қою, тестілеу және т.б.); бақылау және өлшеу әдістері (шәкілдеу, қырқу, тест); мәліметтерді өңдеу әдістері (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік); бағалау әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық кеңес); зерттеу нәтижелерін педагогикалық тәжірибеге енгізу әдістері (эксперимент, тәжірибелік оқыту, ауқымды енгізу) т.б.жатады.
Осы әдістердің кейбірін толығырақ қарастырайық.

  • Педагогикалық бақылау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады.

  • Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және бақылау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет