Педагогика теориясы



бет14/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Интервью алу әдісі әңгімелесудің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгімелесуден айырмашылығы – интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.

  • Сауалнама әдісі зерттеліп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшілік пікірін білу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізіледі. Ол көпшіліктің жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негізінде атқарылады.

  • Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатан көздейді.

  • Педагогикалық эксперимент әдісі деп педагогиканың зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйеніп, тұжырымдардың дәлелдігін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс. Түрлері: табиғи эксперимент күнделікті өмір жағдайына ұйымдастырылса; лабораториялық эксперимент арнайы жасалған жағдайлар негізінде жүргізіледі. Эксперименттің басқа да зерттеу әдістерінен айырмашылығы – оның қорытындысы және нақты, объективті нәтижесінің болуында.

  • Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.



    Бақылау сұрақтары:
    1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдарын атаңыз.
    2. Тәрбие дегеніміз не? Тәрбиені кең және тар мағынада қалай түсінуге болады?
    3. Педагогиканың дамуындағы негізгі кезеңдерді атаңыз.
    4. Педагогика ғылымының жүйесі жайында не айтар едіңіз?
    5. Тәрбие және оқу мәселелерін тиімді зерттеу үшін педагогика қандай ғылымдармен тікелей байланыста болуы қажет?
    6. Ғылыми бақылау және ғылыми әңгіме әдістерін оқу-тәрбие процесінде қалай қолдануға болады?
    7. Мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеудің маңызы мен алатын орнына тоқталыңыз.
    8. Эксперименттің түрлері және басқа әдістерге қарағанда ерекшеліктерін атаңыз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет