(
Жан тілі)
сихология – ескі пән. Бұл пәнді пән қылып дүниеге
шығарушы – Айса пайғамбардан бұрын болған грек
ұлтынан
шыққан
Александр
Македонский
(
Ескендір
Зұлхарнайын) патшаның тәрбиешісі Аристотель данышпан.
Психология деген сѳз грекше екі сѳзден құралған. Психо –
жан, логос – сѳз деген мағынада. Яғни жан туралы сѳз, жан
туралы пән деген сѳз болып шығады.
Жанды ешкім кѳрмесе де, жанның барлығында дау жоқ.
Бірақ бұл жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі
туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне
негізделген. Біріншісі, жан денеден бѳлек ѳз алдына бір нәрсе
дейді. Бұл – баяғыдан бері келе жатқан пікір. Қазақтың жан
шыбын сықылды бір зат, ѳлгенде ауыздан ұшып шығып кетеді,
ұйықтағанда мұрнынан шығып серуендеп жүреді-мыс деген
ертегісі – осы пікірдің бір сәулесі.
Бұл жан денеден тіпті бѳлек, ѳз алдына қандайда болса бір
зат деген пікір «спиритуализм яки идеализм» деп аталады.
Екінші пікір – жан деген дене іскерлігінің әсіресе нерв
33
системасы мен ми іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген
жеке зат жоқ, жан деген – дененің бірлігі деген сѳз. Бұл пікір
«
материализм» деп аталады.
Үшінші пікір – жан деген жан кѳріністерінің жиынтығы
дейді. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм барлық жан
кѳріністерінің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм»
яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де адамзат бұл күнге
шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат
екені білінбеуінен жанның барлығына қүмән қылуға
болмайды. Жан бар. Барлығы сол – оның істері, кѳріністері
бар. Ақша қарда жосылып жатқан айқын ізге түссек,
алдымызда аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол
сықылды, жалғыз-ақ айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп
отырып адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға
жете алған жоқ. Яғни істері, кѳріністері бойынша жанның не
зат екенін қанша білмекші болса да, әлі күнге біле алғаны жоқ.
Бірақ бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы
тәрбие қылу үшін жанды кѳзбен кѳріп, қолмен ұстамай-ақ,
оның істерін, кѳріністерін жақсы тексеру жетеді.
34
Ж
Ж А Н
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н І Ң Д Е Н Е
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н Е Н
А Й Ы Р М А С Ы
ан кѳріністері мен дене кѳріністерінің арасында кѳп
айырма бар:
1)
сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан, дѳңбек,
құдық белгілі бір орын алып тұрады. Қандай зат болса да,
оның орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып
тұрған орнын ѳлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр
дейміз. Ѳлшемеген болсақ, пәлен зат зор, не болмаса кіші, яки
пәлен зат пәлен заттың не оң жағында, не сол жағында тұр
дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың ѳзі түгіл ол заттың ісі де
белгілі бір орын алады, яғни белгілі бір орында болады.
Мысалы, жүру – адамның ісі. Осы іс белгілі орында болмай
ма? Әрине. Ал еңді жан кѳріністері белгілі орын иелемейді.
Мысалы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп тұр, яки
пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп айта
алмаймыз. Жан кѳріністері жалғыз уақытпен ғана ѳлшенеді.
Біз жан кѳріністері туралы, ой туралы пәлен уақытта болды,
яки қазір ғана болып тұр дей ғана аламыз. Бұл – бір айырма.
2)
Сыртқы дүние заттары һәм кѳріністері сезім мүшелері
арқылы білінеді. Мысалы, бір малды кѳріп, бір иісті иіскеп,
жылылықты сипап білеміз. Ал енді жан кѳріністерін сыртқы
35
сезімдермен білуге болмайды. Мысалы, ұялу деп аталған жан
кѳрінісін не кѳріп, не татып, қысқасы сезім мүшелерінің
біреуімен біліп бола ма? Әрине, жоқ. Біз екінші адамда болып
тұрған жан кѳрінісін ѳзімізді-ѳзіміз сынаумен ғана білеміз.
Мысал үшін ұялу деген жан кѳрінісін алайық, қасымызда бір
кісі бір орасан істі істеді де, қызарып кетті, біз осы кісіде ұялу
жан кѳрінісінің болғанын біле қоямыз. Мұны қалай білдік. Ұят
деген бір зат болып кѳзімізге кѳрінді ме? Яки иіс болып
мұрнымызға келді ме? Жоқ, бірі де болған жоқ. Біз жалғыз-ақ
қарсыда отырған кісінің бетінде кенет қызылдық кѳрдік, басқа
еш нәрсе сезгеніміз жоқ. Олай болса жаңа қарсыдағы адамда
ұялу жан кѳрінісі болды деген білім бізге қайдан келді? Мұның
мәнісі мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс істеп,
жанымыз қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда осы ұялу
кѳрінісі болып қалған уақытта бетіміз дуылдап, қып-қызыл
болып кеткен, сонда біз біліп қойғамыз: «Ә-ә-ә... жанда ұялу
кѳрінісі болғанда бет қызарады екен» деп. Жаңа қарсымыздағы
адам қызарғанда біздің оны ұялды дегеніміз осы. Яғни ана
адамның бетінде қызылдықты кѳргенде, біздің ѳз басымыздан
кешкен іс есімізге түсе қалды, яғни біз ѳзімізді-ѳзіміз сынай
қойдық. Қысқасы, жан кѳріністерін адам сыртқы сезімдерімен
біле алмайды, ѳзін сынап қана біледі.
3)
Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки кѳріністер бір
уақытта бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу
сықылды дене кѳріністері бір уақытта болып жатады, біріне-
бірінің бѳгеті жоқ. Ал енді жан кѳріністері бір уақытта
болмайды. Олар бірінің артынан бірі болады. Мысалы, біз бір
уақытта екі ой ойлай аламыз ба? Жоқ. Дұрыс, кей уақытта
ойлар бірінің артынан бірі нажағайдың жарқылындай тез-тез
келгенде, бізге осы ойлар бір-ақ уақытта болған сықылды
кѳрінеді. Бірақ бұл кѳрінуі ғана, шынында әрқайсысы әр
уақытта, яғни бірінің артынан бірі келіп-кетіп жатыр.
36
Ж
Ж А Н
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І М Е Н Д Е Н Е
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І
А Р А С Ы Н Д А Ғ Ы
Б А Й Л А М
ан кѳріністері мен дене кѳріністері арасында қанша
айырма болғанымен, араларында тіпті жақындық
жоқ емес, қайта бірлік, байлам бар. Дене жанға, жан денеге
байлаулы, біреуінің біреуінсіз күні қараң.
Ѳзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де сау,
жақсы болады. Яғни ақылымыэ түзу, сезіміміз дұрыс,
қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса, яки
жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да
шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер
қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс
жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады.
Яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады. Ой күңгірт тартады,
сезім топастанады. Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған
кезде ыстық қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді.
Денең жадырап кеткен соң, жаның жадырап кетеді. Бұл
мысалдармен біз жанның денеге байлаулы екенін кѳрсеттік. Ал
еңді дене де жанға байлаулы, жан кѳріністері денеге қатты әсер
береді. Адамның кѳзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның
қандай күйде екені кѳрініп-ақ тұрады. Қайғы һәм ойлау денені
жабықтырады, қуаныш адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді.
37
Ақынның «бетке шықпай қала ма жүрек ізі» дегені жанның
жайын білетіндігі ғой. Қорыққанда дене дірілдеп, қан қашып
кетеді. Аса қатты қорыққаннан, яки аса күшті қайғыдан
бірнеше сағатта шаштары аппақ болып қалғандар да болған.
Міне, жан кѳрінісінің денеге әсер беруі қандай дәрежеге
жетеді.
38
Ә
Ж А Н
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н Ү Й Р Е Н У
Ж О Л Д А Р Ы
р нәрсені үйренудің белгілі түзу жолдары бар. Жан
кѳріністерін үйренудің жеке жолдары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |