біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жануарды,
малдың тѳлін,
мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу
керек, бала қатал болып шығады.
2)
Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал.
Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-
анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сѳйлегенде
ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала да
қатал;
ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе
ашуланып, ақырып-бақырып қоя беретін ата-ананың баласы
да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс
мінезді болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: