алдыру дұрыс емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған
балаға табалдырықты ұрғызу яки ұру жѳнге келмейді. Ѳш
алдырып үйрету баланы малға, жанға – бәріне де
қайырымсыз, қатал қылып шығарады.
Қорқу сезімі адам
жанында адам бір бақытсыздық
күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар.
Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу үрей ұшу деп
аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе жатқан қорқыныштың
шамасына,
дененің
сезімпаздығына
байлаулы.
Қиялы
бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады. Корқу сезімі
неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де сонша
күшті болады. Үрей ұшқанда адам қозғала алмай, сѳйлей
алмай қалады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы да ағарып
кетеді.
Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы
тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден,
сықырлаған есіктен
қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламайды.
Әсіресе кѳп қорқытылған бала тым қорқақ болады. Ал енді
қорқытылмай ѳскен бала батыр болады. Мұндай бала қараңғы
үйге кіріп жүре береді. Жалғыз жатып ұйықтай береді. Баланы
қорықпайтын ер қылып ѳсіру үшін оның денесін һәм жанын
сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір
уақыт қорқытпау керек. Бѳки келеді, жалмауыз кемпір келеді,
пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды
сѳздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сѳздерді,
ертегілерді, әңгімелерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы су жүрек,
қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала ѳскенде
ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген
құр сѳз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы,
қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам ѳзі бірге
алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-
гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не
екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сѳзден
114
балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни
баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен
қорқытқанда бала
нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса
істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана не
істейді, не істемейді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді.
Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып,
соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы
мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады.
Ѳтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру
баланың денесіне де кѳп зиян келтіреді.
Қазақта бала ұрмайтын ата-ана сирек шығар.
Талай ата
«
жүгермек» деп, талай ана «кѳкала келгір» деп жап-жас
балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тастаушы еді-ау!
Әсіресе молдекелер!
Таң атқаннан күн батқанша, кѳк шыбық сынғанша сабайды.
Баланың кѳзі кітаптан кішкене бұрылып кетсе, салып жібереді.
Қарғыс тигір кѳк шыбықтың сорлы баланың арқасына шып-
шып тимейтін шағы бар ма еді? Кѳк шыбық тиген сайын
қайқаңдап, жас жүрегіміз елжіреп, кѳзіміз ыстық жасқа толып,
зарменен әліпсін-ә, әлбәсін-әй деп талайымыз отырмап па
едік? Молда атын кѳтерген хайуан бар күшімен құлағымыздан
тартқанда, тістеніп тұрып тілімізді тартқанда, талайымыздың
құлындағы дауысымыз құраққа шықпайтын ба еді?
Надан молданың осындай хайуандық әсерінен талайымыз-
ақ «сабақ», «молда» деген сѳздерді естігенде денемізге суық су
құйып жібергендей болмаушы ма едік.
Қазақтың кейінгі буын балалары!
Хайуан құлықты надан
молдалар заманында тумағаныңа қанша шүкірлік қылсаң
да аз.
Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сѳкпе дегеннен бала біржола
тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап бермесін
деген сѳз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші баланың нашар істі ѳзі
істемеуіне, нашар мінезден ѳзі қашуына тырыссын. Яғни ешкім
айтпай, қорқытпай, баланың ѳзі жамандықтан, нашар
115
мінездерден жиренетін болсын. Баланы мұндай қылып
шығару қорқыту, үркіту арқасында емес, бәлки махаббат,
жылы сѳз, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін. «Жылы-
жылы сѳйлесе, жылан інге кіреді» есте болу керек. Таяқ
адамды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар.
Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс дедік. Бұл
сѳздің мағынасы баланың нашар
ісіне жаза шеттен алынып
келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін баланы ұру, ұрсу, бір нәрсе
бермеймін, яки бір нәрсесін алып қоямын деп қорқыту
жарамайды. Бұлай істегенде бала нашар істен сол істің нашар
болғандығы үшін тыйылмайды, бәлки таяқтан, сѳзден аман
қалу үшін, бір нәрсені алу, яки бір нәрседен айрылып қалмау
үшін ғана тыйылады. Ал енді бала нашар істен сол істің
нашарлығын біліп тыйылсын десек, сол істің нашарлығын
іспен кѳрсету керек. Яғни нашар
істің нәтижесі де нашар
болатынын бала іспен кѳрсін. Мысалы, ѳтірік айтқан адамның
сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: