Педагогика


Сыртқы сезім әсерленулері



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Педагогика

Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: кѳру, есту,
иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы
заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі
һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім
береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел
болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса
қымбаттары – кѳру мен есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау –
ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан тұрмысы үшін аса
қымбат сезімдер емес. Бұлар кѳбінесе дене тұрмысына қызмет
қылады.
Сыртқы сезімдерді тәрбие қылу. Сыртқы сезім адамның
52


жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың бұл
сезімдерін аса жақсы тәрбие қылу керек. Бірінші, бұл
сезімдердің сау һәм берік болуына, екінші, бұл сезімдердің
ѳткір, терең, дұрыс болуына ыждиһат қылу керек. Және бұл
сезімдерді тең тәрбие қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы
тәрбие қылынып, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан-
тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Онда да кетіктік, кемдік
болмақ.
Енді сыртқы сезімді жеке-жеке тексерейік.
Кѳру. Кѳру құралы – кѳз. Кѳз ұясы деп аталған
шұңқырдың арт жағында мидан кѳру нервтері келіп
бұтақтанады. Сыртқы дүниедегі бір зат яки бір кѳрініс кѳру
нервтеріне әсер береді. Нервтер бұл әсерді миға алып барып,
миды оятады. Мидан әсерді жан қабыл қылып алып, жанда
кѳру әсерленуі болады. Таза кѳру әсерленулері екеу: жарық
әсерленулері һәм түс әсерленулері. Бұлардан басқа тағы екі
әсерлену бар: заттың қозғалысы һәм түрінен әсерлену, екінші
түрлі айтқанда, зорлық һәм қашықтық әсерленулері ұзақ
тәжірибелерден соң ғана болады. Бұл сѳздің дәлелі мынау:
тума соқыр адам операция жасап доктор кѳзін ашып
жібергенде заттардың түрін айырмайды дейді. Мысалы,
заттардың қайсысы домалақ, қайсысы тѳрт бұрышты екенін
айырмаса керек. Және кѳзі ашылған тума соқыр заттардың
қашықтығын да айырмайды дейді. Яғни заттардың бәрі кѳзге
жап-жақын тұрғандай. Аяқ аттаса соғылып қалатындай
кѳрінсе керек. Тегінде жас бала да бастапқы кезде осы кѳзі
жаңа ашылған тума соқыр сықылды болатын шығар-ау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет