Педагогика



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Педагогика

Баланың кѳру әсерлері. Баланың кѳру сезімі бірте-бірте
кѳп тәжірибелер арқылы ғана ұлғаяды. Бастапқы кезде
баланың кѳзі тіпті кѳрмейді деуге болады. Жаңа туған баланың
кѳзіне жақындатып бір затты алып барсаң, бала кірпігін де
қақпайды. Тегінде баланың ұзақ уақыт кірпік қақпауы –
кѳрмегендіктен. Жұмыс қылмаған дене шаршай ма? Қажи ма?
Әрине, жоқ.
53


Бала ең алдымеи жарықты кѳреді, шамға қарайды. Шамды
жүргізсең, шамға еріп кѳзін жүргізеді. Бірақ балада екі кѳзбен
бір жерге қарау тез болмайды. Баланың бір кѳзі бір затқа
қарағанда, екінші кѳзі екінші затқа қарап тұрады. Яки басы бір
жаққа бұрылғанда, кѳзі екінші жаққа қарап тұрады. Үшінші
айға қарағанда ғана бала екі кѳзімен бір жерге қарай алады.
Және бала бастапқы кезде кѳзін билеп, ѳзі тілеп, бір затқа
қарай алмайды. Баланың кѳзін билеп, ѳзі тілеп қарай бастауы
екінші айда басталады. Ал енді үшінші, тѳртінші айда бала
бақылап қарауға үйрене бастайды. Бұл уақытта баланың бар
ісі заттардың түсін һәм түрін айыру болады. Үш жасқа дейін
бала түстерді тѳмендегі тәртіппен айырып үйренеді: сары,
қызыл, күрең, қара, алқызыл, сұр, жасыл, кѳк. Түр айыру
қиынырақ болғандықтан, заттардың түрін бала кеш айырады.
Әйел бала түстерді, ер бала түрлерді тезірек айырады деседі.
Ал енді заттардың қашықтығын айыру балаға ѳте қиын
жұмыс. Алты айға толған бала да кішкене саусақтарын жайып
аламын деп айға ұмтылады. Бала заттардың қашықтығын кѳп
тәжірибелерден соң ғана айыра бастайды. Екі жасқа қарағанда
бала кәдімгідей кѳретін болады.
Кѳру сезімін тәрбие қылу. Кѳру сезімін тәрбие қылу
дегенде алдымен кѳзді зиянды нәрселерден сақтау деп ұғу
керек. Кѳзге шаң, түтін тигізбеу, кѳзді әлсін-әлсін жуып тұру,
былық саусақпен ұстамау, уқаламау, шағылыстырғандай
жарыққа қаратпау, қараңғыдан жарыққа кенет шығармау
керек. Және балаға нәрсені тым жақын алып келіп қаратпау
тиіс. Кѳз бен нәрсенің арасы 5–10 дюймнен жақын болмасын.
Жақын қаратып әдеттендірсең, бала сығыр (близорукий)
болады. Яғни сығалап қарамаса, кѳрмейтін болады. Баланы
нәрсеге түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды. Баланың жүре
қыли болуы да осыдан.
Кѳру сезімін жақсы тәрбие қылу үшін кѳзді зияннан сақтау
ғана жетпейді. Бәлки, кѳру сезімінің күшті болуына күш
жұмсау керек. Біз жоғарыдағы сѳзден білдік: бала түрді, түсті
54


һәм қашықтықты кеш айыратын кѳрінеді. Міне, тәрбиеші
балада осы әсерленулердің дұрыс оянуына кѳмек кѳрсетуі
керек. Яғни ойнау үшін түрлі түсті доп, түрлі түсті қағаз һәм
ағаш беруі мақұл. Бұлармен бала түстерді айырып үйренеді.
Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету үшін балаға түрлі
зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп, қағаздан түрлі
зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек. Кѳру сезімінің
күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – балаға сурет
салғызу. Сурет салу баланың кѳру сезімін ұлғайту үстіне
әдемілік сезімін де ұлғайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет