Педагогика


Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық



Pdf көрінісі
бет55/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Педагогика

Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық. Аяу
сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір мақсұт
үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды, тек сол
нәрсе аяныш кѳрінсе, аяйды. Біз суға батып бара жатқан
адамды кѳрсек, осыны құтқарып, осыдан олжа алайын деген
оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды ѳлімте байлап толқынға
кіріп кетеміз. Яки біз ѳзінің тиісті, жолды жазасын тартып
жатқан, яки тартайын деп тұрған бір жазалы адамды кѳрсек
те, аяймыз. Қасірет, бейнет кѳрген адам неғұрлым бізге жақын
болса, сонша терең аяймыз.
Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышына
ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ортақтасу орнына
адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы адамдықтың бір
тѳмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтыпты: қайғыға ортақтасу
117


үшін адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште
болу керек. Тәрбиеші балада осы мінезді де әлсіретуге ұмтылу
керек.
Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші бір
адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін болса, сонда
болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай аяйды. Дос болғанда
ойлап, аңдап дос болады. Екі дос бірге болса, араларында
достық беки береді. Егер айрылса, достық әлсірейді. Аяу сезімі
адамда ерте басталады: бір жасқа толмаған бала күлсең –
күледі, жыласаң – жылайды. Ал еңді достық ақыл біраз
орныққан соң болады.
Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға ѳте қымбат.
Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата-анасы ѳліп, жетім қалған
баланы ең алғаш кім бауырына тартса, бала соған бауыр басып
кетеді.
Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде,
онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен
бала ѳзіне дос тауып алады. Достық сезімінің балаға кѳп
пайдасы бар. Досының кѳңілін тауып үйреніп, бала ѳзімшілдік
мінездерден аулақ болады. Ѳзінің дос баласының сѳзін бала
үлкен адамның сѳзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан
тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қам
қылуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет