тарихтан ѳрнек әңгімелер сѳйлеу һәм оқыту керек. Әрбір
ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлыққа ѳрнек
болғандай
әңгімелер толып жатыр. Солармен дұрыс пайдалана білу
керек. Яғни әдепті бол, әділ бол, ѳтірік айтпа деген сықылды.
Құрғақ, жалаңаш сѳзде пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың
әрбірі әдейі киініп ѳрнек күйінде ғана келсін. Ѳрнектен
нәтижені бала ѳзі-ақ шығарып алады.
2)
Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. Үй һәм
мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдеттендірсін.
Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм
мектептегі тәртіп
құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне
қарап тәртіп ѳзгеріп отырмасын. Тәртіп ѳзгермейтін ізгі құлық
заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең
жарамайтын болып отырса,
балада тәрбиешіге сенім
қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты
тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден,
ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін
нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама
тәртіпті оп-оңай бұрып
кетеді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланың
ѳтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне қамаудан.
Маңайындағы
тәртіп,
тұрмыстың
құрылысы
баланың
жаратылысына қайшы болса, бала ондай тәртіпті аттап ѳтеді.
Үшінші, тәрбиеші мен баланың арасы ѳте жақын болуға тиісті.
Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын.
Екеуінің арасында
сенбеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата
алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше
алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе,
ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады.
Жасырмайтын болса, ѳтірік айту,
алдау сықылды ұнамсыз
құлықтарға орын да қалмайды.
3)
Достарыңызбен бөлісу: