Педагогика



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Педагогика

Қайрат қалай жасалады? Қайрат тѳмендегі басқыштарды
ѳтіп барып іске асады. Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті
іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін
бекітетін себептер дәлел яки мотив деп аталады. Бұл –
қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің іске асуының
тиістілігін кѳрсететін қарсы себеп те болады. Қарсы себеп –
қарсы дәлел яки контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы
дәлел шыққанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз.
Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің күресі деп
аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің
қүші бірдей кѳрінсе, адамда толқу пайда болады. Дәлелдер
күресінен кейін ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп,
бетін бір жаққа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа
түзеу бекіту деп аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп
аталады. Бұл тѳртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі
бѳгетке ұшырап, бѳгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін
қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу
керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.
Қайраттың керектігі. Қайрат адам ѳмірінде аса қымбат
орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгіндеп, белгілі
жолға салып ѳркендететін – сол қайрат. Мысалы, нәресте
шақта адамның денесі қайрат қатыспай ѳз бетімен қозғалады.
Ес кірген соң қайрат жұмсалып қозғалады. Жүргенде аяқ
қозғалуы сықылды. Жан ісінде қайрат іскерлікке кѳп
қатынасады. Шынында, қайрат жұмсамай адам іскер бола
алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп
қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой.
Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жолға
салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы ғана адам
132


жанындағы қалың күштер жарық кѳрмекші. Ѳмірде адам
басына қиын-қыстау істер келгенде, қажытпай алып шығатын
– 
сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы айға жеткізбесе де,
ойлаған ойға жеткізетін – сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші
баланың қайратын ѳркеңдету үшін қызмет қылуға міндетті.
133


1
Қ А Й Р А Т Т Ы
Ѳ Р К Е Н Д Е Т У
Ж О Л Д А Р Ы

Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қозғалуға
үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қозғалатың, тез
орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін теріс қозғап
үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез түзесін. Сол уақытта бала
қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм қалай қозғау керек,
соған әдеттенбекші. Жазғаңда, тіккенде саусақтарды қалай
ұстау сықылды.
Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұрыс
бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа бола
алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы келеді. Бала
болмайтын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура мағынасымен
аспандағы айға ұмтылады. Тәрбиеші баланы осындай
қияңқылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің алдын,
артын, 
болдыратын 
һәм 
болдырмайтын 
себептерін
салмақтатып, тексеріп үйретуге міндетті. Терең тексеріп
келіп, тілекті жүзеге шығару қайраттылық болатыны
сықылды, тексеріп келіп, тілекті тоқтатып қалу да зор
қайраттылық. Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт
болмақшы, ѳтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. Тілектің
алдын, артын тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз
134


еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман
болмақшы.
2) 
Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың
барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін.
Бала ѳз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе
жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала ѳз бетімен бір нәрсені
тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә
болдыруға, иә болдырмауға ѳзі әдеттенсін. Сол уақытта
баланың қайраты ѳркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі
пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой.
Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек.
Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш
істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде
қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде кѳп істесек, ол істі тіпті
жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады.
Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз.
Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет деп
аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай ұстау,
әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан
тіпті жеңілге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат жұмсамай-
ақ, саусақтарымыздың ѳзі солай икемделе береді. Адам
ѳмірінде әдет кѳп орын алады. Лейбниц деген ғалым адамның
барлық ісінің тѳрттен үшеуі әдет болады дейді.
Әдеттің адамға кѳп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда адам
белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық
орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің
тиянақты, кѳрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам
тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді,
бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі кѳп күш жұмсамай адам тез
һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында
мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді.
Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру
арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. Шекспир:
«
Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште»,– дейді.
135


Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: «Жақсы әдет – ѳсімге
берген ақша, адам ѳмір бойы соның ѳсімін пайдаланады.
Жаман әдет – борыш, адам ѳмір бойы сол борыштың бір
ѳсімімен азап шегеді»,– дейді.
Адам ѳмірінде әдет осындай зор орын алатындықтан,
тәрбиеші 
барлық 
күшін 
жұмсап, 
баланы 
неғұрлым
жақсылыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашарлыққа бір
әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе емес, есте болу
керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым бойға сіңсе,
құмарлыққа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет