Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет25/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Полибий (б.з.б. 201,– б.з.б. 120 ж.) – ежелгі грек тарихшысы. Ахей ода­ғы басшыларының бірі. Үшінші македон соғысынан кейін Римге аманат ретінде жіберілді. Римде болған 16 жылда оның ақсүйектерімен ты­­ғыз қарым–қатынас жасады. Полибий саяси көзқарасы жағынан Гре­кия­ның олигархтық топтары­ның жетекшісі, демократтардың қарсыла­сы болды.
Полибийдің негізгі еңбегі – 40 кітаптан (бізше тараудан) тұратын “Жал­пы тарих”. Бізге еңбектің алғашқы 5 кітабы және үлкенді–кішілі үзін­ділері жетті. Ол өз еңбегінде б.з.б. 220 – 146 жылдардағы Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекетер (Грекия, Македония, Кіші Азия, Си­рия, Египет, Карфагенжәне Рим) тарихын өзара сабақтастыра қарас­тыр­ды.
Полибий Жерорта теңізінде Рим үстемдігінің орнауын баяндап, олар­дың жүргізген саясатын жоғары бағалады. Ол Римнің жетістіктерін мо­нар­­­­­­хия­­ның, аристократтардың және демократиялық құрылыс эле­мент­­­­те­рін үйлестірудің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен бай­ла­ныс­тыра­ды. Полибий тарихтың міндеті жеке адамдар іс–әрекетіне се­беп­ші бола­тын оқиғаларды суреттеу ғана емес, оларды түсіндіру деп та­ниды.
Страбо́н – (грек., шамамен б.э.д.64/63 – б.э.23/24) – грек тарихшы­сы географы. Бізге дейін жетпеген «Тарих» деп аталатын кітаптың ав­то­ры. Келесі бір 17 кітаптан тұратын «Географии» атты еңбегі толық сақ­талған. Еңбектің құндылығы онда Орталық Азияны мекндейтін көш­­­­­­­пелі тайпа­лар жөнінде мол мағұлыматтар бар.
Оның мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізініңшығысына қарай мас­сагет­термен сақтардың жері орналасқан. Ал қалғандарын Страбон жал­пы­лама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес ата­­уы бар. Олардың арасында барынша белгілілер: асиилер, пассиак­тар, тохарлар, сакаравилер. Массагет­тер тек Күнді ғана Құдай деп са­найды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы–жаяу жақ­сы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Ат­та­ры­на алтын жүген салады. Олар­да кү­міс жоқ, темір аз, бірақ қоламен ал­­тын өте көп. Егіншілікпен айналыс­пайды, қайта номадтар (көш­пен­ді­лер), скифтер сияқты мал бағып, балық аулап тіршілік етеді", – деп жаз­ды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геро­дот­­­­­­­тікі­не ұқсас екендігін аңғаруға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет