Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Александр Сергеевич Лаппо–Данилевский



бет77/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Александр Сергеевич Лаппо–Данилевский (1863–1919, ) – орыс та­рих­шысы, әдіснама ғылымының негізін қалаушы, Санкт–Петербург Ака­демия­сы­ның толық мүшесі. 1882 жылы Симферополь гимназиясын алтын медалмен, 1886 жылы Санкт–Петербург университетінің тарих–филология факультетін бі­тір­ген. Жоғары оқу орындарында оқы­ту­шы­лық қызметтер атқарды. 1906 жылы өзі қызмет істеп жүрген уни­верситетте «Тарих әдіс­на­ма­сы» пәнін кір­гізді. 
Никола́й Ива́нович Каре́ев (1850, –1931) – орыс тарихшысы, әлеу­мет­танушы. 1910 жылдан – Петербург ғылым академиясының, коррес­пон­дент–мү­ше­сі, 1917 жылдан КСРО ҒА мүшесі. 1873 жылы Москва университетінің тар­их–филология факультетін бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында оқыту­шылық қызмет атқарды.



  1. ХІХ ғасырдың екінші жартсындағы орыс революциялық-демократиялық тарихнамасы

ХІХ ғасырдын орта шенінде Ресей экономикасына капиталистік қаты­нас­тардын кіруіне байланысты тарихнамада революциялық-демо­кра­тия­лық бағыт қалыптасты. ХҮІІІ ғасырдағы А.Н.Радишевпен ХІХ ғасырдың басындағы дека­бристтердін революциялық идеяларын одан әрі дамытқан Белинский мен Гер­цен болды. Олардың тарихи көзқарасы ревлоюциялық ой-пікірлерінің негізі еді. Бұлардың екеуі де орыс және батыс европа тарихи әдебиетін өте жақсы білді.
Виссарион Григорьевич Белинский (1811–1848) осы бағыттын бел­сенді қайраткері еді. Ол революцияның негізгі мақсаты само­дер­жа­вия­мен басы­байлық құрылысты жою еді. Осы мақсатқа бүкіл ғұмырын ар­на­ды. Кезкелген идеялық концепцияның негізінде тарих жатқандығын ол жақсы білді. Сондық­тан да ол ресей тарихын терең игерді «Наш век»,- деп жазды ол -«век по преимуществу историчиский. Все думы, все вопросы наши и ответы на них, вся наша деятельность вырастает из исторической почвы и на исто­ри­ческой почве». Сондықтан да ол тарих ғылымының теориялық негіз­деріне аса кө­ңіл аударды. Ол тарихи заңдылықтын объективті сипатын жақсы түсінді. «...Отвергать возможность истории как науки, - деп жазды ол,- значит отвергать в развитии общественности неизменные законы и в судьбах че­ло­­века ничего не видить, кроме бессмысленного произвола слепого случая».
Тарихтың негізгі заңдылығы адамзаттын прогресивті дамуы деп түсінді ол. Бұл заңдылық әр халықтын өзіне тән болады. Адамзаттын дамуы бітпейтін, таусылмайтын, үнемі алға жылжитын процесс. Мұның объективті негізі қара­қайшылықтар ,ескі мен жаңа арасындағы күресі. Адамзат тарихының күрделі бет-бұрыс жасайтын кезеңдерін зерттей отыра, ол тарихтын қозғаушы күші халық бұхарасының творчествалық әрекеті деген қорытындыға келді.
Белинский соңғы жылдары жазған мақалаларымен сын-пікірлерінде қоға­мның дамуындағы материалдық қажеттіліктін аса маңызды екенің дәлел­дейді. «Историк должен показать, что исходный пункт нравственного совер­шенства есть прежде всего материалная потребность и что материалная нужда есть великий рычаг нравственной деятельности. Если б человек не нуждался в пище, в одежде, в жилище, в удобствах жизне, - он навсегда остался бы в животном состояни». Яғни Белинский тарихшылардан адамзат даму процесіндегі экономикалық факторларды терең зерттеуге кеңес береді.
Ойшыл орыс тарихының кезеңдерін зерттеуге де өз үлесін қосты. Ол ор­ыс тарихының көмескі зерттелуінің себебін дворян және бур­жуа­зия­лық тарих­шы­лар­дын көбіне ресейдін саяси тарихына көңіл аудара­тын­ды­ғынан деп түсін­дірді. Ресей тарихын кезеңдеуге көзқарасын ол А.Иши­мованың «История Рос­сии в рассказах для детей» және Н.Маеркеевичтін «История малороссии» деп аталатын кітаптарына сын-пікірінде білдірді.
Т­арихшы ресей тарихының көне дәуіріне көңіл аудара оты­ра норман теориясына соққы берді. Әсіресе ол Ресейдін бір орталыққа бағынған мемлекет құру тарихына аса көңіл аударады.Қорыта келгенде В.Г.Бе­линский Рес­ей тари­х­ының күрделі мәселелере көңіл бөліп, келешек тарихшыларға жөн сілтеді.
Революциялық бағыттағы орыстың келесі бір ойшылы Александр Иван­ович Герцен (1812-1870). ХІХ ғасырдын қырқыншы жылдары ол тарих ғылы­мының теориялық мәселелеріне көңіл аударды. Тарих ғылымының қоғамдық сая­си маңызы бүгін күінімен Ресейдін келешегін анықтауға мүмкіндік бере­тіндігін көрсетті. Тарихшының негізгі міндеті қоғамның заңдылығының объек­тивтілігін түсін­діру. Әсіресе негізгі заңдылық адамзат қоғамының прогресивті дамуы «Чело­весчество,- деді ол,- недовало подписки жить всегда, как теперь; у раз­ви­ваю­щей­ся жизни ничего нет заветного».
Өкініштісі, ол тарихтын идеалистік түсініген арыла алмады. Оның мұн­дай көзқарасы адамзаттын дамуы оның рухани баю деп түсінді. Осыған сәй­кес ол, ада­мзат тарихын мына төмендегідей кезеңдерге бөлді: классикалық, ро­м­ан­ти­калық және реалистік. Оның ойынша көне классикалық әлемнің Рим им­пер­ия­сының құлауы нәтижесінде келесі романтикалық дәуірге өтуге жағдай жасады.
Халық бұқарасының ролі жөнінде Белинскийді қолдады. Естеріңізде болса дворяндық-буржуазиялық тарихнама – тарихтын қозғаушы күші мемле­кет деп түсінген болатын.Герцен Европадағы революциялық про­цеске, әсіресе 1848­­­­жылғы Француз революциясының сабақтарына қатты көңіл аударды. Ол Ев­ро­пада белең алған буржуазиялық қарым-қатынасқа соққы берді. Осының негізінде ол өзінің «Орыс социализмі» деп аталатын утопиялық тео­риясы негіз­ін қалады. Орыс тарихының мына төмендегі мәселелері бойынша өз пікірін бі­л­дір­ді: көне орыс мемлекеті, орыстың бір орталыққа бағынған мемлекеті, ХҮІІ Ресей­дін халық бұқарасы, І Петрдін реформалары, 1812 жылғы Отан соғысы, де­ка­­бристтер қозғалысы, 30-40 жылдардағы орыс қоғамы, орыс мәдениетінің тар­ихы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет