Педагогикалық кеңес №2 Жиынтық бағалаудың жүргізілуі



Дата07.12.2023
өлшемі14.02 Kb.
#485860
ТЖБ қорытытнды


Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебі


Педагогикалық кеңес №2


Жиынтық бағалаудың жүргізілуі

Мектебімізде 2022-2023 оқу жылында 1-тоқсан бойынша 358 оқушы бағаланып, 58 пайыз білім сапасын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылынан 2 пайызға төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Формативті бағалауды мұғалімдер оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында ата-аналарға және оқушыларға кері байланысты(түсініктемелер және ұсыныстар) беру арқылы күнделікті 10 балдық жүйе форматында журналға қойып отырса, ал бөлім бойынша бағалауды бөлім біткенде, тоқсандық бағалауды тоқсан аяғында алып, жұмыс тексеріліп, журналға қойылады.


Тоқсан аяғында математика, қазақ тілі және математика пән мұғалімдерінің осы аталған процестер қаншалықты дұрыс немесе бұрыс іске асырылып жатқанын зерделеу мақсатында электрондық журналдағы қойылған балдар көлемін, БЖБ мен ТЖБ жұмыстарының дұрыс тексеріліп, журнал мен оқушы жұмысының сәйкестігі тексерілді.
Тексеру барысында :
Математика пәнінде мұғалімдер бөлім бойынша жиынтық , тоқсандық жиынтық бағалау ақ параққа кестеге сәйкес уақытында, екі нұсқада алып, тексеріліп, күнделік журналына қойылған. Жиынтық бағалауларға талдау жүргізілген. Тарих пәнін тексеру нәтижесінде, пән мұғалімдері бөлім бойынша жиынтық , тоқсандық жиынтықты ақ қағазға алып жүр. Жұмысты уақытында тексеріп, журналға қойып отырады.Талдау жасалынған, модерация жүргізілген.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Жиынтық бағалауды уақытында алып отырған. Талдау жұмысы жүргізілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауын саралау кезінде оқу жылының басында алынған кіріс бақылау жұмыстарының пайызымен жиынтық баллдар қорытындысы салыстырмалы түрде қарастырылды.
Химия пәні бойынша 10 сыныптарда кіріс бақылау жұмысы 50 % Тжб 58 % ды көрсетті.Демек 8 пайызға өсу бар бірақ, бұл жерде қорытынды баға мен ТЖБ қорытындысы 100% көрсетіп тұр.Осы бойынша жас маман Созакбаева Куралай Рахатовнаның химия сабақтарына қатысып көрсетілген нәтижиенің анығын бағдарлау ұсынылды.
Математика пәні бойынша 2 «А» сыныбында кіріс бақылау жұмысы 68 % болса ТЖБ бойынша 71 пайыз ал тоқсандық қорытынды бойынша 65 % бұл жерде кіріс бақылау мен ТЖБ арасында 3 % өсуді көрсетсе, Тоқсандық қорытынды мен тоқсандық жиынтық бағалау арасында 6 пайызға төмендікті көрсетті.Тқсандық қорытынды бағалар күнделікті сабақтағы қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың жиынтығының нәтижиесінде шығарылатындығын біле тұра мұғалім қорытынды баға шығарарда күнделік кз ке жиынтық бағалаудың баллдарын уақытысынан бұрын қоймаған деуге болады.
Қазақ тілі бойынша 2 «А» сыныбында кіріс бақылау жұмысы 68 %-ды көрсетсе тоқсандық жиынтық бақылауда 77 % -ды көрсетті.Демек өсу 9 %.
Тоқсандық бағалау жүргізгеннен соң сараптамаларын жинау пән мұғалімдерінен қиындық туғызды.Мектеп бойынша сараптама жасау үшін пән мұғалімдері айтылған уақытында сараптама нәтижиелерін әкелмеді.
Олар:Мунабарова А.М,Ахат К,Саганаева М.Б,Чанчаров А.А,Таңқай Х,Кенчимова Ф.О.
Қорыта келгенде, осы аталып, көрсетілген кемшіліктерді, яғни әр пән мұғалімі жиынтық бағалауларды кестеге сәйкес уақытында алып, оқушылардың шынайы балдарын журналға қойып отыру жауапты үдеріс екенін ескерсе.
Бағалау –оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл. Бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда және үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, демек жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.
Ұсыныс:
1. БЖБ, ТЖБ жұмыстарының балы журналдағы қойылған балмен сәйкес болуы.
4.БЖБ, ТЖБ жұмыстарын алған соң талдауды уақытында жүргізу;
5. ТЖБ жұмысына модерация, БЖБ дан соң рубрика жүргізу қажеттігін ескеру;
Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Амиртаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет