В.А.Сластенин 4 бөліктен тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіре қарастырады. Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықтың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
Қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
Педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты құрастырылады. Қазақстан Республикасында мұғалімдердің кәсіби еңбекке сәйкестілігін, кәсіби өсу деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі ретінде педагогтың кәсіби стандарты әзірленген. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-коммуникативтік.