Педагогикалық практика бағдарламасы


Педагогикалық практиканың мақсаты



бет2/15
Дата10.01.2023
өлшемі217.5 Kb.
#468298
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚазҰТЗУ 709-01 Ү. Кәсіптік практика бағдарламасы

Педагогикалық практиканың мақсаты - университетте алған теориялық білімдерін дамыту және тереңдету, бекіту, арнайы (педагогикалық) ойлауды және дағдылар мен іскерліктерді меңгеру сонымен қатар кәсіптік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.


Педагогикалық практика міндеттері:

      • докторанттардыңдың кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, кәсіби біліктілік пен дағдыны дамыту, педагогикалық өздік білімін жетілдіру;

      • педагогикалық әрекеттерге зерттеушілік, шығармашылық қырын жасау;

      • оқу-тәрбиелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізудің дағдыларымен негізін зерделеу;

      • жоғары оқу орындарында (ЖОО) және арнайы орта білім беру мекемелеріндегі (АОБМ) сабақ берудің іс-тәжірибесін меңгеру;

      • студенттерді тәрбиелеу және оқытудың нақтылы міндеттерін шешу кезінде қолдану арқылы арнайы және психологиялық-педагогикалық білімдерді бекіту, тереңдету және байыту;

      • білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін, әр түрлі білім беру технологияларын, тәсілдері мен әдістерін игеру;

      • оқытушылардың оқу жүктемелері, педагогикалық іс-әрекеттері,білім беру стандарттарын жүзеге асырудың әр түрлі құжаттарымен танысу;

  • қазіргі заманғы студенттер білімін бағалау және бақылаудың психологиясын меңгеру, әр түрлі тексеру - бақылау құралдарын әзірлеу;

  • педагогикалық әрекеттерге зерттеушілік, шығармашылық қырын жасау.

Педагогикалық практика кафедраның оқытушыларының жетекшілігімен жүзеге асырылады. Университет пракика жетекшісі ретінде профессорларды, доценттерді, практиканың мазмұнын жақсы білетін, тәжірибелі ұстаздарды тағайындай алады.
Докторант кафедраның оқу үрдісін ұйымдастыру процесстеріне қатыса алады, оқытушылармен өз курстастарының сабағына қатысып, оларға талдау жүргізуге және сабақ қонспектісін құрастырып,әдіскердің бақылауымен әр

түрлі сабақтар (дәріс,практикалық-немесе зертханалық) түрлерін өткізуі тиіс .


Практика қорытындысын бағалау қойылған талаптарға сәйкес практиканың құжаттарын өткізу, практика жетекшісінің пікірі және есепті ашық қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Докторант жұмысын кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында қорғайды. Комиссия мүшесі пән оқытушысы, практика жетекшісі, ғылыми жетекші, университеттің практика жауапты адамдары бола алады.
Бұл ретте магистранттың оқу жұмысының ғылыми-әдістемелік жағы да, және аудиториядан тыс жұмыстарды жүргізу біліктілігі де бірдей ескеріледі.
Педагогикалық практиканың бағасына: докторантпен өткізілген оқу-тәрбиелік әрекеттің тиімділік жәрежесі, кафедраның және университеттің әдістемелік жұмысына қатысы, докторанттың қоғамдық белсенділігі, оның іске тиянақтылығы, студенттермен қарым-қатынасы, есеп беру құжатының сапасы, мерзімінде тапсыру ескерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет