142
Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661
Педагогикалық сериясы № 1.
2023
алғашқы сабақта баламалы энергия көздері ұғымына сипаттама бере
отырып, сабақтың мақсатын ашуда «Кластер» әдісін қолдануға болады.
оқушылар баламалы энергия көздерінің адамзатқа қажеттілігін, экологиялық
жағынан таза, сарқылмайтын энергия көздеріне шолу жасайды. Күн
сәулесінің энергиясы арқылы қандай табиға процесстер орын алатындығын
талқылайды. бұл өз кезеңінде физикалық
шамалардың белгіленуін,
шамалардың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігін еске түсіруге
мүмкіндік береді. Мысалы: температураның цельция, Кельвин, Фарангейт
бірліктерін талқылап, төмендегі тапсырманы ұсынуға болады (3-кесте).
Кесте 3 – температура бірліктері бойынша оқушы ұсынылатын тапсырма
Цельций
Кельвин
Фарангейт
25
-
-
-
35
-
-
-
45
Келесі сабақтарда Күннің энергиясын электр энергиясына түрлендірудің
әдістері қарастырылады. Күн энергиясын электр энергиясын түрлендірудің
әдістері білім алушыларға топтық жұмыс ретінде ұсынуға болады. бұл
тақырыпты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «баламалы
энергия көздері» атты зертханалық жұмыс орнына оқушылармен барып,
тәжірибе жүргізіп, зерттеу сабағы ретінде өткізуді жоспарлап отырмын (1-сурет).
сурет 1 – «баламалы энергия көзі» зертханасы
143
Вестник Торайгыров университета, ISSN 2710-2661
Серия Педагогическая № 1. 2023
Фотоэффект заңдылығын жете түсіну мақсатында мынандай
тәжірибелік жұмыс жүргіземіз. Картонды алып, оған жылтыр қағазды
жабыстырамыз. осы картонға 8 лезве жабыстырып, екі жағына жалғағыш
сымдар орналастырамыз. Кішкентай ойыншық желдеткіш немесе ойыншық
қуыршақтың ішіндегі лампаны орналастыруға болады. Күннің
астына
қойып, біраз уақыт бақылаймыз. біраз уақыттан кейін ойыншық лампаның
әлсін-әлсін жарық шығаратынын байқауға болады. осы тәжірибені білім
алушылардың өздеріне жасата отырып, герц, столетов тәжірибелерін, қатты,
сұйықтар жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығу құбылысын,
фотоэлектрондардың максималды жылдамдығы түсіп тұрған жарықтың
қарқындылығына емес сәуленің жиілігіне тәуелділігін, фотоэффектінің
қызыл шекарасы ұғымдарын меңгертуге болады (2-сурет).
сурет 2 – Фотоэффект құбылысы
сонымен қатар сабақты бекіту мақсатында саралау тапсырмасын
(есептер)
ұсыну тиімді. бұл тәжірибеде қолданылатын желдеткіш моделін
де оқушыларға жасату еш қиынға соқпайды.
Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіруде маңызды орын алатын
күн коллекторлары. сондықтан алдыңғы екі тақырыпта білім алушылар
баламалы энергия көздері туралы толық мәлімет алып, қарапайым тәжірибе
жасау арқылы білімдерін толықтырса, ары қарай күн коллекторының жұмыс
144
Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661
Педагогикалық сериясы № 1.
2023
жасау принциптерімен, құрылысымен,
міндетімен таныса отырып, күн
коллекторының моделін жасайды. ол үшін жылу сақтағыш альюминий
фолганы алып, тақтайшаға (фанера) бекітіп, төрт жағын ағашпен (рейка)
бекітеді. сонымен қатар жеңіл қозғалту үшін дөңгелектер орнатамыз. ескі
тоңазытқыштың жылу спиралін алып (змейвик) коллекторға орнатамыз.
Конденсаторды желімдеп орап шығамыз. сыртын молдір пленкамен екі-үш
қайтара орап шығамыз. жылу спираліне резеңке трубканы кигіземіз осы
трубканы насосқа орнатамыз. Күн батареяларын алып оны коллектормен
жалғаймыз. білім алушылар біраз уақыттан кейін судың температурасының
арта бастағанын байқайды. Мұғалімінің басшылығымен осы тәжірибелік
жұмысты орындау арқылы электр тогы, кернеу, амперметр, вольтметр, ЭҚК,
потенциалдар айырымы т.б физикалық шамалар мен өлшеуіш құралдармен
танысады. тәжірибелік сабақты есеп шығартумен ұштастыру арқылы
баланың пәнге
қызығушылығын арттыруға болады. Келесі сабақта күн
батареяларын модельдеу т.б. тақырыптармен жалғасады. 34 тақырыптың
барлығы
дерлік тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу,
есептеу дағдыларын
Достарыңызбен бөлісу: