Педагогикалық технологияның құрамдас бөліктері



Дата15.02.2024
өлшемі6.3 Mb.
#491962
Педагогикалық технологияның құрамдас бөліктері.


Педагогикалық технологияның құрамдас бөліктері.
Орындаған:Шаяхметова Асель
Тексерген: а.о. Абдикаримова Г.А.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Жаратылыстану және география
институты
Жоспар
    • Педагогикалық технология дегеніміз не?
    • Негізгі құрам бөліктері
    • Педагогикалық шеберлік
    • Қорытынды
    • Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру.
Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
өндіріс құралдарының жиынтығы;
Я.А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді. Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) қатал қойылған мақсат; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу».
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандырады (В. Беспалько):
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жою қажет;
- оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, бағалау қажет;
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қорытынды
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.
«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.
2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.
3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999.
4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№
5. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с.
6. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.
7. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.
8. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. - Алматы.: РБК, 1995.-252 6.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет