Бағалаудың әріптік эквиваленті
|
Бағалаудың сандық эквиваленті (GPA)
|
% көлеміндегі балл
|
Дәстүрлі бағалау жүйесі
|
A
|
4
|
95-100
|
" Өте жақсы "
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
" Жақсы "
|
B
|
3
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
" Қанағаттанарлық "
|
C
|
2
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1
|
50-54
|
F
|
-
|
0-49
|
" Қанағаттанарлықсыз "
(өткізілмейтін баға)
|
I
|
-
|
-
|
"Пән аяқталмаған"
|
W
|
-
|
-
|
"Пәннен бас тарту"
|
AW
|
-
|
-
|
"Пәннен шығарылған"
|
AU
|
-
|
-
|
"Пән тыңдалды"
|
P/NP (Pass / No Pass)
|
-
|
65-100/0-64
|
"Есепке алынды(зачтено)/еспке алынбады (не зачтено)"
|
Семестр барысында студенттің жұмысын бағалауда ескерілуі тиіс:
Сабаққа қатысуы;
практикалық сабақтарға белсенді және өнімді қатысуы;
негізгі және қосымша әдебиеттерді оқуы, қарастыруы;
СӨЖ орындауы;
барлық тапсырмаларды өз уақытында орындауы.
СӨЖ бойынша үш тапсырманы өз уақытында орындамағаны үшін AW бағасы қойылады.
Академиялық тәртіп пен әдеп саясаты
Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізіңіз. Плагиат және де басқа әділетсіздікке жол жоқ. СӨЖ жұмысын тапсыру, аралық бақылау, емтихан кезінде бір-біріне кеңес беру, көшіруге және басқа студент үшін емтихан тапсыруға да жол берілмейді. Интернет жүйесіне рұқсатсыз енген, ақпаратты бұрмалаған, шпаргалка қолданған студенттерге қортындысында «F» бағасы қойылады.
Көмек: Өзіндік тапсырмаларды (СӨЖ) орындау барысында, оны өткізуге байланысты туындаған сұрақтарға, сонымен қатар өтілген материалдар бойынша қосымша мәліметтер алу үшін оқытушының келісілген уақытына сәйкес кеңес ала аласыз.
Кафедра мәжілісінде_______________№_____хаттамасымен бекітлді.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор А.К. Мынбаева
Оқытушы Ш. Т. Таубаева
«Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын және бақылау жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар.
1-СӨЖ: . «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері. Психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық ғылыми білімнің формалары ретінде» тақырыбында тірек конспектісін жасаңыздар. Бұл тапсырманы орындау үшін Сіздер философия, педагогика және психология курстарынан білімдеріңізді жаңартуларыңыз керек. Сондай-ақ мына оқу құралдарынан жауап қарастырыңыз: 1) Таубаева Ш. Научно-педагогическое исследование: методология и методика. Учебное пособие. – Алматы, 2010. - 238 с.; 2) Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.; 3) Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росии, 1999.-146 с.; 4) Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. – Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с.
2-СӨЖ: Әлеуметтік педагогика саласындағы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің немесе Өзіңіздің дипломдық жұмысыңыз саласында көкейкесті мәселелерінің тізімін құрастырыңыз. Аталмыш тізімді жасау үшін мына оқу құралындағы тізімдерді пайымдаңыз: Липский И.А. Социальная педагогика: Методологический анализ. Учебное пособие. . – М.: ТЦ СФЕРА, 2004. – 320 с. Сондай-ақ В.М. Полонскийдің (Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.) кітабындағы ғылыми зерттеудің өзектілігін анықтау өлшемдері мен әдістерін пайымдаңыздар.
3-СӨЖ: Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері жіктемесі бойынша схема сызыңыздар және Өз тұғырыңызды негіздеңіз. Бұл тапсырманы орындау мақсатында мына оқу құралын оқыңыз: 1) Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.; 2) Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росии, 1999.-146 с.
4-СӨЖ: Өзіңіздің психологиялық-педагогикалық зерттеуіңіздің және Өзіңіздің дипломдық жұмысыңыздың ұғымдық-түсініктік аппаратын мазмұндаңыз және оны сөздік түрінде рәсімдеңіз. Сөздік жасау үшін дипломдық жұмысыңыздың кілтті өздерін табыңыз, педагогика саласындағы энциклопедиялардан, сөздіктерден олардың анықтамаларын іздестіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |