Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


–семинар. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары және олардың сипаттамасы



бет101/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

4–семинар. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары және олардың сипаттамасы.



    1. Педагогикадағы әдіснамалық ұстанымдар.

Біздің пайымдауымызша, әдіснамалық ұстанымдар белгілі әдіснамалық тұғырлар құрамына кіреді, әдіснамалық тұғыр - әдіснамалық ұстанымға қарағанда кең түсінік. Педагогика оқулықтары авторларының соңғы нұсқаларынан осы тұжырымға дәлелдерді көруге болады.
Шындығында біз сол фактіні теріске де шығармаймыз, кейбір ғалымдардың бағытын қолдана отырып әдіснамалық ұстаным мен әдіснамалық тұғыр мазмұнына қатысты, «әдіснамалық тұғыр» және «әдіснамалық ұстаным» - толықтай жеке философиялық түсініктер, бірін – бірімен байланысты және бірін – бірі толықтырады деген пікірдеміз.
Әдіснамалық ұстаным ғылым фолософиясында және білім беруде, ғылым әдіснамасында және білім беруде, ғылымның жаңа парадигмасын терең және әрдайым ұғыну негізінде, білім және ғылымның даму тендециясында тұжырымдалады.
Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде қазіргі кезде шынында парадигмалық дағдарысты өз басыан өткізіп жатыр, бар тұғырларды тереңдетуде және жаңаларын жасауда, әлеуметтік және гуманитарлық танымның ұстанымдарын, жаңа әдіснамалық ұстаным мен тұғырларды іздеуде.
Осылардың негізінде ғылыми теорияларға сәйкес міндеттері: фактілерді түсіндіру, алынған мағлұматты синтездеу және негізгі нәтижені алдын – ала айту ііске асады. Кейбір зерттеушілер, айталық В.Е. Шукшунов, В.Ф. Взятышев, Л.И. Романова білім парадигмаларын салыстыру нәтижелерін немесе параметрлерін алға тартады: адамдардың басты міндеті; әрекетттің ғылыми негіздері; типтік міндеттер; бағалау өлшемдері, рухани фактірдің ықпалы; инновациялық білім сияқты белгілерді сипаттайды; гуманитарлық парадигма мен ғылыми – жаратылыстану ұстанымдарынан түрлі терең және қосымша білімдер ұсынады.
Тұғыр – педагогикалық мәселелер мен олардың әдістері бірлігінің зерттелуі. Ғылымда әдіснамалық тұғыр негізінде тәсілдердің, идеялардың, түсініктер кешені жатады, шынайы немесе табиғат объектілерінің құрылуында немесе таным үрдісінде қолданады. «Тұғыр түсінігі методикалық оның мағынасынан алынған зерттеушінің әрекет тәсілінің ғылыми негізделгенін анықтауға болады. Ғылымдар, микро объектіні зерттеуде философия үшін тұғырдың болуына себепкер болған: құрылымдық-қызметтік тұғыр әлеуметтанудан алынған, құрлымдық линвестикадан, жүйелілік жаратылыстанудан алынған деп пайымдайды
Философия мен педагогикада әдіснамалық концепциялардың, әдіснамалық ұстанымдардың түрлері кездеседі. Бәрінен де ол «діснамалық концепция» түсінігін анықтауға байланысты. Ғылымдар, өз кезегінде Д.П. Горькийдің және басқалардың ғылым әдіснамасы – ғылым кәсібінің бөлігі, ғылыми білім құрылымын зерттейтін, ғылыми танымның әдісі мен тәсілін, негіздейтін жолы мен білімнің дамуы деп санайды. Педагогикалық әдебиеттерде «әдіснамалық ұстанымдар» түсінігі аз кездесіді. Әдіснамалық білімнің құрамында ең басты орында әдіснамалық талаптар, ұстаным түрінде танылатын, педагогика практикалық және теоретикалық бағдарлама ретінде беріледі.
Ғылым – бұл негізі гносеологиялық, логикалық, теориялық және практикалық әрекеттің әдіснамалық және құндылық талаптары.
Ғылым – педагогикалық теориядағы, концепциядағы шығатын жол, оқу және тәрбие жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасының мазмұнын анықтайды. Педагогикалық ұстанымдар – нормативтік сипаттағы негіз, немесе әрекеттің жалпы сипаттамасы, берілген білім аймағында таралатын құбылыс. Әдістемелік ұстанымдардың мазмұны мен құрылымы педагогтар мен психологтардың еңбектерінде жасалады. Олар: Б.Г. Ананьев, В.И. Андреев, В.И Беляев, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, В.Т. Лихачев, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, А.С. Смирнов, Н.Д. Хмель және т.б.
В.И. Загвязинскийдің пікірінше, ұстаным ашық және терең ғылыми негізделуі тиіс (объективтік заңдылықтарды зерттеу негізінде әлеуметтік маңызды мақсаттарға жеткізу тәсілін сипаттау) және жалпы сипат алуы керек (оқытудың барлық жағдайы мен нұсқасын зерттеуде қолданылуы керек). В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудегі негізгі ұстанымдар деп партиялық, ғылыми, тарихи және логикалық тұжырымдамалық бірлік, оқу–тәжірибелік жұмысының практикалық және зерттеушілік ұстанымдарын атайды.
Автор тұжырымдамалық бірлік ұстанымы құрылымын педагогикалық үдерістің оқу жүйелілік және тұтастық тұғырлары мәнін ашады деп санайды.
Ю.К Бабанский таптық-партиялық тұғырды, тарихи және логикалық бірлік қстанымын, диалектикалық жүйелі–құрылымдық тұғырды, әрекеттік тұғырды, педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен заңдарын ашу концепцияларына тоқталады.
Педагогикалық оқу құралдарының авторлық ұжымы В.А. Слатенин, С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов педагогикалық зерттеулердегі нақты әдіснамалық ұстанымдарды жасап, жүйелілік, тұлғалық, әрекеттілік, диалогтік, культурологиялық, этнопедагогикалық, антропологиялық тұғырлардың мазмұнын ашып берді.
Біліми–педагогикалық болжамдардың әдіснамалық ұстанымдары туралы ізденістер баршылық.
Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» түсінігін, яғни әрекет нормасын басқаратын, теория мен практикадағы көзделген жету бағытын, білім берудегі стратегиялық шешімдерді бағалаудың көп өлшемділігі мен вариативтілігін, білім беру аймағанда стратегиялық шешімдердің ұжымдық негізделуін ұсынады.
Сонғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық ұстанымдары ашық айтылып жүр. Г.Б. Корнетов, И.А. Колесникова педагогикалық цивилизация мен оның парадигмасы тұрғысынан қазіргі немесе өткен педагогикалық феномендерді зерделеуді ұсынады.
Бұған ұқсас түсінікті В.И. Беляев ұсынады. Ол, тархи материялизмнің детерминанты мен заңдарын практикаға сүйене отырып, кезкелген педагогикалық фактілерді, құбылыстар мен үрдістерді талдауды ұсынады.
Талдау көздері көрсеткендей, әдіснамалық ұстанымдар әдіснамалық тұғырлар түсінігі арқылы қарастырылады. Әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырларды бөліп қарайтын вариянттары бар. Сонымен А.М. Столярнико салыстырмалы педагогиканың мынадай әдіснамалық ұстанымдарын ұсынады: объективтілік, кешенділік, жүйелілік, нақты – тарихилық тұғыр мен педагогикалық тәжірибенің қарама – қайшылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет