Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет25/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерініңдамуы мен жетілуі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге айналып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудіңтәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқатты ңәр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:
фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді;
бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамдардан және теориялық тұжырымдардан тұрады;
теорияның логикасы мен құрылысы;
эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;
педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол зерттелетін объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық білімдерге жету принциптері мен тетіктерін қарастырудың қажетті шарты ретінде қарастырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет