Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің және дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін қорғау әдістемесі. Көрсетілімдік материалдарды дайындау



бет85/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

15-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің және дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін қорғау әдістемесі. Көрсетілімдік материалдарды дайындау.

Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері туралы түсінік.


Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері .
Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемің түсінігін ендірді.
Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі [2, 161].
Сондай-ақ, М.Т. Громкованың дәлелденуінше, зерттеудің көкейкестілігінің мазмұныныа төмендегілер енеді:
а) зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау;
б) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету: қайшылық, мәселе, қақтығыс, даудамай, апат;
в) мәселелердің ішкі көздерін анықтау (қандай ұғымдар арасында мәнді сәйкессіздіктер бар?):
– зерттелетін жүйенің табиғи ахуалы жағдайындағы қажеттіліктер, нормалар арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің рефлексивтік (білімдік) ахуалы жағдайында мақсат, мазмұн, әдістер арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің әрекеттік жағдайында әрекеттің өлшемдері, тәсілдері, өзін-өзі анықтауы арасындағы (әрекеттегі қиындықтар);
г) сыртқы сәйкессіздіктерді табу және олардың зерттелетін жүйеге әсері;
д) зерттелетін жүйенің
мәселелерінің жоғары деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («тіке байланыстарң);
е) зерттелетін жүйенің мәселелерінің түрлі деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («көлденеңң байланыстар);
ж) зерттелетін мәселені шешуді интеграциялық тұғырларды пайдалану [3, 342-343].
Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола алады.
Іреглі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алдымен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің теориясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық сұраныс пен практикадағы жағдайдың қанаттанарлықсыз жәйіне (оқу-тәрбие үдерісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді. Жұмыстар сондықтан да өте көкейкесті, көкейкестілігі нашар, көкейкесті емес деп ажыратылады (2-кестені қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет