Кілемнің шетінде күресу тактикасы.
Көпшілік жағдайда тактикалық жағдайынан алғанда белдесуді палуанның қарсыласы кілем шетінде және оған арқасымы тұратындай етіп жүргізумен дұыс болады. Қарсыластан қашық тұрған күйінде спортшы шеңбер бойымен жылжығандай қысқа адымдап, кілемнің ортасына бара береді, бұл кезде ол қарсыласына қарсы қарайды.
Күрес тактикасын зерттеу және жетілдері түсу.
Палуанның тактикалық жағынан даярау техникалық әрекеттерді, айқастарды, сондай-ақ жарыстарға қатысқандағы білімдарлығына, шеберлігіне және дағды алуына салды.
Өзі жоспарланған әрекеттеріненқандай болса да ауытқыса спортшы саса бастайды, қиын жағдайдан амал тауып шыға алмай да, сөйтіп жеңіліп қалу (үшін) қаупіне ұшырайды.Оқу жаттығу кезінде алған білімін, шеберлігін және дағдысын жақсы игеріп кетуіне ұдайы көңіл аударып отыру керек. Бұл үшін палуан әр түрлі игерген материалды сом рет қайталауы тиіс.
Тапсырма беру әдісі – дегеніміз палуанның қандай да болмасын тактикалық тапсырманы орындап тұруы. Соның арқасында ол белгілі бір тактикалық әрекеттерді игеріп кету жолында, тек сол мақсатта жатпай–тұрмай жаттығу жасайды. Бұл әдіс жаттығу кезінде де жарыстарда да қолданылады. Тактикалық тапсырмаларды жаттығушы қарсылас қандай тапсырма алғандығы да немесе жаттығушы қарсыластың қандай тапсырма алғаны ешбір палуанға белгісіз болған жағдайда да орындай беруге болады.
Тактикалық тапсырманы тек жаттықтырушының өзі болып, беріп отыруы шарт емес. Палуанның өзі де алдына қандай мақсат болса да қойып, оны айқас кезінде орындау үшін жаттығу алады.
Тоқтату амалы – жаттығушының орындап жатқан әдісін бақылап тұрған жаттықтырушы шартты белгі арқылы палуанның және онымен жаттығу өткізіп жатқан қарсыласының қимылын тоқтатады. Жаттығушы мен оның қарсыласы белгі берілген кездегі дене қимылын тоқтатқаннан кейін – жаттықтырушы осы нақты жағдайды талдап, жіберілген кемшіліктерді көрсетіп, мұндай жағдай жарыс кезінде бола қалса, не істеу керектігін түсіндіреді.
Тоқтату әдісі жаттығып жатқан палуанға қатесіне іс жүзінде көз жеткізуге, бұл әрекеттің тұтас алғанда қалай орындалатындығын анық түсінуге мүмкіндік береді. Бұл методикалық әдіс палуан тактикасына жаттығулар арқылы, жаттығушы қарсыласымен бірге немесе оқу-жаттығу айқастары кезінде қолдануы мүмкін.
№ 5 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Аяқпен жасалатын техникалық әдістер.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Іліп лақтыру
2. « Қырқа » шалу
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 34-35., 38-41 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Қазақша күресте төрешілік ету ережелері.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 105-112 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. – 302-306 беттер
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. –59-62 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 44-47 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың қимылдап жүріп күшті дамыту әдістеме негіздері.
VI – шы апта.
6 кредит сағат
№ 6 дәріс
Тақырыбы: Белдесуді жүргізу тактикасы мен жарыстарға қатынасу тактикасын игеріп, жетілдіре түсу
Палуан белдесуді жүргізу тактикасы мен жарыстарға қатынасу тактикасы жөніндегі білімін, шеберлігін және дағдысын ұдайы кеңейтіп отыруы тиіс. Әрбір айқаста және жарыста спортшы тактикалық жағынан неғұрлым терең және дұрыс ой толғап, әр түрлі жағдайдан тез және дәл қимылдап тол тауып шығып, өзінің тактикалық ойын жүзеге асыра жатып болса, оның жетістіктері соғұрлым жоғары болмақ. Тактика білімін шеберлік, дағды тек бірте-бірте оқу жаттығу жұмыстары арқылы және жарыс кезінде ұдайы жүзеге асырылып отырады.
Күрес тактикасын жетілдіруге, әсіресе, тапсырма беру әдісін пайдалану аса тиімді болып табылады.
Гиоменде палуанның тактикалық шеберлігін жан-жақты жетілдіруге бағытталған шамамен алынған бірнеше тапсырма келтіріп отырмыз. Белдесу мен жарыстарға қатысу тактикасын үйреніп, жетілдіре түскен кезде мынадай негізгі әдістерді пайдаланамыз: жағдайды қайталау, жағдайды өзгертіп отыру, сөзбен жеткізу, көрсету, бақылау, тапсырма беру және көңіл бөлгізу.
Күрес кезінде: әдісті кілемнің шетінде немесе қарсыласпен жақын тұрып орындау, ъқарсыластың шабуылығын алдын алу, жауап ретінде қарсы шабуылға шығу, тактикалық даярлықтың белгілі бір әдістерін төндіру, қайталап шабуылдау, амал қолдануға мәжбүр ету; пайдалану; қарсыластың жіберген кемшіліктерін пайдалану күші; төзімділігі т.б. арқылы басым түсу.
Қарсыластың екпінін басып, оның әрекеттерін шектеп, еркін қимылдатпай, кілемнен шықпай, оның ортасында арқасын беріп тұру. Қарсыласының мықты қорғанысының бұзып, 2-3 немесе одан да көп ұтыс басып алу.
Палуанға шартты түрде бір немесе екі балл ұтып жатырсың деп хабарлап, жоғатқан балдарын қайталауға немесе басымдыққа жетуге тапсыра беру.
-
Айқын басындықпен жеңіске жету. Белдесу кезінде палуанға айқын басымдықпен жеңіске жетуге оған бір немесе екі ұпай жетпейді деп хабарлап, айқасты айқын басымдықпен аяқтау жөнінде тапсырма беру;
-
Айқастың алғашқы бөлімінде 3-4 балл басым түсіп, ал екінші кезеңде қарсыласып жеңу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану;
-
Бәсекені бірнеше минуттаң соң екінші рет негізгі бәсекелеспен күресетіндей күйде өткізу; толық бой жазу алмай қалғандай болып өткізу, т.с.с.;
Әр түрлі қарсыластармен күрескенде жеңіске апаратын сенімді жол табу үшін
үлкен өнер көрсетіп, айқастың тактикалық жоспарын жасағанда да, сондай-ақ оны жүзеге асырғанда творчестволықпен қарап, әрдайым қарсыласып өзінің еркіне бағындыруға, инициативаны қасына алып, өзінің тактикасын орындатуға ұлтылуы тиіс.
Тактиканың түрлері.
Палуанның айқаста көрсететін өркениеттерін байланысты тактиканың мынадай негізгі түрлерін ажырата аламыз: шабуылдау, қарсы шабуылдау және қорғану.
1. Шабуылдау тактикасы. Палуанның үлкен белсенділік көрсетуіне салды. Мұндай тактикаға тек еркін тұру, еркін жүріп күресу, әр түрлі тактикалық әдіс-айладан тұратын комбинациялық әрекеттер жасау тән болып келеді.
Шабуылдау тактикасы спортшының физикалық және психологиялық даярлығының жақсы болуын, оның техникалық және тактикалық әр түрлі тәсілдер қолдануын талап етеді. Бұл тактика үздіксіз шабуылдау және ауық-ауық шабуылдау тактикасы болып екіге бөлінеді.
2. Үздіксіз шабуылдау – тактикасы палуанның инициативаны өз қолына алып, күресті жоғары қарқынмен жүргізіп, айқасты ишекеленістіре түсумен сипатталады. Мұндайда спортшы бірсыпыра қауіпке де барып, қарсыласына ұдайы шабуылдап, жалған әрекеттерді шын қимылдармен шебер ұмтастыра жүріп, өзінің жақсы көретін тәсілін тауып орындауға тырысады.
3. Ұдайы шабуылдау – ол қарсыласын тысқыра беруге ұмтылу емес. Оның ойсыз күйбеңмен, қарсыласын кілемнен тысқырып шығару сияқты теріс әрекеттермен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл кезде және бір туай әдіспен ұзақ ұстатпау керек.
4. Қарсы шабуылдау тактикасы - қарсыласы белсенді қимылға кешенде орын алатын қолайлы сәттерді пайдалана отырып, палуанның қарсы шабуылдауды және қарсыластың шабуылына жауап ретінде шабуылдауды әдісін қолданатын қарсыласқа қолданған тиімді.
Қарсыласын шабуылдауға мәжбүр ету әдісін термеген спортшы өзі оның тетегіне кетіп, оған толық тәуелді болып қалады. Әдетте, ондай спортшы қарсыласының өзіне қарсы шабуыл жасауына қолайлы жағдай туғызады, яғни әдісін айдырады.
Қорғану – палуанның белдесуде белсенділік көрсетпей көңілін түгелдей қорғалуға аударып, тең қарсыласы қателескен жағдайда ғана шабуылға көшумен сипатталады. Мұндай тактика палуанды қарсыласының әрекеттерімен толық тәуелді етеді де, спортшының жемісін мүлде мүмкіндік бермейді. Мұндайды былай қойғамда дер бүкіл айқас бойы осы тактиканы ұстанатын болса, ондай спортшы әдетте жеңіліп қалады. Өйткені ең мұқият қорғанудың өзінде айқас бойы батыл әрі қоймастан шабуылдап жүрген қарамастық оның қорғаныстан осандық таіуып, әдіс қолданатыны сөзсіз. Бұған қоса сылбыр болып, белсенді шабуылданғаны үшін палуанға айып салынады.
Атақты палуандар жекпе-жекпе жағдайға орай түрлене тактикалық үлкен шеберлікпен қолдана алады. Бұл олардың жауапты және қиын жекпе-жектерде табысқа жетуін едәуір дәрежеде жеңілдетеді.
№ 6 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Қазақша күрестің техникасын үйрету.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Кеудеден асырып лақтыру
2. Орап лақтыру
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 32-36 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Палуанның жеке гигиенасы.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 93-99 беттер.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 175-177 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 57-59 беттер
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 13-14 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың иілгіштігін дамыту әдістеме негіздері.
VII – ші апта.
7 кредит сағат
№ 7 дәріс
Тақырыбы: Жарыстың сипаты, түрі және өткізу әдістері.
Қандай міндеттер қойылғанына (қарамастан) қарай жарысты мынадай түрлерге
бөледі. Оқу топтарының, секциялардың, қалалардағы дене шынықтыру коллективтердің, облыстардың республиканың, ерікті спорт қоғамының жеке ведомостволардың біріншілігі. Бұл жарыстарда оқу жаттық жұмыстардың қортындысы шығарылып, оң күшті палуандар мен командалар анықталадй.
Спорттың бірнеше түрін қосып, сөйтіп компекеті біріншілік болып табылатын республика спартакиадасы және спорттық ұлттық түрінен өтетін спортакиадалар жарыстардың бірі түріне жатады. Газет редакцияларының жүлделі, республиканың атақты адамдарының, совет Одағы Батырларының атындағы жүлде үшін де жарыстар өткізіледі.
Соңғы жылдары қазақша күрестен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев атындағы және Совет Одағының Батыры Жақсығұлов атындағы жүлделер үшін жарыстар кеңінен өткізіліп келеді. Сондай-ақ, әр түрлі жаттықтырушылардың топтары, дене шынықтыру коллективтерінің секциялары арасында мачтық кездесулер болып тұрады. Мұндай кездесуге тәжірибейде алмасуға, шеберлікті арттыруға ықпалын тигізіп, спортшыларды, патриотизмге, өзінің коллективті үшін намысқа тырысуға үйретті.
Іріктеу жарыстары күшті палуандардың арасында таңдалып алып, құрама командаларды толықтыру үшін, ал бақылау жарыстары даярлықтың соңғы кезеңінде палуандардың алдағы кездесулерге қандай екендігін анықтау үшін өткізіледі. Күрес өнерін көрсету жарыстары спорттық шеберлігінің артуына және қазақша күресті насихаттауға көмектеседі. Классификациялық жарыстар спорттық разряд нормаларын орындап, палуандардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Бір салмақ категориясында жарысқа қатынастың палуан саны екіден асатын болса, жарысты өткізу әдісін анықтап алу қажет. Қазақша күрестен жарыс айналым және жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша өткізіледі. Айналым жүйесінде жарысқа қатысушы әрбір палуан басқа қатысушы палуандармен кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың күшін барынша дәл анықтауға мүмкіндік бергенімен уақытты көп алады. Сондықтан ол жарысқа қатынасушылар соны аз болғанда ғана қолданылады. Жарысқа шығып қалу жүйесінде палуан ережеде көрсетілген айып ұпай санын, яғни 2 рет жеңілгеннен жарыстан шығып қалады. Жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша жарыс өткізу үшін палуандарды жұптаудың белгілі бір тәртібін пайдаланады. Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы рет санын анықтайды.
Бірінші айналымның жұптарын мынадай тәртіппен құрады: мыс: бірінші екіншісімен 3-ші 4-ші мен, 5-ші, 6-шы мен күреседі. Жарысқа қатысушылар саны тақ болған жағдайда бірінші айналымдағы соңғы номерлі палуан бос қалады. Екінші айналымда 1-ші номерлі палуан өзіне ең жақын номірі үлкен өзі әлі күреспеген палуанмен белдеседі, мыс. 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 7-ші мен т.с.с. Алғашқы айналымда жарысқа қатысушылар саны дақ болып, палуан бас қоса, ол спортшы келесі айналымда жүп жасағанда бірінші орынға шығарылады. Бұл жағдайда бірінші тұрған палуан жеребе бойынша екінші, орын, 2-ші 3-ші орын т.с.с. орын алады.
Жасына қарай қазақша күрес бойынша жарысқа қатынасушылар мынадай топқа бөлінеді: жеткіншіктер (12-13 жас), жасөспірімдер кішіректер тобы (14-15 жас) ересектеу тобы (16-17 жас) жастар (18-19 жас) ересектер (20 жас және одан да жоғары). Жастарға ересектер арасындағы жастарға қатысуға рұқсат етілуі мүмкін, салмағына қарай жарысқа қатынасушылар салмақ категорияларына бөлінеді.
Жарысқа дайындау және ұйымдастыру. Жарысқа табысты өтуі көп жағдайда әбден ойластырылып жүргізілген мұқият дайындыққа байланысты. Барлық дайындық жұмыстарын бірнеше кезеңге бөлген дұрыс. Бірінші кезеңге жарыстың мерзімі мен өткізілетін орнын анықтау, ережелер мен шығындар сметамын жасап бекіту, жарысты өткізуге жауапты адамдарды болу немесе ұйымдастыру комитетін бекіту, бас төреші мен бас секретарьды бекіту жатады. Дайындықтың бұл кезеңінде жарыс еределері жасалады, онда мыналар көрсетілуі тиіс: жарыстың аты, онда мақсаты мен міндеттері, уақыты мен өткізілетін орны, жарысты өткізуге басшылық, қатынасушы ұйымдармен қатынасушылар, заявка беру мерзімі, жарысты өткізудің шарттары және жеңімпаздарды анықтау жеңімпаздарды наградтау.
Жарыс жөніндегі ережемен қоса шығындар сметасы да жасалады. Соның негізінде жарысты өткізетін ұйымдар ақша және материал бөледі. Сметаны жасаған кезде жарыстың аты, өткізілетін мерзімі және уақыты, төрешілер саны, жарысқа қатынасушылар саны. Олардың тамағына, орналастыруға, жолына, т.б. кететін шығындар көрсетіледі. Қазақша күрестен жарыс өткізгенде 5-7 адамнан комитеті құрылады. Оның жұмыс жоспарына жарысқа дайындықты барынша күшейтіп, оны жақсы өткізуге бағытталған шаралар кіреді. Ұйымдастыру комитеті өзінің жұмысына қоғамдық активті кезінен тартып отырады.
Жарысқа дайындықтың екінші кезеңіне мыналар кіреді: Жарыс өткізетін орынды таңдап алу, жабдықтау, жарыстың программасы мен графигін жасау, секретариат пен төрешілер коллегиясын толықтыру, жарыс жөнінде алдын-ала хабарлар беру. Жарыс өткізілетін залдың іші санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі және оның ішінде киім ілгіштер, төрешілер, демалу бөлмелері ьолуы, көрермендерге орын жеткілікті болуы тиіс.
Қазақша күрестен жарыс өткізген жағдайда айқас өткізілетін кілем төрт бұрышты немесе доңгелек, беті тегіс, ішіне толтырылғаны тұтас әрі жеткілікті тығыз, мөлшері 6х6-ден кем және 8х8-ден артық, қалындығы 10 сантиметрден кем болмауы қажет. Қалындағы 5 см ден кем емес синтетикалық материалдан жасалған кілемді де пайдалануға болады. Кілемді айнала ені бар метрден кем түстпейтін маттар төселуі тиіс. Кілем төселетін орынның жапжағы кілемнен кемінде 2,5 м кең болуы керек.
Қазақша күрестен өткізілетін жарыстың ерекшелігі ережеде мұнда күн сайын палуандардың салмағын өлшеп тұру көзделген. Бұл жағдай жарысты ұйымдастыру ісіне ерекше талап қояды, өйткені жеребе тарту нәтижесіне қарай палуандардың кілемге шығатын уақыты шамамен белгілі болады. Төрешілер коллегиясын сайлағанда қазақша күрестің Қазақ ССР Министірлер Советі жанындағы физкультура физкультура және спорт жөніндегі комитет бекіткен ережелерінде көрсетілген жайлар есепке алынады.
Жарысқа қатынасушылар жиналып келген күні төрешілер коллегиясының командаларының өкілдері мен бірлескен мәжілісі болады. Оны жарысты өткізетін ұйымның өкілі мен бас төреші басқарып жүргізіледі. Осы мәжілісте жарыс жөніндегі жағдай түсіндіріледі. Жарысты қатынасушыларды ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен қоғамдық актив қарсы алып орналастырады, ал оларды жарысқа мандат комиссиясы жібереді, ол комиссия әр спортшының атынан берілген заявканы, анкетасын және ережеде көрсетілген басқа да документтерді тексеріп отырады. Бұдан соңғы жұмыс тікелей жарысты өткізуге сияды. Жарыстың программасы мен графигін жасағанда спортшылар мен төрешілердің күн сайын жарысқа үзілісін қосқанда 6-8 сағаттан артық қатыса алмайтындығын ескерту қажет.
Төрешілік етуді ұйымдастыру.
Төрешілер коллегиясын олардың ішіндегі ең тәжірибелісінен сайланған бас төреші басқарады. Ол жарыстың барысын басқарып, оған қатынасушылардың қазақша щкүрес ережелерін, оның шарттарын орындауын қадағалайды. Бас төреші барлық жұмысты жарысты ұйымдастырушылармен тығыз байланыс жасай отырып жүргізеді, ол ұйымдастырушылар оның нұсқаларының түгел орындалуын қамтамасыз етеді.
Дайындық жұмысы кезінде бас төреші жарыс шарттарын оқып, танысады, график және программа жасайдыз, жарыс орнын жабдықтау, төрешілер коллегиясын құрып толықтыру жөнінде нұсқау береді. Әрбір айқасты білгірлікпен бірдей етіп болу қажет. Айқасты бақылап тұратын төрешілер бейтарап болса, жарыстың объективті бағалатнатынын тәжірейбе көрсетіп келеді. Жарыс басталатын күні бас төреші жарысқа қатынасушыларды өлшеуді, жеребе тартуды ұйымдастырып, төрешілер бригадасын айқасқа төрешілік етуге бөледі.
Жарыс кезінде бас төреші айқастардың барысын, төрешілер коллегиясының жұмысын бақылап отырады. Бас төрешіден ережелерді өте жақөсы білу және оларды нақты жағдайларда қателіспей пайдалана алу талап етіледі. Төрешілердін, палуандардың кілем шетіндегі техникалық әрекеттерін бағалағанда, тыйым салынған амалдарды, палуанның сылбыр қимылын анықтағанда көбірек қателесетінің тәжірибейде көрсетіп келеді.
Финалдық жарыстарды өткізгенде бас төреші екі төрешіден жюри тағайындайды. Жарыс аяқталғаннан соң бас төреші мен бас секретарь қол қойып, өздеріне жарысты өткізуге тапсырған ұйымға есеп береді. Бас төреші болмай атқарады. Бас төрешінің орынбасары сол кілемдегі төрешілер бригадасының жұмысын ұйымдастырады және жарыстың жоғары спорттық дәрежеде өтуіне жауап береді. Ол айқастарды қадағалап тұратын төрешілерді бөледі; бригаданың жіберген қателіктерін түзейді, палуанды жарыстан шығарып тастауға қатынасады, төрешілердің жұмысын бағалау жөнінде бас төрешілердің ұсыныс жасайды.
Айқасқа төрешілік жасағанда арбитр ен жауапты қызмет атқарады: бүкіл жекпе-жекті ақырында диін басқарып тұрады. Арбитордың жұмысы палуандарды кілемге шақырған кезде арбитр қолданған әдістерді өзі анық көріп дұрыс бағалай алатындай жерде бірақ бұл кезде кілемдегі айқасты басқарушыға, жанындағы төрешілерге, сондай-ақ көрермендерге палуандарды палуандарды көруге кедергі жасамағаны жөн.
Арбитор палуандардың әрекеттерін белгілі бір қимылдар, ысқыру арқылы басқарады. Ол қолын қимылдатып спортшылардың барлық амалдарына баға береді: бас бармағын көрсетсе 1 балл, бас бармағы мен сұқ саусағын көрсетсе – 2 балл, үш саусағын көрсетсе – 2 балл, үш саусағын көрсетсе 3 балл. Таза жеңіс деп бағалағанда арбитр алақаның кілемге соғады және жеңімпаздың белбеуінің түсіндей мата оралған қолын көтереді. Бұл кезде үш төрешінің біреуі таза жеңіс деп онымен келіскен жағдайда ғана ысқырық берілуі тиіс. Арбитр асықпауға күйбендемеуге тиіс. Өйткені айқасты қайта-қайта тоқтат берсе палуандардың жүйкесіне тиіп, сойып келгенде айқастың нашар өтуіне соқтырады. Сондықтан арбитор ереже бұзылған жағдайда оны дәл әрі білгірлікпен бағалап, кездейсоқ, елеусіздеу кемшіліктерді айқастың барысына әсер ететіндей етіп ережені әдейі бұзушылықтан ажыратып тұруы тиіс.
№ 7 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Аяқпен көтермелеп лақтыру
2. Үйіріп лақтыру.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 41 бет.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 262-264 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 54-56 беттер.
6. Қазақша күрес. Жарыс ережелері., Б.Жаналин., Алматы, 1995 жыл. – 38-41 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Жекпе-жек сайыстары белгілерімен жұптасып және командалық түрде ойналатын қимылды ойындар.
Әдебиеттер :
1. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 66 бет.
2. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 114-118 беттер.
3. Қазақтың ұлттық ойындары., Е.Сағындықов., Алматы : Рауан., 1991 жыл. – 111-112 беттер.
4. Дене тәрбиесін өткізу және басқару., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2004 жыл. 159-168 беттер.
5. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері., З.Есмағамбетов., Қарағанды., Арко., 2001 жыл. – 69-70 беттер
СӨЖ мазмұны :
1. Палуандардың ептілігін дамыту әдістеме негіздері.
VIII – ші апта
8 кредит сағат
№ 8 дәріс
Тақырыбы: Төрешілік ету ережелері
Палуанның лақтыру тәсілін бағалағанда ең алдымен түрегеп тұрып лақтыруы ма, тізерлеп отырып лақтырды ма, немесе құлай лақтырды ма, оған қарамастан техникасы ғана ескеріледі.
Егер палуан өнер көрсету үстінде қорынмен, тоізерлеп қалса, аяқ қолын тіреп қалса, ол амалға баға берілмейді.
Күрес арасындағы демалыс 6 минуттан кем болмауы тиіс.
Күрестің басталуы және аяқталуы.
Белдесу басталар алдында және көкпен белгіленген диагональ бойынша қарама-қарсы бұрышта тұрады. Кілемдегі төреші белгі бергеннен киін палуандар кілемнің ортасына шығып қол алысады да, содан соң қайтадан орындарына барады. Арбитордың ысқырығынан соң палуандар кілемнің ортасына қайта шығып белдесуді бастайды. Белдесу аяқталғаннан соң палуандар кілемнің ортасына арбитордың екі жағына шығып тұрады.Нәтиже хабарланғаннан кейін және жеңімпаздың қолы жоғары көтерілгеннен соң палуандар тағы да қол алысып, кілемнің үстінен кетеді.
Белдесудің барысы және ұзақтығы.
Күрес гонг соғылғанда басталып-аяқталады және арбитірдің ысқырығы бойынша палуандар қандай жағдайда болса да тоқтатылады.
Спортшеберлері 1,2 және 3 разрядты спортшылар үшін жарыстың ұзақтығы 6 мин. Жаңадан бастап жүрген палуандар мен екі топтағы жастар үшін де жарыс ұзақтығы 4 мин. Осы уақыт бойынша күрес екі палуанның бірі жеңілгенше жүреді. Күрес кезінде палуандар орбитрдің рұқсатынсыз алаңнан кете алмайды. Палуанның бірі жарақаттанса және киімдерінде олпы-солпылық болса, белдесу тоқтатылады, бірақ әрбір палуан үшін бүкіл күрес бойынша мұндай тоқтауға 2 минуттан артық уақыт берілмейді. Егер 3 мин. өткеннен кейін де палуан жарысты жалғастыра алмайтын болса, ол жеңілді деп есептеледі. Егер бір белдесу бойы оны палуанның тек біреуі тоқтата беретін болса, оның барлық тоқтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол 3 мин. аспауы тиіс.
Белдесудің нәтижесі. Күресі екі палуанның бірінің жеңісімен, екіншісінің жеңілуі мен немесе екі палуанның да жеңілуімен аяқталуы мүмкін. Ережені бұзғандары үшін екі палуан кілемнен аласталған жағдайда олардың екеуі де таза жеңіліске ұшыраған болады. Палуанның күресте таза жеңіліске жетуі айқын басымдық пен ұпай санымен жеңіп шығуы мүмкін.
Таза жеңіс мынадай жағдайларда палуан таза жеңіске жетеді.
Қарсыласының қос жауырыны кілемге тисе және ол арқасымен кілемге аунап түссе.
Ережені бұзғаны үшін қарсыласы айқастан шығарылса:
Алған жарақатына т.б. байланысты қарсылас айқастан бас тартса.
Екінші рет шақырғаннан кейін 3 мин. ішінде кілемге шықпаса.
Айқын басымдықпен жеңу. Егер күрестің барысында палуанның бірі қарсыласынан 9 ұпай аса түссе, айқас тоқтатылады да, ол палуан айқын басымдықпен жеіңіске жетті деп есептеледі. Жеңімпаз 4 ұпай, жеңілген 0 ұтылыс ұпай алады.
Балл бойынша жеңу. Егер белдесуге берілген уақыт ішінде таза жеңіске ешкім жетпеген болса төрешілер жеңімпазды айқас кезінде бір палуанның екіншісінен артықшылығын көрсеткен балмен есептелген күрес сапасына қарай анықтайды. Бұл артықшылық бәсеке кезінде қолданылған әдістердің негізінде анықталады.
Егер жеңген палуан 5-8 балл артық алса, жеңіске жеткен палуан 3 ұпай, жеңілгені 0 ұтылыс ұпай ал 1-4 балл артық болса, жеңгені 2, ал жеңілгені 0 ұтылыс ұпай алады.
Аздаған басымдылықпен балл бойынша жеңу. Аздаған басымдылықпен жеңіс мынадай жағдай техникалық балдарының соны бірдей болғанда ескерту үшін алған балдарын ескере отырып әдісті сапалырақ орындаған палуанға беріледі.
Егер бұл көрсеткіш тең болса, белдесудегі соң салмағы өз палуан жеңген болып саналады.
Аздаған басымдылықпен жеңіске жеткен палуан бір ұпай жеңілген палуан 0 ұтылыс ұпай алады.
Тиым салынған әдістер.
Қазақша күрестен ететін жарыстарда палуандардың бір-бірімен сөйлесуіне, қарсыласын лақтырып басымен түсуге, қылғындырып ұстауға, демалуына кедергі келтіретіндей етіп қарсыласының мұрны мен аузын жабуға, тырнауға, тістеуге, ұруға, саусақтарынан ұстауға, қолын қайыруға, қарсыласының аяғынан ұстауға. Әдісті дұрыс қолданбаған жағдайда бұрын қолы жеткен артықшылықтары, жоққа шығарылады.
Егер төреші палуанның бірінің тыйым салынған әдісті қолданғанын байқамаса, онда екінші палуан дауыстан белгі бере алады. Сол белгі бойынша арбитр айқасты тоқтатып, жағдайды анықтап, кінәлі палуанға ескерту жасауы тиіс.
Жалған белгі беру тыйым салынған әрекет болып табылады да ол үшін палуан тыйым салынған әрекет істегендігідей етіп жазаланады.
Егер палуан тыйым салынған әдісті қолданамын деп өзі қолайсыз жағдайда қалса, онда айқас жалғастырыла береді. Тыйым салынған әдіс қолданғаны үшін палуанға ескерту жасалады.
Команданың орнын анықтау
Жеке командалық біріншілікте ескертудің екі варианты болуы мүмкін.
Бірінші вариант - өз салмақ категориясында бірінші орын алған спортшы командасына 1 ұпай, екінші орын алған – 2 ұпай, үшінші орын алған – 3 ұпай, т.с.с.
Екінші вариант – ең көп ұпай саны бойынша бірінші орынға – 17, екінші орынға – 16.
Үшіншіге – 15 т.с.с.
Жеке командалық жарыстарда командалардың орындары командалардың есептік құрамына кіретін палуандардың жеке нәтижелеріне байланысты мынадай ретпен анықталады: бірінші вариантта ұпайдың ең аз саны бойынша және екінші вариантта ұпайдың ең көп есептік саны бойынша, бірінші, екінші, үшінші және басқа орындардың коп болуына қарай, барлық жеңістердің ең көп саны бойынша, таза жеңістің ең көп саны бойынша, балл бойынша, жеңістің көптігіне қарай, өз ғана басымдық пен жеткен жеңістің көптігіне қарай, таза жеңіске жұмсалған уақыттың ең өз болуына қарай.
Командалық есепті анықтағанда жарыстан шығып қалған палуан команданың жарысқа қоспаған адамы ретінде болады.
Командалық жарыста таза жеңіске жеткен палуан командасына 4 ұпай, ал оның қарсыласы 0 ұпай әкеледі, балл бойынша және өз ғана басымдылық пен жеңіске жеткен палуан командасына 9 ұпай, ал жеңілген спортшы 0 ұпай әкеледі.
№ 8 практикалық сабақ
Қазақша күрестен жарыс өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |