Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


Басшының орынбасары (басшы) білім беру ұйымының ішіндегі басқа лауазымға ауысқан кезде қолда бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады



бет25/34
Дата20.09.2024
өлшемі383 Kb.
#503843
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Аттестатция жаңа ереже

Басшының орынбасары (басшы) білім беру ұйымының ішіндегі басқа лауазымға ауысқан кезде қолда бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.
175. Келесі санаттар берілген басшыларға:
«үшінші санаттағы басшы» біліктілік санаты «басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санатына теңестіріледі;
«екінші санаттағы басшы» біліктілік санаты «басшы-менеджер» біліктілік санатына теңестіріледі;
«бірінші санаттағы басшы» біліктілік санаты «басшы-көшбасшы» біліктілік санатына теңестіріледі.
176. Аттестаттау және біліктілік санаттарын беру рәсімінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті деңгейдегі комиссия біліктілік санатын беру туралы шығарылған шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
177. Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін комиссия дербес айқындайды.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі



«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі




1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары, тиісті облыстың уәкілетті органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе);
2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; ақпараттық жүйе арқылы – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
4) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз/электронды, жартылай автоматтандырылған түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Ақпараттық жүйе арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту педагог профилінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді өтінімі одан әрі қарау кезінде бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.
3) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет