Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы



Дата09.06.2016
өлшемі43.91 Kb.


Пәкістан Ислам Республикасына

ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Пәкістан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 100000 (жүз мың) АҚШ долларының баламалы сомасында қаражат бөлсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:


Bank : National Bank of Pakistan,

Prime Minister’s Office, Islamabad, Pakistan.

Branch Code : 1732

Account No. : 4001509064

Swift Code : NBPAPKKA02i

IBN No. : PK82NBPA1732004001509064


3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі


Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы
20 қарашадағы №12-57/5139 тапсырмасы.

Халықаралық ізгілік көмек жөніндегі комиссия отырысының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1 хаттамасы.




3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулы жобасын қабылдау Пәкістан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты ресми ізгілік көмек көрсетуге мүмкіндік береді


4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржылық шығындар

Жоба ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылға республикалық бюджетте қарастырған «Қазақстан Республкиасы Үкіметінің резерві» 010 бағдарламасындағы қаржы есебінен 100 000 (жүз мың) АҚШ доллары көлеміндегі сома негізінде жүзеге асырылатын болады

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Пәкістан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты ресми ізгілік көмек көрсету

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа

ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері



Қажет емес

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында (www.mfa.gov.kz) 2015 ж. ____ наурызда орналастырылды.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына қатысты ақпарат баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына (www.mfa.gov.kz) 2015 ж. ____ наурызда орналастырылды.

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі







Е. Ыдырысов













2015 жылғы «___» ___________



Каталог: images -> doci
doci -> Тайланд Корольдігінде консулдық іс-әрекеттер жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері
doci -> Иордания Хашимит Корольдігінде консулдық іс-әрекеттер жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері
doci -> Италия Республикасында консулдық іс-әрекеттер жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері
doci -> Монғолияда консулдық іс-әрекеттер жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері
doci -> Тәжікстан Республикасында консулдық іс-әрекеттер жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының мөлшерлері
doci -> Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы «Дамуға ресми көмек туралы»
doci -> Дипломатиялық виза. «А1» санатындағы виза: 1 шет мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне
doci -> Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
doci -> Дипломаттық паспорт Қызметтік паспорт Ұлттық паспорт Визасыз болу мерзімі
doci -> Қазақстан Республикасының бір мәртелік «А1», «А2», «В1», «В2», «D1» және «G1» санаттарындағы, сондай-ақ бір мәртелік және екі мәртелік


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет