Пән бағдарламасының беттік парағы (syllabus)


Зертханалық сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі299.5 Kb.
#138679
1   2   3   4


7. Зертханалық сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



Тақырып 1. АutoCAD пакетімен бастапқы жұмыс, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. AutoCAD пакетімен танысу.

2 AutoCAD жұмысының басы.

3 Координат жүйесі, шаг, сетка



Тапсырма:

1. AutoCAD пакетімен танысу, acad.bat файл бойынша қосу.

2 Командалық жолда командаларымен танысу.

3 Координата, шаг, сетка күйету.



Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. AutoCAD (сонымен CorelDRAW, Visio және т.б.) векторлық графиктерге жатады: координаттық базалық нүктелер бейнелеуде сақталады. Сонымен қатар растровалық графика (Adobe Photoshop, Paint), бейнелеулерде көптеген нүктелі–пиксерлерге және пиксердің әрбір түсі сақталады. Векторлық график, растровойға қарағанда, жеңіл өзгертуге және сапасын жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сол үшін САПР–да векторлық график қолданылады. Осыдан басқа, векторлық бейнелеу ешбір кедергісіз растровоеға ауысады, ал кері ауысым мүмкін емес.

AutoCAD–тың көмегімен не істеу керектігін түсіну керек, қуаттырақ (“ауырлау”) САПР типі I–DEAS, ProEngineer.

2. Жаңа сызба жасау үшін 1 цифрасын еңгізу керек,содан кейін осы сызба сақталатын файлдың атын көрсету керек. Файл аты 8 саннан немесе ағылшын әріптерімен. Кеңейтілуің жазу қажет емес, ол автоматты AutoCAD–тың сызбалары dwg. drawing кеңейтілуі қолданылады.

Егер файлды ағымдағы директорияда құру керек болса,онда атының алдына жол көрсетіледі.Бірақ та,ескеретің бір жайт бар, егер файл көрсетілген сәйкес аты бар болып шықса онда, AutoCAD бұл атты өшіру керек немесе ауыстыру керек деп сұрайды. Файлдың атын еңгізгеннен кейін графикалық редактор терезесі шығады.

3. Оқытушының берілген тапсырма бойынша бөлшектің сызбасын жаса.



Әдебиет: [10].
Тақырып 2. AutoCAD-та сызбаны құру және редактілеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Фасканы суреттеу.

2 Доғаларды сызу.

3 Примитивпен жұмыс. Айналық шағылысу



Тапсырма:

1 Фаски құру жұмысының негізгі әдістерімен танысу.

2 Доғаның құру жұмысының негізгі әдістерімен танысу.

3 Скругления бойынша қабысудың құруы.

4 Айнадай шағылысымен танысу және құру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Симметриялық бөлшектің үстіңгі бөлігін сызамыз. Көрсетілген менюге “Continuous” сызық типін құрамыз – ол автоматты түрде ақ түсті береді және “Draw” менюін шақырады, онда Pline пунктін тандау керек.

Сол жақ нүктеден контурдың осьтік сызық қиылысынан сызық жүргізуді бастаймыз – тордың көмегімен оны оңай ұстап алуға болады. Келесі нүкте көлденең бастапқыдан 37 мм–ге қалып келеді. @0,37 және @37<90 пернеден еңгізу оңайырақ. Енді фасканы сызу керек.

Фасканы сызуда полярлы координатты емес, декартты координатты көрсету керек.

Өйткені бұрышы көрсетілген, @3<45 координатасын еңгізгіміз келеді. Бірақ та бұл қате болады. Себебі, гипотенузаның ұзындығы катеттің ұзындығына тең емес. @3,3 еңгізу керек – себебі, расында 3мм солға, 3мм жоғары жылжытуымыз керек. Ары қарай кесіндіні он жаққа 110–15–3=92мм ұзындыққа сызамыз. Ал енді полилиния көмегімен доғаны сызамыз.

2. Геометриялық доға әртүрлі көптеген әдістермен берілуі мүмкін: үш нүктемен, орталығымен, радиуысымен және екі бұрышымен. Автокад доғаны анықтаудың 18 әдісін қолдайды. Ең алдымен Pline командасына, енді кесінді емес, доға сызу керектігін айту қажет.

3. Оқытушының берілген тапсырма бойынша бөлшектің айнадай шағылысын жаса. Доғаны жаса.

Әдебиет: [10].
Тапсырма 3. AutoCAD-та сызбаны редакциялау. 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1 Штрихтау. Штрихтау түрлері.

2 Примитив геометриясын өзгерту.

3 Объекттердiң автоматты көшiрмесiн алуы



Тапсырма:

1 Штрихтеу құру жұмысының негізгі әдістерімен танысу.

2 «Удлинение» команданың жұмысының негізгі әдістерімен танысу.

3 Объектін элементінің көшірмелерін салу.



Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Сызба аймағын штрихтау үшін ең алдымен осы аймақтың периметрін тұйықталған сызықпен сызып, содан штрихтаудан кейін бұл тұйықталған контурды өшіреміз.

Тұйық контурдың бары штрихтау дұрыс орындалуына көзімізді жеткізеді.

2. Геометрия өзгерту екі жағдайда қажет: біріңшіден, өзіннің немесе Автокад қателерін түзеткенде; екіншіден, қиын тұрғызуларда, артық салып, содан кейін керек емесін қиып тастау арқылы (мысалы, мойынтіректі тақырлағышпен салуда шеңбер немесе доға хордасының бейнесі).

Көп таралған операциялардың бірі – примитив бөлігін кесу. Кескіш құрал ретінде примитив өзі қолданылады (егер ол өзімен – өзі қиылысса). Сызба құрастыруда кесудің қолданылуын көреміз.




а)

б)

в)

г)

9 сурет – Кесу арқылы құрудың мысалы
Хорда (полилиния) және доғаның (екі полилиния, көлбеулік оське қатысты айналық бейне) қиылысына қалай түсетіні түсініксіз. Ол былай болады (9 сурет): басында толық шеңбер және оның сыртына шығатын хорда, кейін шеңберден секторды қиып алады (қиюшы құрал – хорда), соңғысы, хорданың екі құйыршығы қиылады (Қиюшы құрал – доға). Назар аударыңыздар, қосатын бөлшек қиылғаннан кейін жоғарғы доға– полилиния екі тәуелсіз полилинияға айналады.

Примитивтен бір нәрсе кесіп алу үшін мәзірдегі «Modifi→Trim» пункті көмектеседі. Басында кескіш құрал примитив көрсетіледі. Содан кейін нені және қай примитивті кесу керектігін көрсету қажет. Назарыңызға: примитивтің қай бөлігін көрсетерініз маңызды. Тышқанмен көрсетілген бөлігі өшіріледі. «Trim» командасы («Кес»), басқалар сияқты, еріксіз тоқтатуды талап етеді.

Қиюға қарсы операция – ұзарту және созу. Олардың айырмашылығы сол, ұзартуда примитивт алдын– ала көрсетілген белгіге шейін созылады, ал созған кезде примитивтің жаңа ұзындығы қолмен көрсетіледі.

3. Оқытушының берілген тапсырма бойынша бөлшектің көшiрмесiн жаса.



Әдебиет: [10].
Тақырып 4 Компас CAD – ты қолданалып жобалау автоматизация. Қосымша құрылыстар.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Сызбаны құру үшін командарды оқу. «Геометрические построения» интрументалдық панелімен танысу. Сызықтарды сызу.

Тапсырмалар:

  1. Сызбаны құру жұмыстарымен негізгі әдістерімен танысу.

  2. Инструменталдық панелі.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушының берілген тапсырма бойынша бөлшек сызбасын құру.

Әдебиет: [4,6].
Тақырып 5 Компас CAD – ты қолданалып жобалау автоматизация. Өлшемдерді қою.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Линейлық өлшемдер. Бұрышты өлшемдер. Диаметрлықөлшемдер. Радиалдық өлшемдер.

Тапсырмалар:


  1. Өлшемдерді қою негізгі әдістерімен танысу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушының берілген тапсырма бойынша өлшемдерді қою.

Әдебиет: [4,6].


Тақырып 6 Компас CAD – ты қолданалып жобалау автоматизация. Фаска және скругленияларды құру.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Фаскалар. Скруглениялар.

Тапсырмалар:

  1. Фасканы катет және бұрыш бойынша құру.

  2. Фасканы екі катет бойынша құру.

  3. Сопряженияны скругления бойынша құру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушы берілген тапсырма бойынша фаскаларды және скругленияларды салу.

Әдебиет: [4,6].


Тақырып 7 Компас CAD – ты қолданалып жобалау автоматизация». Объект симметриясы.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Объект симметриясы.

Тапсырмалар:

  1. Жарым – жарты симметриясы.

  2. Айнадай суретті құру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушы берілген тапсырма бойынша объект симметриясын құру.

Әдебиет: [4,6].


Тақырып 8 КОМПАС-3D LT – та үшөлшемді жобалау. Айландырған денесінің бөлшегін модельдеу.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Модельді құру жұмыс тәртібі.

  2. Эскиздар.

  3. Операциялар.

Тапсырмалар:

  1. Модельді құру жұмыс тәртібімен танысу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушы берілген тапсырма бойынша 3D модель құру.

Әдебиет : [4,6].


Тақырып 9 КОМПАС-3D LT – та үшөлшемді жобалау. Шығару (выдавливания) элемент бойынша бөлшектерді модельдеу.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Шығару (выдавливания) элемент эскизді құру.

  2. Шығару (выдавливания) операцияларды орындау.

Тапсырмалар:

  1. Шығару (выдавливания) элемент бойынша бөлшектерді модельдеу негізгі әдіс жұмыстарымен танысу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушы берілген тапсырма бойынша 3D модель құру.

Әдебиет а: [4,6].


Тақырып 10 Компас CAD – ты қолданалып жобалау автоматизация. Сборканы модельдеу.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

  1. Сборка құру жұмыс тәртібі.

  2. Модельді құру және сақтау.

Тапсырмалар:

  1. Сборканы құру негізгі әдіс жұмыстарымен танысу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Оқытушы берілген тапсырма бойынша бөлшектердін сборкасын құру.

Әдебиет: [4,6].


8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1 тақырып. Математикалық модельдер.

№ 1. Mathcad бағдарлама бойынша есепті шығару.

№ 2. Mathcad бағдарлама бойынша физикалық есепті өлшеу бірлік бойынша шығару.

2 тақырып. Микро деңгейдегі техникалық объктілердің математикалық модельдерін алу әдістері.

№ 3. Mathcad бағдарлама бойынша аналитикалық есепті шығару.



3 тақырып. Макро деңгейдегі техникалық объектілердің математикалық модельдерін алудың негізгі ережелері.

№4. Mathcad бағдарлама бойынша сынау нәтижесің анализі.

№5. Mathcad бағдарлама бойынша кестені құру.

4 тақырып. Графикалық программалаудың негізгі тұжырымымдамалары.

№6. Қанылтырлық штамптау әдісімен «Шайба» бөлшектің технологиялық үрдісін жасауды жобалау.

№7. Қанылтырлық штамптау әдісімен «Гайка» бөлшектің технологиялық үрдісін жасауды жобалау.

№8. Қанылтырлық штамптау әдісімен «Скоба» бөлшектің технологиялық үрдісін жасауды жобалау.


9. Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1. Жобалау деңгейлері, аспектілері және кезендері.

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Сыртқы және ішкі жобалау..

2) Жобалық шешімдер мен процедураларды бірыңғайлау.

3) Жобаланатын объектілерді сипаттау түрлері және олардың параметрлерінің жіктелуі

2. Реферат жазу.

Әдебиет: [1,2,4,5,6].
Тақырып 2. Типтік жобалау процедуралары.

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Жобалаудың типтік процедураларының (есептерінің) жіктелуі.

2) Жобалық процедуралардың типтік тізбектілігі.

3) Техникалық объектілерді жобалау маршруттарының мысалдары. АЖЖ-дағы жобалау режимдері.



Әдебиет: [1,2,4,5,6].
Тақырып 3. Математикалық модельдер.

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Элементтердің математикалық модельдерін алу әдістемесі.

2) Талдаудың жұмыс программаларын алу процесінде математикалық модельдердің түрленуі.

2. Реферат жазу.



Әдебиет: [1,2,3,4,5].
Тақырып 4. Мета деңгейдегі күрделі жүйелерді имитациялық модельдеу..

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Күрделі жүйелерді модельдеу технологиясы.

2) Күрделі жуйелердің модельдерін салу. Имитациялық модельді сынау.

2. Реферат жазу.



Әдебиет: [1,2,3,4,5].
Тақырып 5. Параметрлік оңтайландыру процедуралары

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Оңтайландырудың жинақтап қорытылған есептерінің қойылымы мен шешілуіне ыңғайлар.

2) Оңтайландыру әдістерінің программалық қамтамасыз етілуі.

2. Реферат жазу.



Әдебиет: [1,2,4,5,6].
Тақырып 6. Технологиялық машиналарды эксперименттік зерттеу деректерін автоматтандырылған өндеу.

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Деректерді өңдеу әдістерін программалық іске асыру.

2) Статистикалық деректерді өңдеу. Корреляциялық және регрессиялық талдаудың стандарттық программалары.

Әдебиет: [1,2,3,4,5].
Тақырып 7. Геометриялық модельдеу жүйелері.

Әрбір тақырып бойынша :

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Құрылғыларды модельдеу жүйелері.

2) Web үшін модельдеу.

2. Реферат жазу.



Әдебиет: [1,2,3,4,5].
10. ООӨЖ (ОӨЖ ООӨЖ 25%құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





2.

Зертханалық сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





3.

Тәжірибелік сұрақтары бойынша кеңес беру










14.45

15.35








4.

ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру










14.45

15.35








5.

Тестілеу тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру

14.45

15.35


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет