Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі1 Mb.
#8526
1   2   3   4   5

Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

9-тақырып. Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері.

Бұл қолжазбалардың көбіне соғды(орта парсы) тілінен аударылып, Жетісудан Шығыс Түркістанға қарай жайылуы. Олардың батыс түркі тайпалардың тіліне

Жақындығы. «Хуастуанифт» жазба ескерткіштері(Ү-ҮІІІғғ).

Манихей алфавитінің құрамы(36 әріп), графикалық жүйесінің көне түркі фонетикасына біршама сәйкес келуі. Дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптер.

Әріптердің сөз басында, ортасында, соңында келуіне қарай, үш түрлі жазылуы.

Манихей алфавитінің шығу тегі, арамей жазуымен байланысы.

Қазақстанда жазу мәдениетінің алғашқы белгілерінің пайда болуын тарих ерте кезеңдерге жатқызады. Яғни қазақ біртұтас халық болмай тұрып-ақ тайпалар жазуды білген. Кейіннен жазу мәдениеті елдің қажеті мен хандық биліктің керегіне байланысты дами түседі. Жазудың алғашқы көрінісі — іс қағазы, елшілік қатынас, хандар жарлығы мен хаты, грамоталары, ру, ата-баба шежірелері, діни уағыз, өсиет-нақылдар кітабы, құлпытасқа түсірген жазу өлеңдері.

Орхон-Енисей-Талас тас жазулары арқылы бізге жеткен түркі жазуынан кейін Орта Азияда арамей жазуы негізіндегі тағы бір жаңа жазу пайда болған. Оны IX—X ғасырларда Орта Азиядағы түркі тайпаларына Сириядан қоныс аударған соғдалар таратқан. Қарахан мемлекеті бұл жаңа жазуды араб алфавитімен толықтырып, қолдана бастайды. Бұл — көне түркілердің орта ғасырда қолданған ортақ жазбасы, түркі әдеби тіліне негіз болған жазу. Оны қазіргі ұйғырлардың ғана ескі жазу үлгісі деп түсіну бір жақты болар еді. Себебі «Ұйғыр алфавиті», «Ұйғыр жазуы» өзінің ең ескі (Тан империясына қараған тұстағы қалпында, сол кездегі Тұрпан ұйғыры атты кішігірім ұлыстар қолданған қытай иероглиф негізіндегі жазу емес. Оны қарахандық дәуірінде дамыған қадым түркімен шатыстыру жол емес. Түркілердің ортағасырлық жазуының бірін «Шағатай тілді» деп те атайды. Бұлардың екеуі де бір ғана ұйғырдың меншігі емес. Қазіргі көптеген түркі халықтары қолданған ортақ жазбалар.

Осыған орай ондай түсініктегілер Махмұд Қашғари сөздігін де, «Оғыз нама», «Махаббат нама» ескерткіштерін, Жүсіп Баласағұни дастанын тек бір халыққа — ұйғырларға танғысы келеді. Тек ұйғырлық құбылыс деуге дейін барып жүр. Орта Азия түркілердің жазу тарихын зерттеу, олардың мәдени ескерткіштерінің ортақ негіздерін айқындаудың нағыз ғылыми жолын кейінгі түркітанушылар күн санап таныту үстінде. Соңғы жылдары одақ көлемінде жарық көріп жатқан зерттеулер осының айғағы бола алады.

Жазу мәдениетінің орта ғасырлық ерте үлгілерінің бірі — өсиет, нақыл ретінде келетін жазбалар мен атадан балаға қалып отыратын тарихи шежіре кітаптары. Мұнда жазбалар ірі ақсүйектердің киелі мүлкі саналып, ұрпақтарына мирас боп қалып отырған. Осы шындықты академик Ә. Марғұлан өз еңбегінде келтірген деректерінде де растайды. Ол — Жетісу тайпаларындағы жазба әдебиет дәстүрі ерте, VII ғасырда көріне бастады, жұрт қолында әрқашан бірнеше дана тарихи жазбалар болды... нақыл кітаптарын қалдырып отырады, сөйтіп, әдеби білім үздіксіз жалғаса береді,— дейді.

Жетісу жерінен табылған Тоқтамыс пен Темірдің „Құтанға жарлықтары" да академик В. Радловтың айтуынша ежелгі қазақ руларына таныс болған,

«Араб, парсы, түркі әдеби тілдерін (IX—X ғасыр),— деп жазды Е.Бертельс,— Орта Азияда бөлек-бөлек жасаған жоқ. Олар, керісінше, түркі жүйелі (системалы) тілдерге ортақ біртұтас әдебиет жасады. Олардың тілі ғана үш түрлі болған-ды...» Сонымен, XI—XII ғасырлар әдебиетін қарастыру бізге Орта Азия елдерінің бір бөлігінде парсы тілі әдеби тілі, екіншісінде түркі тілі әдеби болғанын, бұлардың шығыс бұтағы қарахандықтар және батыс бұтағы оғыз-қыпшақтар екенін айта келіп, XI ғасырдан бастап түркі тілінің маңызы артады деп көрсетті.

Біз Е. Бертельс пікірін қостай отырып, ертедегі жазба ескерткіштердің бәрі бірдей қазаққа ғана тән туындылар деуден аулақ екенімізді де ескертеміз. Оларды біз орта ғасырдағы түркі тектес халықтарға ортақ мұра деп танимыз. Сол ескерткіштердің жазба мәдениетіміздің ортақ кезіндегі күйін, түпкі төркінін түсінуге көмегі барын ғана айтамыз.

Түркілер жазуының өркендеуі жолында, олардың мұсылман дінін қабылдаулары, мұсылман мәдениетіне көшуі үлкен әсер еткен. X—XII ғасырлардан кейінгі түркі жазбалары, барлық сана-сезім дүниедегі ислам діні қағидаларына тікелей байланысты дамиды.

Ғалымдардың діни оқудың алғаш пайда болған тұсында заманымыздағы озбырлық пен тағылыққа қарсы күрес құралы болғанын, адам баласының бірі мен бірі ағайындай дос, тату-тәтті өмір сүруін, зұлымдыққа ізгілікті қарсы қойып, моральдық уағыздар таратқанын, ал кейін үстем қоғам дінді өздерінің жеке мақсаттары үшін пайдаланып қанау құралына, надандық торына айналдырғанын әр тұста көрсетіп келгені мәлім.

Аталмыш шындықты әрбір көпке мәлім дін жүйелері мен оның қалыптасу, өсу жолдары айқын танытады. Жер жүзі халықтарына ең кең тараған христиан, будда діндері немесе олардан кейінгі ислам діні өздерінің басынан осындай қалыптасу, даму кезеңдерін өтті. Олар әрбір тарихи кезеңде қайта қаралып, жаңа жағдайға сай өзгеріп, ескірген ұғымдары алынып тасталып, жаңадан уағыздармен толықтырылып отырылды. Кейіннен субъективтік идеялары басым рөл атқара бастады. Сөйтіп, дін біртіндеп өзінің ілкі адамгершіл түсініктерінен айрылып, құрғақ схоластикага, соқыр табынушылық құралына айнала бастады.

Діни оқулардың негізін қалаушы пайғамбарлар мен оны ілгері дамьггушылар өз ережелерін кезіндегі адамдардың дүниетаным көзқарастарына сүйене отырып жазған. Олар халық даналықтарын, ой-қиял, сана-сезім жетістіктерін сергек пайдаланған. Фольклорлық табыстар — мифтік, ертегілік образдар, шебер тіркес, шешендік сөз афоризмдер, тосын оқиғалы сюжеттер, асқақ аллегориялар кең қолданылған.

Діни кітаптардың ең ескі түрлерінің өзі осындай қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл оның оқушылары мен тыңдаушыларына әсерін күшейтіп, жан дүниесін, сезім жүйесін дүр сілкінтіп билеп алар қуат берген. Оқуға, ұғуға, жаттауға да жеңілдік жасаған. Яғни жай сөздер жиынтығы болмай, ең әсерлі, қуатты, айшықты сөздермен баяндалып, көркем туынды дәрежесіне көтерілген. Сондықтан болса керек, кейінгі көптеген зерттеулерде әрбір діннің негізі есепті кітаптарды жартылай не түгелдей көркем шығармалар деген қорытындылар ұсынылып жүр. Бұл салада жазылған кітаптар да көп. Христосқа таңылатын «Еван­гелия» туралы жазған ғалымдардың көбі оны өз заманының көркем туындысы деп санайды. Сондай-ақ көптеген Еуропа араб танушылары Мұхамбет пайғамбардан қалған «Құранға» да осылайша баға береді. Мысал үшін ағылшын араб танушысы Гиббтің «Арабтың классикалық әдебиеті» деген (М., 1958) кітабын атауға болар еді. Ол құранды тек дін кітабы ғана емес, соған қоса, тарих, этнография, фольк­лор, философия, жағырапия, экология салаларын қамтитын өз дәуірінің ең көркем туындысы деп атайды.

Ал, Иран әдебиеті тарихын зерттеуші И. С. Брагинский парсы халықтарының көне әдебиеті деп, олардың алғашқы діни кітаптарын талданды. Ғалым біздің жыл санауымызға дейін жүйеленген «Авеста» дін кітабының 17 аяты — йасындары (бөлімдері) түгел дерлік өлең өлшеміндегі көркем сөз ең ескі жазба әдебиетінің туындылары екенін анықтаған. Авеста аяттарын Заратуштре (Зороастр) пайғамбар жазған. Оның мазмұны — өз кезінің адамдарын зұлымдыққа қарсы ізгілік жолында тәрбиелейтін шешен новелла, асқақ эпос, жан-жүйеңді толқытар нәзік лирикаға толы.

Бұл кітапта табиғат, жан-жануар тіршілігі, жер мен аспан иелігі, адам мен жаратушы арақатынасы туралы аңыздар, анайы болжамдар берілген. Адамның жаратушының ең сүйікті құлы екені, оның бойындағы мүмкіншіліктер — ақыл-ойы, өсуі, езгеруі, еңбектенуі, табысқа жетуі т. б. жайлары натуралды түрде жырланады. Мұнда әділ патша билігін аңсау, жақсы өмір, тату-тәтті қарым- қатьшас орнату, ақылмен адал іс қылып, өз еңбегімен күн көру, барлар жоқ-жітікке қарасып қайырымдылық көрсетсе деген сиякды ізгі пікірлер жинақталған. Діни мифтердің қаһармандары көбіне әулие, әмбие, пірлері қолдаган ерекше күш иелері, сол сияқты періште, шайтан, жауыздық пен ізгілік рухтары. Олардың адам мен жарату­шы арасындағы әрекеттері...

Сонымен ғалымдардың пікірінше «Авеста» діни уағыз ғана емес, халықтың мифология, моральдык, философиясы, көркем сөз жинағы да екен. Бір кезде, Гегель Авеста дін уағыздарының маңызын көрсете келіп, оның қарама- қарсы екі күшті — зұлымдық пен ізгілік арасындағы келіспес күресті көрсетуін жоғары бағалаған. Ал Гете өзінің Западно-восточный диван кітабында Авестаның поэтикасын терең танытады. Адамның дүниетанымы тарихында ерекше роль атқарған құдіретті шығарма деген ой айтады. «Жарық» пен «Қарашылық», «Зұлымдық» пен «Ізгіліктің» мәңгі күресте келе жатқанын, бұл күрестің еш үзілмейтіндігін дәлелдеп берген ең алғашқы туынды екенін атап көрсетеді.

Ізгілікті, әділет жолдарын, адамгершілік пікірлерді жүйелеп, бұлардың озбырлық атаулыны жеңетіндігіне сендіруге күш салған, адам баласының өсу жолында оның өз күшіне сеніммен қарауына жол ашқан жарқын пікірлер болды. Аталмыш ізгі пікірлерді іске асыру үшін адам баласының ғасырлар бойғы күрестері оны жеңіске жеткізіп, талай өрлеу, өсу кезеңдерін бастан кешуге душар етті.

Діни мифтердің образдары да өзгереді. Олар аждаһа, шайтандарды жеңетін альш ер, отқа салса жанбайтын, суға батпайтын көзсіз алып батыр — ізгілікті жақтаушылар, мінсіз бейнелер, әділет күрескерлері болады. Көне діни әдебиеттің кейбір новеллаларында қозғалатын тарихи сюжеттер (тарихи адамдар жорықтарына байланысты), мифологиялық қаһармандар жорықтарын (жеті қабат жер асты, тұңғиык, теңіз түбі патшалықтарына) баяндау, алты қат аспан дүниесін алла мен періштелер өлкесін болжап бейнелеу, шайтандық жасап тамұқ азабын тартқандардың аянышты тағдырлары, алланың рахымына ие боп, жұмақтың жаннатында жан рахатын тапқан күнәсіздер, т. б. ғажайып оқиғалар келешек керегіне, творчестволық ойдың өсуіне негіз болады. Кейін дамыған классик әдебиеттердің өркендеуіне жағдай жасайды.

Түр, форма жағынан да діни әдебиеттің кейін дамыған жазба әдебиетке ықпалы тиеді. Фольклорда калыптасқан формаларды діни әдебиет шығармаларьшың да қабылдағаны мәлім. Олар халықтық сатираны, мысқылды, дидактикалық стильді қалыптастырады. Ерлік аңыздардан дін үшін күрескерлер бейнесін жасау ниетіндегі дастандар пайда болады. Жеке «әулие» адамдарды мақтау арқылы мадақ жырлары, әулие-әмбиелердің қазасына байланысты жоқтау жырлары, т. б. дамыды. Әулие де адам болғасын, оның өмірінде сүю, күю деген болмай қалмайды. Сондықтан поэзияға махаббат лирикалары да келмекші. Алып батыр, қаһарлы хан, аяулы ару—бәрі де сүйіктісімен кезігіп, өмір қажетін өтейді. Адам ата мен Хауанадан басталатын екі жыныс арасындағы ғашықтық сезім дүниесі адам баласы өміріне қажет көркем шығарма атаулыға жан бітіріп, көрік беріп отырады. Адамның іс-әрекеттерін әулие-әмбие, тіпті алла тағаланың бойына да таңған пайғамбар авторлар діни еңбектерінде табиғатты, хайуанаттар дүниесін де аттап өтпейді. Осыдан табиғат лирикасының кейбір ілкі көріністері, хайуанаттардың өзара тілдесулерін сипаттайтын мысалдар туады.

Аңыз, ертегі, мифтер — халық творчествосының байырғы жанрлары. Оның қаһармандары халықтың ең күшті поэтикасы арқылы бейнеленеді. Әрбір алып ер, мифтік қаһармандар, мінсіз бейнелер поэтикалық тілдің ең шұрайлы үлгілері арқылы суреттеліп, халықтық тілдің дамуына жағдай жасады. Сөз боп отырған діни кітаптар да өзінің поэтикасымен кейінгі көркем әдебиетке әсерін тигізді.

Діни әдебиеттерде баяндалатын ұлы армандар — мифтік әлемге тән, ешкімнің қолы жетпейтін утопия. Мифтік өмір мен халықтың ақиқат тұрмысының арасы жер мен көктей алшақ. Дін кітаптары уағыздайтын ізгілік атаулының бәрі орындалмас қиял екенін де қалың жүрт санасы өсе келе түсіне бастайды. Жұртшылық пікірі ақиқат өмір мен күнделікті тұрмыс тәжірибесіне сүйенеді. Адамгершіл идеялар тұйыққа тіреліп, әдебиетте сенімсіздік — пессимизм идеясы көріне бастайды.

Жоғарыда баяндалған «Авеста» қағидаларына, Иранның көне әдебиетінің дамуына тән сипаттар басқа да шығыс халықтары поэзиясының қалыптасу заңдылықтарына ортақ. Бұл орайда Орта Азия түркілерінің діни мистикалық әдебиеті өкілдері шығармаларындағы кейбір сарындар негізін танып, дұрыс бағасын беруде жоғарыдағы жайларды ескеру қажет, Әсіресе, IX—XII ғасырлардағы көне әдеби ескерткіштердегі кейбір діни мотивтердің түп-тамырын айқындау үшін мұның маңызы ерекше демекпіз.

Өмірде бірі мен бірі байланыссыз жаралған ешнәрсе жоқ екенін ескерттік. Өнер саласындағы даму заңдылықтары да сондай, өйткені өткені мен жаңасы жалғасып, бірі мен екіншісі ұштасьш, өседі, өзгереді, дамиды. Кейін біз сөз етіп талдағалы отырған орта ғасыр ескерткіштеріне тән құбылыстардың кейбір халық творчествосындағы сю­жет пен көркемдік әдіс-тәсілдеріне сүйенеді, ілкі әдеби туындыларын ілгері жетілдіруге күш салады. Заман ұсынган әлемдік табыстарды игереді. Оны өз халқының игілігіне айналдырады. Елдер, халықтар арасындағы әр түрлі қарым- қатынас олардың жан-жақты дамуына, әсерлі болуына, байланыстар жүйесіне негіз жасайды. Өнер-білім атаулының дамуына да ықпалы болады.

XII ғасырларда әдебиет пен білім әр түрлі салада өркендеді. Әдебиет, тіл, астрономия, арифметика, тарих және басқа ғылым өнер-білім салаларының осы кез туындылары болтаны — бұған айғақ. Мысалы, орта ғасырларда Мухам­мед ибн Муса әл-Хорезми, Әбунасыр әл-Фараби, Ибн Си- на, Әбу Райхан әл-Бируни және де басқа көптеген жан-жақты білімдар ғалымдар шыққан. «Китоб-маориф», йКитоб-үш-Шеһр» еңбектерімен мәлім болған Абдулла ибн Мусалим Марвази, «Зайнул ахборымен» аты шыққан Әбусаид, көп томды кітап авторы Әбульфазыл Байхаки, «Бухара тарихын» жазған Наршахи, «Түркістан мемлекетінің тарихы» берген Мажиддин Мухамед сияқты тарихшылардың да осы тұста даңқы тарап, мәлім болған.

Қазақ мәдениеті тарихы үшін, әсіресе, «Қорқыт ата кітабы» мен Әбу Насыр әл-Фарабидің орны бөлек. Бұл сияқты оғыз-қыпшақ мәдениетінің өрлеу дәуірінің тамаша куәларын жалпы шығыс ренессансы кемеңгерлеріне ұштастыра қарастыру орынды. Әсіресе, Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашқари есімдері әл-Фарабиді жалғастырып жатқан тарихи тұлғалар. Аталмыш авторлардың жазба мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестері де орасан.



Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

10- тақырып. Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.

Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұларға мазмұны хтистиан, манихей, будда дініндегі түрлі жалбарыну дұғалары, діни уағыздар, түрлі заң документтері мен емдеу шіріткілері, жылнамалар, болжаулар жататыны. Ұйғыр жазуының кеңінен пайдаланған кезеңі(ҮІІІ-ХІІІғғ), таралу алқабы. Ұйғыр алфавиті негізінде монғол жазуының пайда болуы. Ақсақ Темір және Алтынорда хандарының бұл жазуды қолданғаны(14-15ғғ). Ганьсудағы будда монострьлеріне ұйғыр жазуының ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүргені. Қазақстаннан табылған ұйғыр алфавитіндегі түркі жазулары.

Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Көне түркі тіліне жақындығы, орта түркі тіліне тигізген әсері.



Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері қыпшақ рулары мен тайпалары, сол тайпалар одағына біріккен басқа да түркі халықтарының тілінде ХІ-ХVI ғ-да жазылған шығармалар. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері жалпы алып қарағанда, 4 түрлі әліпбимен жазылған: ескі араб, ескі армян, ескі орыс және ескі готикалық әліпби. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің материалдары негізінен М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит –турк» сөздігіне қатысты зерттеулерде, Еуропа ғалымдарының кумандар туралы жазылған тарихи, лингвистикалық еңбектерінде, орыс хроникаларының, жылнамалары мен деректерінің половецтер туралы мәліметтері мен жер-су, адам аттарына байланысты сақталған еңбектерде, араб авторларының мәмлүк қыпшақтарының тіл материалдары бойынша жазылған наихаттар мен филологиялық зерттеулерінде (грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш т.б.), армян авторларының хроникалары мен іс-қағаздарында, трактаттар мен сөздіктерінде, қыпшақ тілдерінде жазылған дастандар мен прозалық көркем туындыларда сақталған. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері екі түрлі тілде жазылған: жалпы түркі жазуларына ортақ әдеби тілде және қарапайым халықтың ауызекі сөйлеу тілінде. Бірінші топқа жататын көркем шығармаларды ішінара екі топқа бөлуге болады: дәстүрлі– тарихи әдеби тілде жазылған еңбектер және жергілікті халық тілі негізінде жазылған Орта Азия мен Еділ бойларының (Алтын Орда) ескерткіштері. Олар: Рабғузидің «Қиса-ул- әнбиясі», Құтыбтың «Хұсрау мен Шырын», Рауанидің «Мухаббатнамасы», Әлидің «Нахдж –ул –Фарадисі», С.Сараидің «Гүлистан бит-түркиі», Сади Ахмедтің «Ташшұқнамасы», Хорезмидің «Тәржіма Шаһнамасы», Ахмет Йүгінекидің «һибату -л-хақайығы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл-кулуб», «Оғызнама», «Рахат-әл кулуб», «Миражнама», «Тефсир» т.б. шығармалар. Ал жергілікті халық тілінің негізінде жасалған әдеби тілде Қожа Ахмед Йассауидің «Хикметі» және осы ғұламалардың жолын қуған діруәш ақындардың шығармалары тараған. Қыпшақ тайпаларының ауызекі сөйлеу тілінің материалдары негізінде жазылғандар: «Диуани лұғат-ит-түрк», «Кодекс куманикус», «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» (Абу Хайан), «Китаб булғат әл-мүштақ фи-л-лұғат ит-түрки» (Жамаладдин -ат –Түрки), «Әл-кауанийна-әл-куллийа ли-дабт әл-лұғат-ти-түркийа», «Хуласа», - «Мани-ул-фузат», «Китаб ад-дағуа» т.б. Армян қыпшақтарының тілінде жазылған дін трактаттар мен грамматикалық анықтамалар, армянша-қыпшақша сөздіктер, кеңсе қағаздары, тарихи жазбалар т.б. осы топқа жатады. Бұлардың ішінде әр тілге ( түрік, неміс, француз, венгр, поляк) аударылып, басылып шыққандары бар, әлі де болса жарық көрмей, қолжазба күйінде сақталғандары да кездеседі (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Вена, Париж, Краков, Стамбул, Варшава, Берлин, Анкара), Мәмлүк қыпшақтарының тілінде 10 шақты грамматикалық, лексикалық, лексико-грамматикалық еңбектер туған( онда 11мың реестрлік сөз бар). Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің басым көпшілігі қыпшақ тілінің негізінде жазылып, кейбіреулері оғыз тілінің әсеріне ұшыраған (Мәмлүк мемлекеті мен Орта Азия аймағында жазылған мұралар) немесе оғыз тілінің негізінде, қыпшақ тілінің ықпалына түскен (Хорезм өлкесінде жазылған нұсқалар). Қайсібір жазбалар аталған тілдерге бірдей ортақ. Енді бір топ ескерткіштер қарлұқ тобындағы тілдермен астарлас. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштер тілінің бірнеше диалектикалық ерекшеліктерге бөлінуі де мүмкін, олар әлі зерттеліп, анықталмаған. Орта ғасырда жасалған қыпшақ тайпаларының сөйлеу тілі мен әдеби нұсқасын, олардың тарихи тамырын және қазақ тілінің жалпыхалықтық тіл болып қалыптасу тарихын танытудаЕскі қыпшақ жазба ескерткіштерінің маңызы зор.

Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

11-тақырып. Ұйғыр алфавитінің құрамы.

Ұйғыр алфавитінің құрамы(23 әріп), оның графикалық жүйесінің көне түркі (көне ұйғыр) тілінің фонетикалық жүйесімен үйлес келмеуі.Дауысты дыбыстадың берілуі. Кейбір ұяң мен қатаң дауыссыз дыбыстардың ажыратылмай таңбалануы( қ-к,к-г, т-д,п-б, с-з, ш-ж, ч-ж)



Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

12-тақырып.Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғасыр түркі тілдес ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.

Араб алфавитінің ХІ ғасырдан бастап түркі тілдеріне пайдаланылуы. Абаб алфавитіндегі алғашқы(ескі) түркі жазба ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Ю.Баласағұнидің «Құдадғу біліг»,М.Қашқаридің «Диван лұғат ат- түрк»,А.Югнекидің «Хибат ал-хақайық,Н.Рабғузидің «Қиссас ал-анбия» атты туындылары.Араб жазуындағы орта түркі ескерткіштері, тіл ерекшеліктері.

Ислам дінін қабылдаған түркі халықтары араб жазуын мың жылдан астам уақыт бойы қолданып келгені белгілі. Осы аралықта әлемге әйгілі көптеген ғұламалар өз еңбектерін осы араб харпінде қалдырды. Қазақ халқы да араб жазуын ХХ ғасырдың басына дейін қолданды, тіпті ел ішінен жиналған көптеген қолжазбалар ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін осы араб жазуымен жазылғандығын көрсетеді. Діни қиссалар мен дастандар, шежірелер ескі түркі қадим жазуында және кейінгі көшірмелердің төте жазуда жазылғандығын байқаймыз. «Құтты білік» пен «Диуани луғат ат-түрік» шығармаларын парақтап қарағанымызда түркі тілінің дыбысталу ерекшеліктеріне қарай араб графикасына ішінара жаңа таңбалар енгізіп отырғандығын байқауға болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Батыс прогресіне ілесу мақсатында қалыптасқан көптеген терминдерді дәл беруді көздеген прогресшіл жадидшілер тарапынан қолданыстағы араб графикасына да көптеген реформалар жасалып жатты. Осылайша түркі халықтарының қолданысында болған араб графикасының тарихын зерделейтін болсақ Баласағұн мен Қашқари реформасы, шағатай әдеби тілі кезіндегі реформа, Османлы реформасы, Татар графикасы, жәдидшілер реформасы, А.Байтұрсынұлының емлесі, төте жазу сияқты өзгерістердің болғандығын көреміз. Тілді жанды құбылыс деп қарастыратын болсақ мұндай өзгерістер тек түркі халықтарында ғана емес, арабтардың жазу емлесінде де бірнеше көркем форманың қалыптасқандығын байқаймыз.

Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) Жәбірейіл періште арқылы Алла тағала тарапынан жіберілген қасиетті Құран кітабын, ислам дінін алғашында ел арасына ауызша таратқандығы белгілі. Мұсылмандар ел билігін өз қолына алған тұста Құран кәрімді кейінгі дәуірлерге сол қалпында еш өзгеріссіз жеткізу үшін хатқа түсіру қажеттілігі туындай бастады. Осылайша Ислам дінінің алғашқы дәуірінде алдымен набатей алфавитіне негізделген жазудың түрлері дүниеге келе бастады. Қазіргі араб жазуының «атасы» болып есептелетін, қазіргі жазуға қарағанда түрі де өзгеше, көбіне тік бұрышты формаға құрылған геометриялық шрифтке негізделген сол кездегі жазбаның түрі – «куфи» жазуы деп аталған. О баста бұл жазудың қазіргі Ирак жеріндегі Куфа қаласынан шыққандығы белгілі. Алғашқы кезеңде куфа жазуын Құранның алғашқы нұсқаларын қағазға түсіру үшін, сонымен қатар іргетасы жаңа қалана бастаған алғашқы Ислам мемлекетінің архитектуралық құрылыстарын айшықтау, безендіру мақсатында қолданылған.

Құранның алғашқы нұсқасын хатқа түсірген адам деп алдымен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) хатшысы болған Заид ибн Сабиттің аты аталады. Алғаш арабтарда жазу пайда болған кезде соны меңгерген Заид кейбір сүрелерді қағазға түсіре бастаған. Бұл нұсқа Мекке мен Мәдине стилінде жазылғандықтан оны «жазм хаты» деп атаған. Ол кезеңде каллиграфия жаңа дами бастағанда оның екі түрлі нұсқасы қолданылған. Біріншісі «мукаввар» курсив жазуы оның жазылуы оңай болған, екіншісі «мабсут» созылыңқы әрі әріптері ұзын болып жазылатындығымен ерекшеленген. Бұл екі жазу түрінен кейін «ма'ил» жазуы келіп шыққан. Алайда ол кең түрде тарай қойған жоқ, оның орнын куфа жазуы басқан болатын.

Омайидтер әулеті билікке келген соң Әбдулмәлік ибн Маруан патша (685-705) тұсында алғашқы араб графикасы ресми әліпби ретінде бекітілді. Сол патшаның заманындағы белгілі көркем жазу ұстасы Құтб әл-Михрдың жасаған графикасы «тұмар» жазу түрі деп аталды және осы жазу стилі мемлекеттің ресми жазу формасы ретінде қабылданды.

Уақыт өте келе мәдениет өзінің даму сатысына қарай аяқ басты. Мұсылман мемлекеті алдыңғы қатарлы өркениетті де мәдениетті елге айналды. Ғылымы мен білімі қарыштап дами бастады. Ендігі жерде тез әрі жылдам, жалпы көпшілікке түсінікті жазу түрі қажет болды. Осылайша жазудың басқа үлгілері де дүниеге келе бастады. Соның бірі белгілі реформашы, каллиграф Ибн әл-Бәууаб ойлап тапқан «насх» стилі болатын. Насх жазуының икемділігі сол бұрынғы куфа жазуының геометриялық түрін жұмсартып, дөңгелентіп, тез әрі жылдам жазуға ыңғайлы етіп өзгерте алды. Бұл өз кезегінде бұйрықтар мен іс-қағаздарын жылдам жазуға мүмкіншілік туғызған. Оның тиімділігі әріптер бұрынғы формаға қарағанда ұсақталып, нәзіктене бастады, оның үстіне көркемдігі де артып көпшіліктің арасына тез тарап кетуіне жол ашылды. «Насх» жазуы қолданысқа енген соң «Куфа» жазуын ығыстыра бастады. ХІІ ғасырда куфа шрифті қарапайым жазу түрінен шығып қалды, тек Солтүстік Африка мемлекеттерінде ғана сақталды. Африкалықтар соның негізінде «мағриб» деп аталатын әдемі жазу стилін қалыптастыра алды әрі ол осы күнге дейін сақталып келеді.

Араб көркем жазу тарихында ерекше орын алатын үш тұлға бар, зерттеуші ғалымдардың анықтауынша, араб көркем жазуының атасы ретінде ибн Муклах (886-940), Ибн әл-Бәууаб (ІІ ғ.) және Йақут әл-Мустасими (13 ғ.) аталып, олардың еңбектері бірінші орынға қойылады. Қазіргі көркем жазудың тарихы осы үшеуінен басталғандығы айтылады.

Алғашқы кезеңде хатқа түскен жазуларда асты-үсті қойылатын харакаттар мен кейбір нүктелер болмаған. Араб жазуында көбіне дауыссыз дыбыстар жазылатын болғандықтан кейін басқа елдерге исламды тарата бастаған тұста ислам дінін жазып таратудың біршама қиындықтары туындаған. Ажам халықтары яғни, араб емес халықтар үшін оны оқып түсіну үшін алдымен араб тілін өте жақсы меңгеруі қажет еді. Онсыз араб харіптері оқылмайтын. Осылайша Құран аяттарын қатесіз оқу үшін әрбір сөзге асты-үсті харакаттар қойылу қажеттілігі туындады. Осылайша араб жазуын қабылдаған Иран мен түркі елдерінде де көркем жазудың ғаламат түрлері дүниеге келе бастады. Иран елінде көркем жазу өнері әсіресе 14-ғасырдан бастап айрықша дамыған болатын. Тимуридтер әулеті кезеңінде каллиграфияның әдемі де жаңа формалары дүниеге келді. Солардың арасында дүниеге танымал болғаны «райхани» мен «сулс» болды. Одан бөлек «наста'лиқ» және «та'лиқ» жазуы да ерекше маңызға ие әрі Орта Азия халықтарына да кеңінен тарады (Насталиқ жазуы қазіргі кезде Иран Ислам Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасында кеңінен қолданылады). Ол өз кезегінде ортағасырлық парсы прозасының және классикалық поэзияның дамуына жол ашты. Наста'лиқ жазуын ирандық Мир Әли Султан әл-Тебризи дүниеге әкелді. Наста'лиқ жазуында көптеген эпикалық шығармалар мен миниатюралар, антологиялық шығармалар мен әдеби, тарихи еңбектер жазыла бастады. Көбіне әдеби шығармалар жазылатын болғандықтан наста'лиқ жазуымен Құран кітабын жазуға рұқсат етілмеген. Бұл жазумен бір ғана Құран көшірмесі сақталған. Иран мемлекетінің тізгінін өз қолына алған парсы патшасы Шах Аббас (1588-1629) тұсында ғана каллиграф Шах Мухаммад әл-Нишапуридің наста'лиқ жазуымен көшірілген Құранның жалғыз дана көшірмесі Иранда сақталып қалған.

Үндістанды билеген Моғолдар империясы тұсында Үндістан аймағында «бехари» атты көркем жазуды Аманат Хан әл-Ширази деген атақты шебер жасап шығарған. Ол өзі құрылыстарына қатысқан Тәж-Махал, Акбар патшаның кесенесі мен сол кездегі орталық Аградағы ең үлкен мешіт-медресенің бедерін бехари стилімен айшықтаған болатын. Бірақ шебердің бұл қолданыстағы жазуы та'лиқ, наста'лиқ, сулс сияқты кең түрде тарамаған. Тек Үндістан аймағында ғана шектеліп қалған.

Түркі халықтары ішінде Мәмлүк қыпшақтары билігі тұсында каллиграфиямен шыны, мыс, әшекей бұйымдарына өрнектеп салу ерекше дамыған әрі Мәмлүктер мемлекетінде ойлап табылған Әбдуррахман ас-Сайихтың «мухакка» жазу стилінде ең үлкен Құран кітабы жазылып қалдырылған.

Ежелгі қалалар ішінде «Жібек жолын» жаңғыртқан Қытайдың қолөнер шеберлерінің алатын орны айрықша болатын. Ислам діні Қытай жеріне де тарай бастаған тұста сауда базарының екінші бір тармағы ашылған болатын. Мұсылман елдерімен сауда байланысын жолға қойған Қытайлықтар өздері өндіретін керамикалық ыдыстарды араб харпімен әшекейлеуді жолға қоя білді. Осылайша Қытай мұсылмандары ойлап тапқан «сини» жазу стилінің де алатын орны айрықша болды. Бұл жазудың нәзіктігі мен дөңгелетіп жасаған шеберлігі керамика мен фарфор бұйымдарының сұранысын арттырады әрі араб жазуының шыны аяқтағы өте әдемі үйлескен безендірулері бұл форманың танымал болуына алып келеді. Османлы империясы дәуірінде та'лиқ, наста'лиқтан бөлек шекасте, диуани және жәли түрлері кең қолданылған. Олар араб және парсы шеберлерінің жазуларын қайталаушы ғана болған жоқ, өз кезегінде сол дәуірдегі көркем жазудың ең шебер мемлекетіне де айнала білді. Түріктерден шыққан Ибрагим Муниф атты шебер «диуан» атты жазу стилін қалыптастырады. Сол кездегі түрік каллиграфтарының танымал болғандығы сонша: «Құран Меккеге түскен, Египетте оқылған және Стамбулда жазылған» деген қанатты сөз тараған. Османлы патшалары өздерінің құрылтай шақыруы мен ең жоғары мемлекеттік іс-қағаздарын осы диуан жазуымен жазатын болған.

Орта Азия жерінде Иранда пайда болған наста'лиқ жазуымен кітаптарды көшіру үлгісі ерекше дамыған. Тимуридтер әулеті билікті өз қолына ұстаған кезеңде мәдениеттің дамуына айрықша көңіл бөлінгендігі белгілі. Әсіресе, Әлишер Науаидың өзі де хұсни хаттың шебері болғандықтан кітаптарды көшіртуге елдегі ең мықты шеберлерді топтастырып отырған. Солардың бірі кезінде «көркем жазу құдайы» деген лақабы елге жайылған Сұлтан Әли Машхади (1432-1520) болған. Машхадидің көшіруімен сақталған елуден астам кітап бүгінгі күнге жетіп отыр. Олардың арасында Низами, Аттар, Хафиз, Сағди, Дехлеви, Жәми, Науаи, Хұсейін Байқара т.б. классиктердің кітаптары көшірілген.

Байқап отырғанымыздай, көркем жазу үлгілері орта ғасырларда ерекше дамыған. Парсылар өздеріне ыңғайлап арабтың жиырма сегіз әрпіне тағы да төрт әріп қосқан болса, Қараханидтер дәуірі тұсындағы түркі ғұламалары М.Қашқари мен Ж.Баласағұни өз кітаптарында түркі емлесіне ыңғайлы бірлі-екілі әріптер қосқан. Ж.Баласағұн «Құтадғу білік» шығармасында «ң» әрпін енгізгендігі байқалады. М.Қашқари «Диуани луғат ат-түрік» еңбегінде араб қарпіндегі «ф» әрпінің үстіне үш нүкте қою арқылы ағылшын тіліндегі «w» дыбысын білдіретін жаңа әріп қосқан. Алайда түркі диалектілері үшін қолданылған Қашқаридің бұл реформасы кейін қолданыстан шығып қалған. Шағатай тілінде жазылған еңбектерде де түркі сөздерін парсы не араб сөзінен ажыратып тұратын кейбір ішінара өзгерістер болғандығы байқалады. Араб графикасына реформа жасау әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қызу қарқын алғандығы белгілі. Исмайыл Гаспыралы бастаған жәдидшілер тобы алдында жаңа дәуірдің талабын қанағаттандыратын дұрыс емле түзу проблемасы қойылды. А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары да бұл науқанға кірісіп кеткен болатын.



Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

13-тақырып. Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.

Араб алфавитінің құрамы(28 әріп), байырғы араб графикасының классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесіне сүйенгені.. Барлық әріптердің дауыссыз дыбыстарды таңбалайтыны, сонымен қатар үш әріптің созылыңқы дауысты а, у, и дыбыстарына жұмсалатыны( «алиф», «уау», «йа» деп аталатын әріптер).

«Құран» кітабын, әліппені дұрыс оқыту мақсатымен қысқа дауысты дыбыстардың да диакритикалық сызықша таңбалар арқылы(жолдың үстіне, астына қойылған) көрсетілуі. Әріп көпшілігінің сөз басында, ортасында, соңында қолданылуына орай түрліше жазылуы. Араб алфавитінің арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде шығуы, оның ислам дінінен бұрын пада болғаны туралы түсінік. ҮІ ғасырда құрамында 22ғана әріп, ал ҮІІІғасыдан бастап 28 әріп болғандығы. Бұл жазудың кең таралуы, арабтан басқа халықтарға да жайылуы, себептері. Жазудың негізгі түрлері(«насх», «куфи», т.б.) Баспахана жолымен кітап бастыру үшін бұл алфавиттің «насхи» түрі қолданылғаны(ХІХғ).

Араб графикасының түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес болмауы, қолданыстағы қиыншылықтары.

Жазу мен оқудағы үлкен алшақтық. Дауысты дыбыстардың толық қамтылып таңбаланбауы( мысалы, ескі жазуда еріндік дауысты дыбыстардың бір ғана араб әрпімен берілуі). Кейбір дауыссыз дыбыстардың(б-п, к-г) ұяң, қатаң болуына қарамастан, жалғыз таңбамен берілуі. Себебі араб алфавитінде п фонетикасына сай қосымша әріп қолданыла бастауы.( мысалы, «кәф» әрпінің негізінде г мен ң дыбыстарын белгілеу). Алфавит құрамының кеңеюі(29,31,32,38 әріпке дейін жету).

Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

14-тақырып. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.

Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі. 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі. Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі.

Араб графикасы негізіндегі алфавиттің басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбегейлі сай келмеуі, әріптердің сыртқы тұлғасы бір-бірімен ұқсас болуы, көпшілігінің диакритикалық таңбалар арқылы белгіленуі, дара әріптің бірнеше вариантпен берілуі, сөйтіп таңба санының мейлінше көбеюі, қолданыстағы ыңғайсыздығы. Осы сияқты кемшілік жәйттердің жазуды қиындатуы, араб графикасынан бас тартуға әкеп соғуы. Қытай, Пакистан, Ауғанстан, Ирандағы қазақтардың араб графикасын қолдануы.

Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Рабғузидің «Әуле-әнбиenер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды.

Қазақ әліпбиі сөз болғанда Ахмет Байтұрсынұлының есіміне соқпай кетуге болмайды. Ол 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқытумен айналыса жүріп, ағартушылық қызметпен де айналысады. Осы жылдары қазақ шәкірттері тұтынған әліппе, құралдарының кемшіліктерін көзімен көреді. Сол олқылықтарды түзету мақсатында ең алдымен графика мәселесін, соның ішінде қазақ жұртшылығына кеңінен таныс араб графикасын жөндеп, қазақ тіліне лайықтауды қолға алады. Қазақ алфавитінің реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бер алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп тіл үшін шығарылған нәрсе, олай болса хәріп жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табуға керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емес, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгерт» деген. Осындай білгірлік танытқан А.Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді қолға алады да, «ХХ ғасырға дейін түріктің тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс» [8], «асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең жақсысы - дыбыс жүйесінде екеніне көзі жетіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына негізделген жаңа емле 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте жазу» деген атпен танымал болған бұл графиканы сол кездегі қазақ интеллегенциясы қабылдады және мұсылман медресселері, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылдан бастап араб графикасына негізделген көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.

А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға мынандай басты-басты критерийлерді қояды:

«1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?

2. Қайсымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?

З. Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?

4. Қайсысы баспаға қолайлы?

5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?

6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?»

Жазуға осындай талаптар қоя отырып, латын және араб графикаларын салыстырады. Бірінші критерий бойынша араб әрпінен қазақ әліпбиіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық, 5 әріпке ереже қосып алды. Латын әрпінің өзгертпестен алдық дегеннің өзінде 15 әрпін-ақ алуға жараған, ал қалған 7 әрпін өзгертіп алуға жараған және ң, й дыбыстарының таңбасын бейнелейтін әріптерді ойдан шығарып таңбалаған. Бұл критерий бойынша араб жазуының таңбалар жүйесі артық болып тұрғанын айтады [6].

А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу барысында 28 дыбыс түрі барлығын, оның дауысты және дауыссыз болып жіктелетінін, араб харіпі қазақ жазуындағы жіңішке дауысты дыбысты ажырату үшін қойылатын белгі - дәйекшені енгізудің қажеттілігін, бұл арқылы тіліміздің төл дыбыс жүйесіне тән үндестік заңы бойынша жуан не жіңішке айтылатын буын табиғатын аңғартуға болатындығын қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Сонымен қатар араб алфавитінде жоқ ерін дауыстыларын у дыбысының таңбасына ұқсастырып, жолдың үстіңгі бөлігіне дәйекшелер қою арқылы жаңа әріптер жасайды да, араб графикасын қазақ тіліне ыңғайластырып реформалайды.

А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. қазақ балалары 1902 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқытыла бастағанымен, ресми түрде графикасы болған жоқ, орыс немес араб графикасын пайдаланды. А.Байтұрсынұлы мен өзге де қазақ интеллегенциясы болып Россия Империялық Министр Советінің Председателіне петиция жазды. Онда қазақ даласында оқу қазақ тілінде жүргізілсін деген талаптары бар еді. Осы талаптың іске асуы үшін А.Байтұрсынұлы 1912 жылы «Оқу құралы» деген атпен құрастырған тұңғыш әліппесі Орынборда басылып шығады. Бұл кітапта әрбір әріпке мінездеме беріледі, одан соң танымдық материалдар ұсынылады. Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл "Әліппе" кейін бірнеше рет басылады, 1925 жылғы Орынбор басылымында 7 деп көрсетілген. Білім кеңесінде бұл кітапқа былай баға берілді: "Әліппе" қазақ даласына көп пайдасын тигізді. Әдісі жағынан да, мазмұн жағынан да ескірген көптеген кітаптардан аса артық. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық."

1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандырылатын "Оқу құралын" жазғаннан кейін көп ұзамай қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. "Біздің заманымыз - жазудың заманы. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге керек болғандықтан, қазақтың бастауыш мектептерінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек" деп өзіне міндет қояды да, "тіл - құрал" деген атпен үш бөлімнен тұратын оқулық жазуға кіріседі. Бұл кітаптың фонетикаға арналған бірінші бөлімі 1915 жылы жарық көрді. 2 бөлімі морфологияны қамтиды, ол 1914 жылы баспадан шығады. Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын талдап-танытудың бүгінгі күнінде де А.Байтұрсынұлының аталған оқулығының негізінде беріліп келеді. А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ тілі біліміндегі тұңғыш еңбек болды [ЗО]. 1912 жылы жаңа графикамен жазылған тұңғыш «Әліппе" Орынборда жарық көреді. Ал 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін «қазақ газеті» А.Байтұрсынұлы түзген емле негізінде жарыққа шығарылды. А.Байтұрсынүлының бұл жасаған әліпбиі қазақ мәдениеті тарихының үлкен бір белесі болды. Қазақ даласындағы алғаш сауат ашу, оқу-ағарту майданында алға басуға зор серпіліс туғызып, хат таныған көпшілікке кең таралып, төте жазу деген ат иемденеді. Өз уақтысында кеңге құлаш жайғанын бүгінгі кездегі шетелдегі қазақ диаспорасының көпшілігі осы төте жазу үлгісін жақсы білетіндігінен көруге болады.

А.Байтұрсынұлы 1929 жылы 12 мамырда өз қолымен жазған баяндамасында: "1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақытымда өз бетіммен білімімді толықтырып, әдебиетпен шұғылдандым" дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін (шрифтісін емес) және емлесін ретке салып, жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдерден әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс-қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым" дейді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап "Айқап' журналы мен "қазақ" газетіненің беттерінде білдіре бастайды. "Айқаптың" 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде "Шаһзаман мырзаға" аттты үлкен мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмей кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дәйекші, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет кездестіреміз. "Қазақ" газетінің 191З жылғы З4 және одан кейінгі сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (у; ұ, о, и, е, ы) таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады, Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) қазақ жазуы үшін араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі ы, е, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, З) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә/у дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекше таңба қою. Бұлайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.

А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер ешбір талассыз қабылдады. Себебі оның реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни, дыбыс үндестігі зандылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап тануы, ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы ("Жаңа емле" деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Қазақ жазуының белгілі бір кезеңінде қолданылған араб графикасы 28 әріпті қамтыды және классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесі негізінде жасалды. Барлық әріптер дауыссыз дыбыстарды қамтиды, сонымен қатар созыңқы дауысты а, у, и әріптері диакратиялық сызықша (жолдың үстіне немесе астына қойылатын) таңбалар арқылы таңбаланады. Араб алфавиті арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде пайда болған. Ол ҮІ ғасырда 22 әріпті қамтыса, ҮІІІ ғасырда олардың саны 28-ге жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазақ баспасөзінің жазу құралы болған араб графикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуына көп септігі тигендігін де айта кетуіміз керек.

Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бір өзінде жаңа емлемен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы ұсынған "жаңа емле" 1913 жылдардан бастап мұсылман медресселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады.

Араб таңбаларын қазақ тілінің фонеикалық табиғатын лайықтап қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан (оқыту тәжірибесінде одан бұрын басталуы мүмкін) бастаған А. Байтұрсынұлы оны әрі қарай да жетілдіре түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсызды­ғына көңіл бөледі, оқу процөсіне тиіаді-гиімсізцігін салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланды. Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе қойылды: 1) жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби (яғни алфавит, графика мәселесі), З) қазақша пән сөздер (терминология), 4) ауыз әдебиетін жою шаралары, 5) оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары, 6) бастауыш мектептің программасы.

Съездің 15 маусымындағы мәжілісіндеА. Байтүрсынұлыны "Әліпби тақырыптары" деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі жұрттарының қолданылып келе жатқан әліпбиі бар екенін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес екендігін айтып пікір білдіреді. Әліпби қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған икемделіп, өңделген араб алфавитінің оң сипаттарын дәлелдейді. Осыдан кейін латын алфавитін жақтаушы Н.Төреқұловтың баяндамасы талқыланады. Талқылаудан соң мынандай қарар шығарады: Қазақ тұтынып отырған түрік (араб) әліпбиінің баспа түрінің дара болмауы баспа ісіне де, үйрету ісіне қолайсыздық танытатындықтан, одан құтылу үшін түрік әліпбиінің өзін түзету өзге әліпбиді алудан анағұрлым жеңіл болатындықтан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, басқасын дара түрінде алу керек" -деп А.Байтұрсынұлы реформалаған және баспа түрініңде вариантын ұсынған араб жазуы негізінде қазақ алфавитін қабылдады. Бұл жөнінде ғалым Е.Поливанов мақаласында: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика, я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последный шаг в истоическом формировании национальной графики, которым полне могут гордиться киргизские деятели просвещения - создатели реформы, как крупным культурным завоеванием» [24] . Соған қарамастан, қазақ жазуын 1929 жылы латын графикасына көшірілді. Бұл туралы Ә.Қайдаров мақаласында: «1929 жылы Қазақстанда тіліміздің табиғатына бейімделіп, ресми ұлттық жазу болып қалыптаса бастаған А. Байтұрсынұлының әліпбиін аластатуға ешқандай объективті себеп, қажеттілік болмаған еді», -дейді [18]. Егер жазуда басшылыққа алынатын «емле бірте-бірте түзеліп, жылдар бойы тәжірибеден өтіп, дәстүрлі сипат алған күнде ғана, сол тілдің сауатты жазу нормалары қалыптасатынын ескерсек, онда графика ауыстыру мәселесі ұлт дамуына кері әсер тигізетіні шындық. Осы тұрғыдан келгенде, графика ауыстыру кешегі Кеңестер одағының идеологиясының көзделген бір мақсаты болуы да мүмкін.

Әліпби айтысы ХХ ғасырдың басында жазудың қызметі кеңейе бастағаннан бастап ең өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. 1926 жылғы 26 ақпаннан 6-наурызға дейін Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн тәртібінде түркі халықтарының жазу мәселесі, орфографияның негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселесі, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту методикасы т.б. көптеген көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі халықтарының барлығының тегіс латын графикасына көшу мәселесі болды. Бұл съезге қазақстаннан А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұловтар делегат болып қатысты. Сонымен қатар түрік нәсілді Бартольд, Олденбург, Крымский сияқты ғалымдармен қоса, неміс профессоры Менсель, Ікерлі-Зада, Құсайын-Зада сынды атақты зерттеушілер де қатысты. Құрылтайда баяндама жасаған Ә.Шәріпұлының «емле түзеу жүзінде қазақ жұртының латынға көшуінің қажеті жоқ» деген пікірін А.Байтұрсынұлы да жақтап, «латын қарпіне көшуге жұмсаған қаржыны балаларды оқытатын мектеп салдырайық» деген пікір қосады. Ал бұл пікірлерге қарсы баяндама жасаған Ә.Байдилдин латын графикасын жақтап, «қазақ төңкерісінен кейін еңбек адамдарының талап- тілегін араб әліпбиі толық қанағапандыра алмайды, латын қарпіне көшу заман талабынан туындап отыр», дейді. ( Садуақасов «латын графикасын алудың саяси қорқынышы бар. Сондай-ақ Ж.Аймауытов, М.Дулатовтардың «латын таңбасына көшсек, жаппай сауатсыздыққа ұрынамыз"-деп араб графикасын қолдайды. А.Байтұрсынұлы бұл съезде айтқан пікірін кейін 1927 жылы Қызылордадағы жазу мәселесіне арналған конференцияда да қайталап дәлелдейді. Ол түрік жұртының 90 пайызы араб таңбаларын пайдаланып келетіндігін айтып, әрқайсысының қалыптасып қалған, пайдаланып жүрген хат мәдениеті бар екендігін айта келе, бір әріпті тастап, екінші әріпті алудың қиындықтарын ғылыми негізде дәлелдеп баяндама жасайды.

Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

15-тақырып. Орта түркі тілдері және олардың қазіргі түркі әдеби тілдерге тигізген әсері. Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі графикасы. Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістанда кең тараған түркі жазба әдеби тілі(ХІҮ-ХҮІ ғасырдағы ортаазиялық әдеби «түркі» тілі). «Түркі» тіліндегі ортаазиялық әдеби шығармаларының өзбек, ұйғыр, түркмен, қазақ, қарақалпақ халықтарының ескі әдеби тілдеріне еткен әсері.

Латын алфавитінің шығу тегі, даму тарихы, графикалық құрамы(21 әріп, кейін 23 әріп, орта ғасырда 26 әріпке жетуі.). Латын графикасының латын тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкесуі. Латын тілі мен латын жазуының Рим католик миссионерлері арқылы кең таралуы. Латын жазуының басқа тілдерде қолданылуы. Түркі тілдес халықтардың 1924-1929 жылдары арасында латын алфавитіне көшуі. Бұл шараға қарсы шыққандардың, араб жазуын жақтаушыларының дәлелсіз байбаламдары. Қазақстанда «жаңа әліп»-латын алфавитін қабылдау(1929), оның маңызы. Латын алфавитіне көшу Шығыстағы мәдени революция екендігі. Қазіргі түркі әдеби тілдеріне шолу. Олардың негізгі даму бағыттары. Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының жетілуі. Орфография(емле) мен терминологияны жақындатып үйлестіру проблемалары. Түркі халықтары үшін ортақ әдеби тіл жасау проблемасы.

Қазіргі таңда  қазақ  орфографиясы нормасындағы динамизм жазу тәжірибесіндегі (практикасында) қарама-қайшылықтардың шешімін тауып, бір ретке келтіру мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Бұл жайт –  қазақ  тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қоғамдағы қызметіне қатысты шешімін табуы тиіс  қазақ  тілтанымының өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңдағы  қазақ  тілінің мәдени-әлеуметтік, ұлттұтастырушылық және бірегейлендірушілік мәніне орай қазіргі  қазақ  жазуының қоғам дамуының талаптарына, заманауи лайықты болуы жалпы қазақстандықтар үшін маңызды елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Тәуелсіз ел ретінде халықаралық қатынас субъектісі болып отырған Қазақстанның ұлттық әліпбиінің жаңа жобасын талқылау барысында тілтанымшы (лингвист) ғалымдар мен белгілі әлеуметтанушы ғалымдар, саясаткерлер Қазақстанның Елбасына, Үкімет басшылығына әліпби өзгертулер енгізіп, жаңа сападағы ұлттық жазуды қалыптастыру мен жетілдіру туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жария етіп отырды. Осымен байланысты әртүрлі, жан-жақты ой-пікірлерді зерттеп, саралап, тұжырымдау,  қазақ  жазуының бұрынғысы мен өткендегісін, қазіргісімен болашағын зерделеу ғылыми тілтанымдық рефлекцияны талап етеді.

Осыған орай 1929-40 жылдардағы латын графикасына  негізделген  жазудың негізгі категориялары болып табылатын әліпби, графика және орфография ерекшелігін талдау, сол кезеңнің жазу тәжірибесіндегі пайдалы, ұтымды жақтарын, ізденістерін, қайшылықтарын, жазба тілдің даму деңгейіне оң және теріс әсер ететін тілдік емес (экстралингвистикалық) жайттарды анықтау, олардың шешімін табу сияқты мәселелер өзекті болып табылады. Тіл жайлы заңның қабылданған (1989) сәтінен бастап 20 шақты жылдай өтсе де, ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері және осы мәселеге көңіл аударған азаматтар тарапынан  қазақ  тілі латын графикасына өту қажет пе немесе кирил жазуында қалу керек пе деген тақырыпта әртүрлі дәйектерін алға тартқан пікірталастар толастамауда. Осыған орай лингвистикалық технологиялық, әлеуметтік және басқа да сипатты дәлелдемелер сараланып, әртүрлі деректер келтірілуде. Шын мәнінде, бұл пікірталастың шешуші мәні Қазақстанның ұлттық бірегейлігінде жатыр. Латын, кирил дилеммасы қаншалықты өткір мәселе болғанымен, екеуі де жазу тарихымызда бастан өткен, қолданыста болған және бар әліпби жүйелері.

Қазақ  тіл білімінің орфография және графика саласы 1920 жылдардан бастап мақсатты түрде зерттеліне бастады. Осы саланың дамуына сара жол салған, тың ой, сарабдал пікірлерімен, құнды ғылыми тұжырымдарымен із қалдырған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, Ж.Аймауытұлы т.б. ғалымдардың соңын ала, әдеби тіл нормалары, орфография, орфоэпия, графика жөнінде зерттеулер легін М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Құрышжанов, М.Томанов, Т.Қордабаев, Б.Әбілқасымов, Н.Оралбаева, С.Хасанова, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, Н.Уәли, Ш.Мәжітаева, Қ.Күдеринова, Г.Мамырбекова жалғастырып, саланың жан-жақты, іргелі зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты. Сонымен қатар аталған тараушада орфография терминінің анықтамасы дәлелденіп, графика мен орфография салаларының жазу мәселесіне тікелей қатыстылығы мен зерттеу нысандары, қарастыратын мәселелері жан-жақты талданып көрсетілді.

«Ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі  қазақ  жазуының сипаты» –  қазақ  қоғамында қолданылған қадим, жадид, төте жазуларына жалпы сипаттама беріліп, олардың өзіндік ерекшеліктері көрсетіліп, түркілік, миссионерлік және ұлттық бағыт деп үшке бөлініп қарастырылды.

Жазу тарихында  қазақ  тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы  қазақ  халқы  араб  графикасына  негізделген  әліпби жүйесін пайдаланған.  Араб  графикасына  негізделген   қазақ   әліпбиі  (қадим, жәдид) көпшілік қауымның сөйлеу тілінен алшақ, жалпыхалықтық сипатта емес, элитарлық топтың ғана игілігі болған-ды. Сондықтан ұлттың мүддесін тереңінен ойлаған зиялы қауым өкілдері жаңа жүйедегі әліпбиге көшу, жазу жүйесін түбегейлі реформалау жөнінде пікір айтып, қоғамдық ойға қозғау салады. Мұндай елдік мәселе бұрынырақ өзге түркі елдерінде көтерілген болатын.

Түркілік бағыт. Ең алғаш графиканы реформалау жөнінде пікір айтқан әзербайжан жазушысы Мырза-Фет-Али Ахундовтың сол кезеңде мақалалары жарияланып, әліпби жобаларын жасаған болатын, сонымен қатар әліпби майданында ерекше еңбек еткен парсы әдебиеттанушысы Мырза Мелькем-Ханомның, парсы ханзадасы Мырза-Риза-Ханның, «Shardi Rus» (Русский Восток) газетінің редакторы Мемед-Ага-Шах-Тахтиннің, түрік оқымысты Гази-Мұхтар-Пашаның есімдерін ерекше атауға болады.

Жазу проблемасына байланысты туындаған түрлі қарама-қайшылықты көзқарастарды, түркі тілдес халықтар жазу жүйесіндегі кемшіліктерді байқаған орыс миссионерлері осы сәтті өз мүдделеріне пайдалану мақсатында жобаларын дайындап, тәжірибеге енгізуге тырысып бақты.

Миссионерлік бағыт. Миссионерлер  қазақ  тілінің тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен « араб  жазуы қолайсыз», « қазақ  және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына  негізделген   қазақ  әліпбилерін жасап, оқулықтар шығара бастайды. Олар орыс  жазуына  көшуді насихаттауды орысша оқыған  қазақ  жастары арқылы жүргізуді көздеді. Түркі тілдес халықтардың кітаптары  араб  әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш  қазақ  әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің  қазақ  тілінің дауысты дыбыстарына 8 әріп (а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ), ал дауыссыз дыбыстарына 19 әріп (п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ) арнаған жобасы [1], 1897 жылы В.В. Катаринскийдің 21 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш) [2, 196 -209] және А.Е. Алекторовтың 38 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ) [2] жарияланған болатын. Дегенмен, мұндай жоба-ұсыныстарға бірқатар  қазақ  оқығандары қарсылығын байқатқан.

Ұлттық бағыт және  қазақ  жазуы. 1910 жылдардан бастап, А.Байтұрсынұлы халық тілі негізіне сүйеніп, ескі  қазақ  жазба тілін реформалайды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ғылыми тілде А.Байтұрсынұлы жазуы, төте жазу аталып жүрген жазу үлгісі кең қолданысқа түсіп, әліпби жүйесі бір қалыпқа келе бастайды. Жаппай сауаттандыруды жедел атқаруға кемшін соғатын, игеру процесі ұзаққа (кем дегенде үш-төрт жыл) созылатын, қиындығы көп ескі жазудан гөрі, қалың жұртшылыққа қысқа мерзімде (үш-төрт айда) игеріп алатындай, тіл ерекшеліктері ескеріліп жасалған төте жазудың тиімділігі байқалады. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастыра отырып,  қазақ  тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріп, кірме дыбыстарды мүмкіндігінше қысқартып алады[3]. Жалпы А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық  қазақ  жазуы деп атаймыз.



Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет