Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#142007
1   2   3   4   5

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, сағаттарда олардың көлемі



Тақырып 1. Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

- Акционерлік қоғам түрлері. Ашық халықтық қоғам.

- Акционерлік қоғам барлық түрлерінің жарғылық капиталының минималды деңгейі.

- Акционерлік қоғамның басқа шаруашылық серіктестік түрлерінің айырмашылығы.

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]
Тақырып 2. Акционерлік қоғамды басқару

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:


    • Акционерлік қоғамды қайта құру және жою (қосу, бірігу, бөлу, қайта құрылу, бөліп шығару).

    • Қоғамды міндетті қайта құру талаптарын орындамау салдары.

- АҚ-ды жою.

- Қоғамды жою барысында несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру.

- Жойылған АҚ-ның мүлік бөлу.

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]


Тақырып 3. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі


Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

- Акцияларды шығару нысандары (атаулы, ұсынушыға).

- Құнды қағаздардың мазмұны.

- Акциялардың номиналдық және курстық құны.

- Имитенттер мен инвесторларға арналған акциялардың түрі типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

- Қазақстан Республика аумағында шығарылатын құнды қағаздардың түрлері. Қоғамның акцияларды тарату тәсілдері.

Әдебиеттер: [4-8]


Тақырып 4. Инвестициялық портфель теориясы

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары


    • Портфельдің күтілетін табыстылығын анықтау. Портфель тәуекелдігін анықтау. Портфель диверсификациясы.

    • Құнды қағаздар портфелін басқаруды ұйымдастыру. Портфельдік стратегиялар. Инвестициялық портфель мониторингі.

    • Сабақты өткізу әдістері: тәжірибе есептерді шығару

Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 5. Акционерлік қоғамда капиталды басқару

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары

- Акционерлікменшікті өзгерту тәсілдері.

- Акционерлік меншікті қайта өзгерту. Акционерлік капиталды бағалау әдістері. Табысты капитализациялау әдістері.

- Нолдік, тұрақты және айнымалы өсім моделі.

- «Баға-табыс» қатына негізделген модельдер

Әдебиеттер: [1-3, 4-8]


Тақырып 6. Акционерлік қоғамдардың дивиденд саясаты

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, тәжірибе есептерді шығару, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары

- Акциялай төленетін дивидендтер және акцияларды бөлу.

- Акционерлік қоғамдардың табыстылығын болжау.

Әдебиеттер: [4-8]
Тақырып 7. Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығын бағалау

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, тәжірибе есептерді шығару, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары

- Инвестициялық белсенділіктің күшейуіне әсер ететін факторлар.

- Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығының мазмұны және міндеттері.

Әдебиеттер: [4-8]

Тақырып 8. Акционерлік қоғамның құрылуы мен қызметі етуінің шетелідк тәжірибесі

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, тәжірибе есептерді шығару, баяндама жасау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары

- Акционерлік меншіктің дамуындағы қаржылық институтардың рөлі (банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, қарызға беретін, қайырымдылық, зейнет қорлары және тағы басқа мекемелер).

- Шетелдегі акционерлік қоғамдарды басқару.



Әдебиеттер: [4-8]



  1. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар монографияларды, оқулықтарды, ақпараттың басқа көздерін қарастыра отырып, төменде көрсетілген барлық сұрақтарды әзірлеуді және рефераттарды жазуды ескереді.


1 Тақырып Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері

Өндіріс дамуындағы акционерлеудің мағынасы. Берілген фирма түрінің ерекшелік белгілері.


2 Тақырып Акционерлік қоғамды басқару

Акционерлік қоғамның құрылтайшылары, акционерлері, олардың құқықтары және міндеттемелері. АҚ-ды рәсімдеу тәртібі. АҚ-ды рәсімдейтін орган.



3 Тақырып Құнды қағаздар және олардың жіктелуі

Қазақстан Республика аумағында шығарылатын құнды қағаздардың түрлері. Қоғамның акцияларды тарату тәсілдері. Акцияларды төлеу және сатып алу. Акцияларды біріктіру және бөлу. Құнды қағаздарды шығару нысандары мен мазмұны. Акциялардың қосымша эммиссиясы.


4 Тақырып Инвестициялық портфель теориясы

Портфельдің күтілетін табыстылығын анықтау. Портфель тәуекелдігін анықтау. Портфель диверсификациясы. Морковецтың диверсикация стратегиясы. Тәуекелді активтерден портфельді таңдау. Қажетті және тиімді портфель.


5 Тақырып Акционерлік қоғамда капиталды басқару

Акционерлік қоғамның бастапқы құрылымы. Акционерлікменшікті өзгерту тәсілдері.


6 Тақырып Акционерлік қоғамдардың дивиденд саясаты

Акционерлік қоғамдардың табыстылығын болжау. Пайданы болжау. Пайданы болжау әдістері.


7 Тақырып Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығын бағалау

Акционерлік қоғамның өндірістік, экономикалық, техникалық және қаржылық қызметін кешендік бағалау. Жалпы экономикалық көрсеткіштерді талдау. Қаржылық жайын талдау. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері. Инвестициялық белсенділіктің күшейуіне әсер ететін факторлар.


8 Тақырып. Акционерлік қоғамның құрылуы мен қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі

Акционерлік қоғамды басқарудағы акционерлердің қатысуы: нормалар мен әдістері. Акционерлік капиталды басқарушылардың қатысуы. Акционерлік меншікті бақылаудың нысандары.


10. СӨЖМ кеңесінің кестесі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
11. Білім алушының білімін тексеру кестесі
Практикалық сабақтар және СӨЖМ 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Бақылау жұмысы

Инвестициялық портфель теориясы

[1-4,7]

6 жұма

жазбаша бақылау

7-ші жұма

2

Межелік бақылау

Тақырып 1-4







тест

8-ші жұма

3

Бақылау жұмысы

Акционерлік қоғамның инвестициялық тартымдылығын бағалау

[4-9]

5 жұма

жазбаша бақылау

14-ші жұма

4

Межелік бақылау

Тақырып 5-8







тест

15-ші жұма

12. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:


Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер
Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Л. А. Лобан, В. Т. Пыко. Экономика предприятия: учебный комплекс.- Минск: Современная школа,2011.-429 с.

2 В. Г. Самойлович, Е. К. Телушкина. Экономика предприятия: учебник для вузов.-2-е изд., стер.. - М. :Академия,2012.-221 с.

3 Е. С. Дубровская. Экономика: учебник для вузов.- М. : РИОР,2012. - 254 с.

4 Т. Түсіпбеков, Г. Теңізбаева. Кәсіпорын экономикасы: әдістемелік құрал.-Астана:Фолиант,2010.- 200 б

5 А. К. Нурпеисова, Г. Е. Жандыкеева, А. Д. Тлеубекова. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік құқықтың негізгі аспектілері.-Алматы:LEM,2012. - 336 б.

6 К. Ж. Оразалин Кәсіпорын экономикасы:(тәжірибе сабағына арналған оқу құралы).-Алматы:LEM, 2011.-294 б.
Қосымша

7 Закон Республики Казахстан от 13 мая 2003 года № 415-II «Об акционерных обществах» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 04.07.2013 г.)



8 Д. Скориков. Бухгалтер и право, 2012. - № 9, АО: реорганизация, особенности преобразования в ТОО. С 25-30.

9 К. Нурпеисова. РЦБК Казахстана, 2012. - № 8, Прозрачность бизнеса и система раскрытия информации в АО. С 44-46.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет