Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономикалық факультеті
Экономика кафедрасы
___Mar 2210_ Маркетинг пәнінен
(пәннің коды мен атауы)
ПӘН бағдарламасы (Syllabus)
Павлодар, 2013 ж.
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
БЕКIТЕМIН
Қаржы-экономика
факультетінің деканы
____________ Т.Я.Эрназаров
2013ж. __________ «___»
Құрастырушы: э.ғ.к., доцент А. А. Нұрғалиева __________
Экономика кафедрасы
5B050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы», 5В051000 «Мемлекетті жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
Маркетинг
пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «___»____________№_____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ С.К. Кунязова 20__ж. «___» ________
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ж. «_____»__________ №____ Хаттама.
ОӘК төрайымы _____________ А.Б. Темиргалиева 20__ж. «____» ________
1. Пән бағдарламасының паспорты
Пәннің атауы Маркетинг
ЖОО компонент пәні
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар барлығы – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Практикалық /семинарлық сабақтар – 15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: Маркетинг; Менеджмент; Экономика теориясының негіздері; Экономикалық ілімдер тарихы; Әлеуметтану; Психология.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: ӨШҚ экономикалық талдау, бизнес-жоспарлау, өнеркәсіп салаларының экономикасы, өндірістік сфераның экономикасы.
2. Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты Курстың мақсаты – маркетингтің теориялық негіздерін және категориялы-түсініктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтері мен принциптерін пайдалану бойынша тәжірибелі дағдыларды игеру.
Пәннің міндеттері – Осы мақсатқа байланысты курстың міндеттері келесі сұрақтарды зерттеу болып табылады:
-
маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары;
-
маретинг ортасы мен оның құрамдастары;
-
маркетинг ақпарат жүйесі және маркетинг зерттеулері;
-
тауар және қызметтер рыногындағы тұтынушылық іс-әрекет теориясының негіздері;
-
рынокты сегменттеу және тауарды жайғастырудың әдістемелік негіздері;
-
маркетинг жүйесіндегі тауар саясаты;
-
баға құру және баға стратегиялары;
-
өткізу және тауар қозғалысы жүйесі;
-
тауар мен қызметтерді алға жылжыту – маркетинг құрамдасы;
-
маркетингті басқару, жоспарлау және бақылау үрдісі;
-
қызметтер маркетингі және халықаралық маркетинг ерекшеліктері.
3. Қалыптасатын құзыреттіліктер
Білімі және түсінігі:
-
маркетингтік үрдісін, маркетингтін кешенін, маркетинтің негізгі функцияларын, олардың түсінігі мен маңыздылығын;
-
маркетингті зерттеу әдістерін, үрдісін, құралдарын;
-
нарықты сегменттеу қағидаларын және белгілерін;
-
тауарлық, бағалық саясаттарының мәнін;
Білімін және түсінігін қолдану:
-
тауарды тарату, өткізу және жылжыту әдістерін;
-
халықаралық, қызмет және коммерциялық емес іс-әрекет маркетингінің ерекшеліктерін білуі керек.
Пайымдауларын қалыптастыру:
-
маркетингті зерттеу әдістерін қолданып, әр бір ұйым үшін маркетингтік зерттеу өткізу, бірінші және екінші ретті мәлімет жинау;
-
тұтынушы нарығын географиялық, демографиялық, психографиялық тәртіптік белгілеріне (принциптеріне) байланысты сегменттеу;
-
ұйымның тарату каналдарын анықтау және өткізу стратегиясын жасау;
-
ұйымның бәсекелестерге байланысты, максималды шығын негізіне байланысты және маркетинг бағдарламасына байланысты маркетингтік бюджетін өндеу;
Коммуникациялар:
- ақпаратпен жұмыс істеу;
- іскерлік қарым-қатнас;
- шешім қабылдау;
- қысқаша есеп беру;
- презентация өткізу;
Оқу дағдылары:
- ұйымда қарастырылатын жобаларды және оларды қаржыландырудағы инвестиция көздерін таңдауды экономикалық тұрғыдан қарастыруы керек.
4. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақтар түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі
№ р/с
|
Тақырып атауы
|
Сабақ түрлері бойынша сағаттар саны
|
дәріс
|
тәжірибе
|
СӨЖ
|
Соның ішінде СӨЖМ
|
1
|
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
|
1
|
1
|
6
|
2
|
2
|
Маркетингтік зерттеулер
|
1
|
1
|
6
|
2
|
3
|
Маркетинг ортасы
|
1
|
1
|
6
|
2
|
4
|
Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы
|
1
|
1
|
6
|
2
|
5
|
Рынокты сегменттеу
|
1
|
1
|
6
|
2
|
6
|
Маркетинг жүйесіндегі тауар
|
1
|
1
|
6
|
2
|
7
|
Маркетингтегі тауар саясаты
|
1
|
1
|
6
|
2
|
8
|
Маркетингтің баға саясаты
|
1
|
1
|
6
|
1,5
|
9
|
Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты
|
1
|
1
|
6
|
1
|
10
|
Маркетингтегі коммуникациялық саясат
|
1
|
1
|
6
|
1
|
11
|
Маркетинг жүйесіндегі жарнама
|
1
|
1
|
6
|
1
|
12
|
Маркетингті жоспарлау және бақылау
|
1
|
1
|
6
|
1
|
13
|
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
|
1
|
1
|
6
|
1
|
14
|
Халықаралық маркетинг
|
1
|
1
|
6
|
1
|
15
|
Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
|
1
|
1
|
6
|
1
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтардың мазмуны
1 Тақырып Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Маркетингтің пайда болуы және дамуының экономикалық алғы шарттары.
Маркетингтің мәні. Маркетингтің мәнінің анықтамасының әртүрлі бағыттары. Рыноктық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мазмұны, ерекшелігі және дамуы. Маркетингтің негізгі ұғымдары.
«Сатушы рыногы» және «сатып алушылар рыногы» жағдайларындағы маркетинг іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.
Маркетингтің объектісі, субъектісі, мақсаттары, қызметтері, үрдісі және қағидалары.
Маркетингтік шешім қабылдау процесі. «Маркетинг-микс» түсінігі. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері. Тауарлар үшін «6-Р» түсінігі, оның құрылымы. Қызметтер үшін «7-Р», оның құрылымы. Маркетинг менеджмент.
Маркетинг түрлері: дифференциалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған, кешенді және коммуникативті (өзара байланысқан). Сұранысқа байланысты маркетинг типтері: конверсиялық, дамушы, ремаркетинг, синхромаркетинг, ынталандырушы, қолдаушы, демаркетинг, қарсы әрекет етуші маркетинг.
Коммерциялық маркетинг нысандары. Бейкоммерциялық маркетинг. Қолдану саласы бойынша маркетинг түрлері: тұтыну, өнеркәсіп, инвестициялық, қызмет маркетингі. Экономикалық субъектінің әрекетіне байланысты маркетинг түрлері: ұйым маркетингі, эгомаркетинг, орын маркетингі, әлеуметтік маркетинг және т.б. Оларда маркетинг философиясы мен құралдарын қолдану ерекшеліктері. Макромаркетингті қолдану салалары мен ерекшеліктері.
Маркетингтің негізгі қағидалары: өндірістік, тауарлы (өнімдік), коммерциялық әрекеттерді интенсификациялау (өткізу), маркетингтік, стратегиялық маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг қағидасы, өзара әрекеттесу маркетингі (серіктестік қатынастар) және құндылыққа негізделген маркетинг. Олардың мәні, ерекшеліктері, қолдану шаралары. ҚР-ғы маркетингті зерттеудің қажеттілігі, енгізу жағдайы және дамуы. Маркетингтің даму мәселелері мен болашағы. Шетел және отандық фирмалардың практикалық мәселелері мен болашағы. Шетел және отандық фирмалардың практикалық қызметтерінде маркетингті қолдану концепциялары.
2 Тақырып Маркетингтік зерттеулер
Маркетингтік ақпарат жүйесі түсінігі. Маркетингтік ақпарат жүйесінің құрамдастары. Маркетингтік ақпаратты жіктеу. Маркетингтік ақпарат құрылымы. Бастапқы және екінші ретті ақпарат, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Сыртқы ақпарат көздері. Ішкі ақпарат көздері.
Маркетинг зерттеулерінің ұғымы, оның ролі мен қажеттілігі. Маркетинг зерттеу жүргізу принциптері. Маркетинг зерттеу мақсаттары, нысаналары және типтері.
Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары.
Маркетинг зерттеулері ережелері мен тәртіптері: зерттеу жоспарын өндеу, зерттеу жоспарын жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін бейнелеу және тұжырымдау.
Маркетинг зертеулерінің әдістері: кабинеттік және далалық, санды және сапалы. Кабинеттік зерттеулер: екінші ретті мәліметтерді талдау, контент-талдау, регрессиялық және корреляциялық талдау. Далалық зерттеулер: бақылау, тәжірибе, таңдамалы зерттеу. Санды зерттеулер: ауызша түрде сұрау, почта арқылы сауалнама, телефондық сұхбат. Сапалы зерттеу: терең түрде жүргізілетін сұхбат, фокус-топтар, эксперттік бағалау. Маркетингтік зерттеулер құралдары: сауалнама, механикалық және электронды құралдар. Сауалнама өңдеу процедурасы.
Маркетингтік зерттеулердегі басты және таңдамалы жиынтық. Таңдамалы жиынтықты анықтау әдістері.
Бенчмаркетинг маркетингтік зерттеудің түрі ретінде. Бенчмаркетинг: түсінігі, даму кезеңдері, құралдары. Бенчмаркетингтің түрлеріне байланысты жүйелі өзара қатынастарды қолдану мүмкіндіктері.
Маркетингтік зерттеудің қазіргі жағдайы.
Шетелдік және отандық тәжірибеде маркетинг зерттеулер жүргізу ерекшеліктері. Қазақстанда маркетингтік зерттеулердің ролі.
3 Тақырып Маркетинг ортасы
Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу ортасының түсінігі. Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері. Маркетинг ортасының бақыланатын және бақыланбайтын факторлары: олардың өзара байланысы.
Микроорта және оның құрамдастары. Бәсекелестік орта ұғымы. Бәсекелестердің түрлері. Фирманың жабдықтаушылармен қарым-қатынас зерттеу. Жабдықтаушылар түрлері. Жабдықтаушыларға қойылатын маркетинг талаптары. Делдалдар ұғымы және олардың түрлері: сауда, маркетинг қызметін көрсететін мекемелер, қаржы-несие мекемелері, тауар жылжытуды ұйымдастырушы маман фирмалар.
Фирманың ішкі ортасын зерттеу. Фирманың әлеуетін талдау: өңдіру, тарату, жылжыту, басқару, қаржы, басқарудың ұйымдық құрылымы. Фирмада маркетингті ұйымдастыру.
Медиаорта: ішкі, жергілікті байланыс аудиториялары, мемлекеттік мекемелер байланыс аудиториялары, қаржы топтары, іс-әрекет жүргізетін азаматтық топтар, көпшілік бұқара, бұқаралық ақпарат құралдарыныңбайланыс аудиториялары. Байланыс аудиториялар түрлері.
Фирма әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси, әлеуметтік-мәдени. Фирманың іс-әрекеттеріне макроорта факторларының әсерін зерттеу.
4 Тақырып Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы
«Қажеттілік» ұғымы. Қажеттілік түрлері: қажеттіліктің тарихи орнына қарай, қанағаттандыру деңгейіне сәйкес, қалыптасу қарқынына қарай және т.б. Қажеттіліктерді өлшеу негіздері: оңтайлы тұтыну теориясы (физиологиялық, функционалды, тұрмыс үдерістері, әлеуметтік талаптары), экономикалық теориялар (шекті пайдалылық теориясы, икемділік теориясы, З. Фрейд, А. Маслоу уәждеме теориялары) және мінез-құлықтың эмоционалды уәждері.
Тұтынушылар түрлері. Тұтынушылар түрлерінің араларындағы негізгі айырмашылықтар.
Соңғы тұтынушылардың мінез-құлқыларының ерекшеліктері. Соңғы тұтынушының мінез-құлқы үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар. Соңғы тұтынушымен сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: мәселені ұғыну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алған заттан алған әсері.
Тұтынушы-ұйымдардың сатып алудағы мінез-құлқының ерекшеліктері. Сатып алу түрлері. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісінде есепке алынатын факторлар. Тұтынушы-ұйымдар мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар.
Өнеркәсіп тауарларын сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті ұғыну және оны сипаттау, жабдықтаушыларды іздеу, ұсыныс іздеу, жабдықтаушыны таңдау, тапсырыс беру, жабдықтаушының жұмысын бағалау.
5 Тақырып Рынокты сегменттеу
Рынокты сегменттеудің мәні, мағынасы және белгілері. Сегменттеу артықшылықтары. Сегменттеу түрлері: макросегменттеу, микросегменттеу, терең сегменттеу, енінен сегменттеу, алдын ала және соңғы сегменттеу.
Тұтынушылар рыногын сегменттеудің негізгі принциптері: географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, психографиялық, мінез-құлықтық.
Өнеркәсіп тауарлары рыногын сегменттеудің негізгі тпринциптері: географиялық, экономикалық, технологиялық, және т.б. Сегментті таңдау критерийі: маңыздылық, пайдалылық; қорғалған, қол жетерлік және т.б.
Тауарлар рыногының жіктелуі. Конъюнктуралық шолу. Рынок сыйымдылығы: түсінігі, деңгейі. Рынок сыйымдылығын бағалау. Рынок үлесін анықтау. Рыноктың сыйымдылығы мен үлесінің динамикалық әсер ететін факторлар. Рынокты қамтудың маркетингтік стратегиялары: дифференциалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған.
Рынокты маркетингтік талдау. Рынок конъюнктурасы: түсінігі, зерттеу деңгейлері. Рынок сыйымдылығы: түсінігі, деңгейлері. Рынок сыйымдылығын бағалау..
Тауарды рынокта жайғастыру үрдісі. Жайғастырудың критерийлерін таңдау. Тауардың рынокта жайғастыру кезіндегі әрекеттер тізбегі. Жайғастыру карталары. Жайғастыру стратегиялары. Тауарды қайта жайғастыру.
6 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тауар
Маркетингтегі тауар түсінігі. Тауар үш деңгейлік үлгісі. Тауарларды жіктеу: дәстүрлі, қызмет және дәстүрлі емес. Тұтыну тауарларын жіктеу. Өнеркәсіп тауарларын жіктеу.
Тауардың өміршендік кезеңі концепциясы. Тауардың өміршендік кезеңдерінің кезеңдері: еңгізу, өсу, кемелідіне жету, құлдырау. Тауардың өміршендік кезеңдері түрлері. Тауардың өміршендік кезеңін ұзату әдістері.
Тауарды таңбалау. Тауар белгісі және мәні. Тауарлық – белгі тәжірибесінің негізгі түсініктері. Тауарды таңбалаудың тәсілдері мен қағидалар. Фирманың тауар саясатындағы бренд және брендинг. Брендингтің мәні, түрлері. Брендті басқару. Сервис және кепілдемемлік қызмет көрсету.
Тауардың орамы. Орам түсінігі, мәні, қызметтері. Орамды жасау кезінде қойылатын талаптар.
7 Тақырып Маркетингтегі тауар саясаты
Тауар саясатының мәні, мақсаттары және міндеттері.
Ассортименттік саясат. Ассортимент түсінігі. Тауар ассортиментінің көрсеткіштері. Тауар ассортименттік басқару. Тауар элиминациясы
Жаңа тауар ұғымы және оның мәні. Жаналық деңгейінің түсінігі. Жаңартылған тауар, жаңа тауар, жаңа тауар, рыноктық идеялар жинау, идеяларды іріктеу, жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру, экономикалық сараптама жүргізу, өнімді өңдеу, байқау маркетингісі, өндірісті коммерциялық дамыту. Тауарді тестілеу.
Тауардың бәсекелік қабілеттілігі түсінігі және оны анықтау белгілері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін анықтау әдістері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігі параметрлары. Тауар сапасы түсінігі және оның құрамдастары. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі стандарттау және сертификаттау.
8 Тақырып Маркетингтің баға саясаты
Бағаның мәні және оның фирманың бәсекелестік стратегиясының элементі ретіндегі рөлі. Баға және құндылықтүсініктері, олардың өзара байланысы. Бәсекелестік артықшылық. Бәсекелестік ортадағы фирманың позициясы. Бағалық сегменттер.
Баға саясаты. Оның мәні және фирманың рыноктағы жалпы мінез-құлық саясатымен байланысы. Фирма қызметіндегі баға саясатының күшейтуінің себептері мен оның маркетинг-микс элементтерімен байланысы. Бағаның басқа да маркетинг құралдарымен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері. Баға саясатының мақсаттары.
Баға саясатына әсер ететін факторлар. Бәсекелестік. Рыноктар және оның құрылымы. Сатып алушылардың мінез-құлқы. Бағалық менеджменттің психологиялық аспектілері. Баға икемділігі. Шығындар. Басқа да факторлар (инфляция, салықтар, мемлекеттік реттеу, келісім-шарт түрлері және т.б.). Баға түрлері.
Бағалық стратегия. Бағалық стратегиясының мәні. Бағалық стратегияның түрлері және оның қолдану шарттары.бағалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараттар.
Баға құру әдістері. Баға құрудағы қиындықтарды туғызатын себептер. Шығынғы негізделген баға құру әдістері (толық және айнымалы шығындар). Құндылықтың ұқсастық әдісі. «Игеру қисығы», «талғамсыздық сурет» негізінде бағаларды анықтау. Тауар параметрлерінің және үлестік көрсеткіштер негізінде, пайдалылық бейімделген үш рет бағалау әдістерінен бағаны анықтау. Баллдық әдіс. Басқа да бағаны анықтау әдістері.
9 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты
тарату саясатының мәні және негізгі құрамдас бөліктері. Тарату саясатындағы шешімдерді қабылдау.
Делдалдардың жіктелуі, атқаратын қызметтер.
Тарату арналары: түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері. Тарату арналарының сипаттамалары: деңгейі, ұзындығы, ені.
Өткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті, эксклюзивті. Өткізу стратегиаларының артықшылықтары мен кемшіліктері. Іріктеп өткізудегі делдалдарды таңдау белгілері. Дәстүрлі тарату арнасы. Интегралды тарату арнасы. Франшиза түсінігі, түрлері.
Логистика. Логистика түрлері. Маркетинг-логистиканың үдерісі.
Көтерме сауда, оның мәні мен мағынасы. Көтерме сауда атқаратын қызметтері. Көтерме сауда түрлері: тұтынушы мен өндіруші арасындағы тікелей байланыс, делдалдар арқылы байланыстары, рынок субъектілерінің коммерциялық байланыстары (бартер айырбас, аукцион саудасы, тауар биржасы, көтерме жәрмеңкесі).
Бөлшек сауда ұғымы, оның атқаратын қызметтері және түрлері. Бөлшек сауда ұйымдарын жіктеу. Дүкен түрлері. Дүкенсіз бөлшек сауда. Бөлшек саудагерлердің негізгі маркетингтік шешімдері. Мерчендайзинг түсінігі және мәні.
10 Тақырып Маркетингтегі коммуникациялық саясат
Коммуникация жүйесі түсінігі. Маркетингтік коммуникация үрдісінің үлгісі, оның элементтері. Коммуникация арналары: коммуникацияның жеке және жеке емес арналары.
Коммуникациялық саясат: ұғымы, мәні. Жылжыту қаржысын өңдеу әдістері.
Коммуникациялық саясаттың құралдары: жарнама, жеке сату, қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз), өткізуді ынталандыру.
Жеке сатудың маңызы, ролі мен ерекшеліктері. Жеке сатудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жеке сатуды жүзеге асыру құралдары. Жеке сату аясындағы сауда персоналының міндеттері.
Қоғаммен байланыс түсінігі. Пайда болу тарихы. Атқаратын міндеттері, қолдану салалары, байланыс әдістері. Спонсоринг. Спонсоринг пайдалану объектілері және салалары.
Өткізуді ынталандыру: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын өндеу. Тұтынушыларды, делдалдарды ынталандыру әдістері.
Тікелей маркетинг. Тікелей маркетингтің тұжырымдамалары: сепаратты, интегративті, функционалды.
Өнім-плейсмент: түсінігі, қолдану ерекшеліктері.
Интерактивті коммуникациялар. Интернеттің функционалды міндеті және қорлары.
Маркетингтік коммуникациялардың тиімділігін арттыруға арналған құралдар мен әдістері. Интерланданған маркетингтік коммуникациялар.
11 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі жарнама
Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері. Жарнама тарату құралдары: баспа, пошта арқылы, экрандық, сыртқы, баспасөздегі, хабар тарату құралдарындағы жарнама, көлік жарнамасы, интернет. Тауарды тарату арналарын таңдау белгілері.
Жарнама қызметін жоспарлау. Жарнама қызметінің кезеңдері.
Жарнамалық кампания түсінігі. Жарнамалық кампанияны ұйымдастыру және жүргізу. Жарнамалық шаралардың тиімділігін анықтау.
Жарнамалық агенттіктердің қызметі: олардың түрлері, қызметтері. Жарнамалық агенттіктердің жұмыстарының ерекшеліктері.
ҚР-ғы жарнамалық қызметтің дамуы.
12 Тақырып Маркетингті жоспарлау және бақылау
Маркетингті жоспарлаудың ролі және артықшылықтары. Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар.
Маркетинг жоспарын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері: іс-әрекет ету мерзімі, маңыздылығы және жасау әдістері. Маркетингтің жалпы, біріккен және арнайы жоспары. Стратегиялық және тактикалық жоспарлар.
Маркетингтік жоспарлаудың әдістері және кезеңдері. Маркетинг жоспарын орындауды қамтамасыз ететтін нақты іс-әрекеттерге жоспар жасау.
Маркетинг бюджетін жасау. Маркетинг бюджетін анықтау әдістері.
Маркетинг бақылау. Маркетингтік бақылау түрлері мен міндеттері. Маркетинг ревизиялау. Маркетингтегі контроллинг және аудит. Контроллинг атқаратын қызметтері және міндеттері. Маркетингтік аудиттің объектілері. Маркетингтік аудитттің процедуларары.
13 Тақырып Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.. Стратегиялық жоспарлау үрдісі. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері және міндеттері. Фирмада стратегиялық жоспар өңдеу салалары. Фирманың мақсаты мен миссияся.
Маркетинг стратегиясын өндеу үшін қолданатын үлгілер. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау: ситуациялық талдау, STEP- талдау, GAP-талдау. Тауар/рынок мүмкіндіктері қалыптамасы (МакКинси), «рынок үлесі өсу» (БКТ )қалыптамасы. PIMS-талдау. Ұйым дамуының базистік стратегиялары. И. Ансофф қалыптамасы. М. Портердің бәсеке үлгілері. Бәсекелестік басымдылық қамтамасыз ету үшін маркетингтік шешімдер.
14 Тақырып Халықаралық маркетинг
Халықаралық маркетинг ұғымы. Халықаралық маркетингтің ролі мен мағынасы. Интернационализация нысандары және халықаралық маркетингтің дамуы.
Халықаралық маркетинг ортасы. Сыртқы рыноктың экономикалық, құқықтық және мядени ортасы, олардың халықаралық маркетингке әсер етуі.
Халықаралық маркетинг стратегияларын жасап дайындау. Халықаралық қызмет түрлері.
Халықаралық маркетинг-микс. Тауарды жоспарлау стартегиялары. Тауарды сыртқы рынокта тарату стратегиалары. Халықаралық маркетингтегі баға стратегиялары. Тауарды жылжыту стратегиялары.
15 Тақырып Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
Қызмет ұғымы. Қызметтердің негізгі сипаттамалары. Қызметтерді жіктеу. Қызметтер маркетингінің кешенін жасап дайындау ерекшеліктері.
Қызметтер рыногын сегменттеу. Қызметтер аясында бәсекелік басымдылықтар. Қызметтер саласында өндіріс, жылжыту, тарату және баға белгілеу ерекшеліктері.
Бейкоммерциялық әрекеттер аясындағы маркетинг. Бейкоммерциялық ұйымдар. Бейкоммерциялық маркетингтегі айырбас үрдісі.
Ұйымдар маркетингі, оның элементтері. Қоғам пікірін қалыптастыру. Саяси маркетинг, эго-маркетинг, өзіндік маркетинг: түсінігі, ерекшеліктері. Орындар маркетингі, оның анықтамасы және негізгі түрлері. Идеялар маркетингі, оның мәні. Қоғамдық маркетингті жоспарлау үрдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |