Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)


Христиан дінінің негізгі догмалары



бет3/4
Дата04.03.2016
өлшемі353 Kb.
#38924
1   2   3   4

Христиан дінінің негізгі догмалары Шіркеудің шығуымен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. - Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы - Інжіл. Библия екі бөлімнен түрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новый завет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөлімі Жаңа өсиет (Новый за­вет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйене отырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парыз есебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздық діни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды. Мүндай кағидалар (догматтар) негізінен 12 бөлімшеден түрады, оны негізі «діни наным» символы деп атайды. Бүл символдық сенімнің 325 жылы Никей соборында сегізі қабылданды да және Царьгород немесе Константинопль (381) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787) соборын коса есептегенде 4 символы қабылданды. Ал, католик ағымында Триденттік соборда (1545-1563) әрі қарай өңделген болатын.Осы 12 символдық сенімге күмәнсіз сену керек. Христиан табыну культтерінен фитиштердің калдықтарын көреміз: икондар, крестер, киелі дейтін табыттар, киелі су жатады.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (таинства), күпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.



Діни мейрамдарарын төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған, Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарға арналған.

Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.

Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.



Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Правос­лавие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.



Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойынша Христиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтің маңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланысты нығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдау Батыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орыс қоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Ви­зантия ғылымымен және өнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында, Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.

1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополитті шіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтар түрды. 1325 жылы митрополит Петр мит­рополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополиті Ион Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті бо­лып сайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриарх митрополит Иова сайланды. Осыған байла­нысты Орыс Православия шіркеуі дербес автокефалды болып жариялан­ды.

Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші, Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборы көп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушылары бірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000 жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейлік салтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс пра­вославие шіркеуінің концепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік ресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада - экономикалық, саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б. мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.

Орыс Православиясы Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дін Қазақстан жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды. 1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үш епархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрь жүмыс істейді.



Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс жә­не ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемле­кет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Ку­риясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетед.

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.

Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.

XVI ғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пай да болды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және бас­ка да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.



Англикан діні. Германиядағы реформаторлар қозғалысы Ан­глияға жетті. 1534 жылы Король Генрих VIII ғ. (1491-1547) Англиядағы монастырьлерді жауып, өзін шіркеудің бастығымын деп жариялады. Содан бастап Англияда протестант діні тарады. Оның ерекшелігі - әрбір құрамның конгрегацияның толық дербестігінде және діндарлар қүрамы өкімет орындарынан тәуелсіз. Олар алғашқыда иерархияға қарсы болғанымен, кейіннен Англияда және Уэльсте Конгрегациялық одақтар құрылды. Басқа протестанттарға қарағанда, англикалықтар шіркеудің қызметін қалдырды. Шіркеудің иерархиясын, епископтар мен священиктерді король өзі тағайындайды. Табыну, сиыну ағылшын тілінде өткізіледі. Діни әдет-ғұрыптардан екеуін қалдырған: крещение «шоқыну» және причащение. Қүдайға кұлшылық ету - басты орын алатын литургия. Ол күрделі ғүрыптармен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Жалпы англи­кан шіркеуі реформаторлардың ішінде евангелиялық жаққа бүрмалайды.

Квакеры. Протестант дінінің басқа ағымдарын «кеш протестан­тизм» деп атайды. Олардың біреуін Квакерлер деп атайды. XVII ғ. «Христиан қоғамындағы ішкі жарық бауырластар» (Христианское обще­ство друзей внутренного света) деген ұйым шықты. Оның негізін салған кәсіпкер Джорж Фокс (1624-1691) деген адам, сенімін ақикат деді, әрбір адам ішкі нұрланудан шығады. Ондай нұрлануға жету жолы - Қүдаймен араласу. Құдаймен кездескенде адам дірілдеп қалтырайды, сонда адам нүрланады, ақиқат жолын көреді. Шоқыну үрдісінде үжымның мүшелері Қүдай мен адамның ішкі дүниесімен сөйлеседі, ондай «сөйлесу» қалтырап, дірілдеп өтумен жүріп жатады, сол себепті оларды квакерлер (анг. дірілдеу) деп атайды. Квакерлер жер жүзінде 200 мыңнан аспайды. Олардың үйымдары АҚШ-та, Англияда, Канадада және басқа мемлекет-терде кездеседі.

Методизм. XVIII ғ. бірінш жартысында методизм англиканшылдар-дың негізінде діни индифицентизмді (селқостықты) жеңу үшін шықты. Оның негізін қалаушылар ағайынды Уэли Джон (1703-1788) жэне Чарльз (1707-1788) Методизм діни әдет-ғүрыптарды өте тәртіппен үстау керек деп қарастырып және жаңа әдіспен шоқыну керек деп түсіндірді. Ағайынды екеуі Оксфорд университетінде оқып жүріп «Киелі кулыб» деген үжым ашты. Олардың айтуы бойынша әрбір адам туғаннан Қүдайдан қайырымшылык алады, Қүдай жолында жүруге жәрдем береді. Ондай жолдарды әр түрлі эдістемелермен жүргізуге болады. Қүдайға қүлшылық етуді, олар ашык аспанда, үйлерде, түрмеде, ауруханада жэне т.б. жолдарда жүргізуді үсынады. Методизмнің діни ғибадаттары өте қарапайым. Бүрынғы ғүрыптардан сакталған шоқыну мен причащения ғана. Методизм қауымдары 12 адамнан түратын класқа, топқа бөлінген. Қауым аймақтарға бірігеді. 1881 жылы дүниежүзілік методизмдік кеңес қүрылады. Қазіргі кездегі методизмдің саны 31 млн. адамды біріктіреді. Олар көбінде АКДІ-та, Великобританияда (Үлыбританияда), Австрияда, Оңтүстік Кореяда жэне Ресейде.

Меннониттер. Меннониттер Солтүстік Германияда шаруалар соғысы (1524-1525) жеңілген соң пайда болды. Оның негізін қалаушы Гол-ландиялық Монно Симонс, ол зүлымдыкқа қарсы белсенді күреске қар-сылық білдірді. Меннониттердің діни ілімінің негізі Менно Симонс жазған «Шын христиан дінінің фундаменті». Бұл кітапта ол барлық қауым мүшелері тең праволы, зорлыққа, соғысқа қатынаспау керек (армияға кызмет етуден бой тартады), әрбір қауым дербес дейді. Меннониттер тағдырға мойынсынбайды. Олар тіптен «Қасиетті жазбадан» да жоғары деп есептейтін жеке діни нанымға зор мән береді. Голландияда және Германиядан меннониттер баска мемлекеттерге тарады. Олардың қауымдары Ресей мен Қазақстанда да кездеседі.

Баптизм. Ағылшын Джон Смит (1554-1612) Англияда бірінші баптистік қауымды үйымдастырды. Баптистік (грек, суға батыра-мын, сумен шокындырамын) қауымда ересек адамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені олардың ойынша, кәмелетке жасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптисттердің мінәжәт (дом мо­литвы) үйіне кіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер діни бостандықты талап етеді, қандай бір дін болмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарға адамдардың барлығы тең праволы «қүқты». Олар троицаны, Христостың Қүдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болуды мойындамайды. Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания) өткізеді. Христиандық әдет-ғүрыптар мен мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеу салты (хлебопреломлена) және қол-алақан мен басқа дем (рукоположениені) жэне де Христостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды.

ХІХғ. ортасында баптис­тер Ресейге, ал XX ғ. басында Қазақстан жеріне де тарады. 1944 жылы СССР-де Евангел христиан баптистерінің одағы қүрылды. Одан бір жылдан соң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып одақ күрды - ВСЕХБ. Белгіленген уақытында съездері өтіп түрады. Съездер арасында «Братский Вестник» - деген журнал арқылы жаңалықтармен бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ ішінде басталып, 70 жылдары қауымдық дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үш қауымдық одақ күрылды. Олар ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеу автономиясы.

Баптизм Қазақстанда ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басында пайда болды. Қазіргі кезде інжілдің христиан баптистері (ІХБ) Қазақстан Республикасындағы шіркеулер кеңесін күрды. Оның діни орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында. ҚР ШК негізінде 7 аймақаралық күрылған. Қазіргі кезде Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ІХБШК топтары жүмыс істейді.

Адвентистер. ХІХғ. 30-шы жылдарында АҚШ-та баптистерден жетінші күнгі Адвентистер бөлініп шықты. Діни уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) жазда 1831 жылы Иисус Христос екінші рет жерге 21 наурызда келеді деп сәуегейлік айтты, сонда ақырзаман болады деді. Одан кейінгі Миллердің орынбасары Христостың қашан келетін мерзімін белгілеуден бас тартып, оның келуі жақын, бірақ келетін күні мен сағатын ешкім білмейді дейтін болады. Адвентистердің негізгі екі ағымы бар, Жетінші күннің адвентистері және адвентис реформистер. Жетінші күн адвентистерді баскарған Элен Уайттың (1827-1815) айтуы бойынша, Христос жақын арада қайта келеді, мың жылдық патшалық қүрып, күнәһарлар соңғы сот өткізеді деген жорамал айтты. Олардың ойынша, адам өлген соң жаны үйқыға кетіп, сот болатын күні оянады. Әрбір адам күдай алдында «жазылып» қойған. Олар жанның мәңгілік өмір сүретініне сенбейді, «жан» «қатерлі сот» уақытында қайта тіріледі де, күнәлардың жаны қүртылып, күнәсіздер Христостың денесімен мәңгілікке жаратылады дейді.

Ресейге XIX ғасырдың 80-жылы тарады. Олар Қазақстан жеріне XX ғасырдың басында пайда болды. 1999 жылдың соңында жетінші күн Адвентистер, жетінші күн христиан Адвентистердің шіркеуінің Қазақстандық конференциясы Астанада өтті. 2003 жылғы деректер бойынша Қазақстан жерінде 40-тан астам сыйыну үйі бар, ал қауым мен топтар саны 60-қа жақындайды.



Иегованың куәгерлері. XIX ғасырдың екінші жартысында Америкада «Иегованың куәгерлері» - (свидетели Иеговы) деген қауым қалыптасты. Оның негізін салушы У.Руссель, Христос көзге көрінбей, 1914 жылы жерге екінші рет түсті, енді шайтанмен соғысқа дайындалып жатыр. Бүл армаггедон «қасиетті соғыс» соғысында тек иеговистер қалады да шайтан мемлекетінің барлығын қүртып орнына Христос басқаратын 144 мың иеговистер (қазіргі кезде олардың саны көбейді) қалып теократиялық мәңгілік мемлекет орнатады. Христос - Қүдай жасаған киелі адам. Шын мәнінде Құдай бір, ол Иегова Христостық Қүдайлық мәнін, о дүниелік өмір барлығын бекер дейді.

Қазақстанда Иегово куәгерлерінің 107 діни бірлестігі бар.Олардың догмалық діни көзқарастарына қысқаша мәлімет. Иегова куәгерлері - пацифистер, әскери қызметтен бас тартушылар. Олар протестанттарға үқсап икондарға, крестке жэне мүсіндерге табынбайды. Ондай табынушылық - пүтқа табынушылық дейді. Діни тойлары тек -Иисус Христостың өлген күнін «Христостың өлгенін еске алу кештері» және т.б.

Протестан дінінің ағымына жататын Елуіншілер (пятидесятниктер) дейміз. Елуіншілер ағымы АҚШ жэне Германияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Иисус Христос қайта тірілгеннен кейін елу күн дегенде апосталдарға Қасиет Рух түсті және олар басқа тілдерде сөйлей бастады деген түсініктен оларға Елуіншілер деп ат қойып кетті.

Кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша Елуіншілер Баптистерден таралған деп дәлелдейді. Себебі, елуіншілердің баптистерден айырмашылығы өте аз..

Протестант дінінің ағымдары өте көп. Қазақстан жерінде байқалғандары: «Інжілдік сенімдегі христиандар» (1921); «Қүдай шіркеуі» (Қүдай балалары) (XX ғасырдың басында); «Пресвитериондар» және т.б. Пресвитериандық ағымнан бөлініп шыккан, біздің елімізде кездестіретін діни қауымдар: «Грейс-Благодать», «Надежда», «Косин» дегендер.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.

2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.

3. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.

4. Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.

5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001.

6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар


Тақырып 7. Ислам

Ислам (араб тілінде бас июшілік, қүлшылык) - үшінші әлемдік, ең жас дін. Мүсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.

Жалпы тарихи жағынан Ислам ҮІІ ғасырда Араб халыктарының алғашқы қауымдык күрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.


VI-VII ғасырларда Аравия түбегіне әр түрлі діни ілімге бай болды. Араб жерінде орын алған, Иудаизм жэне Христиан, зороас­тризм діни ағымдары, сондай-ақ политеистік көзқарастарды да исламның идеялық көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізді.

Ислам діні шықканға дейін Алла (Аллах) деген Қүдайға бас иген, бірақ бүл үғымға арабтар қатардағы бір Қүдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Қүдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Қүдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мүхаммед пайғамбардың түсында «Аллаға» жеке Қүдай түсінігі берілді. Мүхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күші» - Алла еді. Міне, сол себепті ислам дінінің шығуы тікелей Мүхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.

Ислам дінінің негізін салушы Мүхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мүхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жаска дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мүхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мүхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанүясына алады.

12 жасынан бастап Абу-Талиб Мүхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мүхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мүхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның товарларын сатып, үлкен олжамен қайтқаны үшін, оның адалдығы үшін, Хадид­жа Мүхаммедке түрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мүхаммед 25 жаска, ал Хадиджа 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастық айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мүхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қыз туады. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мүхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадид­жа Мүхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын досы болды. Мүхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мүхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен жэне сыйлағанынан, оның тірі кезінде бас­ка әйел алған жоқ.



Мүхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мүхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.

Мүсылмандар түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың үмбеті Мүхаммедке Жәбірәйіл періште көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мүхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп түрыпты. Ал Мүхаммед сол Қүдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. Қүран Қүдай сөзі болғандықтан бүған ешкім де ешбір шәк келтіруге тиіс емес.

Қазіргі «Осман шығарған Қүран» 114 сүре, 6225 аяттан (басқа да Қүранның түрлерінде 6204 жэне 6336 аяттан) түрады. «Медина Қүраныда» аяттардың саны 6000, «Куфа Күраны» мен үнді мүсылмандарының Қүранында 6232 аяттан түратын Қүрандар кездеседі. Шиитер қолданып жүрген Қүранында 115 сүре бар.

Барлық сүрелер көлеміне қарай орналасқан, басында үзақ сүрелер, одан кейін орта, ақырында қыска сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмүнына сәйкес келмейтіні де бар.

Біздің заманымызда ең дүрысы Құранның араб тілінен аудармасы болып есептелетін академик И.Ю.Крачковскийдің еңбегі, оның аудармасы 1963 ж. шықты. Қазақ тіліне араб тілінен «Қүран кэрім» аудармасын 1991 жылы Алматы қаласынан қажы Р.Нысанбайүлы мен У.Қыдырханүлы аударды. Дегенмен Құранды аударуға рұқсат болғанымен, намаз оқу бес парызды орындау тек араб тілінде жүруі керек.

Ислам дінінің шығуына байланысты, Мүхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздері және Мүхаммедтің күнделікті өмірдегі мінез-кұлқы мен әдет-ғұрыптарын іс-әрекеттері аркылы айтылуы суннаны шығарды.



Суннаның немесе Хадистің шығу себебі Қүран кітабындағы 114 сүре барлық мүсылман өмірінің катынастарын көрсету мүмкін болмағандықтан, мүсылмандар арасындағы қатынастарды Мүхаммедтің өміріне сәйкес етіп көрсету. Қандай бір іс-әрекетке мүсылман кездессе ол шешімді Мұхаммед өмірінен тосуы керек. Екіншіден, Хадис арқылы мүсылман өміріне жаңа әдет-ғүрыптар енгізуге икемді болды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қүран мен Суннаның арқасында фикха (мүсылман заңы) немесе шариат күрастырылды. Шариат пен фикха синоним есебінде қолданылады. Фикханың негізгі қызметі - мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтін қүкық (заңы). Шариғат жолдары - Қүдай жолдары, оларды орындау әрбір мүсылманның борышы. Шариғатта діни әдет-ғүрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі. Фикха сол орындаудың практикалық жолдарын, әрбір адамдардың өмірге байланысты, қалай және қайтып орындау керектігін көрсетеді.



Шариғат төрт Ислам қүқығына негізделген: Қүран, Сунне, Иджме (мүсылман қауымының және окымыстылардың пікірлеріне) және Қияса (үқсату арқылы жасалатын пікірлер). Қүранда заңдық емес, этикалық меже мен діни, азаматтық және қылмыстық талаптар бар. Заңдық межелер он шақтыдан аспайды. Екі-үш мыңдай заңдық шешімдер (Мүхаммедтің шешімдері) Суннада.

Мұсылман дінінің парыздары. «Ислам» деген үғым араб тілінде «бас июшілік», «қүлшылық» деген мағына бойынша қүлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады. Біріншісі, міндетті түрде, ал екінші бөлімі, ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекет.

Біріншіге, бес «парыз» діни іс-әрекеттер жатады. Олар: 1. Иманану (тавхид) - сену деген сөз, яғни бір Қүдайға сену «бір Алладан басқа Қүдай жоқ және Мүхаммед оның бізге жіберген елшісі» - дегенге сену. 2. Намаз - арабша «салят». Намаз сөздері Аллаға сыйыну, тілек тілеу, қүлдық үрумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбір сыйыну (намаз) рахаттан (араб тілінде қүран сүресінен үзінді, дене тұрғысы мен қозғалысы) түрады. Таңертеңгілік 2 рахаттан, түскайталық, кешкі және түнгі 4 рахаттан, түнгі - 3 рахаттан... Жүма күнгі намазды мешітте оқу үсынылады. Намазға қалай дайындалу керек, қалай оқылуы керек шариғатта рет-ретімен жазылып көрсетіледі.

3.Зекет (қайыр) - жылына бір рет мұсылмандар өздерінің табыстарының 10/1 бөлігін Мешітке беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлык меншігінің нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын күрайды. Мүсылмандардың түсінігі бойынша, зекет-қайырымдылық, мейірімді іс, ресми салық, ерікті кұрбандық т.б. Ислам дінінде басқа да садақа беру бар, мүгедек, жесір, жетім адамдарға кайырымдылық ету.

4. Ораза - арабша «ас-саум» үстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза үстау. Ораза үстауда таң атқаннан (ақ жіпті қара жіптен айырғанда) кешке дейін (ак жіпті кара жіптен айыра алмау), яғни жарык күннің өне бойында тамақ ішуден, судан, шылым шегуден, жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді. Ораза тек нәпсіні тазалау емес, рухани тазаруға да жатады. Денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді деп түсіндіріледі. Рамазан айы ең «касиетті ай», ораза әрбір пенденің адамгершілігін білдіретін сауапты іс деп түсінеді..

5. Хаджи (хаджж) - әрбір мүсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке мен Мәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мүхаммедтің бейітіне күран окып, күрбан шалып қайтуға тиіс шалып қайтады.

Қажыға барып келген адамдарға «кажы» атағы беріледі. Оның кіші мешітті басқаруға қүқықтык правосы бар. Болса да хаджның ең бір алға қойған мақсаты, барлык мүсылмандардың басын қосу, олардың барлығы, үлттарына, тілдеріне қарамай бауырлас екенін сезіну. Сондықтан хаджда терең діни, идеологиялык және саяси мән бар. Осы бес намаздан басқа діни көзқарас толық болу үшш әрбір мүсылман ең болмағанда 5 сенімге кәміл сенулері керек. Олар: 1) Алланың әр түрлі періштелері. 2) Қүран мен хадис кітабын Алланың жіберген кітабы есебінде, олардағы әрбір сөз Алланың сөзі деп сену керек. 3) Алланың пайғамбарларына, әсіресе ең соңғы пайғамбарға -Мүхаммедке сену керек. 4) о дүниенің барына - жүмақ пен тозаққа сену керек. 5) тағдырға, әрбір адамның тағдыры Алланың қолында екеніне сену керек.



Салттар. Қүлшылықтың екінші бөлімі, ерекше түрде орындалатын діни салттар мен діни мейрамдар. Оларға жататындар: 1) Балаларды сүндетке отырғызу. Жас балалардың балағатқа жеткенін көрсету, «шын» мүсылман қатарына қосылғандығын көрсетеді. Бала сүндеттеуді қазақтар көбінесе баласы есейіп қалған кезде, 5-9 жас арасында орындайды. 2) Қүрбан шалушылық. Қүрбан айтта орындалады. Бүл мейрам ораза өткен соң, жетпіс күннен кейін қүрбан айты мейрамдалады. Қүрбан айт 3-4 күнге созылады. Бүл салт Ибрахим пайғамбардың өз баласын Аллаға қүрбан шалуға дайын болғандығы туралы шықты.

Екінші бір мейрам ораза айт (ар. Ид аль-фитр.). Бүл мейрам ораза біткеннен соң жасалады. Бүл мейрамда мүсылмандар өздерінің қайтыс болған жақындарының бейітіне барады, үй-үйлерге кіріп тамақ, дәм татады, садақа береді. Елеулі діни мейрам деп жүма күнін айтады. Әрбір жүма намазда, мүсылмандар мешітке жиналып намаз оқиды, себебі Мүхаммед Меккеден Мединаға ауысқанда ол күн жүма күні болыпты. Ақыр заман болар алдында жүма күнінен басталады дейді. Со л себепті жүма күн мүсылмандар үшін қадірлі күн.

Жалпы Халифаттың басқаруы X ғасырдан бастап Аббасидтердің қолына өтті. XIII ғасырға дейін мүсылмандар орталығы Бағдат қаласына ауысып, бүл қала ислам дінінің тек орталығы емес, үлкен мәдени-ғылым орталығына айналды. Осы кезде атақты ғылыми адамдар шығып, Араб мемлекетін өркениетті елдер катарына қосты.

Ислам дінінің негізгі ағымдары. Қүранда пайғамбардың «бөлінбеңдер» деген нүсқауын тыңдамай Ислам діні бірнеше ағымдарға бөлініп кетеді. Хараджиттеден кейінгі, елеулі екі ағымына: суннизм және шиизм тоқталайық.

Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер. Сунниттердің шиит ағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.

Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мүсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашкы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік немесе ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мүхаммед пайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мүхаммедтің пайғамбар, Али болса Ха­лиф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сектлердің аздығы және т.е.с



Шиизм. Араб елінде, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң, Халифаттық басқару басталды. Төртінші халиф Алидің түсында ең үлкен рулардың арасынан алауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары, хурайш руынан шыққан Алиге қарсы шығып, бір түтас халифаттық басқаруды қолдамады. Осының салдарынан, Алидің оппозициялары, оны өлтірумен аяқтады. Алиді жақтаушылар «екі нүр» деген (теория) көзқарас таратты, бүл көзқарас бойынша: бірінші нүр Мұхаммед болса, екінші нүр Али еді. Солай болғаннан соң Қүранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді. Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар Шииттер (арабша, топ, партия) деп аталды. Осының арқасында Шииттер Қүранға тағы бір сүре қосты (114 сүренің орнына 115 сүре). Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік Халифтар билікті заңсыз күшпен тартып алушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның үрпағын өздерінің заңды басшылары деп санап, сүнниттік Халифтарға Мүхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тараған үрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының қүрастырылуы VII ғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды.

IX ғасырда Шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мүхаммед аль-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені ол өлген жоқ, оны Аллатағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді. Аллатағала кажет болған кез-де оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетіне әділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырып имам) мен оның жер бетіне кайта оралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды Шиит ағымынан көптеген қауымдар (партия) бөлініп шықты жә­не ол қауымдар өз бетімен тағы да майда қауымдарға бөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген» шииттер және исмайллиттер.



Қазіргі ислам. Ерте дәуірдегі «Алтын ғасырдағы исламға», қайта оралу идеясы көптеген елдерде әртүрлі саяси-элеуметтік қозғалыстар туғызды. Мыса­лы, XVIII ғасырда Аравияда Ваххабиттік қозғалыс шықты. Ол қозғалысты баскарған Абд ал-Ваххаба (1704-1792) болды. Оның негізгі идеясы алғашқы мүсылман қауымдық кезіндегі «таза» Мүхаммедтің ілімін қолдау керек деді. Ол ілім бойынша Алладан басқа Қүдай жоқ, Мүхаммед -жай адам, оны Қүдаймен теңеуге болмайды. «Алла жолына» қарсы келу-шілер қатарына әулие адамдары, киелі жерлерді, магиялык іс-әрекеттерді, басқа да ескі діндердің әдет-ғүрыптарын жаткызды. Олар тек Күран мен Суннаны ғана Ислам дінінің «таза жолы» деп қарастырды. Олар тағы да байлыққа, тойымсыздыққа карсы, кедейлікті мақтап, мүсылман «бауырлыкты» жақтады. Ваххабиттер мүсылман емес халықтарға «әулиелік соғыс» жариялады. Олар дінді қорғауда фанатикалық жолда, керек болса экстремистік іс-әрекеттер де жасады. Ибн Абд аль лімі орта аравияның Саудидов руына үлкен жәрдемін тигізіп Саудидстік Мемлекет күруына жәрдем берді. Қазіргі кезде ваххабизм Саудавия Аравиясының негізгі идеологиясы.

Қазіргі кезде немесе 1962 жылы «Ислам Әлем лигасы» деген мү-сылман одағы қүрылды. 1969 жылы «Ислам конференциясының одағы» деген, үкімет деңгейіндегі одақ қазіргі ең биік одақтасудың орны деуге болады.



Қазақстан жеріндегі Ислам. Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынан бастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Карлуг Ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мүсылман мәдениетін таратты. X ғасырдың басында Карахандықтар мемлекетін күрған Сатук абд аль-Керим Богра ханның (915-955) баласы 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.

Дегенмен, кең байтақ Қазақстан жеріне X ғасырда ислам діні толық таралды деп айту киын. Себебі, осы күнге дейін ислам дінінің Қазақстан жеріне таралу мәселетеушілердің пікірінше, Ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда, Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған десе, екінші біреулері Ислам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне ІХ-Х ғасырда енді дегенді айтады. Исламның VIII ғасырда Қазақстан жеріне енгенімен, бұл діннің өте ұзақ жылдар бойы кең байтақ қазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Бүған қосымша Ш.Уэлиханов-тың Ислам қазақ жеріне XIX ғасырда ғана толығынан таралды деген көз-қарасы да бар.

Ислам қазақ жеріне толық орнағанымен, оның даму «деңгейі» әр-бір аймақта бірдей емес. Бүндай ерекшелік тек Қазақстан жеріне ғана тән емес, ол қазіргі зерттеулер бойынша дүние жүзіндегі мүсылмандық елдерінде де осы секілді ерекшеліктері бар. Ең жиі кез-десетін көзқарастар: миссионерлік көзқарас - Исламды қазақтар үгіт-насихаттың күшімен, формалды түрде қабылдады, үлттық әдет-ғүрыпқа тигізген әсері шамалы деген көзқарас.

Екінші көзқарас, Реставраторлық пікір - қазақтың өзіндік, үлттық діндеріне: шамандық, зорастризмдік, тәңірлік діннің ықпалы басым, сондықтан Ислам қазақтар үшін негізгі дін емес. Үшінші көзқарас, қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойы халықтарының ықпалымен қабылдаған деген тағы сондай көзқарастар бар. Осылардың барлығы бүл мәселенің күрделілігін білдіреді. Әрбір көзкарастардың өзіндік дәлелі бар. Мысалы, анимистік көзқарасты алып қарастырсақ, осы күнге дейін қазақтардың арасынан мынадай сөздерді естуге болады: «Иә аруақ, иә Құдай, қолдай көр, пәле-жаладан сақта!». Бүндай пікір туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар өмірдің қиын сәттерінде өздерінің ата-бабаларының есімдерін еске алады. Ал, кез келген табыс аруақтың қолдауымен бола­ды деп есептейді» - деп жазған немесе қазақтардың пікірлесу кездерінде мынадай сөзді жиі естуге болады: «Әруақ ырза болмай, тірі байымайды» деген сөзді. Міне, осылай сан-алуан ерекшеліктерін корсе­те беруге болады. Осының арқасында қазақтың діни жүйесі бірінен соң бірі келетін діндер деп қарастыруға да болмайды. XI ғасырда қазақ жеріне көптеген діндер сіңіп таралған болатын. Тек нақтылы тарихи кезеңдерде, ұлттық саяси-идеологияның қалыптасу кезінде, қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында Ислам діні басым болды да, ол «үлттық» дінге айналды. Себебі ислам діні қазақ елінің көшпелі жеріне, әдет-ғұрыптарына баска діндерге қарағанда икемді де, тәжірибелі де болды. Ислам дінін қабылдай отырып, қазақ діни өкілдері ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасына калыптасқан ескі діни үғымның пішінін береді. Мүнымен бірге Ислам дінінің өзі де жергі-лікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды. Сонымен, Ислам «ұлттық» дінге айналады. Қазіргі қазақ ұлттық минталитеті бойынша қазақтардың басым көпшілігі «қазақ» деген ұғымды «мүсылман» деген үғыммен бір-дей қабылдайды.

Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) түсында да едуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан монғолдар жаулау тұсында да бүл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Темір тұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Ислам дінінің идеологиясын нығайтты.

Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ис­лам дінінің орталықтары Хиуа мен Бүхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдермен қатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Ислам діні казақ даласына енген сайын бүл байланыс діни негізде нығая түсті.

Қазақ еліне Ислам дінінің ағымы суфизм таралды. XII ғасырда қазақ жерінен шыккан атақты дін ғүламасы Хозрет Сүлтан Ахмет Яссауидің (1105-1166) діни ілімімен суфизмнің ясовизмдік ағымы таралды деп айтсақ та артық болмайды.

Яссауи араб-парсы мәдениетінің гүлденген заманында өмір сүрді. Яссауидің негізгі діни пікірлері «Хикмет-нэме» деген өлеңдер жинағында баяндалды. Бүл өлеңдер жинағында Исламдық діни нанымды одан да жоғары көтерді.

Яссауидің өшпес даңқын эрі қарай көтерген адам Ақсақ Темір (1336-1405) болды. Ол Яссауидің моласының басына көптеген Шығыс елдерінен таңдаулы тас оюлағыш өнерпаздарды, әскери күлдарды алып келіп мешіт тұрғызды. Кейіннен осы мешіттің маңында Түркістан қаласы пайда болды.

Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жете зерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мүсылман орталық қауымы (ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мүсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбір мүсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Ақбота Ахметбек. Қожа Ахмет Иассауи. – Алматы: Санат, 1998.

  2. Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998.

  3. Габдуллин Б. Шокан, Ибырай және Абай дін туралы. – Алматы, 1988.

  4. Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.

  5. Есім Ғ. Суфизмге кіріспе. Сана болмысы. Алматы, 1997.

  6. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы, 1996.

  7. Халиф Алтай Ғақылұлы. Ғибадатұл – Ислам. – Алматы, 1994.

  8. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.

  9. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001.


Тақырып 8. Қазіргі заманғы дәстүрлі емес сенімдер
Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады.

Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды.

Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады.

Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар саны жагынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем дегенде 5 топка бөлеміз:

1. Неоориенталдык табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен - буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» жэне т.е.с.

Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым - мистикалык жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Қүдайдың шындык табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңіл аудару, сыртқы коршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау, кайталау үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп, бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.

2. Неохристиандық одақ — «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» жэне т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі - Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің әлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараска бұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.

3. Сейентологиялық ағым «Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалык, биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын түсіндіру.

4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа балгерлерді, сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка спиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлесу практикасын айтамыз.

5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылыктың кайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер - Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. «XX ғасырдагы діндер» халыктың көңілін өздеріне аудару үшін сырткы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.

XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі де үлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір түрлеріне ғана тоқтап өтеміз.

Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі «Кришнаның санала қауымы» (Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен веданың философиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни агымның негізін салушы - Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977), сал Қушаның аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін «Бхагават - Гита сондай» деген кітабында, тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның кітаптары 40 тілге аударылып таралған, орыс және казақ тілінде де кітаптары бар.

Вайшнавов ілімі бойынша ең бір ақиқат Құдай - Кришна, ол үш аспектіде бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован - бүл Құдай ең жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу. Брахман - жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект - ең жоғарғы жак, ол барлык тірі жандардың жүрегінде, жеке, өзіндік жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкім жасамағаң, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тірі жанды және әлемді жаратқан. Ең бірінші аты - Кришна. Ол өте сүлу, кара терілі жас жігіт. Қалған күдайлар - жартылүдайлар - аватарлар кайталаулары керек.

Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаньщ Санасының Қауымы» ұжым қүрды. 1996 жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.



Жаңа христиандық (неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуінен бөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және т.е.с ағымдарға толы.

Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді карастырайык. Бахай діни қауым XIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған адам - Мирза Хуссейн Али Нури, кейіннен «Бахаулла» деген атак алған. «Бахаулла» арабша «Даңктың Тақсыры» деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің ілімін көптеген шығармаларында қарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар 190 мемлекетке тарады. Бахаулланьщ Қазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950 жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саяси жер аударушылыктың аркасында таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар, Чилік ауылы, Алматы облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдары жартылай заңсыз болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан «О свободе вероисповедания» деген заң бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерінің қауымдарын құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002 жылы Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.

Бахауллы ілімі «Китаб-ул-Ахдас» деген кітабында жазылған.

Бахайлар өздерінің киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған үйінде бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни «Мейрам күні», ол «кездесу» күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык проблемаларды шешеді.

Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентология діні 1954 жылы пайда болды. «Саентология» деген сөз латын тілінде «білім», «калай білімді білу керек» деген мағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша «адамның рухын» зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және «баска өмірмен» катынасын зерттеу. Бұл діннің негізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-Анже-лесте, Калифорния штатында Саентологиялык шіркеуді тіркеді.

«Саентология» - системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикат аныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: «Адам жаны өлмейтін рухани нәрсе». Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі кезде оның мүмкіндігі элі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында шек жок. Адамның табиғаты кайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана немесе жақындарына байланысты емес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы саентологияның мақсаты рухани акиқаттық ағартушылық жэне адамның бас бостандығы.

Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар және әр жыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі: «Адам: Дианетика» топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын насихаттауға арналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.

Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40 жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таураты» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пен табыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылыктың күші». Оның негізгі ұраны - «Әлсіздерге - өлім, күштілерге - байлык» және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік беру. «Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өз табиғи кажеттіліктеріне еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдың орнына теріс әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау».

Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында (шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды. Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес. Олардың өткізілу сипаты сол ұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык, саяси көзқарастарына байланысты болады деп есептейміз. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык, кайырымдылық не аяушылык, бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастық альтернативті діни көзкарас деп карастыруға да болады. Аздаған және нашар үйымдастырылған Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі.



Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндерге ұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда көрсеткендей, коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд Аравиясының ресми идеологиясы болып табылады.

Таблиги Джамат қозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығыз байланысты. «Таблиги жамат» (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели қаласының жанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели (1885-1944) деген деобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан Ауғанстан «Талибанының» козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек молдалар емес, саяси қозғалыска тікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар - XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд деген каладан шыққандар.

Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигарха университетінің ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс европалық білімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам қүкығын (шариғатын) және ислам заңын (фикх) окитын орны болды.

Диобандиялық ағымдарының ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абд аль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың ваххабиттермен жакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар ваххабиттерге ұксап, ислам канонын өзгертуге және кандай да бір «модернизацияға» карсы, оған жол бермейді. Мұсылман кауымының қандай бір иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болса мемлекеттің монархиялык және трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне катаң регламациялық ережелері бар.

Талибандар Бен Ладенға Ауғанстанды «Аль-Кайда» базасына айналдыруға жәрдем берді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы «жарылыстан» соң талибтердің АҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын қауымдар көрші мемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады. Он дай кауымдарды «Таблиги Джамаат» кауымдары осы кезге дейін колдайды.

Казақстандағы «Таблиги Джамаат» қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмір сүруде.

Хизб-ут-Тахир ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылы Иерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни қозғалыстан, жеке діни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында амир Хизб-ут-Такрир, өзін Алланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін) орындаушы халиф ретінде, халифаттық мемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Ол елдерде үлттық айырмашылық болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгі заң есебіне үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады. Үндеулерде байқалатын жиһадка шакырулар нактыландырылмайды. Осыған байланысты Хизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы Алматыда Хизба-ут-Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да экстремистік әдебиеттер алынды.

Көптеген экстремистердің айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей өздері террористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-насихаттарымен ол партия террористерді шығарушы (жасаушы) «конвейер» десек те болады.

Олардың партиясының іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран, Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан, Таджикстан, Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.

Қазіргі кездегі күпия ілімдер. Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзге оғаш) «күдіретті» білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгілі болды. Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда) «кұдіретті» ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа ғылымның жетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның идеяларын брахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен алды. Теософия - Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде және Құдайдың істеген әрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек сезім, сергектену арқылы ғана білуге болатындығы туралы түсінген болатын ілім дейді. «Теософиялык қоғамның» негізін салушы Е.П.Блаватскаяның есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығыс діндерінің «қүпия даналығын» ашьп, оны адамзатқа үсынды. «Күнәсі ашылған Изада» кітабында Е.П.Блаватская «нағыз теософия» бүл философиялык және діни жүйелердің ішкі кұпиясының мәні деген түйін жасады.

Келесі бір кұпия ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және даналык). Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп қарастырады. Оның негізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты, білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылы емес, ол өзінің ішкі жасырын рухани күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштерге адам А.Р.Штайнердің көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияны игергенде игі бола алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925) бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).



Астрология ілімінен Астральді культер (грек. Жұлдыз) пайда болды. Оның ерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар барлық халыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді) Храмдармен бірге обсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әр түрлі планеталарға Құдайдың аттарын беріп: Сим-ай, Шаман - Күн, Мардук - Юпитер, Иштар - Венера, Нергал - Марс, Набу - Меркурий жэне Нинурту - Сатурн деп атады. Астральдық культтің арқасында вавилондык дінде эр түрлі бал ашу, тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандар шықты.

Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де шығады. Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында зодиак таңбалык аңыздар шығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың басы болған жүлдыздардың ортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір жануарлардың аттарын беріп, сол аркылы адамның туған жылының айы аркылы жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылы сол адамның тағдырын болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдыз жорамал) түсініктер шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) - жүлдыздар мен планетаның катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамның туған күніне байланысты оның тагдырын жориды...



Эзотерикалық діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті тасшы) - діни-философиялық және саяси ағым; XIII гасырда Германияда шықты. Оларды көптеген зерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы баска жасырын қауыммен теңестіреді.

Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға байланыстырып көрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған мақсаты - барлық адамдар, нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет деңгейіне карамастан - ерікті, тендік және бауырлык, шын сүйіспеншіліктің патшалығы, «жұмақ жерде болсын» - дейді. Бүндай максат тек өнегелі, акыл-парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жакты дамығанда ғана жетеді деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, ол дін және үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистік дінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек. Мосондардың екінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты монархияны да, оны уакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең соңғы идеалы - аса күшті мемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар еркін-ді, тең және бауырмалды, олардың Құдайы - адамгершілік, дінсіз мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.

Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі депчейден түрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік (қызыл) - 30 дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір кішкентай одактык тобы - ложа деп аталады. Оны баскарушыны - стула мастер деп атайды. Ложалардың аттарын киелі адамдардың, мифологиялык персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттармен атайды. Масон ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады. Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт, Гете, Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген мемлекет орнында жүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген адамдардың аттарымен де байланысты.
Әдебиеттер тізімі:

1.Айтбаев О. Дінтану. Қарағанда, 2010.

2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. – М., 1992.

3. Васильев Л. История религий Востока. – М., 1983.

4. Крывелев И. История религии: В. 2-х т. – М., 1988.

5. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2001.

6.«Дінтану» арнайы курс бойынша 050201 «философия» мамандығы үшін оқу-әдістемелік кешен./ құрастырушы Айтбаев Оңғар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет