Пән: Балалар ауруы Оқытушы: Мамандық



бет10/16
Дата03.01.2022
өлшемі79.41 Kb.
#451537
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
фр. №3 Жұқпалы аурулар (1)

Қарсы көрсетілімі: бұған дейінгі екпеге аллергиялық күшті реакция байқалуы.

Әзірлеу керек: стерилді мақта домалақшалары, стерильді салфеткалар, пинцет, қайшы, қолғап, АбКДС вакцинасы, 1,0 немесе 2,0мл шприцтер, 700 спирт, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыс.

Орындау реттілігі:

  1. Баланың анасына іс – әрекеттің мақсаты мен жүргізу тәртібін түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды ережеге сай жылы ағынды судың астында сабындап жуыңыз, құрғатып, қолғап киіңіз.

  3. Тоңазытқыштан АбКДС, АДС-М вакцинасын шығарып, оның сыртындағы этикеткасын, қолдану мерзімін, сыртқы көрінісін, бүтіндігін тексеріп көріңіз.Вакцина флаконда немесе ампулада болады.

  4. Флаконды (ампуланы) қозғап, вакцинаны шайқап тұнбасын араластырыңыз.

  5. Флаконның металл қақпағы мен жоғары бөлігін (ампуланың мойнын) спиртке батырылған мақта тампонымен сүртіңіз.

  6. Флаконның металл қақпағының ортасын таза қайшымен ашып, екінші стерилді спиртті домалақшамен резеңке қақпағын залалсыздандыры-

ңыз (домалақша қақпақтың үстінде қалады). Ал ампуланың мойнын кескішпен кесіп, стерильді мақта тампонымен демеп тұрып ашыңыз, мақта тампонымен бірге басын дезинфекциялаушы ерітіндіге тастаңыз.

  1. Флакондағы (ампуладағы) вакцинаны суықтатқыш элементтің ішіне қойыңыз.

  2. Шприцтің орауын ашып, инесін канюляға қондырып, шприцке 1 балаға арналған дозаны (0,5 мл) сорып алыңыз.

  3. Иненің ішіндегі ауасын шығарыңыз.

  4. Спиртке батырылған стерилді мақта домалақшасының біреуімен кең, екіншісімен егілетін орынды сүртіп залалсыздандырыңыз.

  5. Екпе жасалатын орынды сол қолдың саусақтарымен демеп ұстаңыз (ерте жастағы балалардың бұлшық етін үшбұрыштап қыртысқа жинаңыз).

  6. Санның латеральды бөлігіне (санның алдыңғы – сыртқы беті) вакцинасы бар шприцтің инесін тік бағытта әкеліп 0,5 мл дозада бұлшық етке енгізіңіз.

  7. Қолды ауыстырмай, сол қолдың үлкен саусағымен поршенді итеріп, вакцинаны енгізіңіз.

  8. Екпе жүргізілген жерді спиртке батырылған мақта домалақшасымен 2-3 минуттай басып, ұстап тұрыңыз.

  9. Мақта шаригін, және қолғаптарды шешіп контейнерге тастаңыз, қолыңызды жуып құрғатыңыз.

  10. Баланың ата-анасына екпеден кейінгі болуы мүмкін өзгерістер жайлы мәлімет беріңіз.

  11. Жүргізілген екпені тиісті медициналық құжаттарға тіркеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет