Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің
кемікті затында болады.
№68. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.
Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үстінде
апоневротикалық қуыста орналасқан
№69. Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?
Жауап: Сол аталық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады
№70. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді. Веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?
Жауап: Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веналар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.
№71. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер не ойлау керек?
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек
№72. Эндоартеритпен науқас адамның аяқ ұшын қандануын тексеру керек. Қай жерде пульсацияны және артерияны тексеру керек.
Жауап: Аяқ ұшының табандық бөлімінде артерияның пульсациясын және артерияны тексеру керек. Табанның қандануын артқы асық жілік артериясының медиалды асық жілікті өзекте пульсін тексеруге болады.
№73. Науқаста қолтық асты артериының аневризмасы байқалады, ота жасау керек. Лигатураны қай орынға істеу керек, жоғарғы қол сүйектернің қандануы бұзбас үшін және неге?
Жауап: Жауырынасты артерияның шығыуына бекіту керек лигатураны, себебі мықты жауырын анастомоз бұғанаасты артериясының және қолтық асты артериясының жүйелері арасында байқалады.
№74. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер ойлау керек.
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек.
№75. Науқаста үлкен саусақтың қабынуы байқалады. Науқаста қандай лимфа түйіндерінің үлкейгені байқалады?
Жауап: Қолтықасты лимфа түйіндерінің қабынуы болады, мүмкін шынтақ лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалмайды.
№76. Дәрігер-рентгенолог бүйрек рентгенограммасын қарағанда оның түбекшесі қап тәрізді, кіші табақшалар бірден түбекшеге құятыны (үлкен табақшалар жоқ) көрінді. Даму варианттарын ескере отырып дәрігер бүйректің экскреторлық жолдарының қай пішініні көрді?
Жауап эталоны: Дәрігер рентгенолог бүйрек экскреторлық ағашының эмбриональдық пішінін тапты.
№77. Ауруда несеп-тас ауруы. Несеп ағардың қай жерлерінде тас тұрып қалып тесікті жабуы мүмкін.
Жауап эталоны: Түбекшеден шыққан жерінде, кіші жамбасқа өткен жерінде, қуыққа кірген жерінде.
№78. Шат сүйектерінің жарақатынан кейін, симфиз маңында жылжу байқалды. Қай ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін?
Жауап эталоны: Бұндай жарақатта қуық бұзылады.
№79. Несеп шығаратын өзектің өткізбейтіндігінен, несепті қуықты тесіпшығару керек. Бұл манипуляцияны іш пердесін жарақаттамай жасауға бола ма?
Жауап эталоны: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.
№80. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.
Жауап эталоны: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.
№81. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?
Жауап эталоны: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.
№82. Қынап арқылы жатыр мойнын қарағанда гинеколог онда көлденең саңлауды көрді. Әйел бұрын босанған ба?
Жауап эталоны: Гинекология келген әйел бұрын бала тауып босанған.
№83. Жатыр түтігін алу үшін гинеколог жатырың кең жалғамасының қай жерін хирург кесуі керек?
Жауап эталоны: Хирург жатыр түтігін алу үшін түтіктің шажырқайын кеседі.
№84. Босанудан кейін несеп-жыныс диагфрагмасы жарақаттанды, оның кесірінен несепті ұстау қабілеті бұзылды. Бұл жағдайда қай бұлшық ет жарақаттанды.
Жауап эталоны: Шат аралығы жарақатынан кейін несеп шығару өзегінің сфинктері бұзылды.
№85. Баланы қарағанда дәрігер оның сол аталық безі құрсақ қуысының ішінде екенін байқайды. Бұндай орналасуы аномалия ма немесе даму вариантты ма?
Жауап эталоны: Аталық бездің шат каналының тереңгі сақинасында орналасуы аномалия деп саналады.
№86. Қуық асты безі секрет шығарып қана қоймайды. Сонымен бірге несеп шығаратын өзектің сфинктірі қызметін атқарады. Адам өмірінің қай периодында тек несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады?
Жауап эталоны: Жыныстық қабілетке жеткенше несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады.
№87. Ауру еркектің қуық асты түбірің маңайында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескергенде ісік қай ағзаға көшуі мүмкін?
Жауап эталоны: Ісік қуық асты безіне ауысуы мүмкін. Өйткені ол қуықтың түбінде орналасқан.
№88. Басынан жарақат алған ауру түсті , оның миында ісік бар екені байқалады. Операция – басқа трепанация жасауға дайындау үшін жұлынға пункция жасау керек. Омыртқа бағанасының қай бөлігінде пункция жасалынды.?
Жауап: 3-4 бел омыртқаларының арасында.
№89. Ауруда тері сезімі – стереогноз бұзылғалы байқалады.
Жұлынның қай жіпшелерінің тұсында өткізгіштік бұзылған?
Жауап эталоны: Жұлынның артқы жіпшелерінің Голл және Бурдах шоғырларында.
№90. Ауруда қол, аяқ бұлшық еттерінің жұмысы бұзылғаны байқалды. Мишықтың қай анатомиялық құрылысы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Мишықтың жарты шары мен тісті ядросы жарақаттанғанда.
№91. Аурудың тынысы мен қан айналымы тоқтады. Ромба тәрізді мидың қай анатомиялық құрылымы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Сопақша мидағы тыныс алу және қан айналым орталықтары.
№92. Науқас ауруханаға жедел менингитпен түсті. Ауру бас мидың шеменімен асқынды. Ромб миының қандай тесіктері торлы қабықасты кеңестікпен жұлын сұйығының циркуляциясының бұзылуына әкеп соқтырады.
Жауап: Ортаңғы тесік (Magendi) және екі бүйір (Luschka) 4-ші қарыншаның жоғарғы тамырлы қабықшасы .
№93. Босану кезінде нәрестеде бас – ми жарақаты байқалды мишықтың жұлынуымен. Қатты ми қабықшасының қандай өсіндісі зақымдалған.
Жауап: Мишық шатырының үзілуі байқалады.
№94. Ауруда иықтың бүгу қызметі бұзылған және білектің латеральды жағындағы терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нервтің жарақаттанғаны болады.
Жауап: Ауруда бұлшықет-тері нерві жарақаттанған.
№95. Ауруда санның артқы бетіндегі терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нерв бұзылған.
Жауап: Ауруда артқы санның тері нервінің қызметі бұзылған.
№96. Ауруда санды ішкі әкелу бұзылған, сонымен бірге санның медиальды бетінде тері сезімі бұзылған. Ауруда қай нервтің бұзылғаны байқалады.
Жауап: Ауруда жапқыш нервтің бұзылғаны байқалады
№97.Ауруда көп қозғалғанда тепе-теңдігі бұзылатыны байқалады, тыныш отырса тоқталады. Ауруда қай тепе-теңдік бұзылғанын көрсет.
Жауап: Ауруда кинетикалық тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады.
№98. Туристер тауға көтерілгенде құлақтары бітіп қалады, сондықтан олар тұтынады. Неге?
Жауап: Жұтыну қозғалысын жасағанда есту түтігі кеңіп, дабыл қуысында атмосфералық қысым теңселеді.
№99. Өте жарықта көз қарашығы тарылады. Бұл реакция қай бұлшық еттің арқасында болатынын көрсет.
Жауап: Көз қарашығын тарылтатын бұлшық ет.
№100. Ауруда екі көзінде медиальді көру алаңы жоғалатыны байқалады. Ауруда көру жолының қай деңгейінде бұзылғанын көрсет:
Жауап: Көру қиылысының маңында.
№101. Науқас Д, 25 жастағы жүрек соғысына, ашушаңдық, күйгелек, ұйқысыздық, азып кетуіне, қолдың дірілдеуіне (жазуы өзгерген) осындай белгілерге шағымданады. Тәбеті жоғары, дене салмағының бір уақытта өзгеруі. Теріс азот балансы байқалады, дене температурасы жоғары, тері ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульс 118/мин. Бұл қандай патология?
Жауап: Диффузды токсикалық зоб (Базед ауруы) – қалқанша без гормондарының гиперфункциясы (тироксин, трийодтиронин).
№102. Науқас Р, 58 жасар дәрігерге солғындық, апатия, баяулықпен шағымданған. Жоғары және төменгі қабақтың қалтатәріздес ісікпен, еріндердің, ұрттың ісігі байқалады. Ісік тіндерді басқанда шұңқырдың ізі қалмайды. Негізгі алмасу төмендеген. Бұл қандай патология?
Жауап: Қалқанша бездің гипофункциясына (микседема) орын берілген.
№103. Профилактикалық тексеру кезінде Солтүстік Кавказдың тұрғындарында көптеген тұрғынында қалқанша безінің үлкеюі байқалған. Қан анализі көрсеткендей Т4 және Т3 төменгі деңгейі көрсетілген. Көптеген жағдайларда тұншығу ұстамасы, құрғақтық, жөтел, дауыстың қарлығуы байқалады. Бұл қандай патология?
Жауап: Эндемиялық зоб. Эндемиялық зобтың негізгі себебі тамақ өнімдерінде йодтың тапшылығы, оның топырақта және суда жетіспеушілігі. Тиреоидты гормондардың тапшылығы гипофиздегі тиротропты гормондардың секрециясының жоғарылауына әкеледі, қалқанша безінің тіндерінің гиперплазиясына зобтың дамуына әкеліп соқтырады.
№104. Қалқанша безінің резекциясында кездейсоқ қалқанша жанындағы бездер алынып тасталынды. Операциядан кейін науқаста тетания ұстамасы басталды. Тетанияның белгілері алдында аяқ-қолдың мұздауы, жансыздануы, шымылдауы дененің тітіркенуі, түйілу сезімі байқалады. Осы белгілерден соң, әр түрлі ауыр тонусты қалтырау байқалады.
Жауап: Паратгормонның жетіспеушілігі сүйек тінінен қанға кальции иондарының келуін азайтады және бүйректің жекеленген проксимальды бөліктеріндегі фосфордың реабсорбциясын жоғарылатады. Осының нәтижесінде гипокальцемия байқалады және гиперфосфатемия. Гипокальцемияның нәтижесінде Na және K, сонымен қатар Са және Mg иондарының арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде нерв бұлшықет қозуының бірден жоғарылауы туындайды. Са бұлшықеттің жиырылу механизміне қатысады.
№105. 7 жасар балада физикалық және ақыл есіндегі кемістік байқалады. Бойы кіші, дене құрылысы пропорционалды емес. Негізгі зат алмасу және дене температурасы төмен. Бұл қандай патология? Сіз себебін қалай түсіндіресіз?
Жауап: Бұл жағдайда қалқанша безінің гипофункциясы орын алады, немесе гипотиреоз, басқаша кретинизм деп аталады. Бұл аурудың белгілері, ең бастысы, иодтирониндердің жасушаның бөлінуіне және дифференцировкаға әсерінің төмендеуімен түсіндіріледі. Бұның нәтижесінде сүйек тіні өсуі баяулайды және дұрыс өспейді, нейрондардың дифференцировкасы бұзылады. Нәтижесінде нейрондар өздерінің арнайы функцияларын орындай алмайды.
№106. Науқас дене массасының артық салмағына, шөлге, әрдайым аш болуына, шаршаңқы, бұлшықеттің әлсіздігіне шағымданады. Тексеріп байқағанда науқастың беті ай тәрізді. Зерттеу барысында гипергликемия, гипертония, АКТГ және кортизол гормондарының жоғары секрециясы байқалған. Бұл қандай патология?
Жауап: Бүйрек үсті безінің қабығының гиперфункциясы байқалады. (Иценко-Кушинга ауруы) немесе стероидты диабет.
№107. Науқас әйелдің шағымы: ауыз қуысы құрғап, шөлдеп, тәбеті жоғары, әлсіз. Тәулігіне бөлінетін зәрдің көлемі 3 литр дейін жоғарылаған. Зәрге жасалған талдау 1,032 тығыздықты глюкозаның мөлшері 9,0 ммоль/л екендігін көрсетті. Бұл қандай патология?
Жауап: Науқас әйелде қант диабеті. Бұл ауруда қандағы қанттың мөлшері жоғары (гипергликемия), себебі инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы түрде жеткіліксіздігі байқалады. Глюкоза – осмостық белсенді зат, қанға бөлінген кезде өзімен бірге суды тартады, диурез жоғарылайды (полиурия), шартты түрде шөлдеу пайда болады (полидипсия). Қандағы глюкозаның мөлшері жоғары болуына қарамастан, ол клеткаға өтпейді және бауырда гликогенге айналмайды, тіндерде энергетикалық материал ретінде пайдаланылмайды, «тоқтық арасында аштық» (полифагия) байқалады. Глюкозаның мөлшері сонымен бірге, глюконеогенездің есесінен де жоғарылайды, яғни бұл жағдайларда майлар мен белоктар (глицерин, аминоқышқылдар) глюкозаға айналады.
№108 Жынысы жетілмеген жануарда эксперимент кезінде эпифиз алынып тасталынды. Жануардың жыныстық жетілу жылдамдығы қалай өзгереді?
Жауап: Жыныстық жетілу жылдам болады.
№109. Босану кезінде екі қабат әйелге жатырдың жиырылуын үлкейтетін гормон салды. Екі қабат әйелге қандай гормон енгізді?
Жауап: Окситоцин.
3. Сынақ, емтихан сұрақтары:
-
Қаңқаға анықтама беріңіз.
-
Сүйектердің жіктелуі.
-
Бассүйектердің милық және беттік бөлімдерге бөлінуі.
-
Ми сауытының сүйектерін атап, көрсетіңіз.
-
Бет сүйектерін атап, көрсетіңіз.
-
Тұлға сүйектердің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
-
Қол және аяқтың сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
-
Қол сүйектерінің белдеуінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
-
Аяқ белдеу сүйектерінің құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
-
Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасының құрылысының ерекшеліктерін айтып беріңіз.
-
Сүйектердің буындарының түрлері.
-
Буындардың жіктеліуі және оларға жалпы сипаттама.
-
Бас бұлшықеттері.
-
Мойын бұлшықеттері.
-
Кеуде бұлшықеттері.
-
Іш бұлшықеттері.
-
Арқа бұлшықеттері.
-
Иық белдеу бұлшықеттері.
-
Қол сүйектерінің еркін бұлшықеттері.
-
Аяқ сүйектерінің еркін бұлшықеттері.
-
Аяқтың еркін бұлшықеттері.
-
Асқорыту жүйесіне анықтама беру.
-
Ауыз қуысы және оның қабырғалары.
-
Тістің құрылысы.
-
Таңдай және оның құрамдық бөліктері, бұлшықеттер.
-
Тіл, тілдің бөліктері, құрылысы, бүртіктердің түрлері.
-
Сілекей бездері, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
-
Жұтқыншақ және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
-
Өңеш және оның бөліктері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
-
Асқазан және оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, қызметі.
-
Жіңішке ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
-
Тоқ ішек, топографиясы, құрылысы, функционалдық маңызы.
-
Бауыр, құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Өтқуық, құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Ұйқыбез құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Ішастар және оның туындылары.
-
Іш қуысына түсінік беру.
-
Іш қуысының қабырғаларының құрылысы.
-
Тыныс алу жүйесіне анықтама беру.
-
Мұрын қуысы, оның қабырғалары.
-
Мұрын жанындағы қойнаулар, оның мұрын қуысымен байланысы.
-
Көмей құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Кеңірдек құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Бронхтар құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Өкпе құрылысы, топографиясы, қызметі.
-
Өкпеқап және оның қойнаулары.
-
Қан тамырлар жүйесіне анықтама беріңіз.
-
Жүректiң сыртқы құрылысы.
-
Жүрекшелердiң құрылысы.
-
Қарыншалардың құрылысы.
-
Жүрек қабырғаларының құрылысы.
-
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.
-
Коллатеральды қан айналымы.
-
Жүрекқап құрылысы.
-
Аорта және оның бөліктері.
-
Өрлемелі аорта, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Аорта доғасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Төмендемелі аорта, топографиясы және оның бөліктері.
-
Кеуде аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Құрсақ аортасы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Қолтықасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Иық артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Кәріжілік артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Шынтақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Қол ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Сан артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Тақымасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Сирақ артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Аяқ ұшы артериялары, топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары.
-
Жоғарғы қуыс венасы, құрылысы, топографиясы, құятындары.
-
Тақ және жартылай тақ веналар, топографиясы, құятындары.
-
Омыртқа бағанасының веноздық торлары.
-
Иық бас венасы, құрылуы, құятындары.
-
Алдыңғы мойындырық венасы.
-
Сыртқы мойындырық венасы.
-
Iшкi мойындырық венасына бастың iшiнен келiп құятын веналар.
-
Iшкi мойынтырық венасына бастың сыртынан келiп құятын веналар.
-
Кава-кавальдi, порто-кавальдi анастомоздар.
-
Төменгi қуыс вена, құрылысы, топографиясы.
-
Төменгi қуыс венаның париетальдi келiп қүятын веналар.
-
Төменгi қуыс венаның висцеральдi келiп құятын веналар.
-
Кақпа венасы,құрылысы,топографиясы.
-
Лимфа жүргізетін жолдар.
-
Лимфа капилярлары.
-
Лимфа тамырлары.
-
Лимфа түйіндері.
-
Кеуде лимфалық өзегі.
-
Оң лимфалық өзегі.
-
Бүйректiң макроскопиялық құрылысы.
-
Бүйректiң скелетопиясы, синтопиясы, голотопиясы.
-
Бүйрек қабаттары.
-
Бүйрек фиксациясы.
-
Нефрон, құрамдық бөлiктерi.
-
Бүйректiң форникальдi аппараты.
-
Несепағар, бөлiктерi, қысыңқылары.
-
Қуық, құрылысы, функциональдi маңызы.
-
Несепшығаратын өзек.
-
Аталық без, құрылысы, функциясы, қабаттары.
-
Тұқым жүргiзетiн жол.
100.Аталық без қосымшасы.
101.Тұқым шылбыры, бөлiктерi.
102.Қуық асты безi, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.
103.Купер безi, функциональдық маңызы.
104.Еркек жыныс мүшесi. Еркектiң несеп шығаратын каналы, бөлiктерi, тарылған, кеңiген жерлерi.
105.Аналық без, құрылысы, топографиясы, жасқа байланысты ерекшiлiктерi.
106.Жатыр түтiгi бөлiктерi, топографиясы.
107.Жатыр, орналасуы, фиксациясы, қабырғасының құрылысы.
108.Қынап, құрылысы, қынап күмбезi.
109.Сыртқы жыныс ағзалары.
110.Жұлынның жалпы құрылысы.
111.Жұлынның сұр заты.
112.Жұлынның бүйiр жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар.
113.Жұлынның артқы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар
114.Жұлынның алдыңғы жiпшелерiндегi өткiзгiш жолдар
115.Жұлын қабықтары
116.Мидың жалпы құрылысы, оның бөлiктерге бөлiнуi.
117.Сопақша мидың құрылысы.
118.Артқы мидың құрылысы.
119.Ортаңғы мидың құрылысы.
120.Аралық мидың құрылысы.
121.Соңғы мидың құрылысы.
122.Мидың қабықтары.
123.Көздiң склерасымен мүйiздi қабатының құрылысы.
124.Көздiң тамырлы қабатының құрылысы.
125.Көздiң торлы қабатының құрылысы.
126.Көздiң iшкi ядросы.
127.Көз алмасының бұлшық еттерi.
128.Көз жасы аппараты, көздiң қосымша аппаратының элементтерi.
129.Есту ағзасы және оның бөліктері.
130.Құлақ қалқанының құрылысы.
131.Құлақ сыртқы жолының құрылысы.
132.Дабыл қуысының құрылысы.
133.Құлақ сүйекшелерiнiң құрылысы.
134.Есту түтiгiнiң құрылысы.
135.Жартылай айналма каналдардың құрылысы.
136.Кiреберiстiң құрылысы.
137.Сүйектi ұлудың құрылысы.
138.Статокинетикалых анализатор.
139.Көру анализаторының өткізгіш жолдары.
140.Есту анализаторының өткізгіш жолдары.
141.Дәм сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.
142.Иіс сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.
143.Эндокрин бездеріне анықтама беру.
144.Эндокрин бездерінің жіктелуі.
145.Қалқанша бездерінің құрылысы және функциясы.
146.Қалқанша маңы бездерінің құрылысы және функциясы.
147.Айырша безінің құрылысы және функциясы.
148.Гипофиз құрылысы және функциясы.
149.Эпифиз құрылысы және функциясы.
150.Бүйрек үсті безінің құрылысы және функциясы.
151.Хромаффинді денешіктерінің құрылысы және функциясы.
152.Ұйқы безінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы.
153.Жыныс бездерінің эндокринді бөлігінің құрылысы және функциясы, аналық без, аталық без.
4. Тәжірибелік дағдылар тізімі:
ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балды жүйеде бағаланады.
1- кезең
Билет № 1
1. Бет сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ми сауытының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 2
1. Жоғарғы белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз және жіктеңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 3.
1. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 4.
1. Білезік сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тілерсек сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 5.
1. Кеуде торының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Омыртқа жотасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 6.
1. Ми сауытының жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 7.
1. Ми сауытының тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 8.
1. Төс-бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Акромион – бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 9.
1. Иық буынының байламын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ұршық буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 10.
1. Тізе буынының ішкі байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Шынтақ буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 11.
1. Шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Мойынның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Достарыңызбен бөлісу: |