Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылаушы өлшегіш құралдар гистология пән коды Gis 1205 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет3/3
Дата12.07.2016
өлшемі235 Kb.
#192905
1   2   3

Есеп 46

Аш ішек крипталарында апикалды бөлімінде ацидофилді түйіршіктері бар жасушалар анықталған. Бүл жасушалар қалай ата-лады? Оның қызметтерін атаңыз?



Есеп 47 Бауырды микроскоптен зерттегенде классикалық бөлімше ара-сында жатқан венаны студенттер эр түрлі атады : біреулері - бөлікше аралық десе, екіншілері бөлікше асты деді. Бүл веналарды қай белгі-лері бойынша ажыратуға болады?

Есеп 48

Бір журнал мақаласында бауырдың бөлікшесінің ортасында орталық вена орналасады делінген, ал студент рефератында бауыр болікшесі ортасында триада орналасады деген. Реферат пен мақаланы қалай бағалауға болады?



Есеп 49

Альвеоланың электрондық микрофотосуретінде, цитоплазмасын-да оте коп электронды тығыз осмиофилді денешіктері бар альвео-лоциттер корінеді. Бүл қандай жасуша және альвеола жасушаларын қорғауда қандай қызмет атқарады?



Есеп 50

Қай бронхта барлық қабықтар жақсы дамыған, және фиброзды -іиеміршекті қабығында гиалинді шеміршектен түратын 2-3 табақша бар?



Есеп № 51

Дерма мен эпидермисте пигментті жасушалар бар. Олардың бір-бірінен қүрылымдық және функционалды айырмашылығын айтыңыз?



Есеп 52 Тері дермасында тегіс салалы бүлшықет жасушалар будасы орналасқан, оның жиырылуы нәтижесінде денеде "қүс терісі" атты қүбылыс пайда болады. Бүл реакцияның маңызы неде?

Есеп 53

Бүйректің сүзу тосқауылын зерттеу керек болды. Зерттеуге қан-дай аймақты алу керек?



Есеп 54

Науқас адамда бүйрек ауруына байланысты қан қысымы көте-рілген. Бүл асқынуды бүйректің қай қүрылымының бүзылуымен байланыстыруға болады?



Есеп 55 Зерттеуші аталық жыныс жүйесінің бір мүшесінің кесіндісінде жақсы дамыған тегіс салалы бүлшықет тканінің будаларын және оның арасында орналасқан бездердің соңғы бөлімдерін көрді. Шығару өзектері ауыспалы эпителиймен қапталған қуыстыққа ашылады. Бүл қай мүше?

Есеп 56

Баланы тексергенде аталық жыныс безі енге түспегені анық-талды (крипторхизм). Егер хирургиялық операция жасамаса организм-нің қай қызметі бүзылады және неліктен?



Есеп 57

Аналық жыныс безінің 2 кесіндісі зерттелген. Біреуінде -примордиалды, біріншілік фолликул ал ар, атрезиялық дене және жетілген сары дене бар, ал екіншісінде - примордиалды, біріншілік, екіншілік, жетілген фолликулалар (Грааф көпіршігі) және атрезиялық дене бар. Бүл көріністер овариалды кезеңнің қандай сатысына сәйкес келеді? Аналық без бүл сатыларда қандай гормондар бөліп шығарады?



Есеп 58

Жүктіліктің үшінші айында түсік тасталды. Аналық бездің қай қүрылымдарының қызметі бүзылды? Себептері қандай болуы мүмкін?



Есеп № 59

Үрықтың ерте дамуының, бластоциста кезіңінде эмбриобласт 2 тығыз топтарға бөлінді. Үрықтың ары қарай дамуы неге алып келеді?



Есеп 60 Жыныстық жетілмеген тышқандарға жүкті әйелдердің зәрін иньекция арқылы жібергенде, тышқандардың аналық жыныс безінде фолликулдардың өте тез жетілуі байқалады. (жүктілікті ерте анықтау үшін қолданылатын тест). Жүкті әйелдердің зәрінде қандай зат болады жөне ол қай жерде синтезделеді?
Емтихан сұрақтары.

  1. Нерв жүйесi, даму көздерi, жiктелуi. Шеткi нерв жүйесi. Жұлын түйiндерi. Морфофункционалдық сипаттамасы.

  2. Қан ткань ретiнде, оның формалық элементтерi. Эритроциттер, олардың саны, диаметрi, формасы, құрылысы, химиялық құрамы, қызметі тiршiлiк мерзiмi. Ретикулоцигггер.

  3. Клетка тканъдердiң құрылыстық-функционалдық бiрлiгi. Аныктамасы. Клетканың биологиялық мембраналары, олардың құрылысы, химиялық құрамы және негiзгi қызметтерi.

  4. Талшыкты дәнекер ткань, жiктелуi және даму көздерi. Клеткалык элементтерi және клетка аралык заты. Жасқа байланысты өзгеруi. Регенерациясы.

  5. Клетка қабығы, оның құрылысы, химиялық құрамы және қызметi. Клетка аралық байланыстар, түрлерi және құрылыстық –функционалдық сипаттамасы.

  6. Нерв тканi, даму көздерi. Морфофункционалдық сипатамасы. Нейрондардың жiктелуi (морфологиялық және функционалдык).

  7. Органеллалардың жiктелуi, мембраналы органеллалар, құрылысы және қызметi.

  8. Нерв талшықтары. Миелиндi және миелинсiз нерв талшықтарының морфофункционалдық сипаттамасы. Нерв талшықтарының миелинденуi және регенерациялануы.

  9. Қосындылар, жiктелуi, химиялык және морфофункционалдық сипаттамасы. Гиалоплазманың физико-химиялық қасиетi және клетканың тiршiлiк етуiне тиiстi маңызы.

  10. Лейкоциттер, жiктелуi және сипаттамасы. Лейкоциттiк формула. Түйiршiктi лейкоциттер (гранулоциттер), олардың түрлерi, саны, диаметрi, құрылысы, тiршiлiк, мерзiмi.

  11. Жыныс клеткалары. Морфофункционалдық сипаттамасы. Ядро мен цитоплазмада тұқым қуалаушылық қасиеттердiң сақталуы және берiлу маңызы.

  12. Жабынды эпителий. Морфофункционалдық сипаттамасы. Физиологиялык регенерациясы. Түрлi эпителийде камбиальдық клеткалардың орналасуы.

  13. Сперматогенез және овогенез. Салыстырмалы сипаттамасы.

  14. Екiншiлiк сезiмтал сенсоэпителиальды рецепторлық клеткалардың гистофизиологиялық сипаттамасы. Дәм сезу органы, дамуы, құрылысы, қызметі, нервтенуi.

  15. Бездер. Жiктелу принциптерi. Секреторлық цикл, фазалары және олардың цитофизиологиялық сипаттамалары. Секреция түрлерi.

  16. Эмбриогенездiң этаптары. Гаструляция процесiнiң сипаттамасы мен маңызы. Адам гаструляциясы.

  17. Синапстар, жiктелуi, құрылысы. Синапстарда нерв импульсiнiң өту механизмi.

  18. Адам плацентасы, оның дамуы, құрылысы, қызметi. Жануарларда кездесетiн плаценталардың түрлерi.

  19. Гемопоэз. Бағыналы және жартылай бағаналы клеткалар туралы түсiнiктеме, дифферондар. Эмбрионалдық және постэмбрионалдық қан жасалудың ерекшелiктерi.

  20. Бұлшықет тканi. Жiктелуi, даму көздерi, құрылысы, қызметі. Регенерациясы.

  21. Клетканың тiршiлiк етуiнде ядроның маңызы, қасиетi, қажеттi құрамы және олардың құрылымды-функционалдық сипаттамасы.

  22. Нейрология. Жiктелуi. әртүрлi гистоциттердiң құрылысы мен қасиеттерi.

  23. Эмбрионалдық және постэмбрионалдык даму кезеңдегi қауiптi кезеңдер. Даму барысына экзо және эндогендiк факторлардың әсерi.

  24. Тегiс салалы бұлшықет тканi, даму көзi. Тегiс салалы бұлшыкеттiң әрбiр түрлерiнiң құрылысы. Тегiс миоциттердiң жиырылуының құрылыстык негiзi.

  25. Клеткалық цикл, оның этаптары, морфофункционалдық сипаттамасы.

  26. Борпылдак талшықты дәнекер ткань. Морфофункционалдык сипаттамасы. Клеткалардың, клетка аралық заты, құрылысы, қасиетi. Фибробласттар және олардың қызметтер.

  27. Адамдағы ұрықтан тыс қабықтар мен провизорлық органдардың пайда болуы, құрылысы және қызметi.

  28. Түйiршiксiз лейкоциттер (агранулоциттер) түрлерi, саны, диаметрi, құрылысы, қызметi, тiршiлiк мерзiмi. Т және В-лимфоциттер туралы түсiнiк.

  29. Клеткалардың репродукциялық әдiстерi, морфологиялық сипаттамалары, цитологияның медицинаға қажеттi маңызы.

  30. Көлденең жолықты бұшықет тканi. Дамуы, құрылысы. Бұлшықет талшықтарың түрлерi, олардың құрылыстық негiзi.

  31. Клетка-тканьдердiң құрылымдық-функционалдық бiрлiгi ретінде. Клетканың биологиялық мембранасы, оның құрылысы химиялық құрамы және қызметтерi.

  32. Шемiршек тканьдерi. Дамуы, жіктелуі, құрылысы, қызметi. Шемiршектiң өсуi. Регенерация мен жасқа байланысты өзгерулерi.

  33. Органеллалардың жiктелуi, құрылысы мен қызметтерi.

  34. Көлденең жолақты жүрек бұлшық ет тканi, даму көздерi. Құрылымдық функционалдық сипаттамасы.

  35. Қосындылар, жiктелуi, химиялық және морфофункционалдық сипаттамасы.

  36. Сүйек тканi. Морфофункционалдық сипаттамасы, жiктелуi. Тiкелей және тiкелей емес остеогенез. Регенерациясы. Жақсы байланысты өзгерiстерi.

  37. Клетка ядросы, клетка тiршiлiгiне байланысты маңызы, қажеттi құрамы және олардың құрылымдық-функционалдық сипаттамасы.

  38. Борпылдак талшыктар дәнекер ткань. Морфофункционалдық сипаттамасы.

  39. Макрофагтар, құрылысы, даму көздерi. Макрофагтык жүйе туралы тусiнiк.

  40. Клеткалық цикл, оның сатылары, морфофункционалдық сипаттамасы.

  41. Қан табақшалары (тромбоциттер), олардың саны, мөлшерi, көлемi, құрылысы, қызметтерi және өмiр сүру мерзiмi.

  42. Адам гаструляциясы, оның кезеңдерi мен өту әдiстерi, маңызы.

  43. Бұлшық ет тканьдерiнiң жалпы құрылыстық-қызметтiк сипаттамасы.

  44. Жыныстық клеткалар. Сперматозоид-құрылысы мен қызметтерi.

  45. Нерв ұштары. Жiктелуi, құрылыстық ерекшелiктерi, рецепторлы және эффекторлы ұштары.

  46. Бала жолдасы, оның қызметi мен құрылысы. Сүтқоректiлердiң бала жолдасының түрлерi.

  47. Эпителий тканьдерi. Жiктелуi, құрылыстық қызметтiк және

онтофилогенездiк жiктелуi.

  1. Ұрыктың құрсақта және постнатальды дамуының кауiптi кезеңдерi туралы түсiнiк. Экзо-эндогендi жағдайлардың ұрықтың дамуына әсерi.

  2. Есту органы. Даму тегi, құрылысы, iшкi құлактың цитофизиологиялық клеткаларының құрылысы мен қызметтерi.

  3. Детерминация мен қалыптасудың молекулалық-генетикалық негiздерi.

  4. Цитоплазма. Жалпы құрылыстық-қызметтiк сипаттамасы. Органеллалардың жiктелуi, құрылысы, қызметi.

  5. Ұрықтану, бөлшектену және адам ұрығының бластуласының құрылысы мен маңызы

  6. Лейкоциттер. Лейкоциттiк формула, оның маңызы, түйiршiктi лейкоцит, саны, мөлшерi мен көлемi, құрылысы өмiр сүру мерзiмi.

  7. Ұрықтық жапырақшалардың қалыптасуы. Адам ұрығының бiлiктi органдарының пайда болуы.

  8. Эритроциттер, саны, мөлшерi мен көлемi, пiшiнi, құрылысы, қызметi, өмiр сүру мерзiмi.

  9. Сперматогенез, оның кезеңдерi. Клеткаларының маңызы мен сипаттамасы.

  10. Нейроглия. Даму тегi, жiктелуi, әртүрлі глиоциттердің құрылысы мен қызметтік маңызы.

  11. Овогенез, оның кезеңдерi, клеткалары, маңызы, сипаттамасы.

  12. Көлденең-жолақты бұлшықет тканъдерi. Даму тегi, құрлысы мен қызметтерi.

  13. Гиалоплазманың физикалық-химиялық қасиеттерi және клетканың тiршiлiгiндегi маңызы.

  14. Нерв талшықтары. Миелиндi және миелинсiз нерв талшықтарының құрылыстық- қызметтiк сипаттамасы.

  15. Көздiң рецепторы аппараты. Торлы қабык, оның клеткалык-тканьдiк құрамы мен қызметi.

  16. Арнайы кызметi бар дәнекер тканьдерi, оның түрлерi, құрылысы мен қызметтері.

  17. Клетка аралык байланыстар, түрлерi, құрылымдық- қызметтiк сипаттамасы.

  18. Тепе-теңдiк органдары, даму тегi, құрылысы, қызметтi. Сенсоэпителиальды кiрпiкшелi клеткалардың құрылыстық қызметтiк сипаттамасы.

  19. Бездер, даму тегi, жiктелуiнiң ерекшелiктерi. Секреторлы цикл, оның кезеңдерi және олардың цитофизиологиялык сипаттамасы. Секреция түрлерi. Регенерациясы.

  20. Құрсақтағы және постнатальды дамуының қауiртi кезеңдерi туралы түсiнiк. Экзо және эндогендi факторлардың дамуға әсерi.

  21. Бұлшықет тканьдерi. Жалпы құрылыстық - қызметтiк сипаттамасы, жiктелу, даму тегi. Тегiс салалы бұлшықет тканi. Тегiс салалы бұлшық етті клеткаларының жиырылуының құрылымдық негiздерi.

  22. Клетка-тканiнiң құрылымдық- қызметтiк бiрлiгi. Аныктамасы. Клетканың биологиялық мембранасы, оның құрылысы, химиялық құрамы және негiзгi қызметтерi.

  23. Эпителиальды тканьдер. Құрылыстық-қызметтiк сипаттамасы. Құрылыстык және генетикалық жiктеулерi.

  24. Клетка, анықтамасы, құрылысы, тiршiлiк циклi, оның кезеңдерi, құрылыстық-қызметтiк сипапамасы.

  25. Нерв тканi.Құрылыстық –қызметтік сипаттамасы. Даму тегi. Нейрология. Жiктелуi, әртүрлi глиоциттердiң құрылысы мен маңызы.

  26. Клетка, анықтамасы. Ядро, оның клетка тiршiлiгiндегi маңызы, негiзгi компонентерi, олардың құрылымдық-қызметтiк сипаттамасы.

  27. Болбыр талшықты дәнекер ткань. Құрылыстық-қызметтік сипаттамасы. Клеткааралық заттары, құрылысы, маңызы. Фибробласталар және олардың клеткааралық заттарды түзудегi маңызы.

  28. Жыныстық клеткалары. Құрылыстық- қызметтік сипаттамасы. Ядроның және цитоплазманың тұқым қуалаушылық информациясын берудегi және iске асырудағы маңызы.

  29. Қан жүйесi және олардың тканьдiк компоненттерi туралы түсiнiк. Қан ткань ретiнде, оның формалық элементтерi. Қан табақшалары (тромобоциттер), оның саны, мөлшерi, курылысы, кызметтiк, тiршiлiк мерзiмi.

  30. Клетка-тканьнiң құрылымдық-қызметтiк бiрлестiгi. Анықтамасы. Қосындылар, олардың жiктелуi, химиялық және құрылыстық- қызметтiк сипаттамасы.

  31. Нерв тканьдерi. Құрылыстық-қызметтік сипаттамасы. Даму тегi. Нерв ұштары, жiктелу және құрылысының принциптерi. Рецепторлы және эффекторлы ұштары.

  32. Сүйек тканьдерi. Құрылыстық-қызметтік сипаттамасы мен жiктелуi. Бiркелкi және бiркелкi емес остеогенез (сүйектiң пайда болуы). Регенерациясы мен жасқа байланысты өзгеруi.

  33. Ұрыктың бөлшектену және адам бластуласының құрылысы.

  34. Сезiм мүшелерi. Жалпы құрылыстык-қызметтiк сипаттамасы. Анализаторлар туралы түсiнiк. Рецепторлы клеткалардың құрылысы мен цитофизиологиясы. Сезiм мүшелерiнiң жiктелуi. Иiс сезу органы, оның дамуы, құрылысы және қызметi.

  35. Болбыр талшықты дәнекер ткань. Құрылыстық-қызметтiк сипаттамасы. Макрофаггар. Даму тегi мен құрылысы.

  36. Клетканың тiршiлiк циклi, оның кезеңдерi, құрылыстык-қызметтiк сипаттамасы, әртүрлi клеткалардағы ерекшелiктерi.

  37. Нерв тканi. Морфофункцоналдық сипаттамасы. Даму көздерi. Нейроглия жiктелуi. Құрылысы және әртүрлi глиоциттердiң маңызы мен құрылысы.

  38. Ұрықтың ана организмi мен байланысты. Имплантация. Адам плацентасы, дамуы, қызметтерi. Сүтқоректiлердiң плаценталарының түрлерi.


Тәжірибелік дағдылар тізімі

Гистологиялық микропрепараттардың тізімі

1. Өсімдік жасушаның митозы (пияз түбіртегінің кесіндісі).

2. Сүтқоректілердің аналық жасушасы.

3. Сперматозоид.

4. Адам плацентасы (бала жолдасы).

5. Көпқабатты жалпақ қабыршақталмайтын эпителий. Көздің қасаң қабығы.
6. Саусақтың көп қабатты жалпақ қабыршақтанатын эпителиі.

7. Бүйрек түтікшелерінің бірқабатты текше тәрізді эпителиі.

8. Адам қанының жағындысы.

9. Борпылдақ дәнекер тін.

10. Гиалинді шеміршек.

11. Көлденең кесіндідегі түтікшелі сүйектің диафизі.

12. Қаңқа бұлшықеті (тіл кесіндісі).

13. Тегіс бұлшықет тіні.

14. Жұлынның жасушасындағы базофилді заты.

15. Миелинді нерв талшығы.


Электронды микросуреттердің тізімі:

1. Биологиялық мембрана (А) мен жасуша қабығының (Б) құрылысы

2. Гольджи кешені.

3. Митоздағы жасушаның метафаза кезеңі.

4. Аналық жыныс клеткасының құрылысы.

5. Электронды - микроскопиялық зерттеулерге сәйкес адам сперматозоидының құрылысының үлгісі.

6. Көп қатарлы кірпікшелі эпителий (кеңірдек).

7. Жасушаның кірпікшелері.

8. Эпителидің ішіндегі безді жасуша

9. Промиелоцит

10. Мұрын пердесіндегі гиалинді шеміршек құрамындағы хондроциттердің изогенді тобы.

11. Гиалинді шеміршек матриксіндегі жасушалар мен талшықтар

12. Талшықты дәнекер тінінің макрофагы.

13. Саркомер.

14. Көлденең жолақты бұлшықет талшығы.

15. Нейроциттердің морфологиялық жіктелуі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет