1 Пәннің мақсаты: Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының этносаяси қарым-қатынасымен, қоғамдық өмірімен, мемлекеттік-саяси құрылыстарымен, әлеуметтік-экономикалық жүйесімен, діни, мәдени, тілдік, этногенездік процестердің тарихымен танысу.
Пәннің міндеті: студенттерді геофафиялық және хронологиялық шегі, терминдердің айқындамасы, саяси жуйелер мен Орталық Азия елдерінің саяси құрылыстардың ерекшеліктері, феодалдық қарым-қатынастар формалары, шаруашылық типтері, халықтардың өмір салттары, этногенездік процестер, мемлекеттердің қалыптасуын көрсету болып табылады.
Студент білуі керек:
- Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қрым-қатынастар қалыптасуын;
- Орталық Азиядағы Қазақстанның орны;
- осы аймақтағы басты оқиғалар және маңызды тарихи үрдістерді;
- қазіргі кездегі Орталық Азияның өзара қарым-қатынастар жағдайын.
Студент істей алуы керек
- Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас қалыптасу кезеңдерін түсініп, талдай білуі;
- әр тарихи кезеңдегі қарым-қатынастың ерекшелігін айыра білу;
- маңызы бар еңбектерді пайдалана білу.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді игеру үшін Қазақстанның ежелгі тарихы, Қазақстанның орта ғасыр тарихы, орта ғасыр тарихы пәндерінің оқу барысындағы алынған білім, икем және дағдыстар қажет.
3 Постреквизиттер
Пәнді оқу барысындағы білім, икем және дағдыстар Қазақстанның жаңа тарихы, Жаңа және қазіргі заман тарихы пәндерін игеруге қажет.
4 Пәннің тақырыптық мазмұны
1-тақырып. Қазақ-орыс қарым-қатынастары
XVI ғасырдың екінші жартысында Қазан қосылғаннан кейін Ресейдің орта азия хандықтармен байланысы жақсара бастады, сонымен қатар қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Хақназар хан кезінде Қазақ хандығының Мәскеумен сауда-сауттық және саяси қатынастары орнатылды. Ресей үнемі Қазақ хандығындағы жағдайды бақылап отырды, Орта Азия хандықтармен байланысының жағдайын байқап отырды. 1494-1595 жж. қазақ-орыс келіс-сөздері. Елшіліктермен айырбас. XVII ғасырдағы дипломатиялық қатынас және сауда байланыстары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2 (4-7), 7(5-7), 14(21)
Достарыңызбен бөлісу: |