Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет1/3
Дата04.03.2016
өлшемі371.41 Kb.
#37968
  1   2   3

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультет

Қазақ филологиясы кафедрасы

6M011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар 2012



Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГП факультетінің _________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2012 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қадырова Б.М.


Қазақ филологиясы кафедрасы

6M011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20 ж. « » _______ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «30»__қазан__№5 Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2012 ж. «30_» __10__

(қолы) (аты-жөні)

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Темиров Қ.У. _______ 2012 ж. «_____»_________

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Қадырова Бақытжан Масалимовна

ф.ғ.к, доцент

Қазақ филологиясы кафедрасы А1 корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255



2 Пән туралы мәліметтер

«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәні 6M011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына 2 семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны – 225, ауд. сағат саны - 45, дәріс – 30 с, тәжірибешілік – 15с, СӨЖ-180 с.



3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

Бар-лығы

3

45

30

15

-

-

-

180

49,50

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты - Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздерін, осы заманғы жаңа технологиясын, озық әдістемелік тәсілдер мен оларды пайдалану жолдарын көрсету. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесін меңгерту.

Пәннің міндеті –

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар:



  • әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздерін;

  • әдістеменің ғылыми тұжырымдамасын;

  • құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін;

  • әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуді;

  • тарихи тәжірибе мен оқытудың осы заманғы жаңа технологиясын;

  • инновациялық ізденістерді;

  • озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану жолдарын білуі тиіс.

Магистранттар бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар:

- әдебиетті оқытудың тиімді жолдарын білуі тиіс;

- әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдерін білуі тиіс;

- мәтінді кешенді талдау негіздерін білуі тиіс;

- оқыту технологияларын білуі тиіс;

- әр технологияның тиімді, тиімсіз жақтарын саралап, өзіндік икем-дағдысын қалыптастыра білуі тиіс.



6 Пререквезиттер:

- Әдебиеттану

- Педагогика

- Психология

- Қазақ әдебиетін оқыту методикасы

7 Постреквизиттер

- Тіл білімінің және әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері



8 Тақырыптық жоспар

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

Тәжір.

MӨЖ

1

2

3

4

5

1

Әдістеменің ғылыми тұжырымдамасы

2

1

12

2

Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы

2

1

12

3

Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері

2

1

12

4

Тарихи тәжірибе және оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы

2

1

12

5

Инновациялық ізденістер

2

1

12

6

Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану

2

1

12

7

Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі

2

1

12

8

Дамыта оқыту

2

1

12

9

Проблемалық оқыту

2

1

12

10

Модульдік оқыту технологиясы

2

1

12

11

Деңгейлік оқыту технологиясы

2

1

12

12

Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы

2

1

12

13

Оқытудың жобалау технологиясы

2

1

12

14

Әдеби материалды оқыту, көркем мәтінді меңгерту бағытындағы әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу

2

1

12

15

Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары

2

1

12

Барлығы: сағат

30

15

180

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі» курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері, әдебиет теориясының оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.



10 Курстың компоненттері. Дәріс мазмұны

1-тақырып. Әдістеменің ғылыми тұжырымдамасы.

Әдістеме ғылымы. Мақсаты мен міндеттері. Қалыптасуы.

Ғылыми зерттеулердің әдістемелері. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылуы. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы екендігі. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстыруы. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылуы. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етуі. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінуі. Эмпирикалық әдістерге жататындар: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістердің мынадай түрлері бар екендігі: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.



2-тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Филология факультетінің магситранттарына «Әдебиетті оқытудың қазіргі әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылуы. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі-әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте, жоғары оқу орындарында оқытудың қажеттігі. 1) Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері- қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің магистранттардың тәлім-тәрбие жұмыстарына тигізетін игі әсері. Жеке тұлғаның адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын тереңдетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.

3-тақырып. Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктерінің артуы, жаңа технологиялар пайда болуы. Электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелеуі.

Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Оқу пәні ретінде әдебиеттің бірінші кезектегі міндеті оқушылардың бойына көркем ышғарманы түсіну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығы. Творчестволық оқу әдісінің өзге публицистикалық, ғылыми талдама мәтіндерді оқудан өзіндік айырмашылғы. Мұндағы сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл бөлу керектігі. Әр шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің шарттылығы. Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амалдар. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар.2) Эвристикалық оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түйсіну, игеру оны саралап талдау арқылы іске асатындығы. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы. Эвристикалық оқу барысында мұғалім атқаратын тәсілдер. Оқушылар атқаруға міндетті істер. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары. 3) Зерттеп оқу әдісі. Оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға ғылыми қорытындылар жасай білуге үйрететіндігі. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап оқуға баулитындығы. Зерттеу нәтижелеірін ауызша да, жазбаша да түсіндіріп беруге төсілдіретіндігі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы. Зерттеу әдісі бойынша пән мұғалімі ұйымдастыруға тиісті жұмыстар. Алдын-ала дайындықтың қажеттілігі. Оқушылар атқаратын зерттеу жұмыстары, түрлері. 4) Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген білімді белсенді түрде қаббылдау қажеттігі. Ой-сана, ес, қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, жаңғыртып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Алынған білімді саналы түрде бойға сіңіру әдеттерін жетілдіретіндігі. Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.

4-тақырып. Тарихи тәжірибе және оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы.

Әдебиеттің оқытылу тарихы. XVII-XIX ғасырлардағы мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу түзілісінің ерекшелігі, жүргізілу тәсілдері. XIX ғ. орыс-түзем оқуы, мақасты. Орыс дәріскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев, В.И.Водовозов әдістемелік ұсыныстары. В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевскийдің ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнабаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.



5-тақырып. Инновациялық ізденістер. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық процессіз оқытудың дамуы мүмкін емес. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
•    білім мазмұнындағы инновация;
•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. 
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
-    модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. 
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды. Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
•    иновацияның себептері;
•    жаңалықты жобалау;
•    жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін факторлар.

6-тақырып. Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану.

Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX-ХХІ ғасыр).

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағарту жұмыстар жөнінде. А.Батұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926)), М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923). Ж.Аймауытовтың оқу іс, барысы туралы ойлары. Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихынан тұңғыш зерттеуде М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы). Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы әдіскер-ғалымдар еңбектері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері.

Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары туралы.

Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

-          Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

-          Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

-          Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.



7-тақырып. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту технологиясы: Пәнді оқыту барысында  топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек.   Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.

Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет