Пән бойынша оқу бағдарламасының Нысан титул парағы пмұ Ұс н 18. 3/37



бет2/2
Дата17.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#205890
1   2

Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:



Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың сандық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

Емтихан, курстік жұмыс

сынақ


95-100

4

А

Өте жақсы

есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді


Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі юойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

  • сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

  • өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

  • курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;

  • сабаққа қатысу және басқа.

Әр пән бойынша СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды орындау және тапсыру күнтізбелігі, оқытушының талаптары, бағаларды қою ережелері және критерийлер САБ-да сипатталған.

Сырттай оқу түрінің студенттері үшін ағымдағы үлгерімнің балы сабақтарда жинаған балдардан және СОӨЖ кестесі бойынша сессия аралық кезеңінде өздік жұмыстарын орындау мен қорғау (сонымен бірге курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін орындау) барысында жиналған балдардан құрылады.

Сырттай оқу түрі студенттерінің оқу-емтихандық сессияға келуі міндетті және деканатпен есепке алуға және бақылауға жатады. Сырттай оқу түрінің студенттері оқу-емтихандық сессияға шыққан кезінде оқу үрдісін ұйымдастыру және тіркеу бөлімінде сессияға шығу журналында тіркелуі қажет.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ(2)*0,3.
Егер оқу жоспарында пән бойынша сынақ және емтихан болса, онда сынақ екінші межелік бақылау ретінде анықталады.

Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе межелңк бақылаудан 50 балдан төмен алса, рейтинг есептелмейді.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖРР1+Р2/2
Егер оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс (жоба) және емтихан болса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жіберу рейтингі анықталғанда есептеледі.
ЖРР1+Р2*0,7/2+КЖ*0,3
Сырттай оқу түрінде оқитын студенттер үшін жіберу рейтингінің бағасы келесі түрде анықталады:
ЖРР1 немесе ЖРР1*0,7+КЖ*0,3
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерді қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
ҚЖР*СҮжр+ҚБ*СҮқб
Курстық жұмыс (жоба) комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

2010-2011 оқу жылында жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Жалпы білім беру пәндер, МАБ пәндері, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандар оқу үрдісінің сапа мониторингі бөлімімен орталықтандырылып, студентпен тікелей байланыссыз негізде компьютерлік тестілеу бағдарламасы қолданылады, бұл бағдарлама әр пәнінен әрбір студентке жеке нұсқа ұсынуға мүмкіндік береді.

Емтихан компьютерлік тестілеу әдісімен өткен жағдайда компьютерлік сыныпта студенттермен қатар тек қана тестілеудің кезекшісіне (ОҮҰжБД маманы) болуына рұқсат етіледі. Студент емтиханның бітуімен техникалық қателіктерге (екі бірдей сұрақ, екі бірдей жауап, тест кезінде компьютер істемеуде және т.б.) аппеляцияға өтініш бланкісін толтыра алады.



Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәнінен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Егер де тәлімгер емтиханда немесе курстық жұмысты қорғағанда F қорытынды баға алса, сонда тізімдемесіне «қанағат-сыз» деген баға қойылады, ал сынақта – «сынақсыз» деген жазу белгіленеді.



8 Курс саясаты
Біздің біріккен жұмыстар процесінде біз келесі ережелерді ұстануымыз керек:

  1. оқытушы мен тәлімгер бір-біріне құрметпен қарау керек;

2) сабақта белсенді бол, оқытушыға сұрақтар қойыңыз;сабаққа қатысу жеткілікті емес, материалды белсенді түрде меңгеру керек, тақырып бойынша барлығын нақтырақ анықтау;

3) оқытушы тәлімгермен шығармашылық түрде жұмыс істеу керек, тәлімгер оқытушымен қарым – қатынаста болуы тиіс, одан өздік жұмыс пен зертханалық жұмыстарды орындауға консультация алуы керек;

4) қателесуден ұялмаңыз: ештеме істемейтін адам ғана қателеспейді;

5) бәрін түсінгендей болып отырмаңыз, бақылаушылық пен ынталылықты көрсетіңіз;

6) сабаққа қатысу міндетті болып табылады, егер сіз үш немесе одан да көп сабақты еш себепсіз босатсаңыз(себеп құжат түрінде дәлелденуі тиіс), онда оқытушы сізден деканаттан жіберілім алуыңызды сұрауға құқылы; есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды бағаға қатысты(6, 7, 8 кестеге қара);

7) өздік және зертханалық жұмыстар бойынша графикке қатысты өз уақытынды есеп беру қажет, бұл қорытынды бағаға әсер етеді: өздік және зертханалық жұмыстар орындау графигін бұзған кезде өз уақытында орындамау деңгейіне байланысты жоспарланған максималды балл сандары 0,8 – 0,7 коэффициентіне көбейтіледі; курстық жобаның бөлімдерінің өз уақытында орындалмауы баллдың 0,7 рет азаюына әкеп соғады;

8) әр бір дәріске, тәжірибелік жұмыстарға міндетті түрде дайындалу қажет; сіздердің дайындықтарыңыз әр дайым тесттер мен сұрақтар арқылы тексеріледі; дәріс бойынша өткен материалдардан теріс жауап берілсе , ағынды бағаны баллдарда 0,7 – 0,5 рет төмендетуге әкеп соғады; сол сияқты зертханалық жұмыстарды сапасыз орындау тәлімгердің оларды қорғау кезінде көрсетілген білім деңгейінің жетіспеушілігі, ағымдағы бағаны балдық түрде 0,7 - 0,5 рет азайтады; курстық жобаның бөлімдерін сапасыз орындау бағаның балл түрінде 0,9 – 0,5 рет төмендеуіне әкеп соғады;

9) аудиториялық сабаққа 5 минутқа қалып келсе жіберіледі, ал егер одан көп болса, онда айып санкциясын қолдану сабақты босатқанға сай болады; егер объективті себебі болса, онда оқытушыны алдын – ала ескерту керек;

10) оқытушы сөйлеп тұрған кезінде, қатты сөйлесу әдептілікке жатпайды; екінші рет ескерту жасағаннан кейін тәлімгерге бірден үш балға дейінгі айып санкциясы қолданылады; сабақ үстінде басқа тақырыптарға сөйлесу жіберілмейді;

11) сіздің міндетіңізге сабаққа барлық дайындықпен келу кіреді; уақытында кітапханадан әдебиеттерді алып, оларды қолдана біліңіз;

12) ішкі орналасу тәртібі орындалуы тиіс;

13) естерінде болсын: өз міндеттерін орындаушы ғана құқылы;

14) біреудің орындалған жұмысын көшіруге, әдеби материалдарды өңдемей қолдануға тиым салынады; осы ережені бұзу апталық балл санын алу түріндегі айып санкциясы қолданылады;

15) барлық есеп берулер қол жазба нұсқасында материалдарды жеке өңдеу және қондырғылар мен сызбаларды қолдан сызылған түрде ұсынады;

16) алтыншы және жетінші семестрде консультацияға қатысуы қалауы бойынша, ал курстық жобаны орындау бойынша сегізінші семестрде консультацияға міндетті түрде қатысу қажет;

17) сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірлуі тиіс;

18) Әр студент рейтингтік кестелер мен барлық жұмыс түрлерінің графигімен танысып, мамандарды сапалы дайындау және жоғары үлгеріміне бағытталған барлық талаптарды орындауы қажет.

19) Дәрісте сызбаларды сызуда сызғышты қолдануға тиым салынады, өйткені сызба мен эскизді салуда сызғышты қолдану көп уақыт алады.

20) аудиториялық сабақтан сұранудан аулақ болыңыз;

21) Емтиханда, ағымдағы жұмыстарда (ТӨЖ, курстық жоба) көшіріп алуларға тиым салынады; емтиханда көшірген тәлімгер аудиториядан шығарылады, плагиат үшін айып саекциялары қолданылады.

22) объективті баға қою мақсатында семестріне екі рет тест түрінде межелік бақылау жүргізіледі. Тест 50 сұрақтан тұрады, барлық 50 сұраққа дұрыс жауап 36-38 балға сай келеді;

Рейтинг ағымдағы және межелік бақылау балдарын қосқанда анықталады.

23) сынақ тест түрінде 100 сұрақ бойынша өткізіледі; 100 сұрақтың барлығына дұрыс жауап 100 балға сай келеді; қорытынды баға балл түрінде (1) формула бойынша есептеледі; егер студент сынақта F деген беға алса, онда аралық аттестация ведомостына «есептелмеді» деп жазылады.

24) Емтихан жазбаша билет түрінде өткізіледі, әр билетте 3 сұрақ болады; емтихан сұрақтары бүкіл курсқа құрастырылып, студенттерге 1 ай бұрын беріледі; сұрақтарға жауап беруге 90 минут уақыт беріледі, баға критерилері.

25) білімнің жоғары деңгейі, сызбалар мен суреттерді дұрыс сызу, өз ойын қатесіз жеткізу, максималды толық жауап максималды балл санына 30-35 сәйкес келеді

26) сол сияқты, бірақ қателер жіберу - әр жіберген қате үшін 1-3 балға төмендейді.

27) орташа білім деңгейі, сызбалар мен суреттердің дәлдігі төмендеу, өз ойын жеткізе білу, бірақ қате жіберу - әр қате 2-5 балға төмендейді

28) білім деңгейі төмен, сызбалар мен суреттерді қате сызу, өз ойын дұрыс жеткізе алмау, балл санының күрт төмендеуіне әкеледі. Қорытынды баға И7 (2) формула бойынша есептеледі. Егер студент емтиханда F деген баға алса, онда аралық аттестация ведомостына «қанағаттандырылмаған» деп жазылады.

29) академиялық үлгермеушіліктері бар оқушылар пән бойынша курсты қайтадан, академиялық үлгермеушілігін өтеу мақсатында ақылы түрде оқуы керек.

30) мемлекеттік грантта оқитын оқушылар сессия нәтижесінде үлгермеушіліктер болса, онда ректор бұйрығымен мемлекеттік грантынан айырылады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет