Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, меншіктің объектісін субъектіден айыра білу керек, меншік құқына түсінік беріңіз. Нарықтық экономикаға тән меншік формаларын анықтаңыз.
Тақырып 4. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
-
Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
-
Берілген тапсырмаларды орындау.
-
Есептер шығару
-
Тестілік сұрақтарға жауап беру.
-
«Тұтынушы талғамының теориясы» және «Пайдалылықты тұтушы максимизациялауының кардиналисттік және ординалисттік пайымдаулары» сұрақтары презентация түрінде талқыланады
-
«Кәсіпкерлік түсінігі және оның макроортасы», «Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары» тақырыьына реферат дайындау
-
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
-
Тұтынушының тауарға сұранымының негізі не?
-
Сұранымға қандай факторлар және қалай әсер етеді?
-
Сұраным қисығы нені көрсетеді? Баға мен сұраным көлемі арасындағы тәуелділік сипаты қандай?
-
Сұраным заңының негізін қандай факторлар құрайды?
-
Қандай факторлардың әсерімен график бойынша сұраным қисығы жылжуы мүмкін?
-
Не себептен ұсыным көлемі тауарға баға көтерілгенде ұлғаяды және керісінше?
-
Егер бензиннің бағасы көтерілсе, көліктің ұсыным қисығы өзгере ме?
-
Ұсыным қисығының төмен жылжуының экономикалық мәні қандай?
-
Нарық ұзақ мерзім бойы теңсіздік күйінде тұра ала ма?
-
Кәсіпкерлік деген не? Бизнес және кәсіпкерлік бір түсінік пен, айырмашылықтар бар ма?
-
Кәсіпкерлік рухы төртінші өндіріс факторы екенін негіздеңдер.
-
Нарықтық экономикадағы белсенді кәсіпкерлік іс - әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды атаңдар.
-
Кәсіпкерліктің сипатты белгілерін атаңдар
-
Экономикадағы шағын бизнестің негізгі қызметтерін атаңдар
Тапсырмалар:
-
Тауар- субституттың бағасы өзгерсе, тауарға сұраным өзгере ме?
-
Келесі тауарлар өзара алмасушы және өзаратолықтырушы болып санала ма?
-
Тауар түрлері
|
Тауарға сұраным көлемі, Х
|
Тауар бағасы Y тенге
|
айран
|
Q1=15
|
Q2=25
|
Y – ряженка
P1=40
|
P2=55
|
Сүт
|
Q1=125
|
Q2=100
|
Y-кофе
P1=120
|
P2=180
|
Коньяк
|
Q1=32
|
Q2=28
|
Y- шарап
P1=500
|
P2=340
|
Балмұздақ
|
Q1=38
|
Q2=30
|
Y-сироп
P1=80
|
P2=100
|
Апельсин шырыны
|
Q1=100
|
Q2=100
|
Y- ірімшік
P1=60
|
P2=100
|
3. Айталық, тұтынушы А тауарының әр түрлі көлемін тұтынғаннан кейін онық жалпы пайдалылығын шартты белгіде бағалай алады. Бағалану келесі кестеде көрсетілген:
-
А тауарының саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
TU
|
15
|
29
|
42
|
53
|
62
|
70
|
MU
|
|
|
|
|
|
|
Тұтынушының А тауарын тұтынғаннан шекті пайдалылығын анықтаңыз. Сіз есептеген шекті пайдалылық шекті пайдалылықтың азаю заңына сәйкес келе ме?
4. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін түсініктер мен анықтамаларды қойыңыз.
А. Арзан тауарлар..............
Ә. Гиффен тауары.............................
Б. Қымбат тауарлар..........................
1. .................... тұтыну сапасы төмен, жалпы тұтынушылық шығындарда алатын орны үлкен емес, бағаның төмендеуі ол тауарға сұранымды ұлғайтады немесе мүлдем рыноктан ығыстырады.
2. ................. сатып алушының әлеуметтік жоғары мәртебесін көрсететін айрықша сұранымға байланысты, бағаның төмендеуі «Веблен тиімділігі» тартымдылығын кемітуге алып келуі мүмкін.
3. ................. тұтыну құрылымында орын алады. Бағаның көтерілуі сұранымның өсуіне, бағаның төмендеуі сұранымның азаюына алып келеді.
Тестілік сұрақтар:
1. Сұраным заңы - бұл:
а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;
ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;
б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;
в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.
2. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?
а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;
ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;
б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;
в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.
3. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:
а) ұсынымның өсуі;
ә) ұсынымның азаюы;
б) ұсыным көлемінің өсуі;
в) ұсыным көлемінің азаюы.
4. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:
а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;
ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;
б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;
в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.
5. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:
а) аса керемет тауар;
ә) күнделікті қажет тауар;
б) сапасы төмен тауар;
в) сапасы жоғары тауар.
6. Кәсіпкерліктегі тәуекел – бұл:
а) болжаммен салыстырғанда шығынға ұшырау ықтималдылығы
б) капиталды тиімді пайдаланудың қозғаушы ынтасы
в) әріптестердің болжамсыз іс - әрекеті
г) шаруашылық іс - әрекет нәтижесі
д) ақпараттың жеткіліксіздігі
е) жауаптардың барлығы дұрыс
7.Бизнестің ұжымдық формалары алдындағы жеке кәсіпкерліктің басымдылығы мынада:
а) құрудағы және таратудағы қарапайымдылық;
б) салықтық басымдылықтар;
в) бизнестегі тәуелсіздік;
г) жоғарыдағы аталғандардың барлығы;
д) аталғандардың бірде – біреуі дұрыс емес.
8. Жеке кәсіпкерліктің басты кемшілігі:
а) қаржы ресурстарының шектелуі;
б) иегердің қарыз үшін шексіз жауапкершілігі;
в) кәсіпкердегі басқару қабілеттігінің болмауы;
г) салынған инвестиция өтімділігінің қиындығы
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес
9. Еншілес шаруашылық қоғамының сипатты белгісі:
а) шексіз жауапкершілік;
б) оның жарғылық капиталында негізгі шаруашылық қоғамы қаражаттарының басымды түрде қатысуы;
в) жоғарыда аталғанның барлығы;
г) барлығы дұрыс емес.
10. Бизнестегі табыссыздықтың негізгі себебі:
а) фирма иелерінің тарапынан қызығушылықтың болмауы;
б) жаман басқару;
в) бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі;
г) ешқайсысы дұрыс емес.
д) жауаптардың барлығы дұрыс
11. Табысты кәсіпкерліктің маңызды факторлары:
а) қажетті бастапқы капиаталдың болуы;
б) кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі;
в) мемлекеттік заңнама шегіндегі жұмыс;
г) жоғарыда аталғанның барлығы.
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес
12. Фирманың ұжымдық кәсіпкерлік формасы ретіндегі негізгі басымдылықтары:
а) капиатлдың айтарлықтай көлемін шоғырландыру мүмкіндігі;
б) акционерлерді қаржылық жауапкершіліктен қорғау;
в) салымшыларды олардың инвестициясының өтімділігімен қамтамасыз ету;
г) фирма өмірінің шексіз ұзақтығы;
д) жоғарыда аталғанның барлығы;
е) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
13. Акционерлердің құқықтары:
а) фирмаға капитал салу;
б) дауыс беру;
в) дивиденд алу;
г) компания құжатымен танысу;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, сұраным және ұсыным заңдарына түсінік беріп, сұраным және ұсыным қисығын салыңыз, сонымен бірге, «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктеріне ерекше назар аудару керек. Нарық тепе- теңдігін зерттеңіз. «Икемділік» оны баға және кіріс бойынша меңгеріңіз. «Тұтынушылық таңдау теориясы», «Тұтынушылық пайдалылықты ұлғайту туралы кардиналистік және ординалистік көзқарастар» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс. Кәсіпкерліктің формалары мен түрлерін атаңдар.
тақырып 5. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ АЙНАЛЫМЫ. КӘСІПОРЫН (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындау.
-
Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
-
Тақырыпта берілген тапсырманы орындау
-
Тақырыптағы претензияға дайындалу. «Тозу түрлері» негізгі капиталдың амортизациясы, «Еңбек өндіріс факторы ретінде және еңбекақы еңбек бағасы ретінде», «Капитал өндіріс факторы ретінде және пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде, оның мәні, түрлері және функциялары»
-
Тақырыптағы рефератты жазу «Инвестиция және оның түрлері», «ҚР инвестициялық саясат», «Жер және ҚР-ғы жер қатынастары».
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
-
Өндіріс және ұдайы өндіріс деген не?
-
Қандай ұдайы өндірісті білесіз?
-
Маркстің «капитал» туралы түйіндісінің басқа теорияға қарағандағы түбегейлі айырмашылығы
-
«Адам капиталын» қалай түсінесіз?
-
Маркстік емес капитал анықтамасының жалпылығы неде?
-
Капитал өзінің қозғалысында капиталдың негізгі функционалдық формалары қандай?
-
«Капитал айналымы» дегеніміз не?
-
Өндіруші капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналыс капиталы болып есептеледі?
-
Моральдық тозудың І-түріне әсер ететін себептері қандай?
-
Амортизацияны түзетуді қалай түсінесіз.
-
Фирмаға орташа шығындарды не үшін есептеу керек?
-
Экономикалық және бухгалтерлік шығындардың айырмашылықтарын көрсету керек. Қандай шығындар көп? Неге?
-
Сатудан түскен табыс пен шығындар арасындағы және шығындар мен пайда арасындағы өзара байланысты сипаттаңдар.
-
Еңбекақының негізгі формаларын атаңдар. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша неғұрлым прогрессивті болып табылады?
-
Өндіріс факторы ретіндегі жердің ерекше қасиеттерін анықтаңдар.
Тапсырма:
-
Жіберілген элементтерді толтырыңдар:
..... Т - ӨҚ, ЖК ... Ө...Т' - ....
-
Кестедегі жіберілген ұяларды толтырыңыз:
Негізгі және айналым капиталының негізгі айырмашылығы қандай?
|
Негізгі капитал
|
Айналыс капиталы
|
Нені қосады?
|
Еңбек құралдарын (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылыстар)
|
|
Қалай қатысады?
|
Бірнеше рет
|
|
-
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны 40-тан 45 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ал осы уақыттағы өнім шығару 42-ден 50 млн. теңгеге дейін өсті. Қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері қалай өзгерді?
-
Дұрыс формуланы жазыңыз: жалпы табыс, орта табыс, шектеулі табыс.
-
формуланың дұрыс вариантын көрсетіңдер:
Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім + бухгалтерлік шығын
Бухгалтерлік пайда = жалпы түсім - бу хгалтерлік шығын
Бухгалтерлік пайда = экономикалық түсім + бухгалтерлік шығын
Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты – ішкі шығын)
Экономикалық пайда = жалпы түсім (сырты ішкі шығын)
Экономикалық пайда = жалпы түсім + (сырты + ішкі шығын)
Экономикалық пайда = жалпы түсім - (сырты +ішкі шығын)
6. Шолпанның иелігіндегі кішкентай ательесі тері киімдер тігеді. Онымен бірге бұл ательеде Мақпал жұмыс істейді. Шолпан оған айына 8000 теңге төлейді, сонымен қатар жылына 200000 теңге үйді жалға алуға байланысты аренда төлейді. Сонымен бірге құрал-жабдықтар үшін 40000 төлейді. Егер өзінің ақшасын басқа жағдайға жұмсамаса 80000 мың теңге табыс алар еді. Шолпан бизнеспен шұғылдану үшін өзінің жақсы жұмыс орнынан бас тартқан жалақысы 12000 теңге. Анықтаңыздар: бухгалтерлік және экономикалық шығынның деңгейін, көрсетілген шығындардан басқа Шолпан әр түрлі салықтар төлейді, оның мөлшері 40% жылдық жиынтық шығынның.
Атауы
|
Бухгалтерлік шығындар
|
Экономикалық шығын
|
Мақпалдың жылдық жалақысы
|
96000
|
96000
|
Арендалық төлем
|
20000
|
20000
|
Құрал-жабдықтың құны
|
40000
|
40000
|
Альтернативтік табыс
|
-
|
80000
|
Жұмысты жоғалтуға байланысты табыс
|
-
|
144000
|
Салық
|
134400
|
134400
|
Барлығы
|
470400
|
694400
|
Есептер:
-
Студент каникул кезінде 300 мың теңге табыс табуы мүмкін, не ағылшын тілі курсына баруға болады. Ағылшын тілі курсын таңдап барса, оның шығыны мына жүйені құрайды:
Оқу үшін төлем – 200 теңге
Курс үшін оқулық – 30 теңге
Жол шығыны – 40 теңге
Тамақ үшін шығын – 300 теңге
Альтернативтік шығын неге тең болады?
-
Кәсіпорынның жиынтық табысы 600 мың ақша бірлігін құрайды. Сонымен бірге шикізат және материалдарға 150 мың ақша бірлігі. Кәсіпорынның бухгалтерлік және таза экономикалық пайдасын анықтаңдар?
-
Жер учаскесінің бағасы қандай болады, егер жер иесі жыл сайын 50 мың ақша бірлігінде жер рентасын алады, банк салымшыға 10 % жылдығына төлейді.
Тестілік сұрақтар:
1. Белгілі игілікті не капитал қылады:
а) сыртқы бейнесі, осы игіліктің физикалық табиғаты;
б) осы игілік құндылығына деген біздің субъективті қатынасымыз;
в) осы игіліктің объективті нарықтық құны;
г) осы игілікті пайдалану тәсілі.
2. Негізгі капитал түсінігіне не кіреді:
а) станок, машиналар, құрал – жабдықтар; ғимарат, құрылыстар;
б) дайын өнім;
в) еңбекақы, құнды қағаздар;
г) шикізат, материалдар.
3. Негізгі капитал элементтерінің тұтыну құнын жоғалтуы – бұл:
а) материалдық тозу;
б) 1-тектегі моралдық тозу;
в) 2-тектегі моралдық тозу;
г) жауаптардың барлығы дұрыс.
4. Өндірістік капитал функциясы мынадан тұрады:
а) фирма үшін пайда табу;
б) тауар өткізу және пайда алу;
в) фирма іс - әрекетін болжамдау;
г) пайда табу үшін жағдай жасау.
5. Ұзақ уақыт мерзімінде барлық шығындар болып табылады
а) тұрақты
б) тұрақты, өзгермелі және барлығы
в) өзгермелі
г) бухгалтерлік және экономикалық
6.Жалпы ақша түсімінің суммасын, фирманың өндірілген өнімді сату кезінде алғаны аталады?
а) орташа табыс
б) барлық табыс
в) шектеулі табыс
г) кәсіпкерлік табыс
7.Өндірістің ерекше факторы, ынталандыруды пайдалану, тапқырлық және тәуекелге бару өндірісті ұйымдастыру – бұл:
а) еңбек
б) жер
в) капитал
г) кәсіпкерліктің іскерлігі
8.Мерзімдік жалақының ерекшелігі мына жағдайда болады.
а) ол өндірістегі жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады, себебі ол еңбектің күндік ақысы бойынша анықталады.
б) жұмысшының жалақысы өндірілген өнімнің көлемі арқылы анықталады.
в) Еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы анықталады
г) ол ынталандырады, еңбектің өнімділігімен және интенсивтігімен, жұмысшылар арасындағы айырмашылыққа тереңдетеді еңбекақыны төлеуде
9.Төменде көрсетілгеннің қайсысы ерекше қажетті өндірістік фактор негізінде дұрыс емес:
а) жер қабілеті табиғи және жасанды құнарлығы жағынан
б) Жер учаскелерінің құнарлығы жағынан айырмашылығы
в) Жер - өндіріс құралы, еркін өндіруге болады
г) адамдардың әсері жер құнарлығына шексіз емес
10.Рентаның пайда болуы жер ресурстарының қандай шектеу түрімен байланысты? Сонымен бірге жер учаскесінің тұрған орнымен ауылшаруашылық айналымына кіргізу тек қана жақсы, не орташа және нашарлығына байланысты ма?
а) дифференциалдық рента І
б) дифференциалдық рента ІІ
в) абсолюттік ренталар
г) монополиялық ренталар
11.Жалпы түсіммен, анық және жүктелген шығындардың аралығындағы айырмашылықты құрайды
а) экономикалық пайда
б) Бухгалтерлік пайда
в) монополиялық пайда
г) қарапайымдық пайда
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Дайындалу барысында ең алдымен, «өндіріс», «ұдайы өндіріс» түсініктеріне назар аударып, ұдайы өндіріс модельдерін талдау керек. Ең алдымен, «шығындар», шығын түрлері экономикалық категорияларды зерттеңдер. Содан кейін экономикалық категория ретіндегі капиталды қарастырып, капитал айналымын, негізгі және айналым капиталын зерттеу керек. «Тозу түрлері. Негізгі капитал амортизациясы» сұрақтарын презентация түрінде қарастыру.
Тақырып 6. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
-
Өзін - өзі бақылау сұрақтарына дайындалу
-
Тапсырмаларды орындау
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
Мына тақырыптарға шолу жасау:
«Пайыз меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде», «Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «ЖҰӨ есептеуәдістері»
6. мына тақырыпқа реферат дайындау: «Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы»
7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өндіріс факторлары тұжырымдамасының дамуын сипаттау
2. Адам еңбегіне тиесілі негізгі қағидаларды атаңдар
3. Жұмысшы өз еңбегінің өнімін ала ала ма? Жауапты негіздеңдер
4. Тұрақты және ауыспалы капитал айырмашылықтарын көрсетіңдер
5. Дифференциалды және абсолютті рента арасындағы айырмашылық қандай?
6. Таза экономикалық рента деген не?
7. Макроэкономиканың негізгі мәселелерін атаңдар.
8. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмашылығы қандай?
9. Шығындар, табыстар және өндіріс бойынша ЖІӨ немесе ЖҰӨ қалай есептеледі?
10. Номиналды ЖҰӨнақты ЖҰӨ-нен немен айрықшаланады?
11.ЖҰӨ дефляторына анықтама беріңдер.
ТАПСЫРМАЛАР
1. Жеке тұлға келесі табыстарды алады:бірінші жылы 100 ақша бірлігі., екінші жылы – 150, үшінші – 200, төртінші – 250 ақша бірлігі.
Пайыз ставкасы - 20% жылдық.
4 жылда барлық табыстың бүгінгі құндылығы қандай болады?
2. Студентте 100 долл. Бар және ол оларды жинау немесе жұмсау мәселесін шешуде. Егер ол ақшаны банкке салса, онда бір жылдан кейін ол 112 доллар алады. Инфляция жылына 14%.
а) Номиналды пайыздық ставка қандай?
б) нақты пайыздық ставка қандай?
3. Сіз бір жылдан кейін жаңа автокөлік сатып алуды жоспарлайды. Ағымдық баға 36 мың ақша бірлігі. Банктік пайыздың жылдық ставкасы 10%. Инфляцияның күтілетін пайызы 5%. Бүгін Сіз қандай соманы салуыңыз керек, бір жылдан кейін жаңа автокөлік сатып алу үшін?
-
ЖҰӨ шығын әдісі бойынша анықтаңдар
-
Шығындар
|
Млрд. ақша бірлігі
|
Таза жеке ішкі инвестиция
|
80
|
Қызмет және импорттық тауарлар
|
40
|
Қызмет деңгейі және мемлекеттік тауарларды сатып алу
|
75
|
Халықтың тұтыну шығыны
|
30
|
Қызмет пен тауарлар экспорты
|
25
|
Амортизациялық аударымдар
|
30
|
-
Кестеде көрсетілген деректер бойынша иемденетін табысты анықтаңдар:
-
Табыс статьялары
|
Көлемі млрд, теңге
|
ЖІӨ
|
150
|
Амортизациялық төлемдер
|
2000
|
Бизнеске жанама салық
|
240
|
Әлеуметтік қамсыздандыру жарнамасы
|
102
|
Пайдаға салық
|
384
|
Карпорацияның бөлінбейтін пайдасы
|
505
|
Трансферттік төлемдер
|
281
|
Даралық салықтар
|
174
|
-
ЖІӨ шығын әдісімен анықтаңдар:
-
Шығындар
|
Көлемі, млрд. Теңге
|
1. Қызмет және мемлекеттік тауарларды сатып алу
|
286
|
2. Амортизациялық төлемдер
|
46
|
3. Қызмет пен тауардың экспорты
|
54
|
4. Таза жеке ішкі инвестиция
|
89
|
5. Қызмет пен тауар импорты
|
21
|
6. Халықтың тұтыну шығыны
|
480
|
7. Жағдайлық есепті шығарыңдар, келтірген тапсырмаға анықтама беріңдер.
-
Шоттар
|
Ақша бірлігі, млрд.
|
Несие пайыздық
|
12
|
Жиынтық жеке инвестиция
|
55
|
Жұмысақы және жалақы
|
218
|
Корпарацияның пайдасы
|
113
|
Жанама салық, салық емес транжеттік міндеттеме
|
|
Жеке кәсіпкерге төленетін төлемдер
|
22
|
Арендалық мүлікке төленетін ренталық төлемдер
|
20
|
Корпарацияның пайдасына төленетін салық
|
50
|
Қызмет пен тауардың таза экспорты
|
9
|
Мемлекеттің тауарлар мен қызметті сатып алу
|
90
|
Таза жеке инвестиция
|
45
|
Меншіктен алынатын табыс
|
21
|
Мемлекеттік кәсіпорынның таза субсидиясы
|
2
|
Халыққа төленетін трансферттік төлемдер
|
23
|
Тұтыну шығыны
|
26
|
Есептеу керек:
1. ЖҰӨ табыс толқын көлемі
2. ЖҰӨ шығын толқын көлемі
3. ТҰӨ көлемі
4. ҰТ көлемі
8.Кестеде көрсетілген деректерге байланысты қосымша құнның деңгейін анықтаңдар және қосымша қатарды толтырыңдар:
-
Өндіріс кезеңдері
|
Өнімді сатуға байланысты түсім
|
Қосымша құн
|
1. Қой шаруашылық кәсіпорны
|
50
|
|
2. жүн өнімін өндіретін кәсіпорын
|
100
|
|
3. жүннен жасалатын киімді тігетін кәсіпорын
|
200
|
|
4. Киімді көтерме саудада сататын кәсіпорын
|
250
|
|
5. Киімді бөлшек сауда орны арқылы сататын кәсіпорын
|
300
|
|
6. Жалпы сату құны
|
910
|
|
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. «Өндіріс факторлары» терминіне түсінік беріңіз:
а) Өндіріс факторлары – бұл материалдық және адам факторларының жиынтығы
б) Өндіріс факторлары – бұл экономикалық игіліктер өндіру үшін арналған ресурстар
в) Өндіріс факторлары – бұл өндірістік шығындар
г) жауаптардың барлығы дұрыс
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес
2. Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігі:
а) сұраныс фирманың сатып алған өндіріс факторларын жұмсау шамасына байланысты туындайды;
б) сұраныс туынды сипатқа ие және аталмыш өндіріс факторларынң көмегімен өндірілетінсоңғы тұтынушылық тауарлар сұранысқа ие болғанда ғана пайда болады;
в) сұраныс олардың бәекелес нарықтардағы ұсынысымен анықталады.
г) жауаптардың барлығы дұрыс
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес
3. Белгілі өндіріс технологиясы барысында экономикадағы өндіріс факторларын максималды пайдалану мынаған әкеледі:
а) жұмыспен қамтылудың артуына
б) бағалардың жоғарылауына
в) игіліктердің өндірілуінің артуына
г) технологиялық үрдіске
4. Өндіріс факторлары нарығындағы капиталға сұраныс - бұл:
а) ақшаға сұраныс;
б) машиналар мен құрал-жабдықтарға сұраныс;
в) акция мен облигацияға сұраныс;
г) ссудалық капиталға сұраныс;
джауаптардың барлығы дұрыс.
5. Капиталдың алғашқы жинақталуы – бұл процесс:
а) еңбекті босатып, жалдамалы жұмыскерлерді алу
б) жерді босату
в) өндіріс құралдары мен ақшаны капиталға айналдыру
г) жауаптардың барлығы дұрыс
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес
6. Капитал нарығының субъектілері:
а) банктер және олардың клиенттері
б) биржалар (қор)
в) мемлекет
г) корпорациялар мен жеке фирмалар
д) жауаптардың барлығы дұрыс
7. Төмендегілердің қайсысы еңбекке деген сұранысқа әсер етпейді?
а) соңғы өнімге сұраныс
б) шекті өнімнің басқа ресурстардың шекті өнімдеріне қатынасы
в) өндіріс технологиясы
г) номиналдық еңбекақыдағы өзгерістер
д) жауаптардың барлығы дұрыс
8. Инвестициялар туралы шешім қабылдағанда фирмалар мынаны ескереді:
а) номиналдық пайыздық ставканы
б) нақты пайыздық ставканы
в) нақты пайыздық ставканы шегергендегі номиналдық пайыздық ставканы
г) жоғарыда аталмаған өзге де факторлар
д) номиналдыны шегергендегі нақты пайыз ставканы
9. Жер бағасы тәуелді:
а) жер рентасының болашақ төлемдерінің дисконтталған ағымдық құнынан;
б) ағымдық жердегі жерге деген сұраныстан;
в) жер учаскесінің орналасуынан;
г) жауаптардың барлығы дұрыс;
д) өзге факторлардан.
10. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш:
а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі;
б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары;
в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі;
г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
11. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі:
а) тұтынушылар табысымен;
б) фирмалардың капитал салымдарымен;
в) өндірістік ресурстармен;
г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
12. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады:
а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен;
б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды;
в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы;
г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
13.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай?
а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең;
б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары;
в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді;
г) жауаптардың барлығы дұрыс;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты берілген әдебиетті қарастырудан бастау керек. «Еңбек», «капитал», «пайыз», «жер рентасы», «Макроэкономика», «макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Өндіріс факторлары теориясының негіздерін қарастырыңдар. Негізгі назарды кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдаға аударыңдар.
тақырып 7. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫДЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫ БОЛУЫ МАКРОЭКОНОМИКА ЗАҢДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ.
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
-
Өзін - өзі бақылау сұрақтарына дайындалу
-
Тапсырмаларды орындау
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
«Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «ЖҰӨ есептеуәдістері», қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді циклдар, «Ұзын толқындар» теориясы тақырыптарына шолу жасау
-
Экономиканы антициклдық реттеу мәселелері бойынша мақсаттар бұтағын өңдеу
-
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
-
Макроэкономиканың негізгі мәселелерін атаңдар.
-
ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмашылығы қандай?
-
Шығындар, табыстар және өндіріс бойынша ЖІӨ немесе ЖҰӨ қалай есептеледі?
-
Номиналды ЖҰӨнақты ЖҰӨ-нен немен айрықшаланады?
-
ЖҰӨ дефляторына анықтама беріңдер.
-
Экономикалық цикл деген не?
-
Экономикалық циклдердің себептері қандай?
-
Н.Д. Кондратьевтің «Ұзың толқындары» деген не?
-
Қазіргі таңдағы экономикалық дағдарыстардың ерекшелігі қандай?
Тапсырмалар:
-
ЖҰӨ шығын әдісі бойынша анықтаңдар
-
Шығындар
|
Млрд. ақша бірлігі
|
Таза жеке ішкі инвестиция
|
80
|
Қызмет және импорттық тауарлар
|
40
|
Қызмет деңгейі және мемлекеттік тауарларды сатып алу
|
75
|
Халықтың тұтыну шығыны
|
30
|
Қызмет пен тауарлар экспорты
|
25
|
Амортизациялық аударымдар
|
30
|
-
Кестеде көрсетілген деректер бойынша иемденетін табысты анықтаңдар:
-
Табыс статьялары
|
Көлемі млрд, теңге
|
ЖІӨ
|
150
|
Амортизациялық төлемдер
|
2000
|
Бизнеске жанама салық
|
240
|
Әлеуметтік қамсыздандыру жарнамасы
|
102
|
Пайдаға салық
|
384
|
Карпорацияның бөлінбейтін пайдасы
|
505
|
Трансферттік төлемдер
|
281
|
Даралық салықтар
|
174
|
-
ЖІӨ шығын әдісімен анықтаңдар:
-
Шығындар
|
Көлемі, млрд. Теңге
|
1. Қызмет және мемлекеттік тауарларды сатып алу
|
286
|
2. Амортизациялық төлемдер
|
46
|
3. Қызмет пен тауардың экспорты
|
54
|
4. Таза жеке ішкі инвестиция
|
89
|
5. Қызмет пен тауар импорты
|
21
|
6. Халықтың тұтыну шығыны
|
480
|
4. Жағдайлық есепті шығарыңдар, келтірген тапсырмаға анықтама беріңдер.
-
Шоттар
|
Ақша бірлігі, млрд.
|
Несие пайыздық
|
12
|
Жиынтық жеке инвестиция
|
55
|
Жұмысақы және жалақы
|
218
|
Корпарацияның пайдасы
|
113
|
Жанама салық, салық емес транжеттік міндеттеме
|
|
Жеке кәсіпкерге төленетін төлемдер
|
22
|
Арендалық мүлікке төленетін ренталық төлемдер
|
20
|
Корпарацияның пайдасына төленетін салық
|
50
|
Қызмет пен тауардың таза экспорты
|
9
|
Мемлекеттің тауарлар мен қызметті сатып алу
|
90
|
Таза жеке инвестиция
|
45
|
Меншіктен алынатын табыс
|
21
|
Мемлекеттік кәсіпорынның таза субсидиясы
|
2
|
Халыққа төленетін трансферттік төлемдер
|
23
|
Тұтыну шығыны
|
26
|
Есептеу керек:
1. ЖҰӨ табыс толқын көлемі
2. ЖҰӨ шығын толқын көлемі
3. ТҰӨ көлемі
4. ҰТ көлемі
5.Кестеде көрсетілген деректерге байланысты қосымша құнның деңгейін анықтаңдар және қосымша қатарды толтырыңдар:
-
Өндіріс кезеңдері
|
Өнімді сатуға байланысты түсім
|
Қосымша құн
|
1. Қой шаруашылық кәсіпорны
|
50
|
|
2. жүн өнімін өндіретін кәсіпорын
|
100
|
|
3. жүннен жасалатын киімді тігетін кәсіпорын
|
200
|
|
4. Киімді көтерме саудада сататын кәсіпорын
|
250
|
|
5. Киімді бөлшек сауда орны арқылы сататын кәсіпорын
|
300
|
|
6. Жалпы сату құны
|
910
|
|
6.Жіберілген элементтерді толтырыңдар:
7.Қалпына келтіру керек жіберілген элементтерді логикалық тізбек арқылы, циклдік фазалық ізділігімен:
Құлдырауы → …. → …. Жандануы ….
Тестілік сұрақтар:
1. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш:
а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі;
б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары;
в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі;
г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
2. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі:
а) тұтынушылар табысымен;
б) фирмалардың капитал салымдарымен;
в) өндірістік ресурстармен;
г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
3. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады:
а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен;
б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды;
в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы;
г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
4.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай?
а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең;
б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары;
в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді;
г) жауаптардың барлығы дұрыс;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
5. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасы болғанға дейін қысқармайды және құлдырау фазасы болғанға дейін артпайы?
а) ұзақ мерзім пайдаланатын заттарға жаңа тапсырыстар көлемі;
б) бөлшек сауда көлемі;
в) құнды қағаздар курсы;
г) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
д) жауаптардың барлығы.
6. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасынан кейін төмендеп, құлдырау фазасынан кейін артады?
а) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі;
б) ЖҰӨ көлемі;
в) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
г) құнды қығыздар курсы;
д) өнеркәсіптік өндіріс көлемі.
7. Экономикалық цикл мыналармен байланысты:
а) тек сыртқы факторлар әрекетімен;
б) тек ішкі факторлар әрекетімен;
в) жиынтық сұраныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
г) ұсыныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
д) кездейсоқ саяси факторлармен.
8. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келмейді?
а) ұзақ мерзім пайдаланылатын құрал – жабдықтарға инвестициялардың төмендеуі;
б) акция курсының төмендеуі, еңбекке сұраныстың төмен болуы;
в) салық түсімдерінің қысқаруы;
г) корпорация пайдаларының төмендеуі;
д) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің азаюы.
9. Экономикалық циклдың дамуы саяси факторлар әрекетінің ықпалымен болатын теория мынадан шығады:
а) инфляцияға қарсы шаралар үкімет деңгейінде шешіледі;
б) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының сайлауынан кейінгі жыл қатаң экономикалық шараларды өткізумен байланысты;
в) сайлау өткізу жылдары жоғары экономикалыө өсім жиі байқалады;
г) сайлаулардың кезеңділігі экономикалық цикл кезеңділігіне ықпал етеді;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Макроэкономика», «макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Ұлтық шоттар жүйесін, ҰШЖ-нің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін қарастырыңдар.
тақырып 8. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСТЕРІ РЕТІНДЕ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
СӨЖ тапсырмалары:
-
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
-
Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Есептерді шығару
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
«Қазақстан экономикасындағы жұмыссыздық мәселелері», «Өтпелі экономикадағы инфляция» тақырыптарына рефераттар дайындау
-
«Экономиканы антиинфляциялық ретеу» тақырыбына шолу жасау
-
«Табыстарды бөлудегі теңсіздік» тақырыбына акдемиялық эссе жазу
-
Экономикалық өсім модельдерінің біріне шолу жасау
-
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
-
Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұранысқа қандай бағалық емес детерминанттар айтарлықтай ықпал етеді?
-
Американ газеттерінде Оңтүстік Американың бірқатар елдері американ бантерінен алынған займдары бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайды деген хабарлама пайда болды. Осы жағдай американ экономикасындағы жиынтық сұраныс көлеміне қалайша ықпал етуі мүмкін?
-
Жұмыс күшінің қазіргі таңдағы салалық және кәсіби – біліктілік құрылымы қандай?
-
Сұрақты негіздеңдер: неге циклдық өрлеу кезеңінде циклдық жұмыссыздық болмайды?
-
Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
-
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу қажеттілігі немен түсіндіріледі? Ол нарық «фиаскосымен» қалай байланысқан?
-
Мемлекеттің неғұрлым маңызды экономикалық қызметтерін атаңдар.
-
Коммерциялық банктер мемлекеттік облигацияларды сатса, ақш ұсынысымен не болады?
-
Қандай экономикалық құралдардың көмегімен мемлекет ақша ұсынысына ықпал етеді?
-
Экономикалыө өсім деген не және оның типтері қандай?
-
Экономикалық өсімнің негізгі факторларын атаңдар
-
Экономикалыө өсімнің қандай қарқындары оптималды болып табылады?
-
Экономикалық өсім кезеңдерінің қандай концепцияларын Сіз білесіз?
-
Экономикалық өсімнің неоклассикалық және неокейнсиандық модельдерінің ерекшеліктері қандай?
Тапсырмалар:
-
Таблицаны толтырыңыз, белгілі инфляция түрлерін
-
№
|
Инфляцияның түрлері
|
Баға деңгейінің өсу қарқыны
|
1
|
|
5-10%
|
2
|
|
5-50%
|
3
|
|
100%
|
-
Баға индексі осы жылғы 125%, ал базалық 110% . Есептеңдер инфляция қарқынын және оның түрін көрсетіңдер.
-
Жұмыссыздық деңгейін анықтаңдар, егер жиынтық жұмыс күші белгілі болса 73 млн, ал жұмыссыздық – 8 млн.
4. Әрбір терминге өзінің анықтамасын беріңдер:
-
1. Еңбектеу инфляциясы
|
А. Инфляцияның әр түрлі қарқыны: бағаның максималдық ұлғаюы бірінші қажеттілік тауарларға және аздап көбеюі ұзақ мерзімдік пайдалану тауарларға
|
2. Жасырынды инфляция
|
Б. Көп уақытқа созылған инфляция жоғары қарқынмен бағаның өсуі, өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, тоқтауы
|
3. Стагфляция
|
В. тән «спиралдық инфляция» бағаның өсуіне байланысты жұмысақының өсуін қалайды, көбею бағаның өсуіне әкеледі.
|
4. баланстанбаған инфляция
|
Г. инфляция бағаның секіруі арқылы, инфляцияны тосуға байланысты «бағаны шешуге» байланысты инфляция
|
5. сұраныс инфляциясы
|
Д. мұндай инфляцияның негізгі факторы, импорттық тауарларды пайдалану, импорттық бағаны ҰӨ бағасының шығынының өсуіне , шет ел займының, валютаның кетуіне итермелейді
|
6. Гиперинфляция
|
Е. инфляция орта жылдық өсу қарқыны баға бойынша 5-10%, дамушы елдернге тән, экономикалық әдетті дамуы деп есептейді.
|
7. импорттық инфляция
|
Ж. Төмен айналымда ақша массасының артық болуы, шектеулі ұсыныс тауарларынан баға өсуі болады және ақша құнсызданады.
|
8. Секіріс жасаушы
|
З. Белгілі инфляция формасында ақшаның саны арифметикалық пропорциямен, ал баға геометриялық өседі.
|
9. Шығын инфляция
|
И. инфляция, сұраныс және ұсыныс инфляциясының элементтерін байланыстырады. Оның негізгі процесі сұраныс құрылымының өзгеруіне байланысты
|
10. тоспаған инфляция
|
К. Жылдық бағаның өсу қарқыны 10-15 % құрайды. Бұл негізінен дамушы елдерге тән.
|
11. Құрылымдық инфляция
|
Л. Инфляцияның мұндай түрі дифициттік экономикаға сипатты, товардың сапасы төмендейді және аздап баға деңгейі өседі.
|
5.Айталғанды жалғастыр, кестенің принциптерін көрсетіңдер.Банктік несие қандай жағдайда беріледі: 1)....2)....3)....
6.Анықтаңдар, төменгі көрсетілгендердің қайсысымен екінші деңгейдегі банк жұмыс есептемейді, не кейбір қызмет түрі шектелген.
-
1
|
Маманданған бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету, банк қызметін автоматтандыру
|
2
|
Белгіленген заңмен іске асыру үшін, мүмкіндіктерді кепілдікке қою
|
3
|
Банк қызметінде аудитті іске асыру
|
4
|
Қамсыздандыру іске асыру қамсыздандыру ұйымы атынан – шет елдік қамсыздандыру компаниялары
|
5
|
Төлем қабілетсізі жоқ борыштар банкроттық қызметті басқару арқылы
|
6
|
Нормативтік- құқықтық актілерді шығару арқылы
|
7
|
Өз мүлігін сату арқылы
|
8
|
Заңды тұлғалардың облигацияларын мәмле арқылы іске асыру
|
9
|
Кеңестік қызмет етуге байланысты
|
10
|
Банктың меншік капиталы арқылы қатысу, мемлекеттік емес зейнетақы активіне,зейнетақы қорына, инвестиция қорына
|
7.Жіберілген элементтерді толықтырыңдар:
-
Ақша-несие саясатының құралдары
|
-
Есептер:
-
Ел халқының саны 100 млн адам. Жұмыссыздар шамамен 50% барлық халықтың құрайды. Тіркелген жұмыссыздық жұмыс істеушінің 8% құрайды. Жұмыссыздар және өндірістен қол үзгендер – 36 млн адам, жұмыс істемейтіндер және жұмыс іздеушілер 4 млн адам. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру бойынша елдегі жұмыссыздар деңгейін анықтаңдар.
-
Қалада 5,5 мың адам жұмыссыз, олар жұмыссыздық туралы жәрдем ақы алуға құқылы. Жәрдемақы мөлшері орташа 75% еңбекақыдан, ол қала бойынша 670 теңге. Жәрдемақы төлеудің орташа уақыты 2 ай, одан кейін жұмыссыз жұмысқа орналасады не мамандық алуға оқу оқиды. Әрбір қызметкерден орташа бар жұмыс істемейтіндерге 10 % ұстайды, бұған жәрдемақыны көбейтеді. Жұмыспен қамтылу фондының қандай суммасы жәрдемақыны төлеуге қажет, анықтаңдар.
Тестілік сұрақтар:
1.Жиынтық сұраныс неден тікелей тәуелділікте болады:
а) пайыз ставкасының әсері;
б) кассалық қалдықтар әсері;
в) импорттық тауарлар әсері;
г) жауаптардың барлығы дұрыс;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
2. Егер жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп болса, онда тепе – теңдікке жету үшін мыналар қажет:
а) өндіріс көлемін өзгерту;
б) бағаларды арттыру;
в) шығару көлемін кеңейту;
г) шығару көлемін қысқарту;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
3. Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі:
а) циклдық жұмыссыздықты есепке алады;
б) фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады;
в) нөлге тең;
г) институционалды жұмыссыздықты есепке алады;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
4. Экономикада толық жұмысбастылық пен жоғары инфляция байқалуда. Мемлекеттік саясаттың қандай жиыны инфляция қарқынын жылдамырақ төмендетуге әкеледі:
а) мемлекеттік шығындарды арттыру және мемлекеттік облигацияларды сатуф;
б) мемлекеттік шығындарды қысқарту және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сату;
в) салықтарды төмендету және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;
г) салықтарды арттыру және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
5. Кез – келген ел экономикасындағы инфляция түрлерінің қандай үйлесімі неғұрлым ауыр әлеуметтік – экономикалық зардаптарға ие болады:
а) баланстанған, бірқалыпты, күтілетін;
б) баланстанбаған, галопирленген, күтілетін;
в) баланстанбаған, галопирленген, күтілмейтін;
г) гиперинфляция, баланстанбаған, күтілмейтін;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
6. Бір – біріне қатысты тауарлар бағасы қатты өзгеретін инфляция түрі:
а) баланстанған;
б) баланстанбаған;
в) күтілетін;
г) күтілмейтін;
д) дұрыс жауабы жоқ.
7. Ақша жүйесінің маңызды құраушыларына мыналар жатады:
а) ұлттық ақша бірлігі;
б) қол ақша айналымында заңды төлем құралдары болып табылатын несиелік және қағаз ақша жүйесі;
в) ақша эмиссисының жүйесі;
г) ақша айналысын реттеу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттік органдар;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
8. Ақша – несие саясаты қай органмен жүргізіледі:
а) ел үкіметі;
б) елдің барлық қаржы-несие институттарымен;
в) елдің орталық банкімен;
г) қаржы министрігімен;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
9. Дамыған елдердегі экономикалық өсімнің неғұрлым маңызды себебі – бұл:
а) жұмыс уақыты көлемінің көбеюі;
б) өндірістегі технологиялық өзгерістер;
в) қолданылатын капитал көлемінің ұлғаюы;
г) экономикалық өсімге ықпал ететін ақша – несие және фискалдық саясатты жүзеге асыру;
д) жұмыс күші біліктілігінң артуы.
10. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы мемлекеттің әскери потенциалын өлшеу үшін қолданылады:
а) ЖҰӨ номиналды көлемі;
б) ЖҰӨ нақты көлемі;
в) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ номиналды көлемі;
г) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі;
д) жанұяның орташа жан басына шаққандағы табысы.
11. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі мен ЖҰӨ номиналды көлемінің өсімі жайлы мәліметтер:
а) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ сомалық нақты көлеміне қарағанда жылдамырақ өседі;
б) экономикалық өсімді азайтады, себебі олар қоршаған ортаны ластау факторын ескермейді;
в) экономикалық өсімді азайтады, себебі орын алған жұмыс уақытының қысқаруын ескермейді;
г) экономикалық өсімді арттырады, себебі олар өмір сапасының жақсаруын ескермейді;
д) ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ номиналды көлеміне қарағанда жылдамырақ өсетінін көрсетеді.
12. Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал етпейді:
а) технологиялық өзгерістер;
б) жұмысшылар санының артуы;
в) жұмысшылар білімі мен біліктілігінің деңгейі;
г) өндіріс ауқымының әсері;
д) өндірісті ұйымдастыру деңгейі.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылаын әдебиетті талдаудан бастау керек. ең алдымен, «жиынтық сұраныс», «жиынтық ұсыныс» экономикалық категориларын қарастырыңдар. Макроэкономикалық тепе – теңдікті орнату үшін қандай күш жұмсап, және қандай жағдайларда одан ауытқу болатынын түсіндіріңдер. Жұмысбастылық пен жұмыссыздыққа анықтама беріңдер. «Инфляция» категориясын, түрлері мен себептерін қарастырыңдар. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарларын қарастырыңдар. Инфляцияны антиинфляциялық реттеуді шолу түрінде қарастыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |