Дәріс тезистері:
Социологиялық зерттеу - нақты теориалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориалық және эмперикалық рәсәмдер жүйесі.
Социорлогиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар
Социологиялы зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
1. Мақсаты және теорилық бағдары. Мұнда олар:
а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи болуы мүмкін; д) кейбір таңдамалы оқиғаларды зертеу мақсатында жүргізілуі мүмкін ( монографиялық сипаттама).
2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері; материалды таңдау әдісі. Мұнда олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың сауалнамасы, мақсаты сипаттама, объекті туралы түсінік ); в) талдамалық ( себептік байланыстарды сипаттау және анықтау ) болуы мүмкін.
Барлау арқылы зерттеу - нақты - социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарла мен көлемі бойынша сығындалған құралдарға ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы және басқалары ) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі - экспресс - сауалнама.
Сипаттамалық зерттеу нақты - социологиялық зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.
Талдама зертеу - социологиялық талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді; бұл зертеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: а) бір жолғы, нүктелік; б) қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар - сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі - бір уақыт арқылы; в) лонгитюдті ( объектіні ұзақ уақыт кезең - кезеңмен бақылау ) .
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми - тәжірибелік зертеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
1. Не істеу керек.
2. Ойлаған нәрселерді немен орындау керек.
3. Ойлағандарды қалай орындау керек.
Бағдарламаның функциялары:
1. Теориялық - әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға,
сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді.
3. Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді.
Оны жасауға кірісуден бұрын мыналарды істеу қажет:
1. Зерттеуге жататын жағдайға диагностика жасау ( мысалы, қазіргі заманғы орта мектептің жай - күйі зерттеледі ).
2. Проблематизация жүргізу - дәл осы сәттегі нақты шешілетінді анықтау ( кадр құрамы, оқушыларды мектеп партасына қайтару ).
3. Кейіннен шешу қажет болатын негізгі мәселерді белгілеу.
4. Егер тапсырыс беруші бар болса, алдын - ала зерттеудің мақсатын, мерзімін келісу.
5. Есеп беру формасын анықтау.
6. Зертеу тақырыбын тұжырымдау.
Зерттеу тақырыбы - проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде қойылатын контурды белгілеу, қандайда бір шешім қабылдау үшін өзінің бағыты болуы керек.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге бағытталады. Проблема - адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі туралы білімі мен осы әрекеттерді ісіке асыру жолдарын, құралдарымен әдістерін білмеуі арасындағы қарама - қайшылық.
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір социологиялық зерттеу шнгінде бірнеше проблеманы белгілеуде дұрыс емес.
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:
1.Проблемалық ахуалдыпайымдау;
2. Проблемены тұжырымдау ( әзіплеу)
Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-қайшылылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).
Проблемалық ахуалды алдын – ала талдау:
а) сырттай бақылау;
б) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;
в) құжаттарды, оның ішінде ведомоствалық құжаттарды, алдыңғы социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;
г) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен) еркін интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып табылады.
1. Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ: Осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылымы: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы тобын түсіндіретін үлгіні жасайды.
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы немесе аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс анықтаудың маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, сондай-ақ әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама- қайшылықтарды барынша толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен қатар міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза – қандай да бір фактіні, құбылыстар мен прпоцестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі, ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан соцологтар объектіден зерттелетін жиынтық алынатын «іріктеу» операциясын жүргізеді. Бағдарламада бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты - осы зерттеуге «қажет» , қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қалажәне с.с-лар қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, сондықтан репрезантативті іріктеуге жүгінуге тура келеді – басты іріктеуге сәйкес келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.
Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |