Пән: информатика Сынып: 6 Күні: Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. Мақсаты



Дата29.06.2016
өлшемі31.21 Kb.
түріСабақ
Пән: информатика

Сынып: 6

Күні: _____________
Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Мақсаты:

1. Білімділік: Деректерді мұрағаттау жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Файлдарды мұрағатқа әзірлеу және мұрағаттан алып шығуға үйрету.

3. Тәрбиелік: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақ жабдықтары: карточкалар, электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: демонстрация, компьютерлік практикум.
Сабақтың барысы:

І. Үйымдастыру:

1. Компьютерлердің сабаққа дайын болуы.

2. Оқушылардың сабаққа дайын болуы.

3. Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру



  1. Компьютерлік вирус деген не?

  2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

  3. Зиянды бойынша вирус түрлерін атаңдар

  4. Вирустардың негізгі топтарын атап шығыңдар

  5. Антивирустық программа дегеніміз не?

  6. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар

ІІІ. Жаңа білім беру

Ақпаратты қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискеттерге көшірудің дұрыс болатыны алдыңғы тақырыпта айтылған. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек? Мұндай жағдайларда ақпаратты бұлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады. Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том – бұл көптомды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болуы керек.



Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші программалар деп аталады. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND дегендерін атауға болады.

Бұл архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:


  1. жаңа архив жасау

  2. архивтен файлдарды шығару

  3. бар архивке файлдарды қосу

  4. өзі шешілетін архив жасау

  5. көптомды архив жасау

  6. зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру

  7. архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қоғау.




  1. Өзіндік жұмыс:

Электрондық оқулықпен жұмыс: Модуль №4 бойынша «Деректерді мұрағаттау» тақырыбы бойынша сараптау жасау.

Ол үшін оқушылар модульде берілген тақырыптарға шолу жасайды. Негізгі ұғымдар мен түсініксіз терміндерді дәптерге жазып алады. Жаңа ұғымдарға сараптау жасалады.



  1. Демонстрация.

  1. Мұрағатты әзірлеу бөлігі бойынша

  2. Өзінен -өзі шешілетін архив (SFX ) мұрағатын жасау. Ол не үшін керек.

  3. Мұрағаттан шығарып алу бөлігі бойынша

IV Жаңа білімді бекіту

Компьютерлік практикум:



Тапсырмалар жеке беріледі. Мысалы тапсырма №1:

  1. Өзіңіздің қалтаңызға оң жақ батырмамен шертіңіз, шыққан мәзірден WINRAR – добавить в архив командасын орындаңыз

  2. архивті әзірлеу терезесінде – обзор батырмасын басып – Жұмыс үстелін таңдаңыз. Және метод сжатия мәзірінен – максимальный деп таңдаңыз.

  3. ОК –батырмасын басыңыз.

  4. Әзірленген мұрағат пен өзініңдің қалтаңыздың көлемін салыстырыңыз. Ол үшін қалтаға немесе мұрағатқа оң жақ батырмамен басып – жанама мәзірден –Свойства командасын таңдаймыз.

  5. Үлкен қапшықты том арқылы сыгып көрсетіңіздер

V. Сабақты қорытындылау:

  1. Архив дегеніміз не?

  2. Архивтеуші программаларды атаңдар

  3. Қандай файл өзі шешілетін деп аталады?


VI. Үйге тапсырма беру:

Деректерді мұрағаттау тақырыбы бойынша қайталау. Қосымша іздену: Мұрағаттау бағдарламалары.
Каталог: files -> lesson
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> ДӘріс №2 Ақпараттың өлшем бірлігі. Ақпаратты кодтау. Жоспар
lesson -> Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру
lesson -> ДӘріс №5 windows операциялық ЖҮйесінің негізгі функциялары мен оларды басқару жолдары. Жоспар
lesson -> Стратегический маркетинг
lesson -> Сабақтың мақсаты: «Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар»
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу. Бағдарламалық оетс, Windows ож
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Мерзімі сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары. Бағдарламалық


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет