Пән силлабусы пән туралы ақпарат


Курстың академиялық саясаты



бет4/5
Дата01.03.2024
өлшемі28.96 Kb.
#493736
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
силлабус соңғы нұсқа (3)

Курстың академиялық саясаты:

Пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Академиялық тәртіп ережелері:

      • студент әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуы керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс;

      • орындайынтын тапсырмалар пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі;

      • тапсырмалар әдістемелік кеңестер негізінде, белгіленген формаға сәйкес, мерзімінде орындалуы керек; барлық тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады;

      • сабаққа кешігуге, себепсіз сабақтан қалған жағдайда оны өтеу қажет болады.

Академиялық адалдық:

      • Студент оқу үдерісінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Академиялық адалдық» Кодексін басшылыққа алуы керек;

      • берілген тапсырмаларды адал және мұқият орындауы қажет;

      • орындаған тапсырмаларда міндетті түрде ақпарат көздеріне сілтеме жасауы, басқа адамның немесе ұжымның еңбегін өз еңбегі ретінде ұсынбауы, толықтай немесе жартылай көшіріп алмауы тиіс;

      • бақылау жұмыстарын орындауда алдауға, көшіріп алуға, рұхсат берілмеген техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмеуі керек;

      • бір жұмысты екі рет бағалауға беруге болмайды.

  1. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)* Оқу әдебиеттері:

    1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017 // http://www.akorda.kz/kz

    2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.

    3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы / Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018.–360 с.

    4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 с.

    5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасырфилософиясы / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 с.

    6. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 3-том: Қазіргі заман философиясының бастауы .- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 412 б.

    7. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 4-том: Қазіргі заман философиясы .- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019.- 412 б.

    8. Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ ғылыми редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. – 496 с.

    9. Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы.- Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2017.- 337 б.

    10. Алтаев Ж., Қасабек А. Қазақ философиясы.- Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2017.- 220 б. Интернет-ресурстар:

    1. Онлайн курс: Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін // openU.kz: Қазақстанның ашық университеті

    2. Онлайн курс: Философияның таңдаулы 25 кітабы // openU.kz: Қазақстанның ашық университеті

    3. Онлайн курс: Батыс философиясының жаңа тарихы. // openU.kz: Қазақстанның ашық университеті

    4. Онлайн курс: Философия // https://open.kaznu.kz: Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Жаппай ашық онлайн курстары




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет