Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет33/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Өлең жолдарын түсініп оқып, жаттап алыңыздар.


Уақыттан асқан билік жоқ


Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.


Жас болып мәңгі жүрмейсің,
Мәңгілік өмір сүрмейсің.
Үнемдеп жұмса уақытты,
Бітеді ол қашан білмейсің.


Әдемі сағат таңдайсың,
Көресің ұстап әрқайсын,
Он сағат сатып алсаң да,
Уақытты сатып алмайсың.


Уақытты жинай алмайсың,
Біреуге сыйлай алмайсың.
Уақытың бітсе, сен оны
Қарызға сұрай алмайсың.


Бұл өмір деген ─ қас қағым,
Өтер де кетер жас шағың!
Сыйлатқың келсе өзіңді,
Уақытын сыйла басқаның... Алмас Темірбай


3-тапсырма. Іс-әрекет мезгілінің берілуі. Қай тіркесті нақты іс-әрекет мезгілін білдіру үшін қолданамыз?
Бес ай бұрын, өткен жылы, кеше, осы жылы, сағат бесте, бүгін, осы аптада, 2007 жылы 20 желтоқсанда, осыған дейін.


10-ТАҚЫРЫП. Мәдениет және өнер

Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Қазақтың тұңғыш драма театры мен киносы. Алғашқы кино және пьесалар.
2. Мәтінмен жұмыс, оқу, аудару.
2-сабақ
1. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері.
2. Өзіне ұнайтын туынды жайлы әңгімелеу, театрға саяхат.


3-сабақ
1. Бірлескен іс-қимылдың берілуі, қимылдың тәсілі, амалы. Жалпылау есімдіктері.
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 10, 12, 14, 15, 17, 19


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Театр және кино өнері» конспект жазу.
2. «Танымал өнерпаздар» тақырыбына презентация жасау.
3. Тақырыпқа қатысты терминдер сөздігін құру.
4. Тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет