Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған


ІІ СЕМЕСТР 1-ТАҚЫРЫП. Білім және ғылым



бет41/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

ІІ СЕМЕСТР


1-ТАҚЫРЫП. Білім және ғылым


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ.
1. Білім, ғылым және жастар саясаты. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық.
2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.
2-сабақ
1. Қазіргі білім беруді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы мәлімет.
2. Сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.
3-сабақ
1. Заттың (жақ, тарап) анықтамасы (Қазақстан жастары), салыстыру құрылымдарының берілуі, іс-қимылдың мекені (елімізде, оқу орындарында)
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 11, 12, 13, 14, 17


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Білім және ғылым туралы туралы мақал-мәтелдер жинау
2. «Ел болашағы білімді ұрпақта» тақырыбында эссе жазу
3. Тақырыпқа қатысты сұхбат құрастыру
4. «Ғылым көкжиегінде білімді ұрпақ» реферат дайындау
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Білім және ғылым туралы туралы мақал-мәтелдерді жаттау
2. «Ел болашағы білімді ұрпақта» тақырыбында эссені талқылау
3. Тақырыпқа қатысты сұхбат жүргізу
4. «Ғылым көкжиегінде білімді ұрпақ» рефератты қорғау
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.

Жастар саясаты


Жастар саясаты департаменті университеттің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастырып, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар саясатын жүзеге асырып, маңызын айқындайды. Университеттегі қоғамдық-тәрбие жұмысы тікелей департаменттің басшылығымен іске асып отырады. Студент-жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын, қазақ халқының мәдени салт-дәстүрін ұстану, адамгершілік, терең рухани байлық, азаматтық бейнесін қалыптастыруға тәрбиелейді.


Студентке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытып және сонымен қатар Қазақстанның ұлтжанды азаматы ретінде әлеуметтік қызметте жоғары кәсіби біліктілігін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Студенттердің гуманисттік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады.
Жастар саясаты департаментінің мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасау. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:

  • Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, оларға өзін-өзі дамытуда әлеуттік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, ғылыми, шығармашылық жағынан камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау білдіру.

  • Көшбасшылық дағдылары бар бастамашыл және талантты жастардың толық қалыптасуына қолдау білдіру

  • Жастарға азаматтық білім мен патриоттық тәрбие беру, жастар арасында олардың мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет