Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»



бет11/19
Дата15.12.2023
өлшемі71.76 Kb.
#486739
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
f60a2252fc459d

1.Сабақ мақсаты:
Жастардың отбасылық өмірге жауапкершіліктерін қалыптастыру. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау
Жұмыс формасы: зерттеу,тренинг,кеңейтілген лекция, жағдаяттар талдау


2. Ақпараттық блок.Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:
репродуктивті (ұрпақ әкелу);
шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асырау);
тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);
қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);
рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;
отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;
отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді;
отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;
отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол;
отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында қалыптасады;
отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;
кәсіп таңдауға да ықпалы зор;
Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады:
беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады;
демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет