Қосымшалар
Сабақтар мазмұны
№1 тақырып. Жастардың отбасылық өмірден күтетіндері мен қоятын талаптары. Отбасы құру үшін лайық жар портреті. /Отбасы күні мерекесіне орай аулада барлық студенттерді қатыстырып флешмоб өткізу/.
1.Топпен танысу. Кіріспе әңгіме " Менің отбасым "
2. Практикалық тапсырма: топтық коллаж құрастыру" Менің болашақ отбасым".
3. Ақпараттық хабарлама" Үйленгенге дейінгі кез: қыз кезінде бәрі жақсы...".
4. Диагностика. Cтудент жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеледі. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы (авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева).
«Отбасылық социограмма» әдістемесі» (Эйдемиллер, Черемисин) әдістері пайдаланылады. (қосымшада)Нәтижесін талдау.
5. Жаттығу " Кездейсоқ танысу". және "Жар таңдау″- Отбасы құру үшін лайық жар портреті: нағыз " жігіт пен нағыз " қыз сапалары..
6. Бақытты отбасы болу арманыма жету үшін не істеуім керек?/қорытындылау
Сабақ мазмұны:
1.Топпен танысу. Өзімді және өзгені танимын. «Мен кіммін?»
Мақсаты: Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру, өз құндылықтарын және жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.
Өзіңізді қалай бағалайсыз? «Мен» әлеміңіз қандай? Жауап беріп көруіңізге болады... Оған төмендегі әдістер көмектеседі.
(Мына шеңбердің қайсысының ішінде тұрар едің, соған «Мен» деп жаз)
Кілті: Алдыңғы үшеуі – өзіңді шамаңнан артық бағалайсың; соңғы үшеуі – өзіңді төмен бағалайсың, өз-өзіңе сенімің аз; ортаңғы (4,5) шеңбер – адекватты баға, өмірдегі өз орнын біледі.
Кіріспе әңгіме " Менің отбасым "(әркім өз отбасы туралы әңгімелейді).
2. Практикалық тапсырма: топтық коллаж құрастыру" Менің болашақ отбасым".талдау.
3.Ақпараттық хабарлама" Үйленгенге дейінгі кез: қыз кезінде бәрі жақсы...".
Тау халқында бір аңыз бар. Ертеректе бір келіншек күйеуінің өзге әйелдерге көп назар салып, солардың жетегінде жүргенін айтып, мұң шағып анасына келіпті. Етегі жасқа толған қызының көзіне қарап тұрып анасы: «Күйеуіңді қайтарғың келсе, маған жолбарыстың 3-4 тал мұртын жұлып әкеліп бер», - депті. Анасының мына сөзінен шошынған қыздың түсінбеген кейпін көрген анасы тағы да қайталап айтады. Бірақ, отбасының бірлігін сақтау үшін келіншек те көзсіз ерлікке бел байлайды. Сөйтіп қолына қой етінің бір кесегін алып, ну орманның арасына кіріп кетеді. Алдынан арпылдап атып шыққан аш жолбарыстың қаһарынан қорқып, етті алдына лақтырып, өзі қаша жөнеледі.
Екінші мәрте барғанда да дала аңы әлгі әйелге қарай ұмтылғанда тағы да етті тастап орман арасынан шығып кетеді. Үшінші рет тамақ бергелі тұрған әйелдің қолындағы етке ұмтылады, бұл кезде де қалың ойға шомған күйі үйіне қайтып келіп, ертеңіне соңғы рет бағын сынап көруді ойлайды. Осы барғанында жолы болмаса, басқа қандай амал етерін білмейді. Сөйтіп, соңғы үмітін арқалап, төртінші рет орманға қолындағы қой етін алып кіргеннен бастап әлгі жолбарыс әйелдің келер жолында құйрығын бұлғаңдатып, аузын ашып қарсы алады. Оның да күткені осы еді. Дереу қолындағы ет кесегін беріп, жеп болғанын күтеді. Жолбарыс та тамағын тойдырған соң әйелдің алдына басын қойып, қалғып кетеді. Осы кезді сәтті пайдаланған келіншек 3-4 тал мұртын жұлып алып, анасына апарып береді. Сонда анасы: «Міне, сен жыртқыш жолбарыстың өзін алдап түсірдің. Оның қасында күйеуің адам баласы емес пе?! Бар да күйеуіңнің көңілін тап!», - депті. Аңыздың соңында сол секілді әр еркектің бойында бір жолбарыс жатқанын, ал әйелдің оны мейірімі мен жан жылуын астастыра отырып, алдап, арбаса, көнбейтін еркек болмайтынын айтқан. Сірә, «бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» деген мақал осындайда айтылса керек. Қызым, саған айтам: отбасының бақыты саған(дана әйелге байланысты)!
Достарыңызбен бөлісу: |