Пәндердің элективті каталогы



жүктеу 1.31 Mb.
бет1/8
Дата15.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ф. 7. 02-05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІК» ФАКУЛЬТЕТІ




5В073100 –"Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі"

мамандығы

Пәндердің элективті каталогы

Шымкент 2014 жылы




Модуль шифры мен атауы

Пән атауы

Цикл

Пәннің коды

Кредиттер саны

Пән форматы Дәр/ЗертС /ПС /ОСӨЖ/ СӨЖ

Семестр

Курстық жұмыс/жоба

Пререквизиттер/ постреквезиттер

Пәннің қысқаша мазмұны мен мақсаты

Құзіреттілікттер

Оқытушылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




ЖАЛПЫ МІНДЕТТІ МОДУЛЬДЕР

ЖММ 1 Қазақстан тарихы


Президент Н.Ә. Назарбаев еңбектері

ЖБП/ТК

TPN1201

1

0/0/1/1/1

1

 

Пререквизиттер: Мектеп курсындағы пәндер Постреквезиттер: Казахстанның жаңа және жахандану тарихы

Пәннің мақсаты: Жаңа тәуелсіз мемлекет- Қазақстан Рспубликасының дамуы барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі-бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Елбасы Н.Ә.Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Елбасының өмір жолдары мен қоғамдық- саяси келбетін, оның ғылыми шығармашылық еңбектерін насихаттау арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мазмұны: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде. «Қазақстан -2050» стратегиялық даму бағдарламасы. Н.Назарбаев білім мен ғылым туралы. «Болашақ» бағдарламасы. Әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне кірігу мәселелері. Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептері (университет, мектептің мақсаты, оларды ұйымдастырудағы негізгі ұстанымдар) Елбасы Н.Ә.

Білу керек:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын, жанұясын, жеке қызығушылықтары мен еңбек жолын толық біле алады;


- Елбасының еліміз бойынша атқарып жатқан салиқалы саясатының нәтижесін сараптап, өздеріне қажетті бағыттарын анықтайды;

Істей алу керек:

-Жылсайынғы Қазақстан халқына жолдауларын талқылап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысады;


- Президенттің әлемдік саясатта алатын орны мен әлемге танымал тұлғалардың пікірімен танысады;
-Елбасымыздың еңбектерімен танысып, Президеніміздің жаңа қырларын өздеріне ашады;
- Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласының архитекторы ретінде де көре алады.

32, 33

Қазақ халқының ұлт-азаттық күрес тарихы

ЖБП/ ТК

INOBKN 1111

1

0/0/1/1/1

 

 

Пререквизиттер: Қазақстан тарихының мектеп курсы Постреквезиттер: Алаштану, Өлкетану, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Пәннің мақсаты: Студенттерге қазақ халқының ұлт-азаттық күресі туралы объективтік тарихи білім беру. Мазмұны: Қазақ халқының ұлт-азаттық күрес тарихнамасы және дереккөздері. Қазақстанда отаршылдық саясаттың басталуы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері Қазақстанның б.з.б. тарихы.
Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар Үйсіндер және қаңлылар Ғұндар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер. VІ-Х ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы - XIII ғғ.). XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен медениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХШ ғ.). ХIV-ХV ғғ. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. ХV-ХVI ғғ. Қазақ хандығы. ХҮІ ғ. және ХVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы. Қазақстанның XIV ғасырмен XVIII ғғ. бас кезіндегі мәдениеті. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан.

- қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезендері,

Дағдысы болу керек:

- Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі хан, сұлтан, батыр, би және халық бұқарасының роліне баға беру дағдысын қалыптастыру;


- Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртудағы орнын анықтауды меңгереді.

31, 32

ЖММ 6 Экономикалық теория негіздері (3 кредит)

Маркетинга
және менеджмента негіздері

БП/ ТК

OMM
2209

1

0/0/1/1/1

3

 

Пререквизиттер:

Экономикалық теория. Экономикалық әлеуметтану постреквизиттер: «Макроэкономика», «Микроэкономика»



Мақсаты: Нарықты басқару және зерттеу әдістерін білуі керек. Маркетинг пен менеджмент туралы білімін пайдаланып, ағымдағы жұмыс бойынша және болашаққа мақсаттар қою мен міндеттер құруды, ұжымдық жұмысты ұйымдастыруды және жұмыс топтарын басқаруды жасай білуі керек.

Мазмұны: Рыноктар, қолданылатын механизмдер туралы, рынокқа өтудің сәйкес стратегияларын жасау, өзінің орнын нығайту, өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін, оны зерттеу және жағдайын бағалау мүмкіндіктері туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.Біліктілік:логикалық, аналиталық және концептуалдық ойлау дағдылардын игеру. Мазмұны: Қажеттілікті зерттеу.Тауарларды зерттеу. Нарықты зерттеу.Тауарды . оптастыру. Тауардың өміршеңдік кезеңі. Тауар белгісі. Бағаның атқаратын қызметі. Бағаға әсер ететін факторлар. Баға белгілеу. Өткізу арналары. Көтерме сауда. Бөлшек сауда.

Білу керек:

Студент нәтижелі шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді, өндірістік және еңбек ресурстарын басқару ролі, өндірісті ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың берілген параметрлерінің сақталуын бақылауда өндіріс және еңбек ресурстарын басқару ролі туралы, Істей алу керек:

- өнімдер мен қызметтерді жоспарлау және өндіру кезінде ескерілуі қажетті шарттар туралы, сұранысқа және оның өзгерістеріне әсер етуге қабілетті факторлар туралы түсінігі болады;

Дағдысы болу керек:

-Қазіргі маркетинг пен менеджмент теориясының негізгі ережелерін, менеджер мен маркетологтың арнайы саладағы қызметінің ең маңызды тараптарын көрсететін категорияларды.



45, 47

ҚР сауда қарым-қатынасы

БП/ ТК

Rov

RK
2209



1

0/0/1/1/1

3

 

Пререквизиттер: Тарих, Философия, әлеуметтану, саясаттану постреквезиттер: сызба геометрия және инженерлік графика

Мақсаты: зерттелетін құбылыс туралы білімді тиімді меңгеру;
• әрдайым кез-келген жағдайды бағалау және аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіру;• мәселеге нақты қатысы бар ақпаратты ала білу;

Мазмұны: Қоғамның дамуында ҚР-да нарықтық қатынастардың орны мен рөлі. Қоғамдық өндіріс – қоғамның даму негіздері. Меншік қатынастары. Экономикалық жүйе типтері және ауыспалы экономика заңдылықтары. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі түрлері. Нарықтық экономиканың қызмет ету маңызы мен механизмі. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Капиталдың маңызы. Капиталдың өзара айналымы мен айналымы. Кәсіпорын және басқару. Кәсіпкерлік.

Білу керек:

Студенттердің аталған модульді жетік меңгерген жағдайда:


- әрдайым кез-келген жағдайды бағалай және аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіре алады;

Істей алу керек:

- мәселеге нақты қатысы бар ақпаратты ала біледі;

-экономикалық талдаудың заманауи әдістерін және экономикалық модельдерді құру мен пайдалану дағдыларына ие бола алады;
Дағдысы болу керек:

- негізгі экономикалық категориялар мен заңдарды, нарықтық ойлауды қалыптастыруда әлемдік көзқараспен оң шешімін табудың экономикалық мәселесін біле алады;


-зерттелетін құбылыс туралы білімді тиімді меңгере алады;

45, 47

Дінтану

ЖБП/ ТК

Rel.2112

1

2/0/1/3/3

4

 

Реквизиттер: тарих, мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теория,
Постреквезиттер: философия, әлеуметтану, саясаттану, этика.

Мақсаты: «Дінтану»пәнінің мақсаты студенттерге жоғарғы кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы ҚР-ғы және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып, жастардың бойында діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР-ның заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау болып табылады. Мазмұны: Дәстүрлі емес шығыстық, исламдық және христиандық теріс діни ағымдардың азаматтарды тартудағы әдіс-амалдарын айқындап, оларға қарсы тұру әдістерін түсіндіру;
Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінің жұмысымен таныстыру;
Қазақстан тарихындағы ислам және оның қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырымдар мен тыйымдар, мақал-мәтелдерімен ұштасуын ашып көрсету.

Білу керек:

Дін, конфессия, ағым және секта ұғымдарын түсіндіру;


Алғашқы діни наным-сенімдер мен әлемдік діндер: фетишизм, анемизм, тотемизм, зорастризм, Тәңірлік және буддизм, христиандық, ислам т.б. туралы мәліметтер беру;

Істей алу керек:

ҚР-ның 1992 ж. «Діни бірлестіктер және діни сенім бостандығы» және 2011 ж. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарының мазмұны мен мәнін ашады;


Дағдысы болу керек:

-Діни экстремизм мен терроризм проблемаларын айқындап, олардың алдын алу шараларына тоқталады;


ҚР-ғы заңмен тиым салынған діни ағымдар мен секталардың тізімі, қызметімен танысады

34, 35

Логика

ЖБП/ ТК

Log2112

1

2/0/1/3/3

4

 

Пререквизиті:
«Философия», “Языкознание», «Эвристика».
постреквизиті:
"Саясаттану”, “Әлеуметтану”.


Пәннің мақсаты
Дұрыс ойлау заңдылықтарын меңгеру.
Пәннің мазмұны:
Формальдық логиканың тарихи даму кезеңдері.
Ұғым туралы ілім. Ұғымдармен операциялар жасау.
Пікір туралы ілім. Пікірлердің түрлері.
Ой-қорытынды туралы ілім. Ой-қорытындылардың түрлері.
Логиканың негізгі заңдары. Қайшылық заңы. Бара-бар заңы. Үшіншісі жоқ заңы.
Дәлелдеу туралы ілім.

Білу керек:

-Логикалық ойлау ерекшеліктері туралы теориялық білімдерді меңгереді.


Істей алу керек:

-Формальдық логика заңдарын меңгеру.


Логикалық есептерді дұрыс шығару қабілеттілігі.
Дұрыс логикалық ойлау қабілеттілігі.
Дағдысы болу керек:

Еңбек етуде, күнделікті өмірде логикалық білімдерді дұрыс пайдаланды.



34, 35

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША МІНДЕТТІ МОДУЛЬДЕР

МБММ 3.2 Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдарын техникалық реттеу (6 кредит)

Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары

ПП/

ТК


MSKI
3303

3

2/1/0/3/3

5

 

Пререквизиттер: Физика, математика, ТҚН , Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, органикалық, физикалық, коллоидтық химия негіздері,
Постреквезиттер: Технологиялық және ақаба суларды табиғи тазарту, Ауа бассейнін қорғау.

Мақсаты: Студенттерді өлшеу әдәістері бойынша теориялық және практикалық дағдыларға үйрету, жұмыс дағдыларын, қоршаған ортаның ластануын, параметрлерді өлшеу мен бақылау бойнша құралдарымен танысу, студенттерге білім жүйелерін, тіршілік қауіпсіздігі өлшемдері мен бақылау құралдарын пайдалануға үйрету.

Мазмұны: Бақылау мен өлшеудің әдістері және құралдары пәнінің маңызы. Бақылау мен өлшеу құралдары мен дәлдік әдістері. Әдістер мен құралдарды бақылау және өлшеу сипаттамалары. Өлшемдер жиынтықтары. Өлшеу аспаптары мен құралдары. Бақылау мен өлшеу құралдарын нормалау және жіктеу. Құралдардың сезімталдығы. Өлшеудің шегі мен диапазондары. Бақылау мен өлшеу құралдарының дәлдік кластары. Бақылау мен өлшеу құралдарын тексеру. Бақылау мен өлшеудің үлгілік құралдарына қойылатын талаптар. Өлшеу принциптері мен әдістері. Бақылау мен өлшеу түрлерінің әдістері. Тікелей баға беру әдістері. Дифференциалдық әдіс. Сәйкес келу әдістері.

Білу керек:

Қоршаған орта объектілерін зерттеудің әдістерін меңгереді;


Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған орта сапасын қалыптастыру кезіндегі өлшеулер мен бақылаулардың принциптері мен тәсілдерін білу;
Істей алу керек:

Шаңды, газды тәртіптегі желдету жүйелерінің микроклимат параметрлерін меңгереді;


Дағдысы болу керек:

-Әдістер мен құралдарды бақылау және өлшеу сипаттамаларын;


Бақылау мен өлшеу құралдарын тексеру;
Өлшеу принциптері мен әдістерін меңгеру.

6,16

Өндірістік қауіпсіздікті бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары

ПП/

ТК


 

1

2/1/0/1/1

5

 

Пререквизиттер: физика, математика, экология, БЖД
постреквезиттер: Ақаба және табиғи суларды тазарту технологиясы, Ауа бассейнін қорғау

Мақсаты: Студенттерді өлшеу әдістері бойынша теориялық және практикалық дағдыларға үйрету, жұмыс дағдыларын, қоршаған ортаның ластануын, параметрлерді өлшеу мен бақылау бойнша құралдарымен танысу, студенттерге білім жүйелерін, тіршілік қауіпсіздігі өлшемдері мен бақылау құралдарын пайдалануға үйрету. Мазмұны: Бақылау мен өлшеудің әдістері және құралдары пәнінің маңызы. Бақылау мен өлшеу құралдары мен дәлдік әдістері. Әдістер мен құралдарды бақылау және өлшеу сипаттамалары. Өлшемдер жиынтықтары. Өлшеу аспаптары мен құралдары. Бақылау мен өлшеу құралдарын нормалау және жіктеу. Құралдардың сезімталдығы.

Білу керек:

Қоршаған орта объектілерін зерттеудің әдістерін;


Істей алу керек:

-Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған орта сапасын қалыптастыру кезіндегі өлшеулер мен бақылаулардың принциптері мен тәсілдерін білу;


Шаңды, газды тәртіптегі желдету жүйелерінің микроклимат параметрлерін білу;
Дағдысы болу керек:

-Әдістер мен құралдарды бақылау және өлшеу сипаттамаларын білу;


-Бақылау мен өлшеу құралдарын тексеру;
-Өлшеу принциптері мен әдістерін меңгеру.

6,16

МБММ 3.3 Жаппай қыру қаруының әсері кезіндегі қауіпсіздік
(5 кредит)

Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері

ПП/

ТК


OHBB
3304

2

1/1/0/2/2

6

 

Пререквизиті:
– химиялық процестердің физика-химиялық негіздері;
– химиялық өндірістің қалдықтарын жіктеу және оларды жою әдістері;
постреквизиті:
– химиялық өнеркәсіптерде және экономикалық объектілерде қорғау жүйесінің негізгі принциптерін білу

Мақсаты: -Вирус ауруларының көздері мен негативті әсерлерден, химиялық заттардан қоршаған орта мен тұрғындарды қорғау негіздерінде студенттерді үйрету. Кез келген инженерлік есептерді шешу кезіндегі қауіпсіздік кұзіреттерінің шартсыздықтары бойынша ойлау қабілетін арттыру; - өндірісітердегі адам өмірінің қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін үйрету;- практикалық түрде барлық өндірістік орталарда персоналдардың еңбек қызметтеріне әсер ететін зиянды факторларды залалсыздандыруды жүзеге асыруды үйрету.

Мазмұны:
Зиянды заттар, олардың адам организміне әсер етуі және кәсіптік уланудың алдын алу. Химиялық және биологиялық улардың жіктелуі. Химиялық және биологиялық ластаушы заттардың биосфераға әсері және оның компоненттері. Биогеоценоздағы химиялық және биологиялық қауіпті заттарды көшіру. Қоршаған табиғи ортаның химиялық және биологиялық ластануының экологиялық салдары. Химиялық және биологиялық зиянды заттар түзілетін немесе пайдаланылатын технологиялық процестерді талдау.

Білу керек:

Студент курсты бітірген соң химиялық өнеркәсіптерде және экономикалық объектілерде қорғау жүйесінің негізгі принциптерін және бактериологиялық залалдауы мүмкін көздермен,



Істей алу керек:

– бактериологиялық залалдауы мүмкін көздермен жұмыс істей білу, Дағдысы болу керек:

-биологиялық қауіптен сақтанудың кешенді іс-шараларын қолдана білу, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады;


5,24

МБММ 1 Стандарттау, сертификаттау және бақылау (3кредит)

Метрология, стандарттау және сертификаттау

БП/ ТК

MSS
3211

2

1/0/1/2/2

6

 

Пререквизиттері: жоғары математика, физика, информатика, мамандыққа кіріспе. постреквезиттері: студенттер осы курсты аяқтауы бойынша мынадай пәндерді оқуға кірісе алады

Мақсаты стандарттау, сертификаттау, метрология және ИСО 9000 сериялы, ИСО 18000 сериялы, ИСО 14000 сериялы ХС негізінде сапаны басқару негіздері бойынша студенттерге білім беру.

Мазмұны: Стандарттардың түрлері және категорияларға жіктелінуі. Өлшеу түрлері. Эталондардың жіктелінуі. Қателіктердің жіктелінуі. Сертификаттау түрлері және сұлбалары. Өнімді сертификаттау жүргізу кезеңдері. Сапаны басқару жүйелерінің даму кезеңдері. ИСО 9000 сериялы, ИСО 18000 сериялы, ИСО 14000 сериялы стандарттардың құрылымы. Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджменті жүйелерінің талаптары. Квалиметриялық, статистикалық сапаны басқару әдістерін қолдану.

Білу керек:

Студент тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау объектілеріне қатысты стандарттау, сертификаттау, метрология, сапаны басқару, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджмент жүйелерінің талаптарын қолдануда;



Істей алу керек:

заңнамалық, нормативтік-құқықтық, техникалық, технологиялық, конструкторлық әртүрлі құжат түрлерін жіктеуде, талдаудың квалиметриялық, статистикалық әдістерін қолданып, өнімнің, Дағдысы болу керек:

-процестің және қызметтің сапасын бағалауда; стандарттау әдістерін - унификацияны, агрегаттауды қолданып біледі.


44, 54

Техникалық өлшеу, стандарттау, сертификаттау

БП/ ТК

TISS3211

1

1/0/1/2/2

6

 

Пререквизиттері: жоғары математика, физика, информатика, мамандыққа кіріспе. постреквезиттері: студенттер осы курсты аяқтауы бойынша мынадай пәндерді оқуға кірісе алады

Пәнді оқытудың мақсаты нормативтік құжаттар - тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құжаттардың жіктелінуі және түрлерінің, жүйелерінің (кешендерінің) сипаттамасы, және оларға қойылатын талаптар бойынша студенттерге білім беру.

Мазмұны: ҚР қолданылатын нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы. Шетелдің нормативтік құжаттарын қолдану. Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласының нормативтік қамтамасыз ету негізін құрайтын нормативтік құжаттары. Заңдар, мемлекеттік стандарттар, техникалық регламенттер, ережелер мен ұсыныстар, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау стандарттар жүйесі (ССБТ, ООС), технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттары, өнім классификаторлары. Техника-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі.

Білу керек:

Студент тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік қамтамасыз ету негізін құрайтын нормативтік құжаттары - заңдар, мемлекеттік стандарттар, техникалық регламенттер, ережелер мен ұсыныстар, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау стандарттар жүйесінің (ССБТ, ООС),



Істей алу керек:

технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттары, өнім классификаторлары, ҚР ұлттық стандарттар көрсеткіші, мемлекетаралық стандарттар көрсеткіші,



Дағдысы болу керек:

- ҚР және Кеден Одағының техникалық регламенттері, "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығының инженері ретінде кәсіби функциясын орындау үшін қажет нормативтік құжаттар мен техникалық регламенттердің міндетті талаптарын және стандарттардың талаптарын біріктіруде білікті болады.



44, 54
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет