ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 11. Силикат материалдарын күйдіргендегі массасының жоғалуы мен ылғалдылығын анықтау
Жұмыс мақсаты: Силикаттық материалдардың жалпы ылғалдылығын салмақтық немесе спирттік әдіспен анықтау және силикат материалдарын күйдіру кезіндегі жоғалтқан массасын анықтау (оқытушының нұсқауымен). Жалпы ылғалдылығын анықтау.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: фарфор ыдысы, эксикатор, кептіргіш шкаф, 150 0С беретін, этил спирты, 96%-тік ерітінді, шыны таяқша, фарфор тигель, муфель пеші 10000С беретін.
Теориялық бөлім
Салыстырмалы және абсолюттік ылғалдылық кептіру кезіндегі ылғал көлемінің пайызбен көрсетілген шынайы ылғалдылық материал массасына қатынасын көрсетеді.
Wотп = (g – go)/g *100
Абсолюттік ылғалдылық кептіру кезінде жоғалтылған ылғал массасының пайызбен көрсетілген абсолютті құрғақ материал массасына қатынасын айтады.
Wабс= (g – go) / g *100
Мұнда g – кептіруге дейінгі сынаманың массасы; go – құрғатудан кейінгі сынама массасы.
Жұмысты орындау және нәтижелерін өңдеу
Таразылау әдісі
Шикізаттың шынайы ылғалдылығы – гидроскопиялық ылғалдылық пен жасанды ылғалдылықтан тұрады. Оны анықтау үшін 50 – 100г сыналатын материалды фарфор ыдысқа салады, сынаманы эксикаторда суытып, техникалық таразыда 0,001г дәлдікпен өлшейді. Кептіргіш шкафта 2 – 4 сағат 120oС температурада тұрақты шамаға келгенше күйдіреді. Екінші (бақылау кептіру) 30 – 40 минут уақытқа созылады. Ылғалдың пайыздық көлемі келесі формуламен табылады:
Wж = (g – g1) / g *100
Мұнда g – кептіруге дейінгі материал массасы; g1 - кептірген соңғы материал массасы;
Спирттік әдіс
Алдын-ала өлшеніп алынған фарфор ыдысқа 10г шамасында зерттелетін материал салынып, 0,01 дәлдікпен өлшенеді деүстіне 15 мл 96% этил спирті құйылады. Сынаманы спиртте шыны таяқшамен араластырып жағады. Сынама салынған ыдыстағы спирт жанып болған соң бірнеше рет суытады (40oС-қа дейін).Үстіне тағы да 10 мл спирт құйып, араластырып екінші рет қайталап жағады. Егер материал құрамында айтарлықтай ылғал болса онда тағы да 15 мл спирт қосады. Спирт жанып болғаннан кейін сынаманы суытып, техникалық таразыда 0,01г дәлдікпен өлшейді. Ылғалдылықты жоғарыда көрсетілген формуламен есептейді.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 12. Жоғарғы температурада күйдіру кезінде жоғалған массаны анықтау
Жұмыс мақсаты: Жоғарғы температурада күйдіру кезінде жоғалған массаны анықтау
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: сынама–саз, фарфор тигель, аналитикалық таразы, муфель пеші.
Қыздыру кезінде массаның жоғалуы (қкмж) дегеніміз 1000 oС температурада қыздырғанда материал массасының азаюы.
Зерттеу бөлімі
Анықтау үшін 0,5 г қалыпты құрғақ ұсақ сынаманы алдын ала тұрақты массаға келтірілген фарфор тигелге салып, аналитикалық таразыда өлшейді. Сынамасы бар тигелді 40 – 60 минут бойы 950 - 1000oС температурада муфель пеште күйдіреді.
Күйдіру процесінде келесі процестер жүреді: ең алдымен 100 - 110oС температурада гигроскопиялық ылғалдық жоғалады, ал 200oС температурадан жоғарылататын болсақ кристалды су, содан кейін органикалық заттардың тотығуы мен жануы, бұдан соң химиялық байланысқан су жоғалады. Алюмосиликаттар химиялық байланысқан суды 450 - 600oС –тан 600 -700oС –ге дейінгі аралықта жоғалтады. Каолинит суды бөліп, метакаолинитке ауысады.
Al2O3 · 2SiO · 2H2O = Al2O3 · 2SiO2 + 2H2O
Одан әрі температураны көтергенде карбонаттардың ыдырауы жүреді. Мысалы, 898оС температурада CaCO3 CO2 бөле отырып ыдырай бастайды.
CaCO3 = CO2 + СaO
Сульфаттың ыдырауы SO3 бөлінуімен жүреді:
CaSO4 = SO3 + CaO
Сульфидтардың сульфатқа тотығуы да SO3 және SO2 бөлінумен жүреді. Күйдіру кезінде темірдің екі валентті қосылыстарына ауысуы мүмкін, ол үлгі массасының аздап өсуіне әкелуі мүмкін. Сынамасы бар тигелді күйдірген соң эксикаторда суытады және аналитикалық таразыда өлшейді,содан кейін тұрақты массаа дейін қайталайды.
Есептеу келесі формула бойынша жүреді:
Қ.к.м.ж = (g g1) / g - w (100/100-w)
мұнда g – күйдіруге дейінгі материал массасы, г; g1 – күйдіргеннен кейінгі материал массасы, г; w – ылғал мөлшері, %;
Күйдірген кезіндегі жоғалған массаны анықтау сынаманы жеке өзінен емес, ылғалдылығы анықталған сынамамен жүргізу тез. Бұл жағдайда сынаманы бюкске емес 9500С температурада тұрақты масаға дейін кептірілген тигелге салады күйдірілген тигелді эксикаторда суытады, аналитикалық таразыда өлшеп, оған сынама салып, 105 -110oC температурада тұрақты массаға дейін кептіреді. Сосын тигелді муфель пеште салып, 950 - 1000oC күйдіреміз. Бұл жағдайда жоғалған массаның мөлшері келесі есептеледі:
қ.к.м.ж = (g g1) / g · 100
мұнда go – материалдың абсолютті құрғақ массасы, г.
Әдебиеттер
-
Щипалов Ю. К., Комлева Г. П., Овчинников Н. Л. Лабораторный практикум по основам технологии тугоплавких неметаллических и силикатных материалов (раздел "основы технология и ситаллов"). – Иваново: ИХТИ, 2005
-
Павлушкин Н. М., Сентюрин Г. Г., Ходаковская Р. Я. Практикум по технологии стекла и ситаллов. – Москва: Издательство литературы по стоительству, 1970. – 510с.
-
Клюковский Г.И., Мануйлов Л.А Лабораторный практикум по общей технологии силикатов. – Москва : стройиздат, 1975 -271с
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 13. Керамикалық материалдардың қышқылға төзімділікті анықтау әдісі
Жұмыс мақсаты: Керамикалық материалдардың қышқылға төзімділігін анықтау
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Шкаф сушильный лабораторный по ГОСТ 7365-55 или другой, обеспечивающий температуру 1050С,
Печь муфельная с терморегулятором, обеспечивающая температуру до 11000С.
Весы лабораторные аналитические 1 кл. ВЛА-200 М или другие с погрешностью взвешивания не более 0,0002 г.
Холодильник стеклянный лабораторный по ГОСТ 9499-70.
Колба коническая по ГОСТ 10394-72.
Фильтры обеззоленные «белая лента».
Сита с сетками 08К и 1К по ГОСТ 3584-73.
Кислота серная по ГОСТ 4204-77, х.ч.
Кислота соляная по ГОСТ 3118-77, х.ч., 20,4%-ный раствор
Индикатор метиловый оранжевый по ГОСТ 10816-64, 0,10%-ный водный раствор.
Вода дистиллированная по ГОСТ 6709-72.
Жұмыс барысы
1. Қышқылға төзімділікті анықтау тяга астында жүргізеді. Үлгінің дайындалған үлгісінен параллельді түрде тұрақты массаға келгенше кептірілген және 0,0002 г дәлдікпен өлшенген 1 г-нан екі өлшенді алып, сыйымдылығы 250 см2 колбаға орналастырып 25 см2 күкірт қышқылын құяды.
Колбаны ыстық моншаға немесе жабық спиральбі электроплиткаға орналастырып, кері мұздатқышпен жалғайды және 1 сағат қайнатады. Қайнай бастаған кезде қышқыл бетінде көпіршіктер пайда болады да ондағы үлгі бөлшегі қозғала баста»ды.
2. Кейін, колбаны шығарып 30 мин. шамасында суытады. Мұқият қышқылды төгеді, ал колбада қалғанды фильтрлейді. Үлгіні 600С ысытылған дистильденген сумен шаяды, нәтижесінде индикатор бойынша метилді қызыл түске енуі керек.
3. Үлгіні фильтрімен бірге кептіреді, фарфорлы тигельге салады да 950-10000С шамасында тұрақты массаға дейін ұстайды, кейін эксикаторда суытып 0,0002 г дәлдікте өлшейді.
4. Керамикадан жасалған құрылғының химиялық төзімділігін анықтау кезінде 20,4 % тұз қышқылы ерітіндісін қолдануға рұқсат етіледі.
Нәтижелерді өңдеу
Қышқылға төзімділікті (Х) мына формуламен есептейді:
мұндағы m1 – керамикалық материал үлгісінің сыналғаннан кейінгі масссасы, г;
m – сыналғанға дейінгі керамикалық материал үлгісінің массасы, г.
Ең соңғы нәтижесі екі параллель анықтаманың орташа арифметикалық нәтижелеріне қабылданады, олардың арасындағы шығын 0,5 % - дан аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |