Тақырып №2: Білім қорын сипаттау модельдері. Фреймдер. Формальды логикалық модель.
Семантикалық модель. Өнімділік моделі.
Әртүрлі пәндік облыстарға арналған білім қорын сипаттаудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Олардың көпшілігі төмендегі кластарға біріктіріліп, жіктеледі:
фреймдер;
формалды логикалық модельдер;
семантикалық модельдер;
өнімдік моделі.
Фрейм – каркас, рамка мағынасын береді. Фрейм термині кеңістікті ауқымды қабылдау мақсатында білім құрылымын бейнелеу үшін 70-жылдары пайда болған бұл модель терең психологиялық негізге ие.
Фрейм – бұл қабылдаудың қандай да бір стереотипін сипаттау үшін қолданылатын абстрактілі бейне ұғымын береді. Сипаттаудағы қарастырылмаған кейбір атрибуттардың мәндері, яғни бос орында немесе слоттар болуы мүмкін. Мысалы, бөлме сипаттамасындағы келтірілмеген терезе саны, қабырға түсі, төбе биіктігі және т.б. мәндер.
Фрейм теориясында бөлмелердің мұндай терезесі бөлме фреймі деп аталады. Фрейм деп сонымен қатар бейнені сипаттауға арналған формальданған модельді де айтады. Білімдер қорында сақталатын фреймдер фрейм үлгісі немесе прототипі деп және келіп түсетін деректер негізінде нақты фактілі жағдайды сипаттау үшін құрылған фрейм экземпляры деп ажыратылады. Фрейм моделі жеткілікті түрде әмбебап болып табылады. Себебі әртүрлі білімдердің әртүрлілігін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Фрейм құрылымдар, ұғымдар мен обьектілерді (қарыз, вексель, кепілдік) белгілеу үшін қолданылады.
Фрейм - рольдер ретінде (менеджер, кассир, клиент);
фрейм – сценарийлер түрінде (бонкроттық, акционерлерді жинау, туған күн иелерінің тойы);
фрейм – жағдайлар (дабыл, авария, құрылығылардың жұмыс режимдері) және т.б.
Фрейм құрылымы қасиеттер тізімі түрінде беріледі:
ФРЕЙМ АТЫ:
(1-ші слот аты: 1-ші слот мәні),
(2-ші слот аты: 2-ші слот мәні),
…
(п-ші слот аты: п-ші слот мәні).
Білім қорын сипаттаудың фреймдік моделінің негізгі ерекшелігі адам жадынын пайдалану мен ұйымдастырудың концептуалдық негізін сипаттап, көрсете білуі және оның үйлесімділігі мен көрнекілігі болып табылады.
Формалды логикалық модель – тек формальді жүйеден, логикалық есептеулерден тұрады. Яғни мұндай модельді дайындау үшін қажетті есептеулердің формулаларын немесе шығару ережелерін білу қажет. Логикалық есептер көбінесе бірінші ретті предикаттарды (кейбір айнымалылардың немесе олардың қасиеттері жөніндегі пікірлер) анықтаумен не есептеумен шектеледі. Логикалық модель Р(Х1,Х2,...) предикаттары түрінде жазылады. Мұндағы Р – қатыс атауы (предикат). Х1, Х2,... – қатысқа енгізілген агументтер, нысандар (айнымалылар). Мысалы, махаббат (Марат, Гүлжанат). Марат Гүлжанатты сүйеді. Астана (Ташкент, Баку, Мәскеу). Ташкент-Астана. Мысалы, Білім мына түде берілген: пештің температурасы 1200 С0 жетсе және пештің қосылғанына 30 минут болмаса, қысым ауыспалы кезеңнен жоғары болмайды. Егер пештің қосылған уақыты 30 минуттан асса, №2 винтильді қосу керек. Білімнің логикалық модель түрінде жазылуы:
Р(Р=120) Т(t<30)→(PP(P=120) T(t>30)→(PМұндағы предикаттар: Р=120 температурада 120 0С жеткізілген бідіруін ақиқат пікір. T<30 пештің қосылғанның 30 минуттан аспағандығын білдіретін ақиқат пікір. Р30 – 30минут асқандығын білдіреді. P
Семантикалық модельдер. Семантика символдар мен обьектілер арасындағы қатынасты белгілейтін ғылым, яғни белгілер мағынасын анықтайтын ғылым. Семантикалық термині «мағыналық» не «мәндік» мағынасын береді. Семантикалық тор – бұл бағытталған графтар. Олардың төбелері ұғымдары, ал доғалар – олардың арасындағы қатынастар. Ұғым ретінде абстрактілі немесе нақты обьектілер алынады. Ал қатынастар – бұл «бөлігі бар», «тиісті», «сүйеді» типті байланыстар. Семантикалық тордың сипаты мен ерекшелігі қатынастардың 3 типінің міндетті болуы болып саналады.
Класс-класс элементі (гүл - раушан);
Қасиет – мән элементі (түс-сары);
Мысал –класс элементі(раушан–қызыл).
Ұғымдар арасындағы қатынас тиісті байланысты семантикалық тордың бірініші жіктелуі көрсетуге болады:
Қатынас тиістінің саны бойынша:
біртекті (қатынастар жалғыз тиістілермен);
біртипті емес (қатынастың әртүрлі типімен);
Қатынас типі бойынша:
Бинарлы (мұнда қатынас 2 обьектіні байланыстырады);
N-арлы (2 ұғымнан деп аталатын ұғымдарды байланыстыратын арнайы қатынас);
Семантикалық торда көбінесе келесі қатынастар қолданылады:
«бөлік-бүтін» типті байланыс;
функционалды байланыстар (әдетте «өндіреді» , «ықпал етеді» етістіктерімен әректе анықталады).
Өнімділік моделі ережелерге негізделген білімдерді «егер(шарт), онда(әрекет)» сөйлемдері арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді. «Шарт» (антецедент) ретінде білімдер қорында іздеу жүргізілетін қандай да бір сөйлем – «үлгі» түсіндіріледі, ал «әрекет» (консеквентном) –іздеудің сәтті нәтижесі кезінде орындалатын әрекет. Мұндай білімдер қорында мәлімет шығару механизмі екі түрге бөлінеді: тікелей (деректерден мақсатты іздеуге дейін) немесе кері ( мақсаттан деректерге дейін) шығару.
Білімдер–білімнің өнімділік моделінен ережелерді алатын ережелерді алатын ережелер интерпретаторы немесе шығару машинасы іске қосылатын негіз ретінде фактілер қорында сақталатын бастапқы фактілер. Өнімдік модель–көбінесе өнеркәсіптік сараптау жүйелерінде қолданылады. Олар сараптаушы жүйені әзірлеушілерді өздерінің көрнекілігімен, жоғары мобильділігімен, өзгеріс, толықтыру енгізу жеңілдігі мен логикалық шығару механизмінің қарапайымдылығымен тартады. Өнімдік тәсілді іске асыратын бірқатар программалық құралдар бар: OPS 5 тілі; EXSYS Professional, Kappa, ЭКСПЕРТ сияқты «бос» немесе «қабықша» сараптау жүйелері; ЭКО, ПИЭС құралдық жүйелері; СПЭИС және т.б.
Бақылау сұрақтары
Білім қорын сипаттау модельдеріне шолу жасаңыз.
Мағлұматтарды графтар түрде сипаттау моделi қалай аталады?
Фрейм деген не?
Фреймдер жүйесiнде сипатталған слот мәнi белгiсiз болса, онда фрейм қалай аталады?
Семантикалық модельдің негізгі ерекшелігі қандай?
Білім қоры дегенді қалай түсінесіз?
Өнімдік модельге сипаттама беріңіз.
Логикалық модель туралы не білесіз? Олардың басқа модельдерден қандай ерекшелігі бар? Салыстыра отырып, мысал қарастырыңыз.
Слот деген не?
«Шарт...әрекет» сөйлемдеріне негізделіп құрылатын модель қалай аталады?
30>
Достарыңызбен бөлісу: |