Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


D) Тізімдердің тәртібі және реттелуі



бет79/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Сараптаушы жүйелер

D) Тізімдердің тәртібі және реттелуі



  1. ORDER предикаты берілген тізімде екі элемент қандай тәртіпте кездесетінін тексереді. Кезектілікті реттейтін тізім ORDER функциясының үшінші аргументі мәні ретінде беріледі. Егер осы тізімнің элементтерін солдан оңға қарай тексеріп жатқанда бірінші аргумент мәнімен сәйкес келетін элемент кездессе, ал алдын қарастырылып кеткен элементтердің ешқайсысы екінші аргумент мәнімен сәйкес келмесе, онда предикат мәні Т, қалған жағдайлардың барлығында ол NIL-ге тең.

  2. ORDER1 предикаты тура ORDER предикаты секілді есептелінеді, дегенмен, егер берілген элементтердің ешқайсысы ағымдағы тізімде жоқ болса, онда предикат мәні ретінде ORDERUNDEF атомы беріледі.

  3. LEXORDER предикаты бірінші және екінші аргумент ретінде берілген екі тізімді элемент соң элемент бойынша тексереді. Егер қандай да бір орында әр түрлі элементтер кездессе, онда олар бір-бірімен ORDER1 предикаты көмегімен тексеріледі. Мұнда үшінші аргумент (кезектілікті реттейтін) негізінде үшінші LEXORDER предикатын шақыру аргументі көрсетіледі. Тексеру нәтижесі (T, NIL, ORDERUNDEF) LEXORDER предикатының мәні ретінде беріледі. Егер әр түрлі элементтер кесдесерден алдын бірінші тізім аяқталып қалса, Т мәні қайтарылады. Егер бірінші болып екінші тізім аяқталса, нәтиже ретінде NIL мәні қайтарылады.

  4. LEXORDER1 предикаты LEXORDER предикатынан айырмашылыығы оның үшінші аргументі мәні тізім болуы тиіс. Оның әр орнының өзі өз кезегінде тізім болып табылады. Ол керек болған жағдайда бірінші екі аргумент мәндері ретінде берілген тізімдердің сәйкес орындарын тексеру үшін қолданылады.

  5. FIRST функциясы бірінші аргумент мәні ретінде берілген тізім элементтері арасынан екінші аргумент мәні ретінде берілген тізімде бірінші болып кездесетін элементті таңдайды. Егер бірінші тізімнің ешқандай элементі екінші тізімде жоқ болса, бірінші тізімнің бірінші элементі таңдалады.

  6. RANK функциясы оның бірінші аргументі ретінде берілген тізімді екінші аргумент ретінде берілген тізімде кездесетіндей кезектілікте реттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет