Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


Е) Тізімдерде іздеу жүргізу



бет80/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Сараптаушы жүйелер

Е) Тізімдерде іздеу жүргізу


Бұл бөлімде тізімнен берілген қасиеттерге ие элементті немесе элементтерді таңдайтын функциялар жиналған. Тізім байланысқан L айнымалысына сәйкес аргумент мәні ретінде беріледі. Қасиеті атауы немесе анықтаушы өрнегі байланысқан (функциональді) P айнымалысына сәйкес аргумент мәні ретінде берілген предикатпен сипатталады.



  1. POSSESSING функциясы ағымдағы тізімнің барлық берілген қасиетке ие элементтерінен тізім құрады.

  2. SUCHTHAT функциясы берілген тізімдегі бірінші берілген қасиетке ие элементті таңдайды. Егер ондай элемент жоқ болса, онда NIL мәні қайтарылады.

  3. SUCHTHAT1 функциясы ағымдағы тізімде ең болмағанда бір берілген қасиетке ие элемент бар ма жоқ па тексереді. Егер бар болса, онда осындай элементті анықтау орнында нәтиже ретінде SUCHTHAT1 функциясының төртінші аргументі мәні алынады. Егер жоқ болса, нәтиже ретінде үшінші аргумент мәні алынады.

  4. SUCHTHAT2 функциясы ағымдағы тізімде ең болмағанда бір берілген қасиетке ие элемент бар ма жоқ па тексереді. Егер бар болса, онда ағымдағы тізім соңына табылған элементтен бастап атауы немесе анықтаушы өрнегі үшінші аргумент (функциональді) мәні ретінде берілген функция қолданылады. Егер жоқ болса, NIL мәні қайтарылады.

  5. FIRST-COIN функциясы X және Y тізімдерінің екуінде де жататын бірінші элементті қайтарады. Қарсы жағдайда NIL мәні қайтарылады.

F) Жиындармен операция жасау

Тізімдер өзінің элементтерінің жиыны ретінде қарастырылады – тізімдегі элементтер ретіне мән берілмейді, ал тізімнің екі немесе одан да көп бірдей элементтері жиынның бір элементі ретінде қарастырылады.



  1. SETOF функциясы әрбір қайталанатын элемент үшін біреуден басқа барлық сәйкестіктерді тізімнен шығарады.

  2. MAKESET функциясы тура SETOF функциясын қайталайды, бірақ PROG арқылы сипатталған. Нәтижелеуші тізімде элементтер тәртібі басқа болады.

  3. DIFLIST функциясы X\Y жиындарының айырымын есептейді. Басқаша айтқанда функцияның бірінші аргументі мәні ретінде берілген тізімнен екінші аргумент мәні ретінде берілген тізімде кездесетін барлық элементтерді алып тастайды.

  4. SUBSET функциясы “X жиыны Y жиынының жиынасты болып табылады” предикатын есептейді. Басқаша айтқанда, егер функцияның бірінші аргументі ретінде берілген тізімнің әрбір элементі екінші аргумент ретінде берілген тізімде кездесетін болса, Т мәнін қайтарады.

  5. UNION функциясы екі жиынның бірігуін есептейді. Функция мәні берілген тізімдердің ең болмағанда біреуінің элементтері болып табылатын барлық өрнектердің тізімі болып табылады. Егер берілген тізімдердің әр қайсысы қайталанатын элементтерге ие болмаған болса, онда нәтижелеуші тізімге әрбір элемент тек бір рет қана енеді.

  6. LUNION функциясы функция аргументі мәні болып табылатын тізім элементтері ретінде берілген жиындарды біріктіреді.

  7. INTERSECTION функциясы екі жиынның қиылысуын есептейді. Функция мәні берілген екі тізімнің де элементтері болып енетін барлық өрнектер тізімі болып табылады. Егер берілген тізімдердің әрқайсысы қайталанатын элементтерге ие болмаса, онда нәтижелеуші тізімде элементтер қайталанбайды.

  8. EQUALSET предикаты екі берілген тізімдермен берілген жиындар тең бе жоқ па тексереді.

  9. CART функциясы екі берілген жиындардың декарттық көбейтіндісін құрады. Анығын айтқанда, ол лексикографикалық реттелген тізім құрады. Оның элементтері әр қайсысы екі елементтен тұратын барлық мүмкін тізімдер. Мұнда бірінші элемент бірінші, екінші элемент екінші берілген тізімнен алынады.

  10. SETP предикаты тізім жиын болып табыла ма жоқ па тексереді, яғни тізімге әрбір элемент тек бір рет қана енеді ме жоқ па.

  11. SIMDIFF функцисы екі жиынға енбейтін (жиындардың симметриялық айырымы) элементтерден жиын құрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет